«Оқушылардың техникалық шығармашылығы» пәні бойынша



бет20/46
Дата02.01.2022
өлшемі0.8 Mb.
#452663
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46
okush lard n tehnikal k sh garmash l g lektsiya

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ортаев Б.Т. Оқушылардың техникалық шығармашылығы: Оқу құралы. -Түркістан: Қ.А.Ясауи ат. ХҚТУ, 2008. - 150 б.

  2. Алексеев В.Е. Организация технического творчества учащихся. - М.:Высшая школа, 1984. - 46с.

  3. Техническое творчество учащихся. /Сост. П.Н.Андрианов. -М.:Просвещение, 1987. - 215 с.

Оқыту әдістері: ауызша баяндау, әңгімелесу.

Оқыту формасы: лекция.

Оқыту құралдары: оқулық.

Материалдық қамтамасыз етілуі: ОӘК.

Бақылау түрі:ауызша сұрақ - жауап.

1.Техникалық шығармашылық бойынша ғалымдардың ой-пікіріне, тұжырымдарына орай ойлап табушылық іс-әрекетке қатысты бір қатар ұғымдарды айқындау қажеттігі туындайды. Олар – «еңбек», «шығармашылыққа емес еңбек», «шығармашылық еңбек», «шығармашылық мақсат ету (установка)», «түрткі (мотив)», «ынтталандыру (стимул)».

Адамның еңбек сферасы саласындағы іс-әрекетінің түріне байланысты шығармашылық және шығармашылық емес деп ажыратады. Ғалымдар арасында кейбіреулері шығармашылық іс-әрекетке ертеректе белгісіз болған техникалық және технологиялық мәселелерде туындайтын және шешетін еңбекті айтады. Кейбіреулері шығармашылық еңбек ұғымының мәнін тарылтады, оны тек ақыл-ой еңбегіне қатысты деп қарастырады, ал дене (физикалық) еңбегінің шығармашылық мазмұның болуының объективті мүмкіндігі қарастырмайды.

Сонымен еңбек және еңбек процесі дегеніміз не?

Еңбектің адам өміріндегі орны мен рөлін көптеген ұлы ғұламалар жазып қалдырғаны баршаға мәлім. К.Маркс пен Ф.Энгельс адамның дамуының ғылыми тұжырымын жасаған. К.Маркс «Капитал» еңбегінде «Еңбек дегеніміз алдымен адам мен табиғат арасындағы процесс; мұнда адам өз қызметі арқылы өзі мен табиғат арасындағы заттардың алмасуына себепкер болады, оны реттеп, бақылап отырады... . Табиғат затын өз басының тіршілік етуіне жарамды формада иемдену үшін адам өз тәнінің табиғи күштерін: қолдары мен аяқтарын, ақыл-ойы мен саусақтарын қимылға келтіреді. Осындай қимыл арқылы сыртқы табиғатқа әсер ете отырып, оны өзгерте отырып, адам сонымен бірге өз басының жаратылысын да өзгертеді. Ол осында мүлгіп жатқан күш-қабілеттерді өршітеді де, бұл күштердің құбылысын өз өктемдігіне бағындырады» - деп, шығармашыл іс-әрекетті түзуші адамның даму процесін көрсетеді.

Адам сыртқы табиғатқа тікелей қолымен, яғни дене еңбегімен ықпал ете отырып, өзінің ақыл-ойының дамуын қамтамасыз етті. Ол жөнінде Ф.Энгельс «Қолдың дамуымен бірге адымдап бас та дамыды, танып-білу туындады. ... Табиғат заңдарын танып-білудің жедел өсуімен бірге табиғатқа кері ықпал ету құралдары өсті; адамдар тек бір ғана қолдың көмегімен бу машиналарын еш уақытта жасамаған болар еді және қолдың арқасында адамның миы дамыды.»- деп жазды. Терең философиялық талдаудың негізінде Энгельс мынадай қорытындыға келеді: қолдың, мидың, сөйлеу органдарының бірлескен іс-әрекетінің нәтижесінде ғана адамдар алдына жоғары мақсаттар қойып, оларға жетуде барлық күрделі операцияларды орындау мен меңгеру қабілетіне ие болды.

Еңбек процесі жөнінде К.Маркс: «Еңбек процесінің жай мезеттері мыналар: мақсатқа сай қызмет, яки еңбектің өзі, еңбек заты мен еңбек құрал-жабдығы» - деп атап көрсетеді (Капитал). Ал психологиялық тұрғыдан еңбек басқару объектісі ретінде бүтіндік сипаты бар және бөлінбейтін бірлік түзетін динамикалық байланыстағы элементтердің жиынтығы екендігі белгілі.

Еңбек - алға қойылған мақсатқа жеткізетін саналы іс-әрекет. Ал іс-әрекетті Б.А.Душков «... - бұл қоғамдық мәнді сипаты бар, саналы мақсатпен реттелетін адамның ішкі (психикалық) және сыртқы (дене бітімі) белсенділігі» - деп сипаттайды. Еңбек пен табиғат затының ұштасуы іс-әрекет өнімін көрсетеді. Еңбек процесінің аяғында келіп шығатын нәтиже - сол процестің бас кезінде адамның ойында болған, яғни идеясында болған нәрсе болып табылады.

2. Шын мәнінде шығармашылық еңбек негізінің өзінде жатады. Сонымен қатар шығармашылық элементтері адамның еңбек іс-әрекетінің әртүрлілігі де түрліше дәрежеде болады. Еңбектің шығармашылық сипаты және еңбекке шығармашылық қатынас ұғымдары теңестірілмейді. Энциклопедияда шығармашылық "... ешқашан бұрындары болмаған, жаңа сапалы нәрсені тудырушы іс-әрекет ..." ретінде қарастырылады. Идеалистік және метафизикалық тұжырымдамаларға қарсы тұрған шығармашылықтың ғылыми-философиялық ұғымы, шығармашылықты адамның және адамзаттың мақсаттары мен қажеттеріне сәйкес, нақтылы өмірдің объективті заңдылықтары негізінде табиғат пен әлеуметтік дүниені өзгертетін адамның іс-әрекеті деген тұрғыда қаралады .

Сонымен шығармашылық адамның алдағы міндеттерді (тапсырмаларды) шешу кезіндегі мақсатты еңбек іс-әрекетінің түрі ретінде қарастырылады және мұнда қандай-да бір бар нәрсе жетілдіріледі, оң нәтиже беретін табиғатта кездеспеген қандай-да бір жаңа объекті, құбылыс, т.б. пайда болады.

Зерттеуші ғалымдардың (А.Е.Климов, А.Б.Душков, Ю.А. Дмитриев және т.б.) еңбектеріне талдау жасай келе, жоғарыда аталған ұғымдарға төмендегідей анықтама беруге болады.

Шығармашылық емес еңбек - бұл өзінің мазмұны бойынша: біріншіден, адам мен объекті арасында «қатаң» («темірдей») байланыс орын алады, екіншіден, іс-әрекет адамның тарихи практиканы тану жәнс өзінің жеке тәжірибесі негізінде адамның меңгерген механикалық дағдылары негізінде ғана жүзегс асады, үшіншіден, еңбек ұдайы қайталаушылық сипат алады (яғни, еңбек тәсілдері қайталанады), төртіншіден, дене еңбегінің шығыны ақыл-ой еңбегі шығынан едәуір жоғары болады.

Шыгармашылық еңбек - өзінің мазмұны бойынша: біріншіден адам мен объекті арасындағы «қатаң» («темірдей») байланыстың болмауымен сипатталады, екіншіден, алға қойылған міндеттерді (тапсырмаларды) шешуге теориялық білімдерді қолдану мүмкіндігін береді, үшіншіден, алға қойылған міндеттерді (тапсырмаларды) стандартты емес жолмен шешумен сипатталады, төртіншіден, ақыл-ой еңбегінің шығынының үлесі дене еңбегі шығынына қарағанда анағұрлым басым болады.

Шыгармашылық мақсат ету деп, жеке тұлғаның қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған, белгілі іс-әрекет түрін орындауға саналы емес даярлықтағы жеке тұлганың психологиялық және интеллектуалдық жағдайы. Мақсат ету адамның алдағы еңбек іс-әрекеті және өмірлік тәжірибесі негізінде туындайды.

Мақсат етуден, яғни саналы емес қоздырудан мотивтің (түрткі, септүрткі) өзгешелігі оны жеке тұлға саналы сезінеді. Мотив - бұл әлеуметтік болмыс объектілері мен фактілеріне жеке тұлғаның оған субъективті қатынасты саналы меңгеріп алуы. Мотивтер адамның қажеттілігімен тығыз байланысты. Ол жөнінде А.Н. Леонтьев "Басқаша айтқанда, қажеттілік объектілері іс-әрекеттердің нақты мотивтері болып табылады. Бұл кездегі әңгіме материалдық объектілердің, субъектілердің қабылдауы туралы ма немесе кейбір нақтылық пен дерексіздіктің, идеалардың идеялық құндылықтар түрінде көрінуін елестету туралы ма және т.б. бәрі бір", -деп жазды.

Ынталандыру (стимул) - бұл адамның қажеттілігін қанағаттандыру. Жаңаашылым жасаушылардың мотивациялық іс-әрекеттерін канағаттандыру олардың шығармашылық ізденістерін ынталандырады. Осыған байланысты А.Н.Леонтьев «Қажеттілікті қамтамасыз ететін объект, субъектінің іскерлігін ынталандырып қана қоймай, оларға белгілі бір бағыт береді», - деп өз кезегінде ынталандырудың ойлап табушылардың іс-әрекетін саналы басқаратынына және оны реттеуге мүмкіндік беретінін жазады.

Қазіргі таңда кез келген дамыған өндіріс шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс-әрекеті ақыл-ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс-әрекетте тасымалдай алуға негізделеді.

Шығармашылық іс-әрекетке қатысты келесі бір мәні айқындалуға тиіс ұғым «қабілет». Бұл ұғымға да қөптеген анықтамалар берілген. Мәселен, С.И.Ожеговтың сөздігінде «қабілет - табиғи дарындылық, талантылық» және «қандай да бір әрекетті істеу мүмкіндігі» ретінде сипатталған. «Талант - көрнекті тума сапа, ерекше табиғи қабілет» және «дарындылық» ретінде берілген. Педагогикалық сөздікте: «Талант белгілі іс-әрекетке жеке тұлғаның жоғары дәрежедегі қабілеттілігі, оның дарындылығы, берілген немесе басқа тапсырмаларды едәуір сәтті, шығармашылықпен орындау мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, олар мінездің ерекшелігі деңгейіне жетеді», - деп сипатталған. «Дарындылык -қабілетті қалыптастыру шартының бірі ретінде табиғи бейімді сапалардың (задатки) жиынтығы», - деп берілген.

Қабілеттілік - ол ықыласпен және бейімділікпен тығыз байланысты, сондай-ақ адамның мамандыққа жарамдылығының ажырамас бөлігі болып саналады.

Ықылас дегенде адамның қандай да бір затты барынша жете танып, білуге деген ықыласын айтады. Мамандық таңдау ісіне байланысты айтар болсақ, ықылас белгілі бір еңбек саласына дұрыс көз қарас, танып білуге жөне еңбек етуге ұмтылыс.

Ықылас мазмұнына, кеңдігіне, ұзақтығына және тереңдігіне қарай түрліше болады. Ықыластың мазмұны мен ауқымы адамның санасымен білім құмарлығын байқатады. Ықыластың тереңдігі мен ұзақтығы оның тұрақты екенін сипаттайды.

Ықыластың дамуы бірнеше кезеңнен өтеді. Басында ол уақытша, оқтын-оқтын пайда болады да белгілі бір затқа ғана дұрыс ауады. Мұндай ықыласты дамытып жетілдірмесе, ол тез қайтып не біржолата өшіп қалады. Қандай да бір затты терең де дәйекті зерттеп білуге, еңбектің қызықтыратын саласын тереңірек түсінуге қарай ықылас тұрақтанып күшейе түседі де бара-бара тұрақты болады. Мұндай ықылас бірте-бірте бейімділікке ұласады, бейімділік - белгілі бір қызметпен айналысуға деген ұмтылыс, осы қызметке сай біртіндеп білім жинау, іскерлік пен дағдыны жетілдіру.

Ал, Н.Ф.Талызинаның қабілеттерді іс-әрекеттің белгілі түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда керінетін адамның жеке қасиеті ретіндс анықтайды.

Қабілеттілік психологтардың айтуынша туа біткен қасиет емес, ол тікелей пәндік әрекет арқылы дамиды. Оның дамуы баланың жаңа білім алуымен, оның біліктілігі мен дағдыларының калыптасуымен тікелей байланысты.

Педагогикалық зерттеулердегі ұғымдарға берілген анықтамаларға сәйкес «дарындылық», «қабілеттілік» деген ұғымдардың ішінде төмендегілерін басшылыққа алуға болады. Дарындылық - адамның интеллектуалдық мүмкіндігімен байланысты болатын қабілеттіліктердің бірлігі, оның іс-қимылының деңгейі мен өзіндік ерекшелігі. Қабілеттілік бұл бірдей күш пен бірдей уақыт аралығында, бір адамның басқа адамдарға карағанда жоғары көрсеткіштерге ие болуын қамтамасыз ететін мүмкіншілік.

Белсенділік тұлғаның негізгі қасиеті әрі бұл тұлғаның қажеттіліктерді, қабілеттерді, өмірге қатынастарды және қоғамның тұлғаға қоятын талаптарын интеграциялау негізінде тұлғаға ғана тән, өмірді ұйымдастыру, реттеу және өзіндік реттелу тәсілі.

Белсенділік - бұл оқушының белгілі мақсатқа ұмтылған әрекеті, мазмұнды, көлемді оқуға қолданылатын және қызығушылығын тудыратын, шығармашылықты арттыратын, білімді меңгерудегі оқушының өзіндік үйренуі, дағды мен шеберлікті қалыптастырудағы қасиеті. Бұл - ой еңбегінің құлдырау және тоқтап қалуынан сақтайтын, жігерлі, мақсатты болуға икемдеуге бағытталған жүйе. Оның негізгі мақсаты - оқушылардың белсенділігін қалыптастыру, оқу-тәрбиенің сапасын көтеру.

Педагогикалық процестің негізгі заңының бірі - бала өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибелерініің мұрагері - тек қана өзінің белсенді шығармашылық іс-әрекетінің арқасында ғана бола алады. Б.А.Душковтың пікірінше іс-әрекет «... саналы мақсатты басқарылатын, қоғамдық мәнді сипаты бар адамның ішкі (психикалық) және сыртқы (физикалық) белсенділігі».

Іс-әрекет барысында баланың дамуы жүзегс асырылады сондай-ақ сапалық қасиеттер қалыптастырылады. Оқушыға шешім қабылдау, өзін ұстай білу, батылдылық, табандылық, төзімділіктер іс-әрекет процесіңде қиындықтарды жеңу үшін қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет