Пайдаланылған әдебиеттер:
Ортаев Б.Т. Оқушылардың техникалық шығармашылығы: Оқу құралы.- Түркістан: Қ.А.Ясауи ат. ХҚТУ, 2008. - 150 б.
Алексеев В.Е. Организация технического творчества учащихся. - М.:Высшая школа, 1984. - 46с.
Техническое творчество учащихся. /Сост.П.Н. Андрианов. - М.: Просвещение, 1987. - 215 с.
Оқыту әдістері: ауызша баяндау, әңгімелесу
Оқыту формасы: лекция
Оқыту құралдары: оқулық
Материалдық қамтамасыз етілуі: ОӘК
Бақылау түрі:ауызша сұрақ - жауап.
1. Қазіргі кезенде еңбек мазмұны оның интенсивті дәрежесімен ғана өлшенбейді, сонымен бірге шығармашылық деңгейінің пайда болуымен өлшенеді. Оның қоғам дамуымен интенсивті және дене еңбегі мөлшері төмендеп, интеллектуальды шығармашылығының өсу бағыттарының объективтілігі байқалуда. Еңбек бағасы да, еңбеккер де өзгеруде, қоғам мәнінің басым бөлігін шығармашылық еңбек, яғни шығармашылықпен жұмыс жасаушы адам иеленеді.
Шығармашылық қабілетті ерте жастан бастап дамыту қажеттігіне педагогтар, психологтар т.б. айтуда. Педагогикада егер де шығармашылық қызметті жеткілікті ерте жастан бастамаса, онда балаға шығын әкелген болады, деп дәлелденген. Сондықтан шығармашылыққа баулуды ерте жастан бастау керек және оған үйретуге болады.
Педагогикада шығармашылық қабілетті дамыту жолы анықталған, яғни, жалпы олар үшін ұстаз балаларды шығармашылық қызметке қатыстыру болып табылады.
Біздің мектептерде репродуктивті оқытудың басымдығынан, яғни оқыту барысы оқытушыдан оқушыға ақпаратты (информацияны) жеткізуден продуктивті оқытуға көшу жөнінде пікірлер айтылуда. Репродуктивті оқытуда оқытушы мұнда дайын ақпаратты, білімді жеткізуші ретінде, ал оқушы - пассивті «есте сақтаушы құрылғы» орнында болады.
Репродуктивті алынған білім мен біліктілік практикада қолданылмай қалады. Оқушыларға білім мен біліктілік келешекте игілікке пайдалану үшін беріледі (шын мәнінде ұсынылады), бірақ бала оны сезінбейді және ол қазіргімен өмір сүреді. Уақыттың өтуімен бірге оқушыда тек қана көшіру қызметі ғана емес, сонымен бірге ойлау сипаты пайда болуы тиіс.
Жоғарыдағы айтылғандар еңбекке баулуға да қатысты. Басқа пәндерге қарағанда технология оқу (еңбекке баулу) пәндерінде репродуктивті оқыту әдісі көбірек қолданады. Оқытушылардың техникалық тапсырмаларды шешуге, пайдалану проблемасына, техникалық экспериментке, эвристикалық әңгімеге және т.б. көңіл бөлуі аз кездеседі. Оқытудың политехникалық принципін тереңдетуді талап өтеді. Қазіргі техника мен ғылымның даму кезеңі еңбекке дайындауда оқушыларды өндірістің және техниканың жетістіктерімен таныстырып қана қоймай, олар жалпы білім алып, өндірісті жетілдіруге азғана болса да қатысының болуын қажет етеді. Қоғамның шығармашылық (оның ішінде техникалық) маман кадрға деген әлеуметтің сұранысын қанағаттандыру үшін мектептегі оқытуда түбегейлі, шығармашылық жоспарда қайта құру қажет. Бұл үшін психология-педагогика ғылымдарының жетістіктерін, мектепте оқыту мен тәрбиелеуде шығармашылық әдістерін оқушылардың саналы белсенділігін арттыру кеңінен қолданыс табуы тиіс.
Белсенді шығармашылық іс-әрекет (қызмет) оқыту барысында оқушыларда сапалық қасиеттерді қалыптастырады, нәтижесінде болашақ жұмысшы, инженер, ғалымға тән сипатты жеке тұлғалық керсеткіштер нышанын көрсетуі мүмкін.
«Балалардың техникалық шығармашылығы» түсінігін анықтауға екі: педагогикалық және психологиялық көзқарас бар.
Педагоггар балалардың техникалық шығармашылығын тек қана оқушыларды әр түрлі техника әлемімен таныстыруға, қабілетін дамытуға бағытталған қызмет түрінде ғана емес сондай-ақ еңбекке тәрбиелеу мен политехникалық білім берудің тиімді тәсілдері ретінде қарастырады. Психологтар балалардың техникалық шығармашылығына оқушыларда (анықталған) белгілі шығармашылық түрінің, қабілетінің өз уақытында пайда болуына көбірек зейін аударады, оларда қалыптасу мен даму жүйелілігін анықтайды.
Біздің ойымызша, «балалардың техникалық шығармашылығы - бұл нәтижесінде пайдалы және жаңалықты белгілері бар материалдық объектілерді әзірлеуде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мен оқытудың мақсатты бағытталған процесі, тәрбиелеудің тиімді құралы».
2. Балалардың техникалық шығармашылығындағы жаңа негізінен субъективті сипатта болады (яғни, олар бар, бірақ езіне таныс емес, белгісіз нәрселерді табады). Оқушылар ойлап табылған заттарды табады (жасалған бұйымды) немесе қабылданған шешім тек өзі үшін ғана жаңа болып табылады, бірақта шығармашылық еңбектің педагогикалык пайдасы күмәнсіз. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетінің көрсеткіші - кешенді жеке тұлғаның шығармашылык сапалары: ойдың белсенділігі, практикалық жұмыстарда орындау үшін білімді алуға және біліктілікті қалыптастыруға тырысуы, берілген тапсырманы шешуге өзбетіншс жұмыс жасай алуы, еңбек сүйгіштігі, ойлап табушылығы және т.б.
Психологиялық-педагогикалық зерттеулерге талдау жасау және тәжірибе техникалық шығармашылық бәрінен бұрын оқушылардың техникалық ойлауы үшін ыңғайлы жағдай жасайды деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Техникалық шығармашылық ойлаумен өзара күрделі байланыста болады. Біріншіден, ол ойлаудың нәтижесінде дамиды, оның құрауші компоненті кәдімгі және техникалық ойлау. Мәселен, ойлаудың басты операциялары: талдау, жинақтау, сондай-ақ сәйкес, қарама-қарсы қою, салыстыру, таптастыру, т.б. Аталған ойлау операцияларына тән сипат техникалық материалда техникалық іс-әрекетттерді дамыту болып табылады. Екіншіден, кәдімгі ойлау техникалық ойлауды дамыту үшін психофизиологиялық алғы шарт болып табылады. Нәтижесінде кәдімгі ойлау баланың миын, оның ассоциативті сферасын, есте сақтауын т.б. дамытады.
Техникалық ойлау кәдімгі ойлаудан ерекшеленеді. Техникалық объекті формасындағы, оның өлшемі, басқа да ерекшеліктері жөніндегі мағлұматтар кәдімгі ойлау сияқты дайын күйінде берілмейді, абстрактілі графикалық белгілер және сызық-сызбалар жүйесінде беріледі.
Оқушылардың техникалық шығармашылығы процесінде басты зейін техникалық ұғымдарды (түсініктерді), кеңістікті ойлауды, сызба мен схеманы құруды және оқу ептіліктерін қалыптастыруға бөлінеді. Техникалық шығармашылық процесінде оқушылар станоктық және қол еңбек құралдарымен жұмыс жасау шеберліктерін игереді.
Мектеп оқушыларының техникалық шығармашылық процесінде политехникалық көзқарасы кеңейеді. Олар арнайы әдебиеттерді оқиды, жаңа техникалармен танысады, мамандардан кеңестер алады.
Жоғары сынып оқушылары өздерінің таңдаған әртүрлі саласы (профилі) бойынша білімдер алады. Бұл білімдерді оқушылар өздігінен білім алу жолымен игереді. Өзіндік білім алу процесінде жеке тұлғалық сапалар қалыптастырылады. Олардың ең алғашқылары болып табылатыны техникалық ойлауы. Өз кезегінде интеллектің дамытуы табиғаттағы құбылыстардағы себеп-салдарлық байланыстарды тереңінен түсінуге мүмкіндік береді.
Техникалық шығармашылық жеке тұлғаны қалыптастыруда іс-әрекеті тәжірибесін игеруге мүмкіндік жасайды. Біріншіден, ол алған (білім мен ептіліктің негізінде жаңа білім мен ептілікті алуға мүмкіндік береді. Екіншіден, техникалық міндеттерді (есептерді) шешу кезінде қателесу жолдарын таңдауда ықтималдықты азайтады. Үшіншіден, тәжірибе алған білімі мен ептілікті жаңа жағдайға тасымалдауға үйренуге мүмкіндік береді.
Техникалық шығармашылық мектеп оқушыларында қоршаған ортаға дұрыс көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оқушылардың техникалық іс-әрекеттеріне қойылатын педагогикалық талаптың бірі - оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу болып табылады. Балалардың психикалық ерекшеліктерін есепке алмайынша нәтижеге жетудегі мақсат, мотив және құралдардың арасындағы катынасты дұрыс сәйкестендіру мүмкін болмайды. Бұлар жұмысқа қызығушылықты, туындайтын ситуацияға және мақсатқа жетудегі ұмтылыстарды анықтайды.
Мектеп оқушыларының техникалық іс-әрекеттерін ұйымдастыруда техникалық міндеттер мен тапсырмалардың шамаға лайықтылығы көп мәнге ие болады. Олардың күрделілігі мектеп оқушыларының техникалық дамуының «адымына» қатаң түрде сәйкес келуі тиіс. Үйірме, сыныптап тыс балалардың шығармашылық іс-әрекеттері жеке дара жұмысы ұжыммен тиімді үйлестірілуіне мүмкіндік береді.
Техникалық процестің үзіліссіздігі шығармашылық іс-әрекеттерде үлкен мәнге ие. Шығармашылық іс-әрекеттердің эпизодтығының тиімділігі аз болатынын практика көрсетіп беруде. Эпизодтық шығармашылық іс-әрекеттер еңбекке, ойлап табуға, ұтымды ұсыныс жасауға т.б. шығармашылық қатынасты дамытуға алып бармайды.
Жеке тұлғаның шығармашылық белгілерін тәрбиелеуде шығармашылық еңбек нәтижелілігі үлкен мәнге ие, енімділікті арттыруға, жабдықтардың тиімділігін көтеруге, т.б. бағытталған еңбегі ерекше құнды болып табылады.
Нәтижеліліктің талаптары эмоциональды көңіл-күйді тудыруда, оқушылардың шығармашылық белсенділігін ынталандыруда өте қажет. Шығармашылық іс-әрекеттің нәтижелілігін тек қана соңғы "өнім" деп емес, сондай-ақ оны әрбір техникалық тапсырманы орындау кезеңі үшін қолдануға болатын нәтиже деп білу керек.
Оқушылардың техникалық шығармашылығы іс-әрекеттерін ұйымдастыру мұғалімнен психологиядан, физиологиядан, педагогикадан білімдерді білуді талап етумен қатар, оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру бойынша әдістемелік дайындығын да талап етеді.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыру үшін қиялды, қабілетті дамытудың сабақта және сабақтан тыс уақытта әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдануға болады. Ол үшін мұғалімі төмендегі міндеттерді терең ойластырып, тыңғылықты даярланып жүзеге асыруы тиіс:
- тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау;
- оқушының логикалық ойлауын дамытатын пікір-талас тудыру;
- ойлау, қиялдау арқылы суреттер салғызу;
- тапсырманы түрлендіру арқылы жұмыс бағыттарын ұйымдастыру;
- мәтін, әңгіме, ертегі шығармаларын пәнаралық байланыста қолдану;
- әр түрлі тақырыптарда әңгіме өткізіп, мазмұндама, шығарма жаздыру.
3. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін жүзеге асыруы төмендегідей сұрақтарға жауап іздеуден туындайтынын педагог-ғалымдар (К.Өстеміров, О.Сыздықов, т.б.) атап көрсеткен:
Қолданылып жүрген конструкциялар үшін:
- конструкция тетіктері мезгілінен бұрын істен шығатын болса;
- тетіктердің материалы техникалық талапқа сай болмаса;
- жөндеу жұмыстары қиындай түссе;
- конструкцияны қолдану немесе әрі қарай пайдалану тиімсіз болса;
- адам еңбегі ауыр күйінде қалатын болса;
- қоршаған ортаға зиян келтірсе және т.б. жағдайларда жетілдірілуі қажет;
Жаңа конструкциялар ойлап табу үшін:
- конструкцияның қажеттілігін дәлелдеу;
- өлшемдерін анықтау және мемлекеттік стандартқа сәйкестендіру;
- жаңа конструкцияның өндіріс өнімділігі мен өнім сапасының жоғары болуын қамтамасыз ету;
- жаңа конструкция қызметінің қауіпсіз, қоршаған ортаға зиянсыз болуын ескерту;
- конструкцияның сызбасын эскиз түрінде жасау;
- жобалау мекемелерімен келісіп, жұмыс сызбаларын орындау;
- зауыт жағдайында конструкцияның тәжірибелі данасын жасату;
- жұмыс режімінде сынақтан өткізу;
- қоғамдық пікір жинау және мамандардың ұсыныстарын бірлесе талқылау;
- өндірістік конструкциялар шығару және оларды жүзеге асыру;
- жаңалық авторы мемлекеттік лицензия алуға құқықты және мемлекет тарапынан осындай жаңалықты зандастыру бағытында іс-әрекеттер жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |