Пайдаланылған әдебиеттер:
Ортаев Б.Т. Оқушылардың техникалық шығармашылығы: Оқу құралы.- Түркістан: Қ.А.Ясауи ат. ХҚТУ, 2008. - 150 б.
Алексеев В.Е. Организация технического творчества учащихся. - М.:Высшая школа, 1984. - 46с.
Техническое творчество учащихся. /Сост.П.Н.Андрианов. - М.:Просвещение, 1987. - 215 с.
Оқыту әдістері: ауызша баяндау, әңгімелесу
Оқыту формасы: лекция
Оқыту құралдары: оқулық
Материалдық қамтамасыз етілуі: ОӘК
Бақылау түрі:ауызша сұрақ - жауап.
1. Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерінің даму тенденциясына байланысты экология мәселелерімен қоса, нарықтық экономикалық, әлеумсттік, техникалық мәселелерді өзара үйлесімді, әр тиімді шеше білуге қажеттілік туындауда. Бұл мәселе қоғам мүшелерінен білім мен іскерлікті және сапалық қассиеттерді, сондай-ақ шығармашылығын іс-әрекетті талап етеді.
Кез келген шығармашылық іс-әрекет барысында, қарапайым, әрі белгісіз тапсырмаларды (есептерді) шешуде адамдар белгілі бір ой амалы орындауына тура келеді, жүйелік талдаудың әдістері мен тәсілдерін пайдаланады, алынған нәтижені бағалайды және өлшейді, алдыңғы алынған нәтижелермен салыстырады, белгілі ұксастықтар мен салыстырады. Күнделікті өмірде жоғарыда аталған ұғымдар тұрмыстық екеу ара әңгімеде талдау (анализ), жинақтау (синтез), болжам, ұқсастық және т.с.с. терминдер қолданылады. Бұл ұғымдардың барлығы әсіресе ғылыми зерттеу саласына қатысты болып табылады және оларды әдіснамалық құралдар қызметін атқарады. Ғылыми зерттеулерді жүргізуде әдістерін қарастырмас бұрын, алдымен әдіс ұғымының өзін анықтау қажет етіледі.
Әдіс (гректің methodos сөзінен алынған - зерттеу жолы, теория, ілім) бұл қандай да бір алға қойылған мақсатқа жетудің тәсілі, қандай да бір міндеттерді шешудің тәсілі. Басқаша айтқанда, әдіс - шешуге нақты міндеттерді, болмысты практикалық (соның ішінде зерделеу мен меңгерудегі немесе теориялық ….. немесе тәсілдердің қандай да бір жиынтығы. «Әдіс» ұғымы «теория» ұғымына өте жақын. Олардың арасында фактілі айырмашылық функциональдық сипат алады: әдіс зерттеудің ілгеріде орындалған теориялық нәтижелерін көрсетеді және бастапқы пункт, әрі болашақ зерттеуді жүргізудің шарты ретінде көрініс табады.
Мектепте оқытылатын барлық пәндердің алдына койған мақсаты оқушыларға саналы білім беру мен дағдылар қалыптастыру болса, ал ол білім негіздерін табысты меңгеру оқушылардың ой еңбегі қабілеті мен ойлау мәдениеті дағдыларының қалыптасуынсыз мүмкін емес.
Мектеп оқу пәңдерін (математиканы, физиканы, т.б.) оқыту арқылы оқушылар қарастырылатын мәселені талдауға, жалпылауға, нақтылауға, қажетті және жеткілікті шарттарды көрсете білуге, ұғымдарды анықтауға, пайымдаулар құруға, ой қорытулар жасауға, дәлелдеуге т.б. үйретіледі, яғни іс жүзіндс әрбір қадам сайын логикалық-әдістемелік білімдер беріледі.
2. Бақылау және эксперимент. Бақылау. Қандай ғылым болса да қарастырылып отырған объектілердің мәнін ашып, олардың қандай заңдылықтарға бағынатынын зерттейді. Объектілерді танып білу, оларды бақылау және оны сипаттау жұмыстарынан басталады.
Бақылау - зерттелінетін объеклілерді мақсаты және жүйелі түрде тікелей қабылдау арқылы зерттейтін әдіс. Психологтар объектілерді қабылдаудың мазмұны және бақыттылығы бізді қоршаған ақиқат дүние туралы адамның қандай білімдері, тәжірбиесі бар екендігіне байланысты болатындығын анықтаған.
Қабылдаулар мен түсініктердің бәрі түйсіктерден және ... түйсіктердің негізінде құралады. Түйсіксіз мидың бір қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес, сананың болуы мүмкін емес. Мұны физиология мен психологияның мәліметтері растайды.
Қабылдау дегеніміз - сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін сыртқы материалдық заттың тұтас бейнесі.
Түйсік деп сыртқы құбылыс қасиеттерін адамның сезім мүшелерінің тікелей әсер етуінен пайда болатын мидағы бейнелерді түсінеміз. Түйсіктің рөлі туралы ертеден-ақ грек философы Аристотель «Түйсіксіз адам ешнәрсені тани алмайды және ешнәрсе түсінбейді» - деп қорытындылаған. Түйсіктер дегеніміз сезім мүшелеріне тікелей ықпал жасайтын материалдық заттар мен құбылыстардың жеке сапаларыт қасиеттерін, жақтарын мида бейнелеу болып табылады.
Психологияда адамның түйсіне алу қабілетін сезгіштік деп атайды.
Түйсік сыртқы дүние мен құбылыстардың «жеке касиеттерінің» адамның сезім мүшелерін тікелей әсер етуден пайда болатын мидағы бейнесі. В.И.Лениннің айтуынша «...Түйсік-объективтік дүниенің субъективтік бейнесі. Түйсік арқылы болмаса, біз басқа жолмен заттың ешқандай формалары туралы да еш нәрсе біле алмаймыз».
Қабылдау - заттар мен құбылыстарды мида тұтастай бейнелейді. Қабылдауда заттардың және процестердің түсі, дыбысы, дәмі, исі формасы т.с.с. қасиеттері тұтас күйінде толық бейнеленеді. Қабылдау. түйсіктегідей бір анализатордың ғана қызметі емес, бірнеше анализаторлардың бірлескен қарекетінің нәтижесі.
Түсінік дегеніміз - ол қазіргі сәтте сезім мүшелеріне әсер етпейтін бірақ бұрын олар белгілі бір формада қабылданган заттың сезімді образы. Түсініктер де, қабылдаулар сияқты, - нақты, корнекі образдар Бірақ түсініктердің қабылдаулардан үш түрлі айырмашылығы бар.
Бақылау - ақпарат алудың ең маңызды әдістерінің бірі, ал бақылау жүргізе білу зерттеушінің бағалы қасиеті.
Бақылаудың мынадай жоспар бойынша жүргізуге болады:
1. Бақылаудың мақсатын анықтау.
2. Бақыланатын объектілердің, мәнді (елеулі) қасиеттері мен ерекшеліктерін ашу.
3. Бақылау кезіндегі алынатын ақпараттарды есепке алып отыру тәсілдерін анықтау (сипатгау, сызбалар жасау, сандық мәндерді кестеге түсіру және т.б.).
4. Зерттелетін объектілердің ерекшеліктері мен белгілері арасындағы өзара байланысты тағайындау.
5. Бақылау нәтижесінде талдау жасау, қорытындылар тұжырымдау.
Байқау дегеніміз ол айналадағы дүниедегі заттар мен құбылыстарды мақсатқа сай жоспарлы түрде үнемі қабылдап отыру.
Құбылыстардың қажетті, заңды байланысын тек осы құбылыстарды техникады сынау жолымен ғана ашуға, тексеруге және дәлелдеуге болады. Мұндай сынаудың аса маңызды тәсілдерінің бірі - эксперимент. Қоғамдық практика формаларының бірі болғандықтан, эксперимент байқауымен салыстырғанда тәжірибенің неғұрлым жоғары түрі болып табылады және сонымен бірге оған байқау құрамдас элемент ретінде кіреді.
Бақылауда мына мәселелер де қарастырылады: себептілік, мақсатқа ... , мақсат. Себеп дегеніміз - екінші бір құбылысқа себепші болатын туғызатын құбылысты белгілейтін философиялық сол құбылыстың салдарынан барып өзара байланысты тізбегі де туады. Салдар дегеніміз (себептің әсер теу нәтижесі) - екінші бір құбылыстардың себебінен болған, туғызған құбылысты білгілейтін философиялық категория.
Мақсатқа сәйкес әрекет жасау дегеніміз - ол қызметті (іс-әрекетті) алдында осы қызметтің дайын нәтижесінің образы және осы жету жолдары болу керек деген сөз. Мақсат дегініміз - (іс-әрекеттен) шығатын салдардың ойдағы образы. Мақсатқа лайықтылық - себептіліктің жеке түрі.
Байқаудан өзгеше, эксперимент дегеніміз құбылыстардың белгілі бір байланыстарын бөліп алуга және оларды әлденеше рет қайта жасауға мүмкіндік беретін жағдайлар туғызу жолымен зерттеушінің құбылыстар мен процестердің барысына араласуына негізделген болып табылады. Экспериментте жағдайлар қолдан жасалады, бұлар зерттелетін құбылысты оқшаулап, заңды байланысты ашу үшін әдейі енгізілетіндерден басқа барлық құбылыстардың зерттелетін құбылысқа жасайтын ықпалын мүмкін болғанынша жояды.
Тәжірибе ұғымы өз мазмұнының тереңдігі мен кеңдігіне қарай әр түрлі мәнді болады. Тәжірибе деп байқауды, экспериментті және ақырында, адамдардың практикалық қызметінің бүкіл жиынтығын түсінеміз.
Практика дегеніміз - адамдардың табиғатты және қоғамды қайта кұруға бағытталған қоғамдық, материалдық және мақсатқа лайық қызметі.
Практика өзінің мазмұны мен формалары жағынан ете алуан түрлі болып келеді. Оған негізінен үш түрлі қызмет кіреді, олар:
1) материалдық игіліктерді жасау,
2.) қоғамдық-саяси қызмет,
3) ғылыми-практикалық қызмет (ғылыми-эксперимент).
Практика - танып білудің негізі. Практикадан теорияға және теориядан практикаға, іс-әрекеттен ойға және ойдан іс-әрекетке ауысу - міне, адамның айналадағы дүние жөніңдегі көзқарасының жалпы заңдылығы.
Эксперимент. Эксперимент (тәжірибе) - танып білудің ең тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Эксперимент (лат. experimentim тексеріп, жасап (істеп) көру, тәжірбиесі) - зерттеушінің тікелей белсенді араласу арқылы зерттелетін объектінің қасиеттерін анықтау мақсатында әдейі арнап қажеті жағдайлар туғыза отырып таным білу әдісі.
Тану қызметінде орындалатын жұмыстың мазмұнына қарай эксперимент тексеруші және демонстранциялау (иллюстрациялау) болын бөлінеді. Эксперимент объектінің тікелей өзін немесе оның моделін қарастыру арқылы жүзеге асырылады.
Ғылыми тануды ойлау арқылы жүргзілетін эксперимент ерекше орын алады. Бұл формальды-логикалық іс-әрекеттерінде жүзеге асырып қана қоймай, объектінің бейнелері (образдары) мен моделдерін зерттеп нәтижесіндегі жаңа білімдерге жету қызметі болып табылады.
Нақты эксперимент элементтеріне қатыстылары мыналар:
1) мәселен қою және болжам жасау;
2) объектілерді зерттеудің эксперименттік алғы шарттарын жасау;
3) салдарды белгілеу және оның себептерін тағайындау;
4) жаңа құбылыстарды және олардың ұқсастығын сипаттау. Эксперименттің нәтижесін индуктивтік жолмен жалпы заңдылықтарды байқауға, логикалық дәлелдеулердің идеясын шығаруға пайдалынады.
3. Талдау (анализ) және жинақтау (синтез).
Анализ бен синтез. Сыртқы дүниені сезімдік және логикалык формаларда бейнелеу процесі анализ және синтез жасау жолымен болады
Анализ (талдау) дегеніміз - ол бүтінді оның құрамды элементтерін (бөліктеріне, жақтарына, қасиеттеріне) мүшелеуден (жіктеуден тұратын зерттеу әдісі.
Синтез дегеніміз - ол жеке элементтерді (бөліктерді, жақтарды, қасиеттерді) бір тұтас бүтін етіп қосудан (ұштастырудан) тұратыні зерттеу әдісі.
Техникалық, математикалық объектілер мен заңдылықтарды оқып үйрену процесінде ғылыми танудың әдісі болып табылатын анализ және синтез әдістерін пайдаланбау мүмкін емес. Анализ деп, бүтінді ойша немесе практикалық түрде құрамды бөліктерге бөліп, ол бөліктердің және олардың қасиеттері мен ара қатыныстарын жеке-жеке қарастыру арқылы зерттейтін әдіс түсініледі.
Оқып үйренілетін объект туралы айқын түсінік пайда болуы үшін, құрамды бөліктердің арасындағы өзара байланысты анықтау керек, сол себепті талдау (анализ) жеткіліксіз. Сондықтан жинақтау (синтез) қажет. Жинақтауды талдау арқылы бөлінген бөліктерді ойша немесе практикалық түрде біріктіру деп түсінеміз.
Бірақ талдау мен жинақтауды тану процесінің бір-бірінен тәуелсіз мөлшері деп түсінуге болмайды. Олардың арасына шартты ғана шекара қойылады. Себебі, өте қарапайым ойлау процесінің өзінде анализ синтездің жетігенде, ал синтез анализдің жетегінде болады. Сондықтан, оқыту процесінде олар біргелікті талдау-жинақтаушы әдіс ретінде қолданылады.
Салыстыру. Таным әдістерінің ішінде кең таралған және әмбебап әдістердің бірі - салыстыру. Салыстыру - бұл қашанда салыстырылатын заттардың (құбылыстардың, фактілердің) ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау әдетте біртектес, әйтеуір бір ұқсастығы, үйлестігі бар заттар (Кұбылыстар, оқиғалар) салыстырылады. Яғни, зерттелінетін объектілердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ойша белгілеу салыстыру деп аталады. Ғылымда салыстыра отырып байқау және өзгерісті айыра алу, адамның ойлау қызметінің негізін қалайтындығы белгіленген.
К.Д. Ушинский "дидактикада салыстыру негізгі тәсіл болуы керек,"-деп есептелген. Салыстыра білуді мақсатты қалыптастыру үшін, салыстырылатын объектінің нақтылы құрамын, құрылысын оқушылар айқын біліп алуы қажет. Салыстыру деген, бұл:
- оқытылатын обектілердің мәнді белгілерін бөліп көрсету;
- объектінің басқадан бөліктеп тұратын белгілерді табу;
- осы белгілер арқылы объектілерді салыстыру.
Салыстыруды тану процесінің басқа әдістермен біргелікті қолданғанда, бізді қоршаған дүниенің заттары мен құбылыстарын зерттеудің тиімді құралы бола алады.
4. Жалпылау және нақтылау. Теориялық мәселелердің құрылуы мен қорытындылаудың кеңма тараған, қарапайым әдістерінің бірі - жалпылау. Жалпылаудың әдіснамалық негізін, бізді қоршаған дүниенің заттары мен құбылыстарының өзара шарттылығы туралы диалектиканың қағидалары құрайды. Қарапайым жалпылаудың өзі, дүниенің байланысын адамның терең түсінуінің негізін құрайды.
Ғылым тарихында қарама-қарсы екі процестің диалектикалық бірлікте болатындығы айқын көрінеді:
1) эмпирикалық жолмен жинақталған материалдар жалпыланады да жалпы заңдылықтар тағайындалады:
2) тағайындалған жалпы зандылықтар шындық дүниенің нақтылы объектілері мен құбылыстарына қолданылады.
Бұл процестер мектеп курсында (оның ішінде математика, физика, т.б.) оқытылатын теориялық материалдарды, заңдылықтарды жалпылау және нақтылау есептері, ұғымдардың кеңеюі мен тарылуы т.б. түрінде көрініс табады.
Жалпылау мен нақтылауға оқытып үйрету үшін, мүмкін болатын барлық жағдайлары қарастыру керек. Ол мектеп курсындағы ұғымдарды қалыптастыру, есептер шығару, кейбір тақырыптар мен бөлімдерді қайталау кезінде жүзеге асырылады. Жалпылау мен нақтылауға оқушыларды үйрету мақсатты және жүйелі түрде жүргізіліп отырылуы тиіс.
Жалпылау-бұл:
а) қарастырылып отырған объектілерді салыстыру;
ә) олардың ішіндегі ең бастысын, жалпы белгілерін бөліп алу;
б) оларды осы белгілер бойынша біріктіру.
Объектілерді жалпы белгілері бойынша біріктіру былай жүргізіледі:
1) не, тұрақтыны айнымалымен алмастырады;
2) не зерттелінетін объектіге қойылатын шектеулер жойылады. Нақтылауда - не айнымалы тұрақтымен алмастырылады немесе зертелінетін объектіге қандай да бір шектеу қойылады.
Ұғымдарды жалпылау мен нақтылауды ұтымды жүргізу нәтижесінде ұғымды саналы игеруге, олардың арасында логикалық байланыстарды тағайындауға және жүйелеуге қолайлы жағдай жасалынады.
Ұқсастық (аналогия). Ұқсастық (аналогия) (грекше апаlogia сәйкестік, ққсастық) - объектілердің кейбір белгілерінің ұқсастығына сүйеніп, олардың басқа белгілерінің де ұқсас болатындығы туралы қорытынды шығаратын тану әдісі.
Аналогия бойынша қорытынды ықтимал ғана болады. Ол ғылыми болжам жасаудың қайнар көзі бола отырып, ғылыми ізденіс жасауда үлкен маңызға ие.
Аналогияның айырықша сипаты бір жүйедегі қатыстылар мен қасиеттерді екінші жүйге көшіру болып табылады. Оқушылардың, студентердің бір объектіні оқып үйренудегі білімдерді екінші объектіге көшіру қабілетін қалыптастыру, оқытудағы ең маңызды мәселе.
Сондықтан да мұғалімдер аналогия әдісін меңгеріп, оның әрбір түрін сабақ беру процесінде сркім қолдана білуі және аналогия бойынша жасалынып жатқан қорытындыны шындыққа жақындататын факторларды білуі тиіс.
5. Модельдеу. Осы заманғы ғылым мен практикада модельдеу әдісінің маңызы зор. Модельдеу дегеніміз ол нақты бар, немесс ойланған не болмаса жобаланған объектіні (жүйені) сол объектінің (түп нұсқаның құрылымы мен қызметінің негізгі ерекшеліктерін бейнелейтін моделі, (ұқсас нәрсені) жасау жолымен материалдық немесе идеалық жағынан имитациялау (боямалау). Модельдеу сезімдік-көрнекі және абстракті (логикалық-математикалық) болуы мүмкін.
Аналогия бойынша ой қорыту информацияны бір объектіден екінші объектіге көшіру ретінде кең мағынада түсініліп, модельдеудің гносеологиялық негізін құрайды
Модельдеу - объектінің (түп нұсқасы), оның моделін (көшірмесін) жасау арқылы ол көшірмені зерттейді. Объектінің көшірмесін жасағанда, сол обьектінің зерттеушіні қызықтыратын белгілі бір жақтары сақталып қалады.
Жалпы алғанда модельдеу деп таным қызметінде бір жүйені - түп нұсқаны - онымен ұқсастық қатыныста болатын жүйемен ауыстыратын, қандай да бір нақты бар немесе ойша елестетілетін жүйе түсініледі. Модель арқылы түп нұсқа туралы мағлұматтар алуға болады. Модельдің айтарлықтай бір ерекшілігі оның түп нұсқасымен сәйкестігінде (ұқсастығында). Бұл ұксастық кеңістіктен, физикалық немесе функционалдық болу мүмкін. Бірақ, олар ұқсастықтың критерийі ретінде айқын тұжырымдалуы тиіс. Осы ұқсастық модельді зерттеу кезінде алынған нәтижелерді түп нұсқаға қайта көшіруге мүмкіндік береді.
Модельдер материалды және идеялды (ойша) болуы ықтимал.
Кез келген «модельдік» зерттеудің мынадай құрылымы болады:
1) мәселені (есепті) қою;
2) модель құру немесе ол модельді таңдап алу;
3)модельді зерттеу;
4) модель арқылы алынған білімдерді түп нұсқаға көшіру.
Мектептегі математика сабақтарында «модель» термині көбінесе тар мағынадағы, геометриялық фигураларды бейнелейтін ағаштан, шыныдан, сым темірден т.б. жасалған көрнекі құрал ретінде қолданылып жүр. Бірақ, "модель" терминінің бұл мағынада қолданылуы, оның жалпы түсінігіне қайшы келмейді. Шындығында да, куб, пирамида және т.б. абстрактілі уғымдардың әр қайсысы басқа бір абстрактілі ұғымдар арқылы анықталады. Геометриялық фигураны бейнелейтін нақтылы дене қандай заттан жасалған, қандай түске боялғанына қарамастан абстратілі ұғымды сипаттайтын қасиеттерге ие болатындықтан, геометриялық фигуралардың моделі болып табылады.
Мектептегі техникалық шығармашылық бағытындағы үйірмелерде техникалық модельдер қолданылады.
6. Индукция және дедукция. Индукция және дедукция өзара байланысты таным әдістері. Бұл әдістердің бөлінуі ой қорытулардың индуктивтік және дедуктивтік болып ажыратылуына негізделген. Индукция (лат. Inductio -бағыттау), дедукция (лат. deduktio қорытындылау, шығару) терминдерінің үш мәні бар: 1) ой қорытулардың түрлері; 2) зерттеу әдістері; 3) материалды баяндау формалары.
Индукция дегеніміз - ол жекеден жалпыға қарай ой тұжырымдауға негізделген таным әдісі.
Индукция деп әдетте объектілер класының бөліктері туралы білімдер негізінде ол класс туралы қорытынды жасау, яғни жекеден жалпыға өтудегі ой қорыту түсініледі. Индукция туралы кең мағынада, ойлау қозғалысының жеке жағдайлардан жалпы жағдайға көшу нәтижесіндегі таным, әдісі, тану операция деп айтуға болады. Жалпы алғанда, математикада индуктивті әдіс деп тәжірибе арқылы тексерілтін және дұрыстығы қатаң түрде тағайындалған теориялық сипаттағы айғақтар негізінде жаңа қорытындылар және теориялар алу деп түсініледі Индуктивтік зертеулерде негізгі орын алатын индуктивтік ой қорыту болып табылады.
Дедукция. Дедукция дегеніміз - ол жалпыдан жекеге қарай ой тұжырымдауға негізделген таным әдісі.
Дедукцияның мазмұнын тану әдісі ретінде құбылыстардың жалпы ғылыми қағидаларын нақтылы жағдайларда қолдану құрайды. Дедукция теориялық мәселелер формаларды сипатталатын білімдер саласында (мысалы, математикада, физикада, т.б.) үлкен рөл атқарады. Қазіргі заман ғылымында ормализациялау кең түрде қолданыла астауына байланысты дедукцияның тану процесіндегі маңызы арта түседі. Гипотеза (болжам) және теория
Табиғат пен қоғам зандарын ашу күрделі де қиын процесс. Қандай да болсын бір зандарды дәл білуден және оларды ғылыми теорияда тұжырымдаудан бұрын, әр түрлі жорамалдар жасауға, содан кейін барып оларды үнемі тексеріп, анықтауға тура келеді. Міне осыдан келіп теория жасау ісін дайындайтын ғылыми танымның даму формасы ретіндегі гипотезаның зор маңызы туады.
Гипотеза дегеніміз - ол белгілі бір құбылыстардың заңды байланысы мен себепті шарттастығы туралы гылымга негізделген жорамалдау. Гипотезаны ұсыну үшін бір құбылыстардың жорамалданып отырған заңдылығы (құрылымы) мен басқа құбылыстардың бұғаи дейін белгілі болған заңдылығы арасындағы ұқсастық алғашқы негіз бола алады.
Ғылыми болжау дегеніміз болашақта не болатыны, немесе қандай; жаңалық ашылатыны туралы объективті дүниенің заңдарын танып білуге: негізделген білім.
Психология ғылымында сәтті аяқталған ой процесі адамды жаңалық ашуға, яғни бұрын игермеген жаңа білімге ие болуға әкеледі деп біледі,-Оның негізінде тәжірибссі молайып, тағы да жаңа, күрделірек міндеттер қойып, шешуге мүмкіндігі артады.
7. Ойлау формалары мен логика заңдары туралы мәліметтер. Шығармашылық және өнертапқыштық іс-әрекет, әсіресе ғылыми зерттеулер, логиканың жалпы заңдары мен ойлау формаларын пайдалануға негізделеді. Логика сөзі гректің ой, ақыл, сөйлеу деген сөздерінен шыққан, бұл ежелгі және жеке ғылым ғана емес, сонымен бірге ол ойлау формалары мен зандары туралы бірқатар ғылымдардың жиынтығы болып табылады. Оны құрайтын ғылымдардың барлығы адамдардың ойлауын, ойын зерттейді, оның басты мақсаты объективті шыңдықты бейнелеу болып табылады. Мысалы, атап айтқанда математикалық логика (қисын) математикалық әдістерді ойлауды зерттеу үшін пайдаланады. Диалектикалық логикада ойлаудың қозғалыстарының жалпы әдістерін жаңа нәтижелерге, логикалық принциптердің белгілі білімдерден жаңа білімдерге өтуін білдіреді. Осы күрделі ғылымның жекеленген әдістері, тәсілдері мен түсініктерін пайдалану мен зерттеу көптеген мектеп пәндері мен жоғары оқу орындарының оқу пәндерінде қарастырылады.
Абай өзінің қара сөздерінде (7-сөзі) "жан қуаты" ұғымы сыртқы Объективті өмір шындығын бес сезім арқылы сезімдік танудан соң, ойлау процесі ретінде қаралуы логикалық танымға сәйкес келетінін айқындаған. Танып білу бірден болатын процес емес екендігін де ескертеді. Абай танымы бойынша өнер, ғылым, білім, ақыл атаулы рухани құбылыстардың бәрі де жан қуаты арқылы сыртқы болмыстан туындайтын занды құбылыстар екенін сипаттай келе, адам тән қуатымен дәулет, байлық жиса, жан қуатымен - рухани қажеттілікті өтеу үшін ғылым, өнер, ақыл табуы тән екендігін мазмұндаған. Сондықтан да жан қуаттарын жетілдіру қажеттігін айтып өткен. Абай қазіргі уақытта білімді меңгерудегі іс-әрекеттер туралы өз ойын төмендегідей тұжырымдаған:
- ықылас қоя тыңдау;
- тыңдағанды бірнеше рет ойда қайталау;
- ой кеселдерінен сақ болу.
Оқу құралы мазмұнында пәнді оқудың бастапқы кезеңдерінде қажет деп саналатын ойлау формалары мен логиканың кейбір заңдарына түсінік берілді. Ондай алғашқы мәліметтерге ұғым (түсінік), талқылау, пікір және ой қорыту сияқты категориялар жатқызылады.
Ұғым - бұл адамның санасындағы қандай да бір құбылыстардың, заттар тобының жалпы қасиеттерін бейнелеу нәтижесі болып табылады. Мысалы, «электрқозғалтқыш» ұғымы көптеген машиналар, аппараттар мен техникалық қондырғылардың орасан зор тобын өздерінің атқаратын қызметі, әрекет ету принципі, құрастырылуы жағынан бір топқа біріктіру жолымен алынған. Әрбір ұғымның мазмұны мен көлемі болады. Бір түсінікті екіншісінен айырмалап, ерекшелеп тұратын көптеген белгілері болады.
Бұл еңбекте біз негізінен ғылыми ұғымдармен кездесетін боламыз. Оларға анықтама беру үшін соған сай келетін ғылыми терминдер қолданылады. Мысалы, кең таралған «автомат» термині жеке әрекет ететін техникалық қондырғылардың тобына ғылыми түсінік береді.
Терминология - бұл ғылымның тілі. Сондықтан да мейлі ол ғалым болсын, маман болсын, студент болсын, мектеп оқушысы болсын өзінің шығармашылық іс-әрекетінде өзінің ойлап тапқан техникалық және зерттеулерінде жалпы қабылданған терминологияны қатаң ұстауы қажет.
Ұғымды меңгерудін, заңдылығын түсіну үшін, оны қарама қайшылықты диалектикалық прогресс деп қарастырып, ұғымдардың құрылуының психологиялық-физиологиялық механизмін білу қажет. Психологиялық-физиологиялық тұрғыда танымның бастапқы сатысы сезімдік формалары түйсіктен, қабылдаудан, елестетуден тұрады.
Ұғым - ойдың бастапқы формасы. Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы ой. Ұғымда заттардың жалпы және негізгі қасиеттері бейнеленеді. Ұғымдар арқылы адам танымынын ұзақ процесінің нәтижесі қорытылады. Ұғым таным процесінің сезімдік және логикалық формаларына бірдей қатысты деп есептеледі.
Ойлау процесін қарастырғанда: ойдың зерттейтін не туралы ойлайтынымызды, ойдың мазмұнын - нені ойлайтынымызды, ойлаудың формасын - қалай ойлайтынымызды айыра білуіміз қажет.
Ұғым, пікір логикалык ойлаудың негізгі формалары болып табылады. Ұғым дегеніміз - лоғикалық ойлаудың аса маңызды элементі. Ұғым заттар мен құбылыстарды олардың жалпы және маңызды белгілсрі түрінде бейнелеу болып табылады.
Пікір дегеніміз - ол қандай да болсын бір зат жайында бір нәрсені мақұлдайтын немесе теріске шығаратын ой.
Пікір - бұл белгілі бір объект туралы түсінік байланыстары арқылы ойдың формасын тілмен жеткізу. Пікір шынайы да жалған болуы да мүмкін. Шынайы пікірдің мысалына мынадай пайымдау, пікір жатады: «Егерде металл сым арқылы электр тогы жүріп өтсе, онда ол кызады». Дұрыс айтылмаған пікір алған болуы мүмкін. Мысалы, біреу. «Магниттік өріске енгізілген металл сым ұзарады» десе ол жалған пікір болып шығады. Әрине, кейбір металлдар (никель, кобальт құймасы) магниттік өрістің қысымы ұлғайған жағдайда өздерінің көлемін өзгертсді. Бұл жағдайда жоғарыда айтылған пікір дұрыс болып шығады. Бірақта, магниттік өрістің қысымының, ұлғаюымен қысылып, кішірейетін де металдар болады. Бұл жағдайда айтылған пікір жалған болып келеді. Егерде бізге «магниттік өріске енгізілген никель сым ұзарады», ал «магниттік өріске орналастырылған сым қысқарады» десе, бұл екі пікір де дұрыс болған болар еді.
Тәжірибе мен теория. Теория дегеніміз - ол ғылымның қандай да болсын бір саласының негізгі қағидаларының, идеяларының жүйесі, бұл қағидалар мен идеяларда тәжірибе, практика жинақтай қорытылып, айналадағы дүниенің объективтік заңдылықтары бейнеленеді.
Иитуиция дегеніміз - ол толып жатқан аралықтанған логикалық ой тұжырымдарын қолданбай-ақ, білімнің сүйенетін тәжірибе мағлұматтарының бүкіл жиынтығы емес, олардың тек кейбір, неғұрлым ерекше сипаты барларын ғана түсіне отырып, ақиқатты тез және тікелей түйіп ала білу.
Достарыңызбен бөлісу: |