137
үрмебұршақ, қытайбұршақ, бӛрібұршақ, күнбағыс т.б. кӛптеген
ӛсімдіктерге бейімделген.
Паразиттің даму циклінде
конидиялы кезең болмайды, сондықтан
ӛciмдiктің залалдануы жел және насекомдармен таралған саңырауқұлақ
үзіндісі (бӛлігі) арқылы немесе склероцийлерден түзілген
жеміс денеде
пайда болатын қалтаспоралармен ӛтеді.
Саңырауқұлақ склероций түрінде ӛсімдік қалдығында, топырақта,
тұқым
арасында қыстап, тыныштық кезеңнен кейін ауа
райы жаңбырлы
немесе топырақ ылғалы жоғары жылдары 15-18°С температура деңгейінде
ӛніп жетілген қалтаспоралар ӛсімдікті залалдайды.
Склероцийлер топырақта 1-3 см тереңдікте үш
жылға дейін
сақталып, ал 6 см тереңдікте 10-12 ай ішінде тіршілігін жояды.
Ақ шipiк кеселінен ӛсімдіктің ӛнімі күрт тӛмендеп, залалданған
бұршақбас кӛбіне дән байламайды, түзілген
жағдайда да тұқымы әлжуаз
болады.
2.5 Антракноз
Бұршақ тұқымдас дақылдардың антракноз ауруы республикада кең
таралған кеселдердің бipi. Ол бұршақ дақылдар ӛсірілетін барлық
аймақтарда да кездеседі (52-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: