Пайдаланылған әдебиеттер:
Ортаев Б.Т. Оқушылардың техникалық шығармашылығы: Оқу құралы.- Түркістан: Қ.А.Ясауи ат. ХҚТУ, 2008. - 150 б.
Алексеев В.Е. Организация технического творчества учащихся. - М.:Высшая школа, 1984. - 46с.
Техническое творчество учащихся. /Сост.П.Н.Андрианов. - М.:Просвещение, 1987. - 215 с.
Оқыту әдістері: ауызша баяндау, әңгімелесу
Оқыту формасы: лекция
Оқыту құралдары: оқулық
Материалдық қамтамасыз етілуі: ОӘК
Бақылау түрі:ауызша сұрақ - жауап.
1. Білімнің, ғылымның, техниканың дамуы, еңбек өнімділігінің жоғары деңгейі, материалдық, рухани байлықтардың қоры жастардың шығармашылық мүмкіндігін ашады. Ғылыми-техникалық прогрестің даму болашағы қоғамдағы «адам ресурсы» бойынша шығармашылықты қамтамасыз етуге байланысты.
Шығармашылық белсенділікті дамыту мәселесіне, әсіресе жұмыстағы өнертабыстық пен тиімді ұсыныс жасауға Кеңес үкіметінің орнау кезінде үлкен мән берілді. 1919 жылы 30 маусымда интервенция және соғыстан кейінгі ауыр кезеңде тарихта алғаш рет өнертабыстықты (ойлап табушылықты) пайдалануға сол кезеңде социалистік құқық беретін өнертабыстық жөніндегі ереже бекітілді.
Кез келген өндіріс саласының даму кезеңіндегі адамдардың шығармашылықты игеруі тек экономикалық қана емес, сондай-ақ әлеуметтік прогрестің жетекші факторы болып табылады.
Қазіргі уақытта адамдардың шығармашылық іс-әрекетінің базасы негізі еңбек іс-әрекетіне байланысты емес ортақ құраушылардан тұратыны ғалымдар зерттеуінен белгілі болып отыр (Г.С.Альтшуллер, В.А.Бухвалов және т.б.).
Жалпы көпшіліктің техникалық және ғылыми шығармашылығын зерделеу экономистердің, психологтардың, әлеуметтанушылардың, философтардың зейінін өзіне аударады және аударып келеді. Бұл мәселе ойлап табушылар мен инженерлердің ынталы зерттеу пәні болды.
Шығармашылықтың (техникалық және ғылыми) табиғатын жүйелі зерттеу мәселесі және олардың іске асырылуының әртүрлі формалары өткен ғасырдың басынан бастау алады. Техникалық шығармашылықтың мәнін көптеген ғалымдар зерттеді. Олардың қатарында француздың индустралді социологы Ж.Фридман, П.Лафитт болды. Олар негізінен шығармашылық тұрғыда жұмысты автоматтандыру жұмысшыларды жүмыссыз қалдыратынын атап көрсетті. Зеттеу бағыттағы басты кезеңдегі бірқатар ғалымдар мен инженерлердің жұмыстарын атауға болады. Оған инженер П.Энгельмейердің "Теория творчества" (1910ж.); философ И.Лапшиннің "Философия изобретения и изобретение в философии" (1922ж.); В.Бехтеревтің "Умственный труд с рефлексологической точки зрения и измерения способности к сосредоточенно (1926 ж..); А.Нечаевтің "Психология технического изобретательства (1929 ж.); П.Якобсонның "Процесс творческой работы изобретательство (1934ж.).
Өнер табушылық өндірістік іс-әрекеттің кептеген түрлерінен нақты еңбектің түрі ретінде XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басынан бөлінді. Оның себептерінің бірі шығармашылық іс-әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында өнеркәсіптік лабораториялар пайда болды.
Сол кезеңдердегі әдебиеттерде негізінен көркем және поэтикалық шығармашылық өнер мәселелері талқыланды. Сондықтан да Ю.А.Дмитриев адамның шығармашылық іс-әрекетінің түрі техникалық шығармашылыққа көркем, әдеби, музыкалық шығармашылыққа қарағанда едәуір кеш еңбек іс-әрекетінің өзіндік түрі ретінде туындады деп айтуы, шығармашылық іс-әрекеттердің өзі және олардың зерделенуінің қоғамдық тарихи кезендердегі жағдайлармен байланыстылығын көрсетеді.
Б.А.Лезинаның редакциялауымен сегіз томдық «Вопросы теории и психологии творчества» жинағы филологтарды, психологтарды тарихшыларды, философтарды және сыншыларды біріктірумен поэзиялык және көркем шығармашылықтың мәселелерін жан-жақты қарауға ұмтылыс жасаумен 1907 - 1923 жылдар аралығында Харьков қаласында жарық көрді. Бұл Ресейдегі «шығармашылық психологиясы» тағдырына қызығушылықтың артқанын керсетеді. Сондай-ақ сол кезеңдерде суретшілер мен онер шеберлері тек ғана қолөнермен өздерінің туындыларын шығаруы мүмкін еді.
Адамның шығармашылықтағы іс-әрекеттерінің құрылымы мен мазмұны ұқсас болып келетіні жөніндегі пікірлер де XX ғасырдың бас кезеңінде пайда болды. Ғалымдар мен инженерлер: В.Освальд, А.Пуанкаре, Т.Рибо, П.Энгельмейер, П.Вальдеи XX ғасырда бастау алған техникалық шығармашылықтың мәні жоғары екендігін көрсетті. Ғалымдар мен инженерлер техникалық өнер табушылық және жаратылыстанудағы жаңаашылымның өнердегі шығармашылық сияқты шығармашылық іс-әрекеті екендігі жөніндегі тезисін қорғады. Олар техникалық өнертабыстағы адамның іс-әрекетінің жоғары рухани тұрғыда көрінуі көркем шығармашылықтағы сияқты екендігін атап көрсетті. Шығармашылық идеяның тууы суретшілердегідей және өнер табушылардағыдай бірдей жүреді. Ол жөнінде Т.Рибо «... Өз табиғатында механик пен суретшінің жасампаз қиялы тепе-тең (барабар) және бір-бірінен тек қана өзінің мақсатымен, көріну жағдайымен және тәсілімен ерекшеленеді», - деп жазды.
Дін өкілдері XX ғасырдың 20-жылдарына дейін шығармашылық іс-әрекет шығармашыл тұлғаның құдай берген өзіндік ерекшелігі деп есептеп келді. Осыған байланысты кейбір ізденуші-ғалымдар шығармашылық процесті зерделеуге болмайды, себебі данышпандық идея өнертабысшыға, ғалымға, суретшіге құдайдың табыстауы түрінде жүреді деген қарсы пікірлер де айтты. Осындай пікірге келіспейтіндігі жөнінде Энгельмейер «Жоқ. ... Данышпандық жалпы Алланың берген сирек сыйы емес, .... ол, керісінше тіптен сиректік емес және кімде-кім ақымақ болып туылған болмаса, солардың үлесі», - деп, шығармашылық процсстің негізін қалайтындарды құдайдың берген тартуы емес екендігін сипаттайды.
П.Энгельмейер шығармашылық теориясында бірқатар мәселелерді қарастыра келіп, көркем, техникалық, ғылыми шығармашылықты қамтитын жалпы шығармашылық теориясын (эвриология) құруға; техникадағы ойлап табу мен ғылыми және көркем шығармашылықтың жалпы ортақтығының барын, сондай-ақ олардың бір-бірінен шығармашылығын көрсетуге ұмтылыс жасады. Бұл мәселені ол жан-жақты қарастыруға тырысты, мәселенің философиялық, әлеуметтік, психологиялық, технологиялық және ұйымдастырушылық жақтарына тоқталды. Шығармашылық табиғаты мәселесін, оның техникадағы, өнердегі, ғылымдағы, діндегі пайда болуын қарастырды. Ол «адам шығармашылығы» ұғымын талдай келе, осы ұғымның мәнді белгісін табуға тырысты.
Техникалық шығармашылықтағы тарихи кезең - әлеуметтік-экономикалық түзілімнің және өндірістің техникалық жарақталудың деңгейінің (дәрежесінің) есепке алынуы. Осыларды есепке алуда ғана еңбеккерлердің техникалық шығармашылығын толық сипаттауға болады. Олар тек өндірістік қатынастардың деңгейін ғана емес, сонымен катар өнідірістік күштердің даму деңгейін де қамтиды.
Техникалық шығармашылықты зерделеудің техника-экономикалық аспектісі. Техниканың даму дәрежесіне байланыстағы техникалық шығармашылықты зерделеу белгіленеді. Мұнда техниканың және өндіріс типтерінің белгілі деңгейінің қасиетіне тән техникалық проблема мен міндеттер ажыратылады. Жаңа техниканы конструкциялау және пайдалану техниканың өзінің ішкі, ерекше заңдылықтарына және табиғат заңдарына байланыстылығы үйлестіріледі. Зерттеулер нәтижесінде әзірленген техника әлеуметтік жүйеде қолданыс табады. Техниканың дамуы қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуымен үйлесімділікте орындалады.
Техникалық шығармашылықты техника-экономикалық тұрғыда зерделеуде төмендегідей сұрақтар қарастырылады:
а) өнеркәсіптің салалары бойынша бүтіндей және жекелей өнертабысты және тиімді ұсыныстарды техникалық таптастырудың даярламасын түзу;
б) тиімді ұсыныс жасаушылар мен ойлап табушылардың, өнертапқыштардың экономикалық тиімді іс-әрекеттерін сипаттаушы көрсеткіштердің даярламасын түзу;
в) еңбеккерлердің техникалық шығармашылықты ұйымдастырудың жағдайын сипаттаушы көрсеткіштердің даярламасын түзу. Үнемділік көрсеткіштері бағыттында зерттеу жұмыстарын экономистер жүргізеді. Бұлар қарастырылған аспектінің барлық жағын қамтымайды, себебі техниканың дамуы жаңа міндеттерді ұдайы ала тартып отырады.
Техникалық шығармашылықты зерделеудің әлеуметтік аспектісі төмендегілерді ескеруді қажет деп санайды:
1. Өндірістік ұжымдардың (жаңашылдардың жеке топтарының өзара әсері т.б.) әлеуметтік-экономикалық құрылымын.
2. Техниканың даму деңгейін (өндірістің механикаландыру және автоматтандыру дәрежесін).
3. Ойлап табушылар мен тиімді ұсынысшылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етуші факторларды (жасы, білім әлеуметтілігі, кәсібі).
4. Ойлап табушылық іс-әрекеттердің әлеуметтік-психологиялық белгілерін (ойлап табушының жеке тұлғаның типтілігі, шығармашылық орнықтылығы, мотиві, ынталандырылуы).
Техникалық шығармашылық негізінен шығармашылық және шығармашылық емес еңбекке байланысты болып табылады. Еңбеккерлердің іс-әрекеттерінде шығармашылық емес еңбек түрлері көп.
Көптеген зерттеушілер Т.Рибо мен П.Энгельмейерден бастан шығармашылық процестердің реті сатылы, кезең түрінде жүзеге асырылатынын дәлелдеді. Әрбір өнер табушының шығармашылық сатысының ішінде өте кіші қадамдардың (құраушы элементтердің) болуы зерттеушілердің ойынша өнер табыс идеясының, туындауына толық психологиялық сипаттама беру қажеттігін көрсетеді. 3. Шығармашылық процесс ең азы үш саты бойынша анықталады және жүзегс асырылады. Олар мынадай сатылардан тұрады:
Бірінші саты ойлап табу идеясының туындау және міндеттердің қалыптасу кезеңі. Бұл кезеңде интуиция үлкен рөл атқарады.
Екінші саты - қойылған міндеттердің шешуді іздестіру сатысы. Өнертабыс кестесін немесе жоспарын құрастыру.
Үшінші саты - өнертабысты конструктивті атқару. Өнертабыс объектілерінің материалда орындау.
XX ғасырда өнертабушының шығармашылық іс-әрекеттерін зерделеуі кезінде мақсатты түрде шығармашылық процесті дәстүрлі қараудан қандай-да бір зерттеудің жаңа әдістерін тандауы қажет болды. Өнертабушының шығармашылық процестерінің сатысын немесе фазасын зерделеу қатынасы бойынша Якобсон есте сақтау қажеттігі жөнінде «... егерде процестерді талдау барысында өнертапқыштық барлық шығармашылық әрекеттердің ең қажетті жақтарын бізге ашса, өнертапқыштық шығармашылығы деп аталатын бірегей күрделі қасиеттерін және оның сапасының барлығын толық ашпайды, өйткені кейбір жағдайлар осылайша зерттеу кезінде жақшаның сыртында қалып қояды және бөлек қарауды талап етеді», - деп жазды.
Шығармашылықтың психологиялық жалпы мәселелерін қарастыру ұмтылыстарының жүргізілуімен қатар, адамның шығармашылық міндеттерді (тапсырмаларды) шешудің нақты процестерін экспериментальды зерттеу ұйымдастырылды. Бұл зерттеулер XX ғасырдың 30-жылдары өнімді (шығармашылық) ойлау деген атауға ие болды. Адамның өткен тәжірибесі жағдайындағы ұқсастық жеткіліксіздігінен, оған қандай да бір жаңаны табу керек болды. Сондыктан да бұл жағдайдағы ақыл-ой іс-әрекеті (қызметі) өнімді ойлау деп аталды.
С.А.Рубинштейн ойлаудың іс-әрекетпен немесе іс-әрекет ойлаумен жайдан-жай қабат жүрмейді, іс-әрекет бұл ойлаудың өмір сүруінің алғашқы нысаны екенін атап көрсетеді.
Ойлап табушылардың ойлануын зерделеуде А.П.Нечаев КСРО-дағы алғашқылардың бірі болды. Ол тесттік тапсырмаларды пайдаланумен әрбір ойлап табушылардың топтарындағы ес, елестету (қиялының), зейін, талқылау белсенділігінің және жазу жылдамдығының дәрежесі әртүрлі екендігін анықтады.
П.Энгельмейер кезінде негіз қалайтын идея тастаған адамды өнертабушы деп айтуға болмайды деп санаған. Оның ойынша идеяны сапалы сезініп, сызбада орындап, оның практикалық және экономикалық мақсаттылығын ойланып, содан кейін оны конструкцияда орындау керек. И.Л.Пономарев ойлап табушылар мен галымдардың шығармашылық процесінің психологиясын тану үшін өнімді ойлау саласындағы жүргізілген зерттеулердің үлкен рөл атқаратынын атап өткен.
И.С.Сумбаев шығармашылықтың бастапқы кезеңінде басым сипат алатын, ішкісаналық іс-әрекет көрінісі ретінде қарастырылатын «сезім көрегендігі» ұғымын жаңғыртады. Зерттеулерге сәйкес «сезім көрегендігі» (беймәлім сана) шығармашылық әрекеттің құрамды бөлігі ретінде қарастырылады. П.Энгельмейер шығармашылық процестің сатыларына берген сипаттамасында ойлап табушының іс-әрекеті процесін үшке бөледі:
- сезім көрегендігі және ықылас-ниет (ой-ниеттің туындауы, идеяны болжамға сүйеніп ұғыну);
- ойлау және пайымдау (ойлап табудың схемасын немесе жоспарын жасау);
- іскерлік (кез келген тәжірибелі маман орындайтын, ойлап табылған шығармашылықтың қатынасынсыз құрастыру).
XX ғасырдың 60-жылдарында ойлап табушылыққа баулу әдістемесі КСРО-да қолға алына бастады. Оның ішінде техникалық шығармашылыққа арналған кітап пен журнал беттерінде ойлап табуға және тиімді ұсыныс жасауға оқыту мүмкіндігі және ойлап табушылық әдістемесін құру жөніндегі пікір-таластар ұзақ уақыт бойынша жүргізілді.
Дегенмен сараптама кеңес жұмысында: ойлап табушы жеке тұлғаны зерттеу қажеттілігі және мүмкіндігі, мотивациясы, ынталандыруы есепке алынбады. Сонымен қатар осы мәселелер ойлап табушылық әдістемесін құруға тікелей байланысты болды.
Шығармашыл тұлғаға қажетті сапаны зерттеудің алғашқы кезеңінде психологтар және басқа да ғылым саласының ғалымдары ойлап табушылардың өмірбаянын, мемуарын және олардың шығармашылық лабораториясы жөніндегі айтылғандарды талдады. Осы талдау мен талдан қорытудың арқасында шығармашыл жеке тұлғаға тән сипатты белгілерді белді. Олар: интуиция, бай қиял, эмоционалдық қозушылық, жоғары деңгейде дамыған интеллект, зейін және т.б.
Ғалымдар: «Қандай адамдар ойлап табушылыққа едәуір бейімділікпен меңгереді? Олардың басқа адамдардан мәнді өзгешелігі неде?» деген сұраққа ертеден ақ жауап табуға ұмтылыс жасаған. Осыған байланысты В.Оствальд: «Оқытушылық өрлеу кезеңімде, алғашқы оқушыларымның өз жұмыстарымен дүниежүзілік ғылымның назарын өздеріне аударған кезде, маған менің жапон-оқушым арқылы жапондық халыққа білім беру министрлігінен қандай жолмен оқушының ерекше талантты адам екендігін барынша ерте білуге болатындығын хабарлау туралы өтініш жасады. ... Содан мен әзімнің ойларыма есеп бере отырып, талантты адамдардың негізгі белгілері мынадай деген шешімге келдім: болашақ та көрнекті болатын оқушы оқытушының өзіне жоспарлы түрде берген ғылыми материалдарына ешқашан риза болмайды. Олар оған барлық уақытта сенімсіздік білдірген, ең болмағанда, олар бұл туралы әр түрлі сұрақтар беріп отырады. Бұл олардың қабылданған материал жөніндегі миларында қалыптасқан ішкі жұмыстарының қажетті нәтижесі. Орташа қабілетті адам өзінің барлық уақытын ғылыми материалдарды қабылдаи оны ұғып алуға жұмсайды, ал орташа деңгейден жоғары тұрған адамдарға оған ұсынылған ғылыми материалдар болашақтағы ғылыми зерттеулері мен жұмысына қажет. Көрнекті адам жас кезінің өзінен бастап өзіндік көзқарасын және өз бетінше жұмыс жасау қабілеттілігі мен қажеттілігін қалыптастырады», - деп жазды.
XX ғасырдың 20-жылдарынан бастау алған шығармашылық процес және оны зерттеуге байланысты көптеген жұмыстар жүргізілді, оның ішінде ойлап табушылыққа бейімі бар адамның сипатты сапаларын айқындау әдістемесі, организмде немесе жеке тұлғада шығармашылық потенциалды сақтау мәселесі, шығармашылық қабілеттерді дамытудың әртүрлі тәсілдері бойынша жүргізілгені осының дәлелі.
4. Шығармашылық процеске балаларды даярлауды мектеп қабырғасында жүзеге асыру мәселесі педагог-ғалымдардың назарында болды. Халыққа білім беру жүйесінің негізгі міндеттері ретінде қоршаған әлемді шығармашылықпен қабылдауды дамыту үшін қажетті өз бетінше ойлана алатын мектеп оқушыларын қалыптастыру қарастырылды. XX ғасырдың 70-жылдарында мектеп оқушыларын проблемалы оқытуды ұйымдастыру практикада жүзеге асырыла бастады. Н.Г. Алексеев пен Э.Г.Юдин бұл оқытудың ұйымдастырылуы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруды бірден жақсартады деп санады. Ол жөнінде ізденушілер: «Бұл жердегі ең кажетті мәселе мынада, оқытуда зерттеу әдісін қолдану талап етіледі. Оқушылар негізгі ғылымға байланысты дайын білімнің жиынтығын біліп қана қоймауы керек. Сондай-ақ, оқушылар оқытушының басқаруымен бұл білімді немесе оның қажетті құраушыларын өздерінше алуы керек жағдайда болуы тиіс. Бұл өз кезегінде оқытуды ұйымдастыру процесінде мынаны жоспарлайды. Оқушылар алдына жаңа мәселелерді үздіксіз қоюды, оларды біртіндеп қиындық процесіне айналдырады. Басқаша айтқанда, оқыту процесінің құрылымын ситуациялық мәселелер құрайтын болады. Сондықтан да бұл тәсіл осылай аталады», - деп жазды.
Зерттеуші ғалымдардың еңбектері бойынша адамның шығармашылық қабілеттері ерте айқындалады және оларды (қабілеттерді) орта мектептің өзінде дамытуға мүмкіндік бар, бірақ олардың сипаты мен бағыты 18 жасқа таман анықталады. Орта мектепте шығармашылық іс-әрекетке қатыстырылған оқушылардың бастамасын жоғары оқу орындарында адамның жеке қабілеттеріне сәйкес толық тәрбиелеу мен дамыту орын алуы қажет.
Шығармашылық іс-әрекеттің тәрбиелік мүмкіндіктері, шығармашылық қабілеттерді тәрбиелеу жөніндегі зерттеулерде жүргізілді. П.Л. Капица «Адамдағы іскерлік қабілетті тәрбиелеу өз бетінше ойлау қабілетін дамытуда жатыр. Менің көз қарасымша, ол мына бағыттарда дамуы мүмкін: ғылыми қорытынды жасай білу - индукция (жеке жағдайлардан жалпы қорытынды шығару тәсілі); іс жүзіндегі процестердің өтуін айта білу үшін теориялық шешімді қолдана білу - дедукция (ойлаудың бүтіннен бөлшекке көшіп нәтиже шығаруы): ең соңында табиғатта болып жатқан процестер мен теориялық толықтырулардың қарама-қайшылығын анықтай білу - диалектика (табиғаттың, адам, қоғамның және ойлаудың қозғалысы мен дамуының жалпы заңдары)» - деп, өзіндік ойлаудың мәнін, бағытын сипаттады.
Жалпы білім беретін және жоғары оқу орындарындағы білім берудің негізгі міндетінің бірі білім мен іскерлікті игерту ғана емес, осылардын негізінде жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады. Ол жөнінде А.Н.Несмеянов «Бірақта ең бастысы білім беру бұл білім «қоржынын» емес, бұл «қоржынды» игере білу іскерлігі керек екендігін жиі ұмытамыз. Бұл кез келген, соның ішінде жоғары білім беру саласының да басты мақсаты. ... Игеру - білу (іскерлік) дегенді білдіреді. Қолдана білу (іскерлік) екі бөліктен құралады: өз мамандығы бойынша техникалық жұмыс жасай білу, ол тәжірибе арқылы болады. Ал негізгі іскерлік - өз мамандығың бойынша сұрақтарды қойып, оны шеше білу. Сонымен білім берудің негізгі мақсаты - едәуір шығармашылық түрдегі сұрақтарды қоя білуге және оны шешуге мыйды шынықтыру», - деп жазды.
Жалпы шығармашылық тұлғаға, шығармашылық процесс барысында өзек болатын негізгі элементтер не деген сұрақ та ғалымдардың зертте нысанынан тыс қалмады. Ю.А.Дмитриев өзінің зерттеуінде, зерттеу нысанына байланысты жұмысшылардың және инженер-техникалық жұмысшылардың техникалық шығармашылығына ықпал ететін факторларды, факторлар мен жаңашылдардың шығармашылық белсенділігі арасындағы байланыс тығыздығының дәрежесіне сәйкес-төмендегідей етіп анықтайды: жынысы, біліктілігі, өндірістік өтілімі, әлеуметтік жағдайы, жасы, кәсіптік тобы.
Техникалық шығармашылықтағы мотивтің сипатына ықпал ететін факторларды мәні мен маңызы бойынша: әлеуметтік жағдайы, жасы, білімі, біліктілігі, ұсыныс беру жиілігі, тиімді ұсыныс жасау өтілімі деп анықтайды.
Қазіргі уақытта мектептегі педагогикалық процестің мақсаты - бұл мәдениеттің негізгі заңдылықтары мен әдістері, танымдық және практикалық іс-әрекетте өзбетінше жұмыс жасай алуды, кәсіптік қоғамдық және отбасылық карьерді таңдаудағы еркіндікті меңгеру процесінде өнегелік және шығармашылық жеке тұлғаны дамыту.
XX ғасырдың 80-жылдары ғалымдар Г.С.Альтшуллер мен И.М. Верткин шығармашылық жеке тұлға, яғни шығармашылық жеке тұлғаны дамыту теориясының негіздерін әзірледі (жеке тұлғаның шығармашылық сапасы жөніндегі ілімді қалады). Бұған дейін кейбір ғалымдар «Шығармашылық сапа балаға тұқым қуалаушылық бойынша ата-анадан беріледі және оны тәрбиелеу мүмікін емес» деген көзқараста болған болатын. Егер ондай көзқарас дұрыс болған жағдайда педагогтар мектепте тек жеке тұлғаны дамытумен ғана шектелген болатын еді.
Осы мәселені шешу үшін ғалымдар (Г.С. Альтшуллер мен И.М. Верткин) мыңнан аса шығармашылық тұлғалардың (ақындар, суретшілер, сазгерлер, инженерлер, дәрігерлер, ғалымдар және т.б.) өмірбаяндарын талдай келе, шығармашыл тұлғалардың іс-әрекетінің түріне байланыссыз олардың төмендегідей негізгі сапаларын меңгергенін анықтады:
- шығармашылық мақсатты қою және оған жетуге өзінің іс-әрекетін бағындыру іскерлігі;
- өзінің іс-әрекетін жоспарлау және өзіндік бақылау іскерлігі;
- жоғары жұмыс жасау қабілеттілігі;
- мақсаттың негізін құрайтын мәселені табу және шешу іскерлігі;
- өзінің сенімін қорғай білуі.
В.А.Бухвалов адам өмірді белгілі мақсат үшін сүретінін және оның шығармашылық болуы керектігін айта келе, шығармашылық іске өз (балаңды тәрбиелеу барысында, жиһазды конструкциялау, өсімдіктердің жаңа сорттарын, жануарлардың тұқымдарын, тағамның жаңа түрлерін, киімнің жаңа үлгілерін құру және т.б. жұмыс үлгілерінің қатысы барын өз еңбегінде сипаттайды. Сондай-ақ мұндай жұмыстар әрбір адамның өзінің қызығушылық саласы мен өзінің мүмкіндігінің деңгейінде жасауы, шығаруы қажет екендігін айтады.
«Адамның немесе ойлап табушылардың қандай мақсаты шығармашылық болып табылады?» - деген сұраққа Г.С.Альтшуллер мен И.М.Верткин жоғарыда аталған еңбектерінде:
- жаңалығы -жаңа мақсат болуы қажет және мақсатқа жету құралы жаңа немесе ешкім ілгеріде қол жетпеген болуы қажет;
- қоғамдық пайдалылығы - шығарушы (тұтынушы) үшін де, басқа адамдар мен тұтастай өркениет үшін мақсатты пайдалы болуы қажет;
- маңыздылығы - қойылған мақсатқа қол жеткізу қоғамға маңызды нәтиже алып келуі қажет;
- қияли - мақсат өзіне қиялды, шындыққа жанаспайтын элементтерін қамтуы тиіс;
- практикалылығы - мақсатпен жұмыс жасау нақты практикалық нәтиже әкелуі тиіс;
- тәуелсіздігі - мақсатқа қол жеткізу ең болмағанда алғашқы кезеңде қымбат жабдықтарды үлкен ғалымдар ұжымы көмегін талап етпеуі қажет.
Белгілі педагогтар А.П.Сейтешев, М.Қ.Қаламқалиев, О.Сыздықов өз еңбектерінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекет кезеңдерін және техникалық шығармашылықты дамытудың негізгі педагогикалық талаптарын есепке ала отырып, мектеп оқушыларының шығармашылық даярлығын бағалаудың мынадай бес деңгейін анықтап белгілеген.
Сызбадағы бұйымның нысанын жетілдіруге немесе бөлшектерін орналастыруға бағытталған ішінара өзгерістер енгізе отырып, берілген құжаттар бойынша бұйым жасау.
Модельді немесе жекелеген сызбалар бойынша өз бетінше өзгерістер енгізе отырып құрастырманы тиянақтай отырып бұйым жасау.
3. Алдын ала құрастырмалыққа ерекше жетілдіру элементтерін енгізе отырып, техникалыққ құжаттамаларға өз бетінше өзгерістер енгізу.
4.Өз бетінше бұйымның төлтумалық идеясын (мұғалім ұсынған технологиялық жағынан толықтырып, бұйым жасау.
5. Бұйымның құрастырмалық және рационализаторлық идеясына негіздеп құжаттамаларын және даярлық жұмыстарын әзірлеп, бұйымды жасау.
Аталған деңгейлерден басқа көптеген өзгерістер конструкторлық технологиялық элементтер енгізумен ғана шектелмейтіні атап өтіледі.
Соңғы кездері нақты бір кәсіп, іс-әрекет түріне баулу бойынша да шығармашылықты зерттеулер орындалды. Ж.Балкенов өзінің зерттеуінде студенттерді өрнек өнеріңдегі шығармашылық іс-әрекетке оқытудын жүйелі ерекшеліктерін төмендегідей етіп белгілейді:
- өрнек өнеріндегі көркемдіктің тиімді жолдарын қарастыру;
- өрнек өнеріндегі шығармашылықтың көркемдік мазмұнын теріп меңгеру;
- өрнек өнеріндегі шығармашылық іс-әрекетке студенттердің белсенділігін туғызу, өрнек өнеріне қызықтыру;
- болашақ мамандардың өрнек өнеріндегі көркем шығармашылық қабілетін қалыптастыру, көркемдік логикасын дамытуға ықпал ету.
Я.А.Пономарев адамның шығармашылық потенциалын дамыту үшін, педагогикалық ықпал етудің жолдарын тұжырымдай отырып, ой жүргізудің ұйымдастыру жоспарын төмендегідей белгілеген:
- тапсырманы орындаушының өзі мен өзі, басқа бір әріптесімен немесе тапсырманың өзімен шығармашылық іс-әрекет барысында диалогта болуының коммуникативті-тұлғалық шарты;
- ойлау үрдісінің (процессуальдық аспектінің) өз ішіндегі динамикасының немесе тапсырманы шешу кезеңдерінің жылжуы, өнімділігі;
- құрылым реттілігі немесе ой жүргізу компоненттерінің өзара байланысы мен әрекеттесуі.
Зерттеулер нәтижелерін зерделеудің В.А.Бухваловтың шығармашылық «... шығармашылық іс-әрекетке қызығушылық пайда болғанда басталады» деген пікірмен толық келісуге болады.
Көптеген зерттеулерде оқушылардың шығармашылық тұлғасы жөніндегі Г.С. Альтшуллердің тұжырымын басшылыққа алады. Оның себебі, ойлап табушылық тапсырмаларды алгоритмі белгілі тәртіпте орындалатын алты саты арқылы жүзеге асырылады.
Шығармашылық, оның ішінде техникалық шығармашылық мәселесіне философтар, психологтар, социологтар, педагогтар зейін аударғандығы анықталып отыр. Психологтар болашақ шығармашылық қабілет кез келген адамға, кез келген балаға тән екенін сенімді дәлелдеп берді. Айырмашылығы тек жетістік өлшемінен және олардың қоғамдық мәнінен тұрады.
Шығармашылық - бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың бір сөзбсн айтқанда, тіршіліктің көзі, табиғат, қоғам құбылыстарында жеке адамның ақыл-санасында, іс-әрекетінде, ішкі жан-дүниесінде шығармашылықтың табиғи процестері үздіксіз жүріп жатады. Бұл процесс белгілі бір жүйемен дамиды. Ішкі шығармашылық процестерді табиғат өзі басқарады. Ал сыртқы факторларды басқару, реттеу жеке адамның ой-санасына, айналысатын ісіне байланысты.
Адамның шығармашылыққа деген ұмтылысы, оның өз жекелігін, өз қыбілеттерін іске асыруға деген жолын ашады. Шығармашылықтың мәні, «әрекет» ұғымымен тығыз байланысты екенін білеміз. Шығармашылық және әрекет диалектикалық бір тұтастықты құрайды.
Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді.
1.Репродуктивті-іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі.
2. Шығармашылық-жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.
«Шығармашылық» сөзінің төркіні, этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте: «шығармашылық -қайталанбайтын, тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет"»,-деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л.С.Выготский «шығармашылық» деп жаңалық ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я.А.Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыдағы болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді. Бұл пікір бүгінгі күнгі педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды.
Зерттеле келе шығармашылыққа берілген анықтамалар да өзгере бастады. Соңғы жылдары «шығармашылық» сөзімен «жаңалықпен» қатар «бастамалылық, белсенділік», ұғымдары астарлас қолданылып жүр.
Шығармашылық - өте күрделі психологиялық процесс екенін көруге болады. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән.
Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері адам қабілетінің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда, кез келген баланы жеткізуге болатындығын керсетуде.
Оқыту барысында оқушылар шығармашылығын қалыптастыру және дамыту мәселесі шығармашылық процестің қандай кезендерден, яғни неден басталып, немен аякталатындығын білуді талап етеді. Көрнекті француз математигі адамдар шығармашылық процесті 4 кезеңге бөледі: дайындық кезеңі; инкубация, жасырын идеялар, тұйыққа тірелу кезеңі; интуицияның жарқ етуі. Эврика; тексеру кезеңі.
А.Н.Лук шығармашылық процесті 5 кезеңге бөледі: айқын жәнс дұрыс қойылған мақсат; күшті жұмылдыру қойылған мақсат; проблемадан уақытша кету. Инкубация; интуицияның оянуы. Инсайт; нәтиженің дұрыстығын тексеру.
Шығармашылық процестің әр кезеңінде бала бойында әр түрлі сапалық қасиеттер қалыптасып жатады. Мысалы, алғашқы кезендерде жаңалықты сезіну, қайшылықтарға деген ілтипат, ал келесі сәттерде шығармашылыққа деген күдік, шығармашылық елес орын алады. Белгісіздік кезеңіндегі "бас қатырулар" табандылық, танымдық белсенділік, эрудицияны қалыптастырса, еңбектің нәтижесі, баланы жоғары көңіл-күйге бөлеп, жаңа істерге жігерлендіреді. Мұның барлығы мектеп оқушыларында болуға тиісті қасиеттер болып табылады.
Шығармашылық жұмыстың түріне, мақсатына қарай бұл кезеңдер бір-бірімен астасып, қабысып жатуы әбден мүмкін. Оларда калыптастырылып, әрі қарай дамып отыратын сапалардың да бірі анық көрініп, бірі керісінше уақытша көмескіленіп жатуы ықтимал. Дей тұрғанмен, тұтас алғанда, әр баланың бойындағы табиғи, қайталанбас ерекшеліктермен біріккен кезде аталған сапалар көп жағдайда шығармашыл тұлғаның таңғажайып үлгісін құрайды. Шығармашылық педагогикасының басты мақсаттарының бірі де осы.
Достарыңызбен бөлісу: |