«Өзін-өзі тану» пәнінен лекциялар жинағЫ


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет17/17
Дата19.12.2023
өлшемі0.83 Mb.
#487029
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Лекциялар

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. Ізгілік тәрбие негіздеріне сипаттама беріңіз?
2. Тұлғаны тәрбиелеу, оған кешенді білім беру, машықтануға дағдыландыру және мүмкіндікті 
дамытудың тарихына сипаттама?
3. Отбасы тәрбиесінің мазмұнының құрамдас компоненттерін ата?
4. Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымдарында жүзеге асу жолдары?.
5. Өзін-өзі танудың отбасы тәрбиесіне ролі.
 
 
 
 
 
 
 
 


№15 Дәріс 
Тақырыбы: Әрқашан мейірімділік жолмен жүр.
Мақсаты: студенттердің бойында шынайы таза сезім қалыптастыру, әлемге 
қайырымдылық, шынайы махаббат негіздерін орнату ұғымдарын бекіту. Тірек 
ұғымдар: “мейірімділік”, “қайырымдылық”, “тазалық”, “сабырлылық”, ”әсерлі”, 
“әдепті”, “білім”, “өнер”, “кәсіптік икемділік” т.б.
Жоспар.
1. Өзін-өзі тану адамгершілікті өрбітеді.
2. Биік құндылықты таңдау жолы.
3. Өзін-өзі тану моделі.
1. Студенттің рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде өзін- өзі тәрбиелеу үрдісін 
қолдаушылар (Ш. Амонашвили, Унадзе, В.В. Краевский, С.Назарбаева, Х.Г. Шерьязданова, З.Б. 
Мадалиева, т.б.) олардың бойында төмендегі қасиеттер мен сапалардың пайда болуына ықпал 
ететіндігін айқындайды: - жаңашылдық, шығармашылық, еңбекқорлық; - интелектуальдық 
сипаты: ой биіктігі мен тіл байлығы, логикалық өріс-өресі, терең танымдық, өзін-өзі сыни ойлау 
қабілеті; - ашықтық, сабырлылық, табандылық, мейірбандық; - өз көзқарасының сипаты: 
ізгіліктік, сүйіспеншілік, талап қоя алушылық, көмек көрсетуге даярлық; - болашаққа көзқарас 
сипаттары: өз біліміне, тәжірибесіне, білігіне, адамгершілік қасиетіне сыни көзқарас, өзінің 
адами даму сапасына жоғары талап қоя білу, жауапкершілік, өзін-өзі дамытуға, өздігінен білім 
алуға қажеттілігінің болуы; - өз мамандығы бойынша студенттер өздерінен адамгершілікке 
жатпайтын олқылықтарды зерттеп, түзетудің жолын табуға ұмтылуы; --студенттердің 
моральдық жігерлік сапасы; - рухани-адамгершілік тәрбиені алу мақсатына талпыныс; - өзін-өзі 
бағалау және сыни тұрғыдан өзін түзетуге талпынысы; - өз-өзіне шынайы әділ баға беруге 
ұмтылысы; - өз қылықтарын саралап ақылға жеңдіру нәтижесінде адами қасиеттерді дамытуға 
ұмтылыс жасау. Адамгершілік эмоциялық сапалар: нақтылық, өзге жанын түсінуге ыңғайлылық, 
шыдымдылық, бірбеткейлік, қуатты, ізетті, намысшылдық. Әлемге деген көзқарастар сапасы: 
барлық дүниені сүйе білу, патриотизм, ізгілік. Тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау, оның 
өзіндік “Менін” анықтау мәселесі А.Комбс, М.Розенберг, С. Мецер, Ф. Куолтер, К. Паркер, Т. 
Кейт, Р. Бернс, Харрис және т. б. ғалымдардың еңбектерінде орын алған. Өзін-өзі тану, біздің 
түсінігімізше, ең алдымен адамның жалпы тануының бір ерекше түрі объектісі таным 
субъектісінің өзі болатын танымдық іс-әрекет. Өзін-өзі танудың мақсаты – адамның өзі туралы 
өзінің іс-әрекет субъектісі ретіндегі –шынайы мағлұмат алуы. Бұл жерде танымның объектісі мен 
субъектісі – бір ұғым, бір құбылыс, өзін-өзі тануды танымдық іс-әрекет ретінде қарастыра келе, 
біз оның тиімділігі көп жағдайда жеке тұлғаның өзінің белсенділігіне, оның белсенділігінің өзін-
өзі тану үрдісіне қаншалықты бағытталғандығына тәуелділігін атап көрсеткіміз келеді. Бұдан 
өзге, қандай да болмасын іс-әрекет секілді, өзін-өзі тануда да көптеген танымдық іс-әрекет пен 
операциялар арқылы жүзеге асады. Олардың ішіндегі ең негізгілері- сараптау, жинақтау, 
салыстыру, сәйкестендіру және бағалау операциялары. Өзін-өзі тану, сонымен қатар, сыртқы 
ортаны тану арқылы да әсіресе, яғни, сезім, қабылдау, өзін-өзі қадағалау, ойлау секілді үрдістерді 
тану арқылы да іске асады. Өзін- өзі танудың негізгі бастаулары – іс-әрекет және қарым-қатынас. 
Өзін- өзі тану үрдісінде адамның іс-әрекет субъектісі ретіндегі өзі туралы бітімі қалыптасады, 
тұлғаның ішкі мүмкіндіктерінің шекарасы ашылып, оның өзін-өзі бағалауының әділдігі сарапқа 
түседі, сараланады. Қарым-қатынас үрдісінде өзін өзге адамдармен салыстыру іске асады, өзіне 
өзге адамдардың берер бағасы пайымдалады. Бірінші кезекте әлеуметтік сынға жиірек түсетін 
және іс-әрекеттің табыстылығын анықтайтын қабілеттер мен қасиеттер саласына түседі. 
Сонымен, “Өзін-өзі тану”- адамның өзінің іс-әрекет субъектісі ретіндегі өз тұлғалық 
ерекшеліктерін біртіндеп түсіну үрдісі. Бұл үрдістің нәтижесі- “Мен” образының түрлі 
аспектілерінің қалыптасуы. Тәжірибе көрсеткендей тұлғаға сырттан әсер ету арқылы тәрбиелеу 
үнемі жетістікке қол жеткізе бермейді. Өйткені ол кейде жағымды, кейде кереғар әсер етуі тіпті 
кей жағдайда тұлғаны ешқандай әсерсіз қалдыруы мүмкін. Ал, егер сырттан тәрбиелеу тұлғаға 
жоғары талап қою арқылы тұлғаның ішкі жан дүниесіне әсер етіп, оның ішкі өзгерісіне септігін 
тигізсе ғана, өз тағдыры үшін ойланып, әрекет ете бастаса ғана ол нағыз тәрбие заңдылығы 
болып табылмақ. Мұндай жұмыс дамытушылық, қалыптастырушылық ықпал жасайды. Тәрбие 


үрдісінде тұлғаға жоғары талап қоюшылықпен бірге педагогтың тәрбиелік ықпалында өзара 
құрмет, сенім, мейірімділік және ізгіліктік көзқарас, педагог пен тәрбиеленуші тұлғаның қарым- 
қатынастар сипаты тұлға бойында белгілі бір ішкі толғаныстарды есепке алу және оның іскерлігі 
мен дамуына тікелей әсер етуді біртұтас жүйе ретінде қарастыру мәселесі В.А.Петровский, 
И.Ф.Исаев, М.И.Ситникова, И.Б.Котова, Е.Н.Шиянов, Ю.М.Орлов еңбектерінде орын алған. 
Дегенмен, бүгінгі тәрбие үрдісінде тұлғаны ізгілікке тәрбиелеу жолдары қарастырылғанмен, оған 
өз бетімен бағыт алу, өзін-өзі адамгершілікке, ізгілікке, мейірімділікке, өзін-өзі тану, өзін-өзі 
тәрбиелеу мазмұны мен өзіндік ерекшеліктері, ұйымдастыру бағыттарын әлі де болса талдап, 
нақтылау қажеттілігі туындап отыр. Өзін-өзі тәрбиелеу – қалыптасқан идеалдар мен сенімдерге 
мойындалып қойылған мақсаттарға сәйкес жекелік өзгеріске бағытталған адам әрекеті. Өзін-өзі 
тәрбиелеу адамның даму кезеңін, санасын анықтайды, өз қылықтары мен өзгелердің қылықтарын 
салыстыра отырып қорытынды шығара алатындығын болжайды. Адамның өзінің әлеуеттік 
мүмкіндігіне қатынасы, өзінің кемшіліктерін көре білуі адамның есейгендігін көрсетеді және 
өзін- өзі тәрбиелеу орталығының дәнекері болады. Қазіргі қоғамдағы белсенді өмір сүрудегі жеке 
тұлғаның тәрбиесін ең алдымен әрбір тұлғаның өз-өзіне деген үлкен талап қоя білуі өз ісіне 
жауапкершілікпен қарауы, сонымен қатар бойындағы ізгі қасиеттерді дамытудағы саналы іс-
әрекетін Л . И . Рубинский, А.И.Кочетков, А.К.Громцева, М.А.Донцев, М.Ш.Сагаутдинова т.б. 
ғалымдардың зерттеулерінен көруге болады. Өзін-өзі тәрбиелеу мәселесін әр түрлі қырынан 
қарастыра отырып Л.И. Рубинский өзін- өзі тәрбиелеуді “адамның өзін-өзі өзгерту мақсатындағы 
іс-әрекеті” деп көрсетеді. А.И. Кочетков өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін тек жеке бастың 
қызығушылығынан емес, қоғамдық талаптардан да туындайды деп таниды. Зерттеу өзін-өзі 
тәрбиелеудің өзін-өзі тану, өзін-өзі ұмтылдыру, өзін-өзі өзектілеу әдістері арқылы жүзеге 
асырылды. Тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарының қалыптасу жолын өзін-өзі түсіну 
мен өзін-өзі тану үрдістерінен бөліп-жарып қарауға болмайды. Өзін-өзі тану ұғымына 
психологиялық тұрғыда “Адам жаны өзін-өзі тек өз іс-әрекеттері үстінде ғана тани алады, оның 
өзі туралы білімі, сыртқы табиғат құбылыстары туралы білік секілді, қадағалаудан құралады”- 
деп келесі тұрғыда түсініктеме беріледі. Сонымен, рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде 
студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуі дегеніміз - тұлғаның өзін-өзі жетілдіруі, өз мүмкіндіктерін 
толығымен пайдалана алуы, рухани тазаруы, өркениеттің мыңдаған жылдар бойы жинақтаған 
адамгершілік құндылықтарына өздігінен тартылуы.
2. Жан-жақты жетілген студент тұлғасы өзіне деген жоғары талаптарымен, оның ішкі өзін-өзі 
бақылауымен ерекшелінеді. Тұлғаның өзін-өзі бақылай, бағалай, түзей және өзін-өзі ұстай алуы – 
биік мәдениет пен жетік парасатылықтың көөрсеткіші өзін-өзі бақылаудың көмегімен нақтылы 
мінез-құлықтың, қарым-қатынастың, іс-әрекеттің өз мақсаттарына сәйкестігі әркез сарапталып 
отырды. Тұтастай алғанда көптеген авторлардың пікірі бойынша, тұлғаның өзін-өзі тануы – 
студенттің өзін-өзі тәрбиелеуінің, өз білімін жетілдіру мен өз тұлғасының өсіп-жетілуінің қажетті 
шарты Декарттың дәлелдеуіне сүйенсек, өзін-өзі танудан өткен жемісті жұмыс жоқ, бірақ бұл 
үшін көрегендік пен ержүректік қажет,. “Өзін- өзі адам ретінде зерттеп – білмеген адам өзге 
адамдарды да терең зерттей алмақ емес”. Студенттердің педагогикалық қызметінің табыстылығы 
әркез олардың өзін-өзі көтеріңкі бағалауымен, өзі туралы ұғымдарындағы бұлыңғырлықтың, 
түсініксіздіктің жоқтығымен және олардың бейімделуге деген жоғарғы қабілеттілігімен 
ұштасып, сабақтасып жатады. Бұл тұлғаның өзін-өзі бағалау қызыметінің қажеттілігін дәлелдеді. 
Өзін-өзі бағалау әрбір тұлғаға өз тиімді стилін тауып, оны дамытуға мүмкіндік береді. Д. 
Доуэрти және К.Паркер студенттердің өзін-өзі бағалауы олардың экстраверттілігі мен 
нейротизміне тәуелді екендігін анықтады. Студенттердің өздерін қоршаған ортасы олардың 
көбінесе интроверттікке бейімделуіне ықпал етеді, ал интраверттердің экстраверттерге қарағанда 
өзін-өзі бағалау шамасы төмендеу, қалыпты эмоциялық деңгейдегі студенттен нейротизмнің 
жоғары деңгейіндегі студенттің өзін-өзі бағалауы жоғарырақ. Болашақ педагог өміріндегі өзін-өзі 
көтеріңкі бағалаудың маңызы туралы А. Комбс, М. Розенберг, Р. Бернс және т.б. еңбектінде 
келтіріледі. Тұлғаның өзін позитивтік тұрғыдан қабылдауы оның қызметінің тиімділігінің 
маңызды факторларының бірі ретінде тұлғаның көтеріңкі “Менінің” дамуына әсер етеді. Өзіндік 
“Менмен” мен тиімді оқыту арасында айқын байланыс бар. Тиімді оқытудың қажетті 
шарттарының бірі- тұлғаның өзінің жеке және өз біліктілігіне деген сенімділік деңгейі. Сынып 
ішінде өзін сенімді сезіне отырып студент өз кемшіліктері мен оқушылардың кемшіліктерін 


оңай, тез ұғынады. “Өзінің бойында әділдік, шынайылық, өз тұлғасының құндылығы сезімі бар 
және оқушыларға позитивтік көзқараспен қарауға әзір тұлға оқушылардың өзін-өзі түсінуі мен 
олардың тұлғалық қалыптасуына тиімді ықпал ете алады, оларды өзіне сенуге үйретеді, 
құндықтарды жеңіп, оқудағы өз мүмкіндіктерін толықтай қолдауға үйретеді. Алайда түрлі 
зерттеулердің нәтижелері /Бернс/” тұлғаның мұндай маңызды қасиеттерінің даму деңгейі 
төмендігін көрсетті. Адам өзін-өзі тануға талаптанбаса, оның қолынан өзге адамдарды танып 
түсіну және оларға нақты көмектесе алу келмейді. Қоғадық дамудың өзге адамдармен қарым-
қатынасқа түсетін әрбір адам өзін- өзі тануын тереңдетуі шарт, бірақ Джерсиидтің байқауынша, 
бұған жеткілікті мөлшердегі жүректілік қажет, өз рефлексиясының нәтижелері қандай болса да, 
оларды әділ түрде қабылдауға мүмкіндік берерлік белгілі мөлшердегі объективтілік қажет.
Студент тұлғасының өзін-өзі тануы білім беру жүйесінде жетекші мақсаттардың бірі дәрежесін 
алуы қажет. Студенттің “Менін” позитивтік өзгерту қазіргі таңда педагогика мен психологияға 
деген гуманистік көзқарастың бірден-бір маңызды саласы, оқыту мен тәрбиелеу ісіне қатысы бар 
әр адамның өзін-өзі адамгершілік рухани дамытуын қамтамасыз ететін басты құралы. Болашақ 
маманның өзін- өзі дамыту қағидаларын меңгеруі қажет, әйтпесе ол өзгелерге бұл процесте 
қажетті көмек бере алмайды. Оқытудың тиімділігі тұлғаның психикалық дүниесінің жалпы 
үйлесімділігіне, әсіресе оның “Менінің” көтеріңкілігіне, позитивтілігіне тәуелді. Сондықтан 
студенттің тұлғалық дамуының сипаты мен өз бойындағы адамгершілік рухани 
құндылықтарының мән-маңызы оның академиялық жетістіктерінің маңызынан кем емес. Сөйтіп, 
педагогикалық жоғары оқу орындарының бағдарламаларындағы өзін-өзі тану мен өзгелерді 
түсінудің алар орнын, маңызын айтып жеткізу мүмкін емес, себебі “болашақ маман алдымен 
біреуді, сонан-соң бір нәрсеге оқытады”. Өзін-өзі дамыту тұлғаны өзгеден дараландыратын 
басты ерекшелік. Дүниені өзінше түсіну, сезіну адамдарды өзгелерден ерекшелендіреді. Осыдан 
туындайтын тәрбиенің мақсаты – студент өзінің даралық сипатын дамытып, бойындағы 
ерекшелігін өзгеге көрсетуі және оны басқаға үйрете білуі керек. Болашақ ұстаздарды өз 
бойындағы өз даралығына сенуге баулу, олардың қайталанбас даралық сипатына құрмет білдіру, 
осы қасиеттерді студенттің санасында орнықтыруы оқытушының бірден-бір мақсаты болуы тиіс. 
Сонда ғана оқытушы өз міндетін біршама орындап шығады. Студент өзінің даралық сипатын 
түсінуі арқылы өзін-өзі танып білуге, өзін-өзі дамытуға, шығармашылыққа, жағымды қарым-
қатынас орнатуға жол ашады. Болашақ ұстаздар әрдайым өз қабілеті, жетістігі туралы ойлауы 
тиіс.
Түрткілік- танымдық
Мақсаты
Рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде студенттердің өзін-өзі тәрбиеленуін ұйымдастыру.
Қағидалары ізгіліктік, демократия, мәдениетке сәйкестілік, табиғатқа сәйкестік, тұлғалық 
бағдарлы
Өзін-өзі тәрбиелеудің педагогикалық шарттары
Мазмұны
ОҚУ ҮРДІСІНДЕ Өзін-өзі тану сабағында рухани- адамгершілік құндылықтар негізінде өзін-өзі 
тану жолдарын үйрену.
ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ Өзін-өзі тану арнайы курсы, педагогика және психология пәндерінен 
арнайы курс, өзін-өзі тану пәнінен арнайы семинар, факультативтік сабақтар, ғылыми
Әдістері
топтық жұмыс, әңгіме, бақылау, аутотренинг жаттығулар, пікірталас, рольдік ойындар, 
сауалнамалар.
Құралдары
ұлы ойшылдардың ой пікірлері жазылған хрестоматия, өзін-өзі тану пәні, аталы сөздер, абайдың 
қара сөздері, аудио-бейне таспалар, ғылыми әдебиеттер.
Факультативтік сабақ, арнайы семинар сабақ, тренингтер, ситуациялық ойындар, топтық жұмыс 
т.б.
Рухани - адамгершілік құндылықтар негізінде өз бойындағы мүмкіншіліктерін қабілеттіліктерін 
толығымен пайдалана алатын жетілген тұлға.
Студент


Білімді, төзімді, демократияшыл, еркін, парасатты, әділ, қайырымды, мейірімді, өз бетімен 
дамуға қабілетті.
Формалары, түрлері
Рефлексиялық-іс- әрекеттік
Басқару нәтижелік Өл ш е м д е р
№ 1-ші сурет. Рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуінің 
құрылымдық моделі. Модель мазмұнында студент тұлғасының өзін-өзі зерттеу барысында 
тұлғаны қалыптастыру үшін өзіндік сапаларының деңгейлерін анықтау, іріктеу, құру, 
стандарттау, түзету әрі қарай эксперимент барысында диагностикалық болжам арқылы дамыту 
өзін-өзі басқарудың педагогикалық шарттары мен әдістемесі беріледі, оны жүзеге асыру 
студенттердің тұлғалық қалыптасуының өзін-өзі басқаруының жаңа қоғамға сай тәрбиеленуінің 
сапасын көтереді. Оқу-тәрбие үрдісінде студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуімен, студентке 
оқытушының өзін-өзі басқаруға жағдай туғызуымен ғана шектелмей, студент дайындығының 
жан-жақты дамуын, олардың бойында, қоғамдық талаптар алдындағы жауапкершілігін, білім 
алуға, ғылымға, техникаға, өнерге ұмтылысын, тұлғалық өзін-өзі дамыту арқылы адамгершілік 
құндылықтарға өзін-өзі тәрбиелеудің құрылымдық жүйесін жасау мәселесінің жаңа жолдарын 
анықтады. Модель бойынша бұл үрдіс студенттің жеке тұлғалық қасиеттердін дамытуды көздеу, 
сол арқылы олардың жауапкершілігін арттыруда, өзін-өзі тану және өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін 
пайдалану жолдары мен педагогикалық шарттарының орындалу бағыттары жүйеленіп 
сипатталды.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар 
1. Рухани-адамгершілік құндылықтар анықтамасына түсінік беріңіз?
2. Модель мазмұнынын сипаттаңыз?
3. Адамгершілік эмоциялық сапаларға не жатады?
4. В.А.Петровский, И.Ф.Исаев, М.И.Ситникова, И.Б.Котова, Е.Н.Шиянов, Ю.М.Орлов 
еңбектеріне ғылыми шолу жасаңыз?
5. “Өзін-өзі тану” анықтамасына сипаттама беріңіз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет