120
41-сурет. Жүгері собығының фузариоз
ауруы
Кеселге шалынған собықтың жеке бӛліктерінде жеңіл немесе
тығыздалған қызғылт реңді ӛңез түзіледі. Ӛңез астындағы дәндердің реңі
қоңырқай тартып, егін жинаған кезде оңай үгітіледі.
Ауру қоздырғышы
– Deuteromycetes класының Hyphomycetales
қатарына жататын
Fusarium туысының саңырауқұлақтары, олардың ішінде
жиі кездесетіні –
Fusarium moniliforme Sheld. саңырауқұлағы. Паразиттің
микроконидиялары түссіз, жұмыртқа тәрізді, бip немесе
екі клеткалы, тез
ыдырайтын тізбек құрады. Саңырауқұлақ макроконидиялары түссіз, пішіні
біз немесе орақ тәрізді, ұштарына қарай жіңішкерген. Жіпшумақтарының
бойында кейде қара түcтi, пішіні домалақ склероцийлар түзіледі.
Егістікте ӛсімдік қалдықтарында саңырауқұлақтың перитецийлері
пайда болады. Олардың
қалталары цилиндр тәрізді, қалтаспоралары
ұзынша, екі клеткалы.
Ауру қоры
– ӛсімдік қалдықтары, әcipece собық орауыштарындағы
жіпшумақ және склероцийлер. Дертті тұқымдардың ӛну
қабілеті
жойылады.
Сҧр шірік. Республикада кең таралған кесел, кӛптеген дақылдарды
залалдайды. Ауру белгісі – жүгері собығындағы дәндердің аралығымен
таралған тығыз сұр ӛңез түрінде сүттеніп-балауызданып
пісу кезеңінде
білінеді (42-сурет).
121
42-сурет. Жүгері собығының сұр шірік ауруы
Ауру қоздырғышы –
Zygomycetes класының
Mucorales қатарына
жататын
Rhizopus Maydis Brud
. саңырауқұлағы. Сұр шірік ауруына
шалдыққан жүгері собығы мен дәндерінің бетін қалың сұр түсті ӛңез
басады. Собық бойында шірік тӛбесінен етегіне қарай бағытта тарайды.
Дертке шалынған жүгері дәнегі қарайып, ӛліп, үгілгіш келеді. Жіпшумағы
түссіз немесе зәйтүн-сұр түсті, конидиятасушылары қалың қабықгы,
тармақталған, ұшында қысқа, тicтi ӛскіндері бар. Осы ӛскіндерде
топталған,
пiшiнi домалақ, түссіз, жиынтығы кӛкшіл-сұр конидиялар
түзіліп, алғашында ақшыл-сұр, кейін қара склероцийлер пайда болады.
Инфекция қоры – ӛciмдік қалдықтарындағы склероцийлер мен
конидиялар. Мол ауа жэне топырақ ылғалы аурудың қарқынды дамуына
әсерін тигізеді.
Сұр шірік ӛнімді едәуір тӛмендетеді.
Достарыңызбен бөлісу: