«Оқушылардың техникалық шығармашылығы» пәні бойынша



бет31/46
Дата02.01.2022
өлшемі0.8 Mb.
#452663
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   46
okush lard n tehnikal k sh garmash l g lektsiya

Оқыту әдістері: ауызша баяндау, әңгімелесу

Оқыту формасы: лекция

Оқыту құралдары: оқулық

Материалдық қамтамасыз етілуі: ОӘК

Бақылау түрі: ауызша сұрақ - жауап.

Ғасырдың 60-жылдарынан бастап техникасы дамыған елдердің инженерлік және өнертапқыштық тәжирибесінде техникалық бұйымдардың сапасын арттыру мен құнының төмендеуіне жаңа тәсіл кеңінен таралды. Бұл тәсіл функциональды-құнды талдау тәсілі (ФСА) дұрыстығы мен тиімділігі туралы көптеген елдердің статистикасы мәлімет береді: осы әдісті қолданумен әрбір жобалауға жұмсалған, салынған шығын бірлігін 10-20 есе үнемдеуге мүмкіндік береді.

Бұл әдісті алғаш рет ойлап табушылар Пермь телефон зауытының инженері Ю.М.Соболев пен американдық «Дженерал Электрик» фирмасының маманы Л.Д. Майлз болды. Функциональды-құнды талдауды жүргізу процесі мына төмендегідей жұмыстық кезеңмен орындалуынан тұрады:

1) Дайындық кезеңі. Бұл кезеңде техникалық объектіні таңдау жүргізіледі, талдаудың мақсаты мен міндеті анықталады, жаңа объектіні жетілдіру немнсе құру жобасын жасаушылар қалыптасады.

2) Ақпараттық-аналитикалық жұмыс. Бұл кезеңде құрастыру- технологиялық шешім бойынша ақпаратты жинау мен талдау жүзеге асырылады.Техникалық объектіге талантар мен негізі корсеткіштердің тізімі жасалынады, оның дамуының критериі анықталады. Жүргізілген талдау негізінде іздеудін барынша тиімді міндеті қалыптасады.

3) Ізденіс-зерттеушілік кезең. Бұл жұмыстың шығармашылық кезеңдерінің бірі болып табылады бұған объектініңорындауына жалпы уақыттың 50%-ы жұмсалады. Бұл жерде затқа көрсетілген әрбір қызмет зерттеледі. Бұл кезеңнің мәресіне техникалық ұсыныстар мен эскизді жоба түріндегі нәтижелерді әзірлеу жатады.

4) Фукцональды-құндылық талдау нәтежелерін дайындау мен еңгізу. Бұл кезеңде тиімді, әрі келешегі бар техникалық объектілерді құрастыру нұсқаларын іріктеу жүргізіледі, оларды технологиялық және экономикалық дайындау, енгізу бойынша ұсыныстар қалыптастырылады. Автоқаламаның «функционалдық құрастыру модель» мысалында, оны мына төмендегідей элементтер жиынтығы түрінде беруге болады:

1. Автоқаламды пайдалануға ыңғайлы болуды қамтамасыз ететін сыртқа тұрқы (корпусы) және оның ішінде барлық элементтері орналасады.

2. Жазатын шарикті өзен( стержень)

3. Корпус жазатын өзекті (стерженьді) жылжыту (жұмыс жағдайындағы авторучка үшін) және өзекті тұрқының ішіне енізу тетігі (сақтау мен оны тасмалдау кеінде).

4. Тетікті бсатапқы қалпына келтіру серіппесі.

5. Шарикті өзектің орналасуын реттеп отыратын басқару түймесі.

Талдау нәтижелерін онда әрі пайдалану ыңғайлы болу үшін және талдап қортындылаған материалдарды 1-кестеден көруге болады.

1-кесте


Техникалық объектінің элементті

Элементтердің кызметі

Қызмет тобы

Қызметтік жүктеме,

%


Қызмет құны,

%




Аттары













1

Тұрқы (корпус)

Барлық элементтерді біріктіреді

0

20

23

2

Жазатын стержерь

Қағазда із қалдырады

г

50

27

3

Беріс тетігі

Жазатын өзекті береді

в

15

32

4

Серіппе

Беру тетігін кері қайтарады

в

10

12

5

Басқару түймесі

Жазатын өзектің орналасуын реттейді

в

5

6

Өзінің қызметі бойынша атқаратын жұмысының маңызы бойынша 4 топқа бөлінеді:



  1. Басты атқаратын қызметі (Г), техникалық объектінің басты элементтерімен орындалады. Басты элементтердің атқаратын жұмысы қоршаған орта обектілерімен тікелей өзара әрекет ететін оның жұмысшы немесе қандай да бір органға қатысты, жұмысымен сәйкс келеді.

2. Негізгі атқаратын жұмыс (О). Олар басы элементтің жұмысын тікелей қамтамасыз ететін элементтерге жатады. Қандайда бір негізгі функциялардың болмауынан басты атқаратын жұмыс жүзеге асырылмайды. Біз қарасытырып отыған жұмыста (мысалда) негізгі функцияны тасымалдаушы корпус болып табылады, әрі авто қаланың барлық элементін біріктіреды және оны ыңғайлы пайдалануды қамтамассыз етеды.

3. Қосымша атқаратын жұмыс (В), басты немесе негізгі ақаратын жұмысты жүзеге асыруды барынша тиімді және тартымды ететін элементтерге жатады. Қосымша атқаратын жұмыс болмаған жағдайда техникалық объектінің жұмыс істеу қабылеті сақталады. Қарастырылып отыған автоқалам конструкциясында қосымша функцияларға 3,4,5 элементтерімен жүзеге асырылатында қатысты болып табылады.

4. Керек емес, дәлірек айтқанда артық жұмыстар. Олар техникалық объектінің жұмыс істеу қабілетін қамтамассыз етуде айтарлықта роль атқармайтын элементтермен жүзеге асырылады. Мұндай артық жұмыс жоқ жағдайда техникалық объекті сапасының көрсеткіштері нашарламады, керісіншее жақсара түседі. Функиональды-құнды талдаудың келесі бағыты техникалық объектінің әрбір элементінің нақты құнын белгілеу болып табылады. Бұл жерде құн деген кең мағынада алынады, яғни бүкіл жұмысты жүзеге асырудың барлық шығындары есепке алынады.

Талдауды пайдаланумен анықталған мәселелер ғылыми-шығармашылық әдістерімен шешіледі. Осылайша оқытушы (ұстаз) қарапайым мысалдарды заман ағымына байланыстыра келтіре отрып, оқушының техникалық шығармашылығын дамытуға бағыттайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет