Пайдаланылған әдебиеттер:
Ортаев Б.Т. Оқушылардың техникалық шығармашылығы: Оқу құралы.- Түркістан: Қ.А.Ясауи ат. ХҚТУ, 2008. - 150 б.
Алексеев В.Е. Организация технического творчества учащихся. - М.:Высшая школа, 1984. - 46с.
Техническое творчество учащихся. /Сост.П.Н.Андрианов. - М.:Просвещение, 1987. - 215 с.
Оқыту әдістері: ауызша баяндау, әңгімелесу
Оқыту формасы: лекция
Оқыту құралдары: оқулық
Материалдық қамтамасыз етілуі: ОӘК
Бақылау түрі:ауызша сұрақ - жауап.
Алғашқы техникалық құрылғылар және қарапайым механизмдер шыққаннан кейінгі уақыттардан бастап адамзат өзінің алдына үзіліссіз әртүрлі қиындықтағы және мәндегі техникалық міндеттер қойып және оларды шешуді жүзеге асырып келеді.Адамдар өздерінің жұмыстарын жеңілдететін машиналарды,техника объектілерін,оларды едәуір тиімді және өнімді ету қажетілігін назарда ұстаған.Ұзақ уақыт бойына шығармашылық іс-әрекет кейбір дарынды,жеке тұлғаларға тән болып саналды. Ғылым мен техниканың дамуы және техникалық прогресс арнайы дайындалған адамдардың көп болуын талап етті.
Шығармашылық - бұл «кәсіпкершілік» екені белгілі,ал оған оқуға керектігі түсінікті болды.Шығармашылыққа оқу үшін алдымен оның заңдылықтарын танып білу қажет.
Шығармашыл ойлаудың заңдылықтарын түсінуге талпынғандар ішінен ертедегі ғұлама оқымысты-философтар: Архимед, Гераклит, Сократ, кейіннен - Ф.Бэкон, Р.Декарт, Г.Лейбниц және т.б.атауға болады. Олар ойлау процесінің құпияларын, танып-білу міндеттерін шешуді философиялық көзқарас тұрғысынан қарастырды. Бұл данышпан ғұламалардың жасағандары көп уақытқа дейін практикалық тұрғыда қолданыс таппады (себебі, көпшіліктің шығармашылыққа сұраныс болмады).
Дегенмен, тарихта өнер табыстар қоғамның сұранысынан асып кетіп отырған жағдайлар кездесіп,оларды сол кезеңдерде қылжақбас деп санағандарда болды.
Ондай оқиғалар Т.Эдисон өмір дерегінен белгілі.Ол патенттік бюраға ұшқыр ойшыл бейімдеу құралы-«ұпай (дауыс) жинағыш аппаратын» ұсынған (оның өзі телеграфист болған). Ол конгрестегі дауыс беру процесін едәуір жеңілдетуге мүмкіндік беретін құрал болған. Эдисон әрбірінің алдына «жоқ» немесе «иә» екі пернені, кнопканы орнатуды ұсынған.
Төрағаның алдында оң және теріс сигналдардың санын жинақтаушы екі приборды қоюды ұсынған.
XXI ғасырдың ІІ жартысында техникалық есептерді шешу процесін психологиялық көзқарас тұрғысынан түсіндіруге алғашқы ұмтылыстар болды. Зерттеушілер өнертабушы жеке тұлға өмірін зерттеді. Олардағы әдептен тыс керемет нәрсені іздеді,психиканың ауру мен данышпандық арасындағы байланысты білуге ұмтылды. Өнертабушылардың қанының құрамындағы ерекшеліктер жөнінде айтты.
ХХғ. басында шығармашылық нышаңдар барлық адамдарда бары анықталды. Бұл шын мәнінде эвристикалық іс-әрекет процестерін,шығармашылық шешімдер іздеудің әдістерін зерделеуге,адамдарды шығармашылық еңбекке дайындауға серпіліс болды.
Ол кезеңде бір ғана әдіспен өнертабушылар қаруланған болатын, ол әдіс «проб и ошибок» («оң және теріс»).
Шығармашылық іс-әрекет сипаты үшін белгілі заңдылықтар бары айқындалды,оларды шығармашылық есептерді шешуді іздеудің нәтижелі әдістерін табу үшін пайдалануға болатындығы еді.Осы заңдылықтарды пайдланудың арқасында шығармашылық есептерді іздестірудің тиімді (жеткілікті)әдістері табылды.Олар екі топқа бөлінеді.
1. «Ми шабуылы» синектика, фокальді объектілер әдісі, бақылау сұрақтары, морфологиялық талдау.
2.Өнертабыстық тапсырмаларды шешудің алгоритмі, функциональдық құндылық талдау (АРИЗ), функциональды құндылық талдау (функционально-стоймостный анализ).
1961 жылдан бастап елімізде шығармашылық процеске баулу мәселесі бойынша,оның ішінде техникалық шығармашылыққа қатысты еңбектер көптеп жарық көрді (Н .Середа, Р.Бахтамов, Г.Альтшуллер және т.б).
Әрбір зерттеушінің жеке тұлғаны шығармашылық процеске қатыстырудың әдістемесі түрліше сипат алды.Солардың ішінде Дж.Диксонның шығармашылық процестің мәнін(жаңалығы,бірегейлігі, пайдалылығы немесе құндылығы,шешімнің көркемдігі) және ойлан табушы үшін жеке тұлғаның сапалық қасиетін қарастырумен,идеялауды ынталандыратын бырақтар нақты төмендегідей әдістерде қарасырды:
«Миға шабуыл» ( мозговой штурм ) әдісі, оның әтібі: ешкандай сынау жоқ: неғурлым идея көп болса, cоғұрлым жақсы; қысылын-қымтырылусыз ойда айтук.
Белгілі психолог С.М. джакупов “мозговая атака” (Ми шабуылы) англо - американ термині , батыс европалық психологиялық әдибеттерде “топтық пікірі-талас (талқылау)” термині ретінде қалыптасқан және бекітілген деп жазады.Бұл ұғым кейбір әдебиеттерде “мозговой штурм”деп те жазылады.
А.Осборнның әзірлеген «мозговая атака» әдісі. Бұл әдіс бойынша мәжілісті өткізудің негізгі ережесі төмендегідей:
1.Жалғыз орталық тармақты бөлумен негізгі терминге мәселе қалыптастыру.
2.Бірде-бір идеяны жалған деп хабарламау және ерттеуді тоқтатпау.
3.Қатысушыларды,қатып қалғандықтан босату үшін демеу және мадақтау.
4.Мәжіліс соңында эксперттер көмегімен идея селекциясын және бағасын мәжілісті өткізуге қатыспағандар үшін міндетті жүргізу.
2. Инверсия әдісі,тапсырмаға бұрынғы көқарастан бөлек,оған кейбір жаңа немесе өзгерген тұрғыдан қарап,психологиялық инерцияны саналы жеңуді талап етеді. Ол жөнінде автор: «Жаңа тәсілдерді іздеңдер күрделенетін заттардың өңін айналдырып, түбін жоғары қаратып қойыңдар, қозғалатын бөліктерді тоқтатыңдар және қоғалмайтын қозғалысқа келтіріңдер» - дейді.
3. Эмпатия әдісі,ойлап табушылық саласында әзірленген затпен,бөлшекпен немесе процеспен адамды теңгестіруді және шешетін тапсырмаға жаңа көзқараспен келуді білдіреді.
4. Фантазия әдісі, бұл әдіс арманмен байланысты,нені қаласаң соның болғанын елестетумен сипатталады. Ол жөнінде автор былай дейді: «Жақсы шешімдерді қарастырғанда, егерде ол тек қана қиялдың жемісі болса, оны жаңадан туындаған пікірмен ынталандыруға болады».
5. Психологиялық инерттілік әдісі. Психологиялық инерттілік әдісі дәстүрлі көқарастар мен түсініктер жүйесін бұзу үшін керек.
6. Жаңа комбинацияны жүйелі ерттеу әдісі немесе оны «морфологиялық талдау» әдісі деп те атайды. Оның мәнісі жөнінде автор былай деп жаады: «... шешілетін мәселеде зерттелетін элементтер мен жүйелердің талап етілетін функцияларының санына байланысты екі немесе одан да көп басты бағыттар анықталуы мүмкін. Содан соң әрбір функционалдық бағыттар бойынша идеяларды түрлендіруг жүеге асырылады және барынша көп әдістердің тізімі жасалады. Соңынан осы тізімдердегі әрбір амал-әдістерді көру үшін кестеге түсіреді».
Бұл әдістердің бәрі де ойлап табушылар тұрғысынан оң нәтиже беретіндігі дәлелденген. Әрі оларды қазіргі мектепте (бастауыш, орта, жоғары сыныптарда) және жоғары оқу орындарындағы оқыту процесінде, оқушылардың сыныптан тыс шұғылданыстарында педагогтар кеңінен қолданады.
Жалпы шығармашылық жөніндегі түсініктер және олардың іс-әрекет тұрғысынан ерекшеліктерін түсіну көпшілікке қиындық тудырады. Ол жөнінде М..А.Сутеева шығармашылық үрдісті « ... күрделі, әр адамның өзіне ғана тән құпиялығы, тіпті кейде шығармашыл адамның өзі де айтып түсіндіре алмайтындай сана елігінен өткіу мүмкіндігі болмауынан, оның не екенін дөп басып айтцдың қыйындығы, критерийлердің жеткіліксіздігі байқалады» - деп, сипаттауынан оны түсіндірудің қыйындығын көруге болады. Сондай-ақ ерттеушінің « Бұның тағы бір дәйекті себебі шығармашылықтарын түйсіну (интуиция), қиялдану сияқты өте күрделі психикалық үрдістермен тығы байланыста болуы» - деп көрсетуі. Ол қызатын электор шамының модификациясын жасады, электорэнергия өндірісінде төңкеріс жасады. Ол алғашқы электртасмалдаушылар мен аккумуляторларды ойлап тапты. Химиялық зауыттар салып, қуыршақтарды сөйлетуге үйретті. 12 жасында еңбек жолын бастаған ол, 16 жасында өз бетімен күн көру үшін ата-анасының үйінен кетті. 22 жасында 40 мың доллар еңбекақы тапты және 40 жасында бүкіл әлемге әйгілі ғалым және өнертапқыш болды.
Сынап көру мен қателіктер әдісі аз ғана нұсқаларды міндетті шешу кезінде қолдану дұрыс болады, дегенмен өте күрделі міндеттерді шешу кезінде ол тиімсіз болып келеді.
Соңғы 150 жылда ғалымдар, өнертапқыштар мен шығармашыл мамандар сынап көру мен қателер әдісінің тиімділігін айтарлықтай арттырудың тәсілдерін ойлап тапты. Олар бір жағынан адамның шығармашылық әрекетінің арнайы тәсілдері мен әдістемесін пайдалануда болса, екінші жағынан – тәсілдер мен әдістемелердің санын айтарлықтай көбейтуге мүмкіндік беретін мақсатты бағытталған іріктеулер мен бағалаудың өнімді тәсілдері мен құралдардын қолдануда болып келеді.
Бақылау сұрақтарының тізімдері және әдістері. М.Альберттің ізденіс заңы.
Жаңа идеялар мен ең таңдаулы құрастырушы технологиялық шешімдерді іздеу үшін бақылау сұрақтарының әдісін пайдалануды алғаш рет 1955 жылы Кембридждегі өнертапқыштық бюросының жетекшісі Тим Эйлорт ұсынған және жүзеге асырған.Бұл әдістің одан әрі дамуы А.Осборнның бақылау сұрақтарының тізімінде,М.Тринг пен Э.Лейтуэттың ережелерінде,Д.Пойамен басқада авторлардың сұрақтар мен кеңестер тізімінде көрініс тапқан.Бақылау сұрақтарының әдісі «бақылау сұрақтарының тізімі» деп аталатын эвристиканы білдіретін тізімде қолданылады.Бұл әдіс тек инженерлік және өнертапқыштық тәжірбиеде ғана емес,сонымен бірге оқу процесінде де кеңінен қолданылады.
Психологтар шығармашыл тұлғаны зерделей келе,көптеген өнертабшылардың консруктивтік идеялары көбіне басқа адамдардың ойларымен «контакті» (қарым – қатынас) жасаған кезде туындайтынын анықтаған. Бірақ барлық уақытта Сократқа ұқсас, яғни диалогта (екеу ара әңгімеде) сұрақты өнерлі қоя отырып, әңгімелесушінің ойлап табуына басқа ешнәрсе қалмайтындай ететін әңгімелесуші табыла бермейді. Әрбір өнертабушының әзінің Сократы болмауы мүмкін және сол себепті де ойлап табушылар бақылау сұрақтары әдістерін ойлап тапты.
Бұл әдістің шығармашылық тапсырмаларды шешуді іздеу кезінде пайдаланудың мәні арнайы дайындалған сұрақтар тізімінен тұруында. Ойлап табушы өзінің тапсырмаларын талдау мен байланысты сұрақтарға жауап береді.
Мұндай сұрақтардың алғашқы тізімі ХХғ. 20–жылдары пайда болды, ал жаңаларының қазірде пайда болуы жалғасуда
Бақылау сұрақтарының тізімі-бұл өнертабысшылар мен тиімді ұсыныс жасаушылардың қысқаша жадынамасы.Кейбір тізімдер сұрақтар емес, қысқаша нұсқалардан тұрады ,оларда екеуіде (сұрақ та, нұсқау да) болады. Кейбір жағдайда біреу емес бірнеше тізімді пайдаланады және олар реттілікте қолданылады.
Өнер табысшылар бақылау сұрақтары тізіміне түрліше қатынаста болады. Біреулері оларды кеңінен пайдаланады,ал басқалары болса, тек олардың прогменттерін қолданады.
Өнертабыстық іс-әрекет пратикасында А.Осборн, Т.Эйлоарт, Д.Пирсон, Д.Пойа және т.б. құрған әнбебаб сұрақтар кеңінен қолданыс тапты. Кеңестер кезінде елімізде белгілі сұрақтар тізбегін өнертабысшы Г.Я.Буш әзірледі.
Бақылау сұрақтарының тізімін құру композитциясы мен мазмұнының логикасы бәрінен бұрын өнертапқыштардың ойлаудың психологиялық инерциясын жеңуге, олардың шығармашылық мүмкіндіктерінің кең қанат жаюына көмектеседі жәнетехникалық қайшылықтарды шешудің стереотиптік көрністерінен бас тартуына септігін тигізеді. Өнертапқыштар мен техникалық объектілерді дайындайтындар үшін Т.Эйлоарттың бақылау сұрақтарының тізімі мына төмендегідей бағыттарды ұсынады:
1.Ұсынылып отырған ойлап табудың анықтамасы мен барлық қасиетерін тізіп шығыңдар және олады қай жағына қарай өзгертуге болатынын көрсетіңдер.
2.Объектіні құрудың міндеттерін нақты белгілеңдер және олардың арасынан басты және екінші дәрежелерір анықтаңдар.
3.Қарастырылып отырған міндеттің белгілі шешеімдерінің басты принциптері мен икемшіліктерін тізіп шығыңдар және оларды жоюдың жолдарын атап көрсетіңдер.
4. Түрлі, мейлі ол қиял болсын, соған ұқсас химиялық, биологиялық, экономикалық ұсыныстарды жазыңдар және айтыңдар.
5. Объектіні жетілдіру үшін материалдың, энергияның, басқа физикалық, химиялық және басқа да әсерлердің түрлерін қолданып көріңдер.
6. Өзара байланысты және логикалық сәйкес келетін тәуелдіктерді белгілеуге әрекет жасаңдар.
7. Бұл мәселе бойынша мүлдем хабар жоқ адамдардан басты міндетті шешу бойынша пікірін сұрандар.
8. Мәселені еркін топтық талқылауды ұйымдастырыңдар.
9. Міндетті шешудің «ұлттық» тәсілдерін: шотландиялық, қытайдың күрделі, немістің бәрін қамтушы, американдықтардың ысырапшыл тәсілдерін пайдаланып көріңдер.
10. Үнемі мәселемен болуға тырысыңдар,тек жұмыста ғана емес,сонымен бірге сапарға шыққанда да,серуендеу кезінде де,ойын кезінде де мәселе жадыңнан шықпасын(яғни,ұйықтағанда да түсіңе кіру керек).
11. Шығармашылықты ынталандыратын жағдайға:техникалық мұражайларда болуға,көне заттар сататын дүкенде болуға,журналдарды қарап шығу мен күлкілі сюжеттер көруге әрекет етіңдер.
12. Обьектінің басқа да шығармалары мен геометрикалық параметрлерін, материалдар типтерінің салыстырмалы кестесін құрыңдар, сондай-ақ мәселені шешудің түрлі нұсқалары үшін олардың бағасын қойыңдар.
13. Обьектіні жасау бойынша соңғы тамаша нәтижелерді анықтаңдар.
14. Обьектінің параметрлері мен қасиеттерін өзгерту есебінен,сондай-ақ уақыт ішінде қойылған мәселенің шешімін өзгертуге әрекет жасаңдар.
15. Обьектінің ішіне ойша <енуге> және оны іш жағынан көруге әрекет етіңдер.
16. Одан әрі талқылауда мәселені шешудің балама нұсқаларын алып тастаңдар.
17. Шешіліп отырған мәселенің кімді және не үшін қызықтырып отырғанын анықтауға тырысыңдар.
18. Дәл сондай техникалық обьектіні кім және қашан алғаш рет ойлап тапқанын анықтаңдар.
19. Дәл осындай мәселені кім шешкен және ол неге қол жеткізді?
20. Обьектіні жасау мен қолданудың шекаралық шартын анықтаңдар.
«Техническое творчества учащихся» атты оқу құралында бақылау сұрақтары әдістеріндегі сұрақтар (тапсырмалар) тізбектің мазмұнын басқаша тұрымдау кездеседі. Ең жақсы сұрақтар тізімі ағылшын өнертабысшысы болып табылады. Олар оның жұмысының бағдарламасын анықтау. Төменде айтып өткен автордың сұрақтар тізімі келтірілген.
Болжаиды өнертабыс нәтиижесінің барлық сапасын және анықтамасын тізіп шығу. Оларды өзгерту.
Міндеттерді анық қалыптастыру. Жаңа ойды тұжырымдауды анықтап көру. Екінші ретті тапсырмаларды және ұқсас тапсырмаларды анықтау. Бастысын бөліп алу.
Бар шешімдердің кемшіліктерін, олардың негізгі принциптерін, жаңа болжамдаоды тізіп шығу.
Қияли (фантастикалық), биологиялық, экономикалық, молекулалық және басқа да ұқсастықтарды үлгілеу (набросать)
Математикалық, гидравликалық, электрондық, мехеникалық және басқа да модельдерді тұрғызу (олар идеяны ұқсастыққа қарағанда дәлірек көрсетеді).
Әртүрлі материалдар мен энергияларды: газды, сұйықты, қатты денені, көбікті, ұнтақты және т.б.; жылу, магниттік энергияны, электр жарығын, соққы күшін және т.с.с.; әртүрлі толқын ұзындығын, беттік қасиеттерді және т. Б., ауыспалы жағдайды- катаюды, конденсацияны, Кюри нүктесі арқылы ауысады және т.с.с.; Джоуль-Томсон, Фарадей және т.б.заңдылықтарының тимділіктерін байқап көру.
Нұсқаларды, тәуелділктерді, мүмкін болатын байланыстарды, логикалық сәйкестіктерді анықтау.
Осы іске қатысты емес (хабары жоқ) кейбір амалдардың ойын білу.
Толық қылауларды өткізу, сынсыз әрбірінің идеясын қабылдау мен барлығын таңдау.
Қу шотландық бәрін қамтушы немістің, шашыраңқы (расточительное) америкалық, күрделі қытайлық және т.б. «ұлттық» шешімдерді байқап көру.
Проблемамен ұйықтау, жұмысқа бару, қыдыру, сумен шайынау, жүру, су әшу, тамақ жеу, теннис ойлау-барлығын сонымен өткізу.
Ынталандырушы орта жағдайда (металл сынықтары, техникалық музей, арзан заттар дүкені) жүру, журналдарды, күлдіргілерді (комикс) парақтау.
Бағаның, өлшемінің, орналасудың, типтік материалдардың кестелерін және т. б. Проблеманы немесе оның бөліктерінің әртүрлі шешімдер үлгілеу (набросать); шешімдердегі проблеманы немесе жаңа комбинацияны іздеу.
Идеальды шешімдерді анықтау, мүмкіндіктерді әзірлеу.
Уақыт (тез немесе бояу), өлшемдер тұтқырлық және т. б. көзқарастар тұрғысынан проблемалар шешімінің түрін өзгерту.
Қиялда механизмнің ішіне «ену»
Тізбектен белгілі буынды алып тастайтын альтернатизм проблемаларды және жүйелерді анықтау және қажетті шешімнен ауытқып, тіпьен басқаны жасау.
Бұл проблема кімдікі? Неге онікі?
Оны кім бірінші ойлап тапты? Сұрақ тарихы. Бұл проблемаларды кате түсіндірулер қандай орын алады?
бұл проблеманы тағы кімдер шешті? Олар неге қол жеткізді?
Жалпы қабылдаған шекті шарттарды және оларды белгілеудің себептерін анықтау.
Т.Эйлоарт ғылым мен техникада өзін жақсы жағынан көрсете білген идеалдан нақтыға өту тәсіліне көшуге басым зейінді бөледі. Идеалдың көмегімен түсіну оңай, олай болса нақтыны конструкциялау, ашу. Бұл тәсілді пайдаланудың классикалық мысалы газдар заңдарын ашу болып табылады. Газдар заңын зерделеу кезінде алдымен «идеал газ» ұғымы ендіріледі, молекула газы көлемді алмайды және болат шарик сияқты әсер етеді деп болжанады. Осындай жағдайларды сипаттау арқылы заңдарды анықтау оңай. Содан кейін қажетті түзетулерді енгізеді және нақты газдардың сипаты заңын қалыптастырады.
Идеалды шешімді ұсыну – яғни қандай бағытта жаңа объектілерді, машиналарды, процестерді және т. б. құруды іздеуді жүзеге асыру қажеттігінің дұрыстығына көз жеткізу.
Миға шабуыл әдісі – шығармашылық қызметті психологиялық белсендірудің ең көп таралған әдістерінің бірі, мүдделі қатысушылар тобының шығармашылық әдістерінің жаңа идеялар жолымен жүзеге асыру әдістерінің бірі. Оның негізіне төмендегідей психологиялық әсер қаланған. Айталық, қандайда бір техникалық объектіні жасаушылардың шығармашылық тобында 5-8 адам бар делік. Егерде осы топтағы әрбір адамға бір – біріне тәуелсіз жеке өздерінің идеяларын және қандай да бір міндетті шешу бойынша ұсыныс айтуын өтінсек, ол кезде N идеяны жинап алуға болар еді .Егерде осы топтағы адамдар, оларды K деп белгілейік, сол міндетті шешу бойынша ұжым болып өз ойларын айтар болса, ол кезде Nk идеялары жинаған болар едік. Психологтардың пікірінше мыйға шабуыл сиянсы кезінде идеялардың пайда болуының тізбекті әсері жүріп өтеді, ол интеллектуалды жарылысқа алып келеді.
Миға шабуылдың қазіргі заманға әдістерінің негізін қалаушы американдық теңіз офицері Алекс Осборн болып табылады. Ол екінші дүниежүзілік соғыс кезінде онша үлкен емес көлік кемесінің капитаны болған. Бір жолы, ол басшылық еткен кеме Европаға бағалы жүктермен ешқандай күзетсіз және қорғанбай жүріп келе жатқанда, неміс суасты қайықтарының оларға шабуыл жасайтыны жайлы радиограмма беріледі. Сол кезде капитан қауіп белгісі бойынша палубадағылардың (кеме ішіндегілер) барлығын жинап алып, мүмкін болатын қарақшылық шабуыл туралы хабарлады және әрбір матростың кемені аман сақтап қалу үшін не істеуге болатындығын жайлы ойланып, пікірін білдіруін өтінді. Барлық айтылған идеялардың ішінен бір матростың, алғашында күлкілі де орынсыз көрінген идеясы көптің назарын өзіне аударды: торпедалық шабуыл кезінде бүкіл команда кеме бортының шетіне қатар тұрып, торпеда жақындаған кездеоны бәрі бірігп үрлеу арқылы жақынатпауға болады деген пікірі болды. Сол жолы торпедалық шабуыл кеме үшін қауіпті болған жоқ. Кеме өзінің базасына оралған кезде, талантты өнертапқыш А.Осборн сапарда дайындаған эскиздері бойынша арнайы желдеткіш дайындады, ол қауіпті бағытталған су ағынын жасайды, дәл осы «су атқышпен» бір жолға сапарында жаудың торпедасын кеиенін бортынан үрлеу арқылы алыстатты.
Миға шабуылды жүргізу үшін шығармашылық міндетті шешу бойынша ұжым жинақталады,ол екі топ әрқайсысы 3-10 адамнан құралады.
Миға шабуылдың нағыз сеанысы – бұл адамдардың ерекше психологияық жай-күйі.
Достарыңызбен бөлісу: |