Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық


 Тат ауруларынан қорғау шараларының жҥйесі



Pdf көрінісі
бет80/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

 
1.2.1 Тат ауруларынан қорғау шараларының жҥйесі 
 
1. Ауруға тӛзімді сорттарды енгізу; 
2. Астық егістігіне жақын орналасқан (500 м қашыққа дейін) аралық 
ие-ӛсімдіктерді жою; 
3. Ауру қорын жоюға бағытталған шаралар: ауыспалы егістік құрып, 
қатаң сақтау; ауыспалы егістік құрамындағы астық дақылдарын бір-бірінен 
алшақтату; күздік және жаздық дақылдарды қатар екпеу; аңызды сыдыра 
жырту; ӛсімдік қалдығын қысқа мерзімде ыдыратып, ондағы ауру қорын 
жою мақсатында терең сүдігер жырту;. 


108 
4. Астық тұқымдас жабайы ӛсімдіктерді жою; 
5.Ерте егілген күздік бидай қоңыр және сары тат ауруларымен қатты 
залалданады, сондықтан егінді оңтайлы мерзімінде себу; 
6. Минералды тыңайтқыштарды толық енгізу, ӛсімдіктің тӛзімділігін 
арттыру мақсатында фосфор, калий тыңайтқьштарының барынша жоғары 
мӛлшерін беру; 
7. Тұқымды себер алдында микроэлементтермен (Мо, Mn, Zn, 
Сu, Со) ӛңдеу; 
8.Егінді қысқа мерзім ішінде, шығынсыз жинап алу; 
9.Аурудың 
дамуына 
ауа-райы 
қолайлы 
жылдары, 
яғни 
эпифитотияның алдын алу мақсатында егісмтіктерді фунгицидтермен 
бүркіп ӛңдеу, ал тұқымды себер алдында арнайы препараттармен дәрілеу. 
 
1.3 Дәнді дақылдарының басқа саңырауқҧлақ аурулары 
 
Дәнді дақылдардың ақ ҧнтақ ауруы. Дәнді дақылдардың ақ ұнтақ 
ауруы Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймағында кең 
таралған.
33-сурет. Дәнді дақылдардың ақ ұнтақ ауруы: 1 – ақ ұнтақ ауруына 
шалдыққан бидай масағы; 2 – саңырауқұлақ клейстотеций (жеміс денесі); 
– саңырауқұлақ аскілері қалта спораларымен; 4, 5 және 6 – залалданған 
ӛсімдік жапырағы, жапырақ қынабы және сабағ 


109 
Бұл ауруға ӛсімдіктің сабағы, жапырағы, жапырақ қынабы, сондай-ақ 
кейде ӛсімдіктің масақ қауызы да шалдығады. Дертке шалдыққан жас 
ӛciмдіктердің мүшелерінде ақ түсті ӛңез түзіледі. Кесел жапырақтардан 
сабақты бойлап жоғары бӛліктерге бағытталып тарайды. Ӛңез үстінде 
саңырауқұлақтың конидия тасушысы мен конидиялары түзіледі. 
Конидиялары бірнеше ұрпақ беpiп, ауруды таратады. Ӛңез бipтe-бipтe 
киіздей тығыздалып, бетінде жеміс дене – клейстотецийлер түзіледі. Ауру 
қарқынды дамығанда ӛңез ӛсімдік масағына да тарайды. 
Ауру қоздырғышы – Ascomycetes класының Erysiphales қатарына 
жататын Erysiphe graminis DC. саңырауқұлағы (33-сурет). Қоздырғыш – 
күздік пен жаздық бидай, арпа, қара бидай, сұлы және басқа да кӛптеген 
дәнді дақылдарды залалдайды. Саңырауқұлақтың жіпшумағы жақсы 
жетілген, кӛп клеткалы, субстрат бетіне орналасып, оған аппрессорийлер 
мен гаусторийлер арқылы тіркеледі. Гаусторийлер клетка (жасуша) iшіне 
еніп, саңырауқұлақты қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Вегетация 
кезеңінде саңырауқұлақ конидиялармен тарайды. Конидиялары түcciз, бip 
клеткалы, пішіні цилиндр немесе бӛшке тәpiздi, аумағы 16-30 8-14 мкм, 
тізбектеліп түзіледі. 
Клейстотецийлердің пішіні шар тәрізді, диаметрі 135-280 мкм, 
топтасып жіпшумаққа батып орналасады. Қосымшалары кӛп, қысқа, ашық-
қоңыр түсті, қарапайым, кейде сәл тарамдалған. Жеміс дене ішінде 
жұмыртқа немесе эллипс тәрізді 8-10, кейде 30-ға дейін қалталары болады, 
онын 
ішінде 
4-8 
қалтаспоралар 
орналасады. 
Аскоспоралары 
(қалтаспоралары) эллипс тәрізді, кӛлемі – 20-23 10-13 мкм. 
Клейстотецийлер 
ӛсімдік 
қалдықтарында 
қыстап, 
кӛктемде 
аскоспоралар жетіліп, ӛсімдікті алғаш залалдайды да жаңа жіпшумақ 
түзіліп, бетінде конидиялар мен конидиятасушылар пайда болады. Кейбір 
аймақтарда аскоспоралар күзде жетіліп, күздік бидайды залалдап, 
кӛктемде жаздық бидайға кӛшеді. Залалдану – 3-30°С температура 
аралығында, 
50-100% 
ылғалдылық 
деңгейінде 
жүреді. 
Дерттің 
инкубациялық кезеңінің ұзақтығы – 3-11 күн. 
Ақ ұнтақ ауруы қоздырғышының 30-дан астам биологиялық 
формалары жеке дақылдарға (бидай, қара бидай, арпа, сұлы) арнайы 
бейімделтен. Саңырауқұлақтың әpбip тіршілік формасының бірнеше 
физиологиялық нәсілдері (расалары) болады. 
Дертке шалдыққан ӛсімдіктің жапырақтары мерзімінен бұрын қурап, 
ӛсімдік кеш масақтанып, мезгілсіз пiciп, масақта дән түзілмейді, дән 
түзілгеннің ӛзінде де, ол семіп, сапасы тӛмендеп, дақылдың ӛнімі 10-35% 
кемиді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет