Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет119/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

3.2.2 Ақ шірік 
Ақ шірік күнбағыс ӛсірілетін барлық аумақтарда да жиі кездесетін 
ауру. Бұл ауруға күнбағыстың жас және ересек ӛсімдіктері шалдығады. 
Жас ӛсімдіктердің тұқым
жарнағында, жапырақ және сабақ негізінде 
қалың, түci ақ киізді ӛңез түзіледі. Сабақтың жоғарғы бӛлiгi иіліп, 
жапырақтары солады. Тамырлары жұмсарып, суланады. Сабақтың 
залалданған бӛлігі жұмсарып, ыдырап, сынып, түci қоңырланып, 
нәтижесінде ӛсімдік түгел қурап қалады. Ӛңез бетінде және сабақ бойында 
пішіні мен кӛлемі әртүрлі, түci күңгірт немесе қара, тығыз склероцийлер 
түзіледі. Ауруға шалдыққан ӛсімдік себет түзбейді. Ауа райында құрғақ 
болса сабақ бойындағы ӛңез жойылып, оның орнында ақшыл дақ қалады 
(74-сурет). 


165 
74-сурет. Кҥнбағыстың ақ шірік (склеротиния) ауруы: 
1 – залалданған сабақ етегі, тамыр мойны; 2 – сабақ ішіндегі саңырауқұлақ 
склероцийлері;
3 – саңырауқұлақ склероцийлері; 4 – залалданған тұқым; 5залалданған 
ӛсімдіктің сырт кӛрінісі; 6 – залалданған себетгүл 
 
Ақ шipiк ауруы күнбағыстың себетін де залалдайды. Бұндай 
жағдайда залалданған ӛсімдік себетінің сырт жағына ақшыл-қоңыр дақтар 
түсіп, ұлпасы ылғалданып оңай тесіледі (74, 6-сурет). Дақтар тез ұлғайып, 
олардың үстінде және себет бетінде ақ түстi киізді ӛңез түзіледі. Бұл 
саңырауқұлақ жіпшелері, ол тұқымға да енеді. Тұқымдардың ішінде және 
аралықтарында кейін тұтасқан, торлы қара склероцийлер түзіледі. 
Ақ шірік ауруының қоздырғышы – Ascomycetes класының Helotiales 
қатарына жататын Sclerotinia sclerotiorum dВу. саңырауқұлағы. Бұл 
саңырауқұлақ әртүрлі тұқымдастағы ӛсімдіктерді – темекі, жүгері, 
қызылша, сәбіз және т.б. дақылдарды да залалдайды. 
Саңырауқұлақ склероций түрінде қыстайды. Кӛктемде қысқы суықта 
тоңазыған склероцийден табақша тәрізді, ұзын сабақты апотецийлер ӛнеді. 
Оның iшкі жағында қалың қабықты қалта мен қалтаспоралар орналасады. 


166 
Бip склероцийден кӛлеміне байланысты бірнеше жеміс денелер түзіледі. 
Аскоспоралар ӛсімдік бетіне түсіп, жіпшеге ӛнеді де, ӛсімдікке енеді. Ақ 
шірік ауруының инкубациялық кезеңінің ұзақтығы – 7-10 күн. 
Склероцийлер кӛктемде және жаз бойы ӛнеді, сондықтан ӛсімдік ауруға 
бүкіл вегетация бойына, барлық ӛсіп-жетілу кезеңдерінде шалдығады. 
Тоңазымаған склероцийлер жіпшелерге ӛніп, олар ӛсімдіктің тамыр мойны 
мен сабақтың тӛменгі бӛлігіне енеді. Ӛсімдіктен ӛсімдікке саңырауқұлақ 
жіпшесімен тарайды. Жіпшелері кепкенде де тіршілігін сақтайды. 
Олардың үзіндісі желмен таралып, ылғалды ортада күнбағысты қайта 
залалдайды. 
Кейбір ӛсімдіктер ақ шіріктің жасырын түрімен ауырады. Бұл 
жағдайда ӛсімдікте аурудың сырт белгісі кӛрінбейді, бipaқ күнбағыс 
биіктеп ӛспей, себеті жетілмей, ӛнімі
25% (кейде одан да кӛп) тӛмендейді. 
Кеселдің дамуына қолайлы жағдай – температура деңгейі 15-18°С және 
орта ылғалдылығы – 60 -80%. Кеселдің инфекция қоры ӛсімдік 
қалдықтарында және топырақта сақталады. Склероцийлер тұқым арасында 
да сақталуы мүмкін. 
Ақ шipiк – ӛте зиянды кесел. Дертке шалдыққан жас ӛсімдіктер 
қурап, ал ересек ӛсімдіктердің бойында тұқым түзілмейді. Ауруға 
шалдыққан ересек ӛсімдіктердің бойында тұқым түзілсе де, олар жетілмей, 
нәтижесінде тұқым майлылығы тӛмендеп, iшi склероцийлерге толы 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет