Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық


-сурет. Асбҧршақтың ақ ҧнтақ ауруы



Pdf көрінісі
бет97/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

50-сурет. Асбҧршақтың ақ ҧнтақ ауруы 
 


134 
Ауру қоздырғышы – Erysiphe communis Grev. саңырауқұлағы. 
Асбұршақта – E. pisi Diet., қытайбұршақта – Е. glycine Jacz. т.б. 
саңырауқұлақ жіпшумағы залалданған мүшеде экзогенді орналасып
субстратқа аппрессорийлерімен тіркеліп, клетка ішіне гаусторийлері енеді.
Конидиятасушылары бip клеткалы, сәл созылыңқы, конидиялары 
түссіз, эллипс тәрізді, кӛлемі 23-44 17-18 мкм. Жіпшумақ бетінде кейін
тармақтары қарапайым, шар тәрізді, түci қара клейстотецийлер түзіледі. 
Клейстотеций ішіндегі қалталардың әрқайсысында 4-8 бip клеткалы, 
түссіз споралар болады. Вегетация кезеңінде саңырауқұлақ конидиялармен 
таралып, ауа температурасы 20°С және 100% ылғалдылықта ӛне бастайды. 
Инкубациялық кезең ұзақтығы – 4-5 күн. Клейстотецийлер ӛсімдік 
қалдықтарында қыстап, кӛктемде ӛсімдіктің бастапқы залалдануы 
аскоспоралармен жүреді. 
Ауру 
ӛсімдіктердің 
транспирациясы 
артып, 
жапырақтың 
ассимиляциялық беті тарылып, ӛнімнің мӛлшері азайып, сапасы 
тӛмендейді. 
2.3 Аскохитоз 
Аскохитоз Қазақстанда дәнді бұршақ дақылдар егістігінде кең 
таралған, әcipece республиканың оңтүстік-шығысында жиі кездесетін. 
1 2 
 
51-сурет. Асбҧршақ аскохитозы: 1бозғылт аскохитоз; 2 – қоңыр 
аскохитоз 


135 
Кесел дәнді-бұршақ дакылдарын барлық даму кезеңдерінде 
залалдайды. Ауруға шалдыққан ӛсімдіктің топырақ үсті мүшелерінде түрлі 
дақтар пайда болып, олардың бетінде пикнидалар түзіледі. Аурудың 
сыртқы белгілері ӛсімдік пен қоздырғыш түрлеріне байланысты 
айқындалады. Асбұршақ аскохитозы үш түрлі болады: бозғылт, қоңыр 
және тұтасқан (51-сурет). 
Бозғылт аскохитоздың қоздырғышы – Ascochyta pisi Lib
саңырауқұлағы. Залалданған ӛсімдік мүшелерінде қоңыр жиекті бозғылт 
дақтар пайда болады. Жапырақ пен бұршаққапқа түскен дақтардың пішіні 
дӛңгелек, ал сабақ пен жапырақ сағағының бойында – ұзынша болып 
келеді. Дақтар кейде кӛмескілеу кӛрінеді, бірақ екі жағдайда да дақ үстінде 
кӛптеген майда қара-қоңыр пикнидалар түзіледі. 
;
Залалданған тұқымдардың беткі қабаты қыртыстанып, ашық-сары 
түсті дақтар жайылып орналасады. Саңырақұлақтың бұл түpi басқа дәнді-
бұршақтарға қарағанда асбұршақты жиі залалдап, аурудың дамуы жоғары 
дәрежеде ӛтеді. 
Қоңыр аскохитоздың қоздырғышы – A. pinodes Jones саңырауқұлағы. 
Кеселге ӛсімдіктің жапырағы, сабағы, бұршаққабы залалданып, олардың 
бойында дӛңгелек немесе бұрыс пішінді, шектелген, түсі қара қоңыр, 
ортасы қаралау, диаметрі 0,5-8 мм дақтар түзіледі. Пикнидалар кӛлемі 
үлкен дақтарда ғана түзіледі. Залалданған сабақта ойық жаралар болуы 
мүмкін. Ауруға шалдыққан жас ӛскін қарайып, тамыр мойыны шіpидi. 
Дертке 
шалдыққан 
тұқымның 
бетіне 
қоңыр 
дақтар 
түседі. 
Саңырауқұлақтың жынысты споралары да болуы мүмкін, олар солып 
қурай бастаған ӛсімдік бӛліктерінде пайда болған майда, түсі қара-қоңыр 
псевдотецийлер ішіндегі қалталарда түзіледі. 
Тұтасқан аскохитоздың асбұршақтағы қоздырғышы – A. pisicola 
Sacc. саңырауқұлағы. Жапырақ пен сабақтарда дӛңгелек, ашық түcтi, 
қоңыр жиекті майда дақгар бір-бірімен қосылып тұтас үлкен дақ түзеді. 
Дақ ортасында ipi, қара пикнидалар орналасады. 
Қытайбұршақ аскохитозының қоздырғышы – A. sojaecola Abr. 
саңырауқұлағы. Кесел қытайбұршақ ӛсімдігін барлық ӛсу кезеңдерінде 
залалдайды. Ӛскіннің тұқым жарнағында қара жиекпен шектелген қара-
қоңыр дақ пайда болады. Жапыраққа түскен дақтар ipi (1 см дейін), 
дӛңгелек пішінді, түсі ақшыл-сұр, қоңыр жиекті, кейде созылыңқы келеді 
де, жүйке аралығында орналасады. Дақтар үгітіліп түсіп, ойық жараның 
тек жиегі қалуы мүмкін.
Пикнидалар жапырақтың үстіңгі бетінде шеңберлі 
орналасады. Залалданған ӛсімдіктің жас сабақтарының беткі ұлпалары 
ұзынша тілімдерге ыдырап, ал сүректелген сабақтарда қара, ұзынша, 
созылыңқы кӛптеген пикнидалары бар дақтар пайда болады. 
Сиыржоңышқа аскохитозының қоздырғыштары – A. viciae Lib. және 
A. 
punctata 
Naum
саңырауқұлақтары. Қоздырғыштар ӛсімдіктің 
жапырағын, сабағын, бұршаққабын залалдайды. A. punctata саңырауқұлағы 


136 
залалдаған ӛсімдік мүшесінің бойында кӛмескі, тұтасқан дақтар үстінде 
шеңбер бойымен орналасқан басылыңқы қара пикнидалар, ал A. viciae – 
майда, дӛңгелек, түci қызылдау, жиегі қоңыр-қызыл дақтар түзеді. Ақшыл 
дақ ортасында пикнидалар орналасады. 
Бӛрібұршақ аскохитозының қоздырғышы – A. lupinicola Pet
саңырауқұлағы. Ауруға шалдыққан ӛciмдiк жапырағының бетінде қызыл-
қоңыр, сәл дӛңес, жиекті дақ пайда болады. Жапырақ жиегінде орналасқан 
дақтарда кӛбіне дара пикнидалар түзіледі. 
Мал азықтық бұршақтың аскохитозын A. fabe Sped. саңырауқұлағы 
қоздырады. Дертке шалынған ӛсімдік жапырағында, сабағында, жемісінде 
пішіні дӛңгелек немесе созылыңқы қоңыр дақтар пайда болады. Дақ 
ортасы ашық, шеті қоңыр-қызыл жиекті, бетінде кӛптеген пикнидалар 
түзіледі.
Аскохитоз ауруы жауын-шашыны мол жаңбырлы ауа райы және 20-
25°С температурада қарқынды дамып, жетілген пикноспоралар жауын 
тамшысымен, желмен сау ӛсімдіктерге тарайды. Пикноспоралар
тӛмен 
температурада (4°С) ӛнеді. Қолайлы жағдайда саңырауқұлақтың 
инкубациялық кезеңі – 4-8, кейбіреулерінікі – 2-4 күн. Жоғары 
температурада (35°С) қоздырғыштың дамуы тоқталады. Инфекция қоры 
тұқым мен ӛсімдік қалдықтарында жіпшумақ, пикнида, псевдотеций, 
хламидоспора түрінде қыстайды. Саңырауқұлақ хламидоспоралары 
топырақта 3-4 жылға дейін сақталады. 
Аскохитоз ауруынаң бұршақ тұқымдас дақылдарға әсері әлкелкі 
болады. Ӛскін кезінде ауруға шалдықса жас ӛскіндер аурудың салдарынан 
жойылады, ӛскін кезеңінен ӛткен соң залалданған ӛсімдіктің ӛсіп-жетілуі 
саябырлайды, жапырақтары мерзімінен бұрын қурап түсіп, бұршаққаптағы 
тұқымдар бip мезгілде пiciп жетілмей, бойында түзілген тұқым 
әлжуазданып, ӛнгiштігі тӛмендейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет