Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет56/84
Дата14.12.2022
өлшемі1.27 Mb.
#467255
түріУчебное пособие
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   84
qazrg adebi protsess

 
 
 
Жырлауға қазынасы көп тiл жетпейтiн. 
 
 
 
Өрiк, алма, алмұрт, жиде жемiстерiнен, 
 
 
 
Бiр татсаң, аузыңнан дәм кетпейтiн. (Жамбыл)
Алайда тармақ соңындағы кiдiрiс барлық өлеңдерде бiрдей жасала бермейдi. Ондай 
реттерде өлеңнiң алдыңғы тармақтары сөздi тасымалдағанымыз сияқты кейiнгi 
тармақтарға жалғасып оқылады. Мұндай тармақтардың соңынан ешқандай кiдiрiс 
жасалмайды. 
Ал ендi өлең оқудың үшiншi шарты – шумақпен байланысты болады. Өлеңдегi 
әрбiр шумақ тұлға жағынан да синтаксистiк бiр ойдың аяқталып бiткенiн көрсетедi. 
Демек, өлеңдi оқыған уақытта әрбiр шумақтың соңынан кiдiрiс жасалып отырады. Бұл 
тармақ соңынан жасалатын кiдiрiстен сәл ұзақтау болады.
Өлең шумақтарының арасындағы кiдiрiстердiң ұзақтығы бiрдей болмайтын реттер 
де кездеседi. Мәселен, өлең-жырдың, поэманың бiр күрделi ойды бiлдiретiн негiзгi бөлiмi 
аяқталып бiткеннен кейiн жасалатын кiдiрiс басқа шумақтардан соң жасалатын 
кiдiрiстерге қарағанда ұзақтау болады. Мәселен: С.Торайғыровтың «Кедей» 
поэмасындағы бөлiмдердiң арасына, Б.Майлиннiң «Көк сиыр» өлеңiндегi Айжан мен көк 
сиырдың сөздерi арасында жасалатын кiдiрiстер. Бұл жәйт диалогқа құрылған мысал, 
айтыс өлеңдерiнде байқалады. Мұның айқын көрiнiсi Нұржан мен Сапарғалидың жұмбақ 
айтысынан анық көрiнедi. Сапарғалидың жұмбақталған шумағы мен Нұржанның оны 
шешкен жұмбағының арасында жасалатын кiдiрiстер осыған жатады.
Кейде шумақ пен шумақтың арасында кiдiрiс жасалмауы да мүмкiн, бiрақ бұл 
сирек кездеседi.
Ал, ендi лириканы мәнерлеп оқу жүйесiне тоқталайық. Лирика – көркем әдебиеттiң 
негiзгi саласының бiрi болып, басты ерекшелiгi – адамның көңiл-күйiн, сезiм дүниесiн 
тiкелей бейнелеп көрсетедi. Лирикада ой мен сезiм бiрлесiп, терең қабысады. Ол 
тартымды қуат-күш дарытатын терең оймен суарылған. Лирикаға жан беретiн сезiмнiң 
отты нәзiктiгi. Лириканы басқа жанрлардан, айталық, сан алуан адамдардың қарым-
қатынасын, қоғамдық тартыс-шиеленiстi баяндайтын көлемдi, оқиғалы шығармалардан 
айырмасы да, өзiндiк артықшылығы да – мiне осында. Лирика негiзiнен өлеңге тиiстi. 
Лириканың табиғат лирикасы, саяси-әлеуметтiк лирика, көңiл-күй лирикасы, махаббат 
лирикасы сияқты түрлерi бар. Табиғат лирикасы – ақынның iшкi жан-дүниесi оның әр 
түрлi табиғат құбылыстарын сезiнуi, бейнелеп суреттеуi арқылы танылатын өлең-жыр 
болып табылады. Айнала қоршаған орта және оның түрлi жаратылыс сырлары адамның 
назарын өзiне аудармай қоймайды. Осындай жағдайда ақындар табиғатқа арнап 
лирикалық өлеңдер жазып отырған. Бiреулер табиғаттың пейзаждық суреттерiн жасаса, 
ендi бiр ақындар сол табиғат арқылы қоғамдық өмiрдi, адамның iшкi көңiл-күйiн 
астастыра жырлаған. Табиғат лирикасын айтқанда, ұлы Абайды еске аламыз. Оның 
жылдың төрт мезгiлiне арнап жазған өлеңдерi осы уақытқа дейiн оқушысын тамсандырып 
келедi. Абайдан соңғы ақындар да табиғат лирикасын көптеп жазды. Мәселен, Сәкен 
Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев, Iлияс Жансүгiров т.б. шығармашылығы бұған дәлел. 
Мысал ретiнде Абайдың «Қыс» атты өлеңiнен үзiндi келтiрейiк. 
Ақ киiмдi, денелi, ақ сақалды, 
Соқыр, мылқау, танымас тiрi жанды. 
Үстi-басы ақ қырау, түсi суық, 


123 
Басқан жерi сықырлап, келiп қалды. 
Дем алысы – үскiрiк, аяз бен қар, 
Кәрi құдаң – қыс келiп, әлек салды. 
Ұшпадай бөркiн киген оқшырайтып, 
Аязбенен қызарып ажарланды. 
Бұлттай қасы жауып екi көзiн, 
Басын сiлкiсе, қар жауып, мазаңды алды. 
Борандай бұрқ-сарқ етiп долданғанда, 
Алты қанат ақ орда үй шайқалды. 
Өз-өзiнен белгiлi ақын қыс мезгiлiнiң нақ өзiнен мысал келтiрген. 
С.Дөнентаевтың «Бозторғай» өлеңiндегi: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет