Оқулық «Мәдениеттану»



бет51/57
Дата03.01.2022
өлшемі1.81 Mb.
#451815
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   57
Мадениет тану экзамен

Көркемөнер типі

Сұхбаттасу аймағы

ШМТ

Діни тип

Өокениеттік қатынас аймағы

«Аң» стилі

Мифологиялық сөз өнері

Полихромдық стиль

Фольклор


Бақсылық

Музыка


Жазбаша әдебиет

Сәулет өнері



Еурозиялық дала

Еуроазия


Қытай

Үнді


Иран

Ислам өркениеті

Орталық Азия

Иран



Көшпелілік

Көшпелілік

және оазистік диханшылық және оазитік


Геонтеизм

Геонтеизм

Шаманизм

Заростризм Ислам

шаманизм



Протоалтайлық

Прототүріктік

және түріктік

Түріктік


Арабстан


Шығыс музыкасы

Фольклор


Эпос

Сөзгерлік

Қол өнер

Жазбаша әдебитет

Күй


Қазақстан орта Азия
Ресей КСРО

Көшпенділік

және оазистік дизаншылық

Өтпелі тип


Ислам

Генотеизм

шаманизм

Ислам


Қазақстан орта Азия

қытай


Ислам Православие


ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ТИПТЕРІ
Қазіргі қазақ мәдениетіндегі негізгі мәдени-әлеуметтік типтерге көшейік. Мәселенің бұрын зерттелмегенін аңғару қиын емес. Мәдени-әлеуметтік тип ғылымда қалыптасқан қағидаларды талдаудың нәтижесінен гөрі, өмір идеяларын жалпылаудың тәжірибесіне жақын.

Архаикалық тип. Мәдени идентафикация (теңестіру) адамның, белгілі бір нақтылы мәдени ортада өзін-өзі сөзіну деңгейіне байланысты. Адам туғанынан құндылықтар жүйесін, әдетте, сол күйінде дайын қабылдайды (отбасылық, топтық, этностық, мемлекеттік, өркениеттік т.б.). Еркін талдау қабілеті тек шығармашылық типтегі адамдарға тән. Бұл ретте, әсіресе этника-лық сананың тұрақтылығын, рәміздері (мифтері, аңыздары, мұраттары, қасиетті символдары, салттары т.б.) мен дүниетанымының өткен кезден сусындап тұратынын ескерген жөн. Этномәдени сана «біз және біз емес» деген ажыратушылық оппозицияға негізделген. Бұл сана адамды өткен тарихқа басты назар аударып, этностың түп-тамырларын құрметтеуге шақырады. Бұл - жағымды әрі қажетті талап. Өзін сыйламаған, басқаны да сыйлай алмайды.

Алайда, этномәдени ментальдықтың әсіре бейнеленген типтері бар. Олардың бірі - архаизм. Архаизм - мәдениеттің өтіп кеткен сатыларын қайтадан қалпына келтіруге бағытталған талпыныс. Бұл типке зерттеушілер кейде «дәстүршілдік», «ортодокстық», «фундаменталистік», «партикулярлық» сияқты белгілерді де қосады. Шынында да, мәдени жүйе өзін өзі сақтап қалғысы келеді, тұрақты бастауларынан алыс болмауды қалай-ды. Екінші жағынан алғанда, адамның шығармашылдығы, жасампаздығы, жаңашылдығы белгілі. Осы екі тенденция бір-бірімен тайталаста болады. Архаистік бағдар туралы бірнеше деректер келтірейік.

Бұл мәселені А. Тойнби жан-жақты қарастырған. Оның пікірі бойынша, архаистік мәдени бағдар мінез-құлық бітімдерінде, өнерде, тілде, дінде, экономика мен саясатта байқалады. Мысалы, Алмания тарихындағы тевтонизм, таза қанды арийлік идеялары мен фашистік-корпоративтік мемлекет құру тәжірибесі, Израильдегі өлі тіл ивритті тірілту әрекеті, Үндістандағы санскритті қалпына келтіру талпыныстары, Рим императоры Августың христиандықты көне тайпалық діңдермен алмастыруға тырысуы осы архаизмнің көріністері болып табылады.

Фундаменталивлік дүниетаным тіршіліктің негізгі принциптеріне сәйкес келмейді. Дж. Холденнің эволюциялық ілімі бойынша табиғи сұрыптаудың нәтижесіңде ішкі өзгерістерге бейімделмеген жүйе дегенарцияға ұшырайды. Ал кибернетик Росс Эшби жабық және кесімді ұйымдастырылған жүйелерде энтропия артып, коллапстық қалып туады дейді. Мұның мәдениетке не қатысы бар деушілердің де табылуы мүмкін. Алайда мәдениет бүкіл әлемдік заңдылықтардан тыс болатын «мәңгі двигатель» емес.

Архаистік мәдени тип заман өзгеріп, қалыптасқан өмір салты шайқалған өтпеді кезеңдерде ерекше байқалады. Ескі құндылықтар жүйесін қирату әр кезде уақыт сынынан өткен үйлесімді құндылықтарға жеткізе бермейді. Бұрынғыдан бас тарту кейде болашаққа емес, оның да алдында болған мәдени бітімдерді жаңғыртуға бағытталуы мүмкін.

Қазіргі Қазақстан Республикасын алып қарайық. Отаршылық және тоталитарлық мәдени құндылықтардың жалғандығы айқындалды және төл мәдениетті жаңғырту ниетіндегі заңды әрі түсінікті ұмтылыс қалыптаса бастады. Бірақ азаматтық қоғамның орнына жеті аталық үрдіске, рулық-тайпалық басқару жүйесіне, исламның орнына тәңіршілік пен шаманизмге қайтып келу, дүниежүзілік тарихты шежірешілдікпен ауыстыру ж.т.б. осы архаизмнің көріністеріне жатады. Тағы бір мысал келтірейік. Әрине «жеті атасын білмейтін ұл жетесіз». Бірақ қазіргі ақпараттық әлемде, экрандық мәдениетте, өркениеттердің тоғысу заманында бұл мәселе тәрбиедік-жадылық мағынаға ие болып, басқа өркениеттілік құндылықтарға орнын береді.

Қазіргі кезде өркениетті елдерде мәдени тұтастанудың төмендегідей жүйесі қалыптасқан: адам - отбасы - мәдени шағын топ - этномәдениет - үлкен өркениет - адамзат. Бұл жерде формалдық логикадағы ұғымның мазмұны мен көлемінің кері қатынасы занды әрекет етеді. Яғни, ең мағыналы мәдени тұлға адам болып табылады. Ұғымдардың көлемі кеңейе берген сайын комплиментарлықтың (басқаға деген жылылық) деңгейі де азайта түседі. Енді архаистік нұсқаны келтірейік: қауым мүшесі - ата баласы - ру - тайпа - жүз - ұлт. Ары қарай байланыстың ықтималдық дәрежесі төмен ұл жүйенің басқа адамдарды ассимиляциялау қабілеттілігі де жеткіліксіз. Түрік халықтарының тарихынан инкорпорациялық (қосып алу, сіндіру) деңгейі жоғары болған этностардың санының тез өскенін байқаймыз (түріктер, азербайжандар, өзбектер ж.т.б.). Бұл да ескеретін жайт. Әсіресе дәстүршілдіктің көріністеріне қазақтың және әр жүздің ханын сайлау, шариғат пен қазылық салтты қалпына келтіру, батыстық киім үлгілеріне тежеу сияқты пікірлерді ұсыну жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет