Оқыту әдістері: ауызша баяндау, әңгімелесу
Оқыту формасы: лекция
Оқыту құралдары: оқулық
Материалдық қамтамасыз етілуі: ОӘК
Бақылау түрі:ауызша сұрақ - жауап.
Балалардың жалпы техникалық шығармашылығының пайда болуы мен дамуы ТМД елдері ішінен Ресейде жақсы деңгейде дамыды. Қазан төңкерісіне дейін Ресейде Балалардың техникалық шығармашылығы (БТШ) жеке дара сипатта дұрыс ұйымдастырылмаған, бағытталмаған болды. Ескі жүйедегі мектептерде сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастырылмады, техникалық үйірме төтенше құбылыстық сипатта болды. Мектептен тыс балалардың мекемелері (практикалық) болмады. Техникаға қызығушы балдар, жасөспірімдер тек мектепте, өзінің қалауы мен ойы бойынша айналысты. Техникалық өзіндік іс - әрекет бұл жағдайда қолөнершілік қызығушылықтың негізінде болды.
Балалардың, жасөспірімдердің техникамен өзіндік іс-әрекетінің ережесі Ұлы Қазан төңкерісінен кейін қалыптасты. Кеңес үкіметі тұсында, оның алғашқы күндерінің өзінде еңбек тәрбиесі коммунистік тәрбиенің ажырамас бөлігі деп танылғаны белгілі. Кеңестік педагогика балалардың бейімділігіне, оның ішінде, техникалық дамуына үлкен көңіл бөлді. Елімізде мектептен тыс білім беруде көптеген істер басталды. Мұның өзі балалардың техникалық шығармашылығының алға дамуы үшін белгілі алғы шарт жасады.
Кеңесті Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) кезіндгі балалардың техникалық шығармашьшығының дамуын шартты түрде 12 кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең. Бірыңғай еңбек мектебін қалыптастыру кезеңі мен сәйкес келеді. Балалар үйіне және мектептерде өзіне қызмет көрсетуіс бағытталған (ағаш және темір ұсталығы, токар, картонож, түптеу) қолөнер сипатындағы еңбектік үйірмелер ұйымдастырылды, сондай-ақ оқу-көрнекі құралдар бойынша, оқу жабдықтары, электротехникалық, өнеркәсіптік мекемелерге, электростанцияға және т.б. объектілерге, топсеруенге шығу қолға алынды. Осы уақыттарда бұрынғы техникалық училище базасында ашылған шеберханаларда жұмыс нәтижелі жүрді.
ХХғ. 20-жылдарында қолөнершілік сипаттағы техникалық іс- әрекеттердің ұйымдастырылуы балалардың өзіндік жұмысында белгілі орын алды. Осы жылдары көптеген мектеп оқушыларында техникаға деген белсенді қызығушылық туындады. Халық шаруашылығының проблемалары жасөспірімдерге көңіл бөлуге ықпал етті. Осыған сәйкес еліміздегі электрлендіру міндетіне байланысты мектептерде жас электриктер үйірмелері ашылды.
Алғашкы техникалық шығармашылық үйірмелері өздерінің жұмыстарында көптеген қиындықтарға тап болды. Олар: материалдардың және құрал-саймандардың жетіспеуі, үйірмешілерге арналғаи әдебиеттердің жоқтығы, үйірмешілердің жетекшілерден кеңесті алуының күрделілігі, сол кезеңдерде үйірмелердің тұрақты жұмысы үшін тәжірибелі жетекшілердің жетіспеуі.
Екінші кезең. Мектептік оқуда кешенді жүйені ендіру мен пионер ұйымдарының туындауына сәйкес келуі. Пионер базалары (бірнеше отрядтардың бірігуі) және отрядтар мекеменің комсомол ұйымдары тұсында құрылды, оларға белсенді өндірісшілер жетекшілік жасады. Қолөнершілік сипаттың негізіндегі техникалық шеберханалар мен үйірмелер ұйымдастырылды. Осы кезеңдерде шефтік мекемелердің жабдықтауымен техникалық шеберханалар пайда болды. Пионер үйлері, аудандық және қала клубтары құрыла бастады. Шефтік мекемелер техникалық үйірмелерге жетекшілік ету үшін қоғамдық нұсқаушыларды бағыттап отырды. Үйірмелерде мектеп, жұмысшылар жатақханалары, тұрғын үйлер, пионер базалары мен отрядтарын жабдықтау үшін құралдар және бейімдеу құралдары, заттар дайындалды. Осы уақыттарда мектептерде сабақтан тыс техника сабақтарында, өнеркәсіптік бағыты бар мектептерде жасөспірімдерді арнайы техникалық білім мен еңбектік дағдылармен қаруландыру қолға алынды.
1923 жылы Әуе флоты достарының қоғамы (ОДВФ) құрылып, жаппай авиамоделизмнің дамуына ықпал етті. Авиамоделизмге, радиоға қызығушылар (радиоәуестер) қосылды. Көптеген ауылдық жерлерді радиоландыру үлкен рөл атқарды.
Балаларды техникалық шығармашылық ұйымдарының мазмұны мен формасы еңбекке баулу процесінде және техникаға қызығушылар процесінде дамыды.
Үшінші кезең. Бұл кезенде оқушылардың техникалық шығармашылығын ұйымдастырудың мазмұны мен формасы айқын бола бастады.
Еліміздегі индустрияландыру жоспарын жүзеге асыру мақсатында жас инженер-техникалық мамандардың, адамдардың қажеттілігі туындады. Олар білімімен, тәжірибесімен қатар, шығармашылық қабілеттілікті, өндірісті жетілдіру ісінде және құралдардың әзірлемесін дайындық ісінде жаңашыл тәсілді игеруі қажет болды.
Осыған сәйкес оқушылардың техникалық өзіндік іс-әрекетіне орталықтан жетекшілік ету оны ұйымдастыру мақсаты тұрды. Бұл міндетті Лениндік комсомол өзінің колына алды (VII съезді, 1926ж. наурыз).
1926 жылы БЛКЖО орталық комитеті (ЦК ВЛКСМ) жас техниктер үшін алғашқы "Білім-күш" ("Знание-сила") журналын шығарды. Сондай-ақ бірінші мамандандырылған мектептен тыс мекеме - балалардың техникалық станциясын (ДТС) ұйымдастырды. Олар ДТС-СЮТ жүйесіндегі әдістемелік нұсқау орталығы болып табылады.
БК/б/П орталық комитетінің (ЦК ВКП /б/) 1928 жылы 28 июндегі "Пионер қозғалыстарының жағдайы мен жақын уақыттағы міндеттері" атты қаулысы техника бойынша мектептен тыс жұмыстардың одан әрі дамуына ықпал етті.
БТС (ДТС) қалыптасу кезеңі жаңа типті мекеме ретінде 1931ж. аяқталады: ол қоғамдық негіздегі балалардың мемлекеттік мектептен тыс мекемесі болды, оның тәжірибесі - балалардың ауылшаруашылық станциясын, турист-өлкетанушы станциялардың т.б. құрылуына негіз болды.
ХХғ. 20-жылдарының соңында балалардың техникалық шығармашылығының үш саласы: электротехника, радиотехника және авиамоделизм басты сала болып табылды.
Мектеп оқушылары жұмыс жасайтын модельдер дайындаумен шұғылдана бастады.
1. Трамвайды және басқа жүретін объектілерді моделдеуді қолға алды.
2. Танымдық өндіріс бағыты қоғамдық пайдалы бұйымдар: электроөлшеу приборлары, аккумлятор, электр қоңырау, столдық лампалар, т.б.дайындады.
3. Демонстрациялау бағытындағы заттар әзірледі.
4. Практикада жоқ объектілерді (электрді қолданумен) дайындады 1920-1930 жылдары техникаға қызығушылықтың жаңа саласы пайда болды, ол - автомобиль.
1930 жылдың соңында балдардың техникалық шығармашылығы ... кезендегі жаңа техниканы зерделеумен айналысты. Сол кезеңге тән кемшілік ретінде төмендегілерді атауға болады:
- материалдық база төмен болды;
- ғылыми негізделген бағдарламалар болмады (әдістемелік құралдар, нұсқаушы мамандар).
Бұлар «өсудің ауыруы» деп есептелді.
Төртінші кезең. БК/б/П орталық комитетінің 1932 жылы "Пионер ұйымдарының жұмысы жөніндегі" қаулысымен БТС (ДТС) саны тез ... Техникалық шығармашылық бойынша көпшілікке арналған: әдістемелік әдебиеттер саны көбейді, қоғамдық ұйымдардың ісіне көңіл бөлу күшейді
Техникалық шығармашылықты үгіттеуде - слеттер, жарыстар ұйымдастырылды.
1933-1934 жылдары жұмыс жасаушы жақсы модел конкурстары ұйымдастырылды. Оған 300 - ден артық модел қатынасты, 1935 жылы бүкілодақтық жас автомоделизм слеті ұйымдастырылды. Қолөнершілік қызығушылық техникалық шығармашылыққа орын берді. 1930 жылдардың ортасында БТС жүйесі интенсивті дамыды.
Бесінші кезең. Жаппай ғылыми-техникалық үгіт жұмыстарын мектептерден тыс балалар мекемелері ортасында күшейту мен еңбекке-баулудың пән ретінде қысқаруы арасында қарама-қайшылық болды. Мектеп материалдық техникалық базадан айырылды. Балалар тек мектептен тыс мекемелерде шұғылданды.
1939 жылы БТС (ДТС) - ЖТС (СЮТ - Жас техниктер станциясы) болып аталды.
Алтынша кеэең. Соғыстың алдындағы жылдары оқушылардың жалпытехника бойынша дамуы мектеп пен мекемелердегі үйірмелерде болды. Ұлы Отан соғысы жылдары: үйірме, шеберхана базалары өндірістік шеберханалар түзілді, оларда соғыс тапсырыстары, тылғы қажетті өнім шығарылды.
1. Шеберханалар кеңінен ұйымдастырылды.
2. Машина-трактор станцияларында автомобильдерді және ауыл шаруашылық техникаларын, оқу-көрнекі құралдарды, мектепті, т.б. жендеу бойынша бригадалар ұйымдастырылды және жұмыстар орындалды.
Жетіний кезең. Мектептегі, мектептен тыс мекемелердегі техникалық өзіндік іс-әрекеттердің негізгі (ячейкасы) түйіні, физика-техникалық ұйымдар (мектепте) мектептен тыс мекемелерде - оқу-техникалық және оқу-өндірістік үйірмелер жұмыс жасай бастады.
XX ғ. 40-50- жылдары көптеген мектептік факультатив курстарында, үйірмелерде оқушылардың электротехника, радиоға қызығушылар, механика, жылу техникасы, тәжірибе приборларын дайындаумен шуғылданса, авиамоделдеу - кемде кем болды.
Көрнекі құралдардың мазмұны жетілдірілді. Ауа, су және жылу электростанциялары, ауылшаруашылық машиналарын модельдеу.
Сегізінші кезең. Политехникалық білім беруде техника бойынша оқушылардың сабақтан тыс жұмыстары белсенділік танытты: 1. Электро; 2-радиотехника; 3-авиа; 4-кеме, 5-ауылшаруашылық машиналар техникалық базаға көңіл бөлінді.
Тоғызыншы кезең. Шамамен 1958 жыл (1959) "КСРО ХББ жүйесін одан әрі дамыту және өмірмен мектептің қаулысын бекіту туралы" заңына сәйкес мектепте өндірістік оқыту енгізілді.
Бұл кезеңнің 60-жылдары басында заманауи техникалардың негіздерін зерделеу бойынша мектептен тыс мекемелерде үйірмелер мен клубтардың ұйымдастырылуы бағыт алды. Оларда негізінен іздеу-конструкторлыққа, тиімді ұсыныстық іс-әрекетке бағдар берілді және жаппай ғылыми-техникалық үгіт насихат күшейтілді. Оқушылардың сабақтан тыс техника бойынша жүмыстарына өндіріс мамандары, мекемелердің, оқу орындарының ғылыми қызметкерлері қатыстырылды және үйірмелердің материалдық базалары мекеменің жәрдемімен күшейтілді. Жас тиімді ұсынысшылар мен өнертабысшылардың қозғалыстары бой көтерді.
Оныншы кезең. Бұл кезенде балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық техникалық іс-әрекеттерін ұйымдастырудың мазмұны мен формаларын одан әрі жетілдірудің басты факторы 1966 жылы тиімді ұсыныс жасаушылар мен өнертабысшылардың мектеп пен мектептен тыс мекемелеріндегі жұмыстарының байқауы ықпал етті.
ХХғ. 60-жылдардың ортасында мектеп оқушыларының техникалық шығармашылығында өзіндік іс-әрекеттің негізгі 4 бағыты орын алды.
1. Мектеп үшін оқу-көрнекі құралдарды және жабдықтарды дайындау.
2. Спорттық-техниканы моделдеу.
3. Кіші транспорт құралдарын конструкциялау және қайта құру.
4. Өндірістік тақырыптар бойынша тиімді ұсыныс сипаттағы іздеу-
конструкторлық жұмыстар.
Он бірінші кезең. Бұл кезенде жастардың (мектеп оқушыларының) ғылыми-техникалық шығармашылыққа толық мәнді және белсенді катынасуы жүзеге асырылды, еліміздің түкпір-түкпірінде жастар техникалық шығармашылық іс-әрекетке қамтылды. Бұл қозғалыстың негізгі бағыты - халық шаруашылығына қызығушылықтағы шығармашылық еңбек болды. Сонымен ....тардың ғылыми-техникалық шығармашылығына қатысушылардың, мектеп оқушыларының техникалық шығармашылығының мазмұны мен сипаты анықталды. Балалар мен жасөспірімдердің техникалық шығармашылығы іздіну конструкторлық іс-әрекеттерден және спорттың техника түрі бойынша сабақтардың жиынтығынан тұрды.
Сабақтан тыс жұмыстардағы оқушылардың техникалық дайындығы автомобиль, мотоцикл, трактор, элсктроника негіздері, радиобайланыс (оқу-техникалық үйірме) үйірмелерде зерделеуді қарастырады. Әсксри техникалық тақырып бойынша шығармашылық іс-әрекеттер моделд... (авиа-, авто-, кеме-, ракета моделдері) және малолитражды автомобильдердің, моторлы, ескекті және желкенді кемелелі радиоқызығушылық аппаратуралардың даярламасын түзу мен тұрғызу эксперименттік конструкторлық үйірмелерде өткізілді.
Он екінші кезең. ХХғ. 80-жылдардың ортасындағы жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығының еліміздегі бірыңғай қоғамдык мемлекеттік жүйесінің құрылумен сәйкес келеді. Оқушылардың техникалық шығармашылық жүйесінің дамуы орта білім беру мазмұнындағы өзгерістерді, оның материалдық-техникалық базасын жетілдіруге алғы шарт болып табылады.
Әрбір кезеңде техникалық шығармашылықты ұйымдастыру кереметтей нәтиже бере бермеді. Жетістіктер мен қатар кемшіліктер де болды. 90-жылдардың ортасында қоғамға пайдалы, өнімді еңбекті техника және ғылым салалары бойынша үйірме, факультатив курстарын қысқарту тенденциясы пайда болды.
Еліміздегі сабақтан тыс уақыттағы мектеп оқушыларының шығармашылық техникалық іс-әрекетінің мазмұнын талдау, бұл жұмыстың тоғыз негізгі бағытын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:
1) оқу-көрнекі құралдарды дайындау;
2) оқу жабдықтарын дайындау;
3) тұрмыстық арналуы бар заттар дайындау;
4) өндірістік техникаларды, кешірме және эксперименттік моделдеу;
5) халық шаруашылығынын өндірістік және өндірістік емес сферасы үшін нақты пайдаланатын техникалық құралдарды түзу;
6) спорттық радиоқызығушылық;
7) спорт және туризм үшін көлік құралын түзу;
8) ғылыми зерттеу үшін техникалық құралдарды түзу;
9) көлік техникасын, спорттық және эксперименттік моделдеу.
Осы аталған бағыттар қазіргі уақытта мектеп оқушыларының техникалық шығармашылығын дамытудың бағыттары мен тенденциясын анықтауға негіз қалауы қажет.
Мектептен және сыныптан тыс техника бойынша жұмыстар Кеңес үкіметінің орнауынан кейін бастау алды. 1922 жылы қазан айында өткен РКСМ-ның V съезінде «Балалар қозғалысы» тезисі бекітілді. Онда оқушы балаларды еңбек құралдарының даму тарихымен, ұлы ойшылдар мен өнертапқыштардың (ойлап тапқыштардың) өмірімен таныстыру, фабрикалар мен шахталарға саяхатқа шығу, құрал-саймандарды, машиналарды, модельдерді өз бетінше дайындауға үйрету, химиядан, физикадан қарапайым тәжірибелерді қою, клубтарды, шеберханаларды жабдықтау, еңбек мамандықтарын үйрету және т.б. ұсынылған болатын. Одан кейінгі уақытта «Пионер - шебер қолдар» лозунгісі шығып, мектептерде әртүрлі техникалық үйірмелердің пайда болуына себепкер болды.
Ал, енді осындай оң нәтижелерді төмендегідей етіп көрсетуге болады:
1. 1922 жылы РКЖО-ның (РКСМ-нің) V съезінде «Балалар қозғалысы» тезисі бекітілді. Одан пионерлерді еңбек құралдарының даму тарихымен, өнертапқыштардың және ұлы ғалымдардың өмірбаянымен таныстыру, фабрика және шахталарға топсеруенге шығу, құрал-саймандарды, модельдерді, машиналарды өз бетінше дайындауға үйрету, химия, физика пәндері бойынша қарапайым тәжірибелер қою, шеберхананы, клубты жабдықтау, еңбек мамандықтарын зерделеу және т.б. ұсынылды.
2. 1923 жылы Әуе флоты достары қоғамы жанында Әуе флотының жас достары секциясы ұйымдастырылды. Авиа модельдеу кеңінен қолға алынды.
3. 1924 жылдан мектеп оқушыларының арасынан Радиоға қызығушылардың (жанкүйерлер) ынтасы артып, аталған объектімен көптеп шұғылданды.
4. 1926 жылы 12-қазанда балалардың алғашқы техникалық станциясы ашылды (ДТС). Москвадағы Красная Пресняда аудандық комсомол комитеті ғимаратында келесі жылы 15 станция өз жұмысын бастады.
5. 1928 жылғы 25 маусымдағы БК/б/П орталық комитетінің «Пионер қозғалыстарының жағдайы және жуық арадағы міндетері туралы» қаулысы мен БЛКЖО VIII съезі шешімдері мектеп оқушыларының өз бетінше техникалық шығармашылықты дамытудағы рөлі ерекше болды.
6. 1937ж. КСРО бойынша шамамен 750 өз станция жұмысын жалғастырды.
7. 1939 ж. алғаш рет біздің жас техниктер АҚШ-та өткен Халықаралық көрмеге модельдерін көрсетті.
8. 1940 жылы жас конструкторлардың жұмысына көрме ұйымдастырылды.
9. 1954-1955 жылдары Ұлы Отан соғысынан кейінгі бүкіл одақтық бірінші көрме болды.
10.1954 жылы белсенді үйірмешілерге «Жас техника» төс белгісін БЛКЖО-ның Х съезінде беру туралы нұсқауы ендірілді.
11.1957-жылы Мәскеуде тұрақты жұмыс жасайтын Бүкілодақтық мектеп оқушыларының тенхникалық шығармашылығының үйірмесі ашылды.Одақтан басқа көрмелер: Англияда, Индияда, Польшада, АҚШ-та, Сирияда, Чехославияда, Түркияда, Жапонияда, т.б.елдерде болды. Оған Одақ құрамына енетін Республика мектептерінен оқушылар қатынасты.
12.1958 жылдың соңынан бастап балалардың техникалық шығармашылығы бойынша өз бетінше іс-әрекеттердің дамуының жаңа кезеңі басталды.
13.1977 жылдан қысқы каникул күндерінде Бүкілодақтық ғылым, техника және өндіріс аптасы жүргізіле бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |