Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет53/84
Дата14.12.2022
өлшемі1.27 Mb.
#467255
түріУчебное пособие
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   84
qazrg adebi protsess

Ырғақ дегенiмiз - өлең сөз бен қара сөздiң сөйлемдерiнде дауыс толқынының бiрде 
бәсең, бiрде көтерiнкi келiп отыруы. Бұған мысал ретiнде Абайдың И.А.Крыловтан 
аударған «Шегiртке мен құмырсқа» атты мысал өлеңiн алайық. Мысал өлең автордың
шегiрткенiң және құмырсқаның сөздерiне қарай бiрнеше бөлiмдерге бөлiнедi. Сонда 
бұлардың сөйлеген сөздерi әрқайсысының өздерiне тән көңiл-күйi, ой-сезiмiне сәйкес 
дауыс ырғағымен оқылуы керек. Мәселен, автордың сөзi баяу, салмақты дауыс реңкiмен 
оқылады: 
Шырылдауық шегiртке, 
Ыршып жүрiп ән салған. 
Көгалды қуып гөлайттап 
Қызықпен жүрiп жазды алған... 
Ал шегiрткенiң: 

Қарағым, жылыт, тамақ бер

Жаз шыққанша асыра,
- 
деген сөзi жалбарыну реңкiнде бәсең оқылса, 
-
Мұның, жаным, сөз емес. 
Жаз өтерiн бiлмеп пе ең? 
Жаның үшiн еш шаруа 
Ала жаздай қылмап па ең?
– 
деп өзiне-өзi сенген шаруа иесi құмырсқаның сөздерi шегiрткенiң қылығын 
жақтырмаған реңкпен көтерiнкi оқылады.
Идеялық-тақырыптық мазмұнына байланысты көркем шығарма қандай дауыс 
сазымен оқытылатыны белгiленгеннен соң, мәтiннiң құрылысы қандай бөлiм-жiктерден 
тұрғаны қарастырылады. Соған орай қай бөлiмi қалай оқылатындығы, қай жерде дауыс 
кiдiрiсi болу керектiгi анықталады.
Пауза сөйлемдегi дауыс кiдiрiсiн бiлдiредi, ол жеке әрiптердi жалғастырады, сөз 
құрайды, ол сөздерден мағыналық топ құрайды, әрi ол сөздердi оқшаулайды, даралайды. 
қажет болған жерде кiдiрiстi сақтап оқу – мәнерлеп оқу шарттарын орындаудың бiр 
белгiсi.
Дауыс кiдiрiстерi грамматикалық, логикалық және психологиялық болып үшке 
бөлiнетiндiгi белгiлi. Бұлардың жеке-жеке анықтамаларын берiп, мысал келтiре кетейiк. 
Грамматикалық кiдiрiс деп – көркем шығармаларды мәнерлеп оқығанда тыныс 
белгiлерiне аздап кiдiрiс жасап оқуды айтамыз. 
Қазақ тiлiнде төмендегiдей тыныс белгiлерi қолданылады: үтiр (,) нүкте (.), қос 
нүкте (:), сұрау белгi (?), леп белгi (!), көп нүкте (…), сызықша (-), тырнақша («») т.б.
Мәселен: Нүкте мен үтiрге қойлатын кiдiрiс. 
Сұр бұлт, // түсi суық // қаптайды аспан, // 
Күз болып, // дымқыл тұман жердi басқан. // 
Бiлмеймiн, // тойғаны ма, // тоңғаны ма, // 
Жылқы ойнап, // бие қашқан, тай жарысқан. //  (Абай) 
Бұл үзiндiде тыныс белгiлерiне кiдiрiс «//» екi таяқша қою арқылы көрсетiлген. 
Әрине, тыныс белгiлерi тұрәан жерлердiң бәрiне кiдiрiс жасалмайтын реттер де болады. 
Мәселен: 
Мен, мен едiм, мен едiм. 
Мен Нарында жүргенде, 
Еңiреп жүрген ер едiм…

(Махамбеттiң Баймағамбет сұлтанға айтқаны)
дегенде алдыңғы тармақтағы бiрiншi сөзден кейiн (мен) үтiр қойылған. Бiрақ оқыған 
уақытта оған кiдiрiс жасалмайды. Немесе: 
Нүктеге кiдiрiс жасау. 
Жүйткидi поезд, жүйткидi. 
Жүйткидi, желдi тұлпардай.


118 

(Н.Байғанин «Ер туралы жыр») 
дегенде екiншi тармақтағы «жүйткидi» мен «желдi» деген сөздердiң арасындағы үтiрге 
кiдiрiс жасалмайды.
Меңiреу, мылқау, қимылсыз. 
Мүлгiген мәңгi даланың. 
Адыр-белес, биiк құз. 
Саңғалтау сай-саланың. (С.Мұқанов) 
Бұл үзiндiде тыныс белгiлерiне кiдiрмей, аттап өте алмайсың.
Леп белгiсiне жасалатын кiдiрiске Қ.Аманжоловтың «Ұшқыш болғым келедi» атты 
өлеңiнен мына үзiндiнi алайық. 
Ұшқыш болмай немене! 
Қуат бiттi денеме! 
Қанатым бар қайыспас, 
Ұшқыш болғым келедi! 
Ал сұрау белгiге кiдiрiс жасау Мағжан Жұмабаевтың «Мен кiм?» атты өлеңiнен 
мынадай үзiндiнi алуға болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет