Оқулық «Мәдениеттану»


Қазақ мәдениетіндегі діни жүйелер мен типтер



бет48/57
Дата03.01.2022
өлшемі1.81 Mb.
#451815
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   57
Мадениет тану экзамен

Қазақ мәдениетіндегі діни жүйелер мен типтер
Қоғамның маңызды бір саласы дінді қамтымай мәдениет толымсыз болар еді. Егер біз мәдениетті адамның дүниедегі болмыс тәсілі деп қарастырсақ, онда дін осы болмысқа мағыналық және тұрақтылық беретін күшке жатады. Шынында да, адамды қаншама құдіретті деп көтерсек те, оның болмысы қайшылықтарға толы: өмір және өлім, пендешілік және руханилық, өзімшілдік және алыруизм, ләззат және парыз, қиратушылық және жасампаздық ж.т.б. Біздің ойымызша, діннің басты қызметі адамдық қарым-қатынастарды белгілі бір тәртіпке келтіріп, оның құдіреттілігі мен қасиеттілігіне адамдарды иландыру, сендіру. Бұл жағынан алғанда дін мәдениеттіліктің бастама қайнарларына және оны қорғаушы күшке жатады. Тынымсыз соқыр сезімдер мен тылсымдық эгоизмге тоқтау қою керек болды. Бұл шектеу жеке адам үшін аса құдіретті (қолдайтын не жазалайтын) Жаратушының алдында бас июге мәжбүр етті. Ал оның қаһарынан қорқу немесе қолдауынан дәмелену қауымда белгілі бір реттілік бойьшша атқарылатын дәстүрлі, сакральды, рәміздік әдеп-ғұрып жүйесін қалыптастырды. Бұл сипатта діннің ритуалдық қызметінің маңызы зор.

Алайда, дін тек салт-дәстүр, әдеп-ғұрып шеңберімен шектелмейді. Ол, жоғарыда айтып кеткеніміздей, рухани мәдениеттіліктің баламасы, дүниетанымның бір бітімі, дүниедегі бағдар мен жол көрсетуші. Кез келген дін нақтылы бір наным-сенім жүйесінен тұрады. Дінді тек құдайға ғана сенушілік деп шектеуге болмайды. Құдай ұғымы жоқ діндердің де болуы мүмкін (буддалық, конфуцийлік, даостық, шамандық). Мәдениеттану тұрғысынан, тіпті, кейбір әсіре дәріптелген және оған адамдардың көпшілігі иланған әлеуметтік жүйелер мен автократтық тәртіптердің де дінге ұқсастық белгілерін байқаймыз (мысалы, социализм, бонопартазм, сталинизм, әр елдердегі кішігірім «құдайлар» ж.т.б.). Танымға адам қандай құмар болса, сенім де адамзаттық мәдениеттің түбегейлі қасиетіне жатады.

Бұл мәселенің типологиялық жақтарын зерттеусіз қазақтың төлтума мәдениетін түсіну күрделі. Оған көз жеткізу үшін қазіргі ғылыми және бұқаралық әдебиеттегі анықтамалар мен пікірлерге назар аударсақ жеткілікті. Ең жиі кездесеіін қөзқарас және оны білдіретін сөз тіркестері: «қазақтар исламды формалды түрде кейін қабылдаған, ол ұлттық мәдениетке теріс әсерін тигізген» (миссионерлік көзқарас), «қазақтардың дәстүрлі мәдениетівде исламнан гөрі шаманизмнің, зороастризмнің, тәңірілік діннің ықпалы басым, сондықтан соңғыларды қайтадан жандандыру қажет» (архаистік пікір), «оңтүстіктегі қазақтарда мұсылмандық менталитет басым болса, басқа аймақтарда ислам онша тарамаған, олардың кейбіреулері, тіпті, буддалық, христиандық-несториаңдық, мәжусилік сенімде болғандардың ұрпақтары» (ажыратушылық көзқарас), «қазақтар ислам дінін Орта Азия және Еділ бойы халықтарының ықпалымен қабылдаған» (сыртқы әсер ілімі), «қазақтардың діні көне мифологиялық және салттық (ритуалдық) деңгейден шықпаған» (мифтік-салттық көзқарас).

Қазақ мәдениетінің кеңістік пен уақытш меңгеру білімдеріне, оның автохтондығы мен гомогендігіне, сұхбаттық ареалына, архетиптері мен хронотоптарьша, шаруашылық-мәдени және әлеуметтік типтеріне сүйене отырып, төмендегідей дүниетанымдық діни типтерді атап өтуге болады: а) генотигггік діндер жүйесі; ә) сырттан қабылданған, «кірме» діни жүйелер; б) ислам. Олардың үлес-салмағы тарихи жағдайлар мен уақыт кезеңдерінде әртүрлі болды. Мына бір кестеге назар аударайық:






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет