«Өзін-өзі тану» пәнінен лекциялар жинағЫ


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет11/17
Дата19.12.2023
өлшемі0.83 Mb.
#487029
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Лекциялар

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. Патриотизм ұғымына түсінік беріңіз.
2. Отансүйгіштік сезімдерді қалыптастыруға сіздің көзқарасыңыз?.
3. Жалпыадамзаттық құндылықтар негіздері деп нені айтамыз?
4. Қазақстандық патриотизм ұғымын қалай түсінесіз?
5. «Қазақстан ортақ мекенім» тақырыбына өзбетімен жұмыс жасау.
 
 
 
 
 
 
 


№9 Дәріс 
Тақырыбы: Рухани құндылықтар
Мақсаты: жан мен тән тазалығы, жан, рух, тән құмарлығын ажырата білу, рухани 
қазынаны байыту мен сақтау.
Тірек ұғымдар: “рух”, “жан”, “тән” “руханилық”, т.б.
Жоспар.
1. Рухани құндылықтар ұғымына түсінік.
2. Рухани келісім. Үйлесімділік әлем тұғыры.
3. Дін және оның даму тарихы.
1. Рухани даму дегеніміз-өзінің өмірдегі орнын, атқаратын міндетін, қазіргі және болашақ ұрпақ 
алдындағы жауапкершілігін, дүниенің күрделі құрылымын түсіну және өзін-өзі үздіксіз, 
бірқалыпты жетілдіру. Жастарға рухани тәрбие, білім беру адам дамуының тәндік, жандық, 
рухани үйлесімділігін, өмірді құндылық деп түсінуін өзін Жаратқанмен, табиғатпен 
үйлесімділікте ұстай білуін, жердегі тіршілікті сақтау үшін өзінің қажеттігін түсінуді қамтамасыз 
етеді. Рухани тәрбие адамның ізгілік, имандылық ұстанымдарын тәрбиелейді, адамның ақыл-ойы 
мен іс-әрекеттерін жүрек арқылы ізгілік мұраттарға бағыттап, өмірдің күрделілігін түсінуге 
рухани көзқарас қалыптастырады. Әр адам өзін-өзі рухани жетілдіру үшін өзін-өзі тәрбиелеуге, 
өздігінен білім алуға, өздігінен оқуға ұмтылуы тиіс. Рухани-адамгершілік құндылық 
тәрбиесіндегі басты нысана - студент тұлғасын құрметтеу. Оның рух иесі, бойында Жаратқанның 
ұлы қуаты бар-Кіші ғарыштық әлем, ғарыштың тіршілік иесі екенін және дүние мен, әлем мен 
біртұтастығын саналы түрде түсініп, оған бой ұсынуы, оны мұғалім солай қабылдауы шарт.
Әлемдік діндерге сипаттама 1) Дін жайында жалпы түсінік
2) Әлемдік діндер
А) Буддизм В) Хрестианшылдық С) Ислам діні
3) Жастардың көзбояушылыққа бой алдыруы
4) Қорытынды
Дін мемлекеттің негізін құраушы факторлардың бірі, ішкі тұрақтылықтың кепілі. «Дін» термині 
religio деген латын сөзінен шыққан. Дін мәселелері қоғам мен мемлекет үшін аса маңызды да 
күрделі болып табылады. Дін қоғам өмірінің барлық жақтарына әсер етіп, қоғамдық дамуға зор 
ықпал етеді. Сондықтан дін жайлы дұрыс көзқарасты, түсінікті қалыптастыру зайырлы діни білім 
берудің басты мақсаттарының бірі болып табылады. Әрбір адам өзінің дүниені түсінуіне, дүниеге 
көзқарасына және сеніміне байланысты дінді қабылдауы немесе қабылдамауы, тіпті әуелі одан 
теріс айналуы мүмкін. Әртүрлі халықтарда және тарихи дамудың әр кезеңдерінде этнографтар 
мен тарихшылар наным-сенімдердің және әдет- ғұрыптардың таңғаларлық өзгешеліктерін 
кездестіріп отырған. Тарихта көптеген нақты діндер шын мәнінде өмір сүрген және қазірде өмір 
сүріп келеді. Бірақ барлық халықтар үшін отақ сипат – діннің өмір сүру фактісінң өзі болып 
отыр. Жалпы алғанда, әлемдік діндерге будда, хрестиандық және ислам жатқызылады.
Әлемдік діндерге
Будда Христиан Ислам
«Әлемдік» деген ұғымның өзі оларды әртүрлі халықтардың ұстанатынын және бұл діндердің бір 
ұлттың немесе туыстас этностардың шеңберінен асып, бүкіл дүние жүзіне жайылғанын 
дәлелдейді.
Буддизм – ең ежелгі әлемдік дін. Б.з.б 1 мыңжылдықтың ортасында Үндістанда пайда болды. 
Бірақ Үндістанда гүлденіп, өркендеу дәуірінен соң, Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс, Орталық Азия, 
Қиыр Шығыс аймақтарын мекендеген халықтардың санасы мен тұрмысында орнығып қалды. 
Қазір әлемде буддизимді 800 млн-ға жуық адам ұстанады. Буддизм тарихына терең үңілсек, оның 
негізін салуға аңыздық кейіпкердің артында нақты өмір сүрген адам тұрған тәрізді. Аңызға сай, 
Шакья тайпа бірлестігінің ауқатты мүшесі – «ханзада» Сидхартха Гаутама (Гатама руынан) 
уайым-қайғысыз, бақытты жастық шағынан соң өмірдің өткіншілігі мен шарасыздығын сезінеді, 
үндінің өзіндік санасы үшін әмбебапты болған жанның мәңгілік көшіп-қонуы идеясы оның 
бойына үрей мен қорқынышты ұялатады. Гаутамаға түскен аян оны Будда («Буддха» – көзі 
ашылған, нұрланған) етті. Будда Шакьямуни (шакья тайпасынан шыққан данышпан) қоғам 
үмітін түсінікті де нанымды түрде жеткізе алды. Өмір сүру азап, азаптан құтылуға болады. Будда 
осы жолды тауып, басқаларға көрсетті.


Ұстаз – Будда Ілім – Дхарма Буддизмнің үш асыл 
қазынасы Ақиқат сақтаушылары – сангха Буддизм іліміне сай, өмір өзінің барлық көріністерінде 
– материалдық емес бөлшектер – дхармалардың әр түрлі комбинациялары немесе «ағындары » 
Дхармалардың түзілімі адамның, жануардың, өсімдіктің, тастың және т.т болмысын айқындайды. 
Бұл түзілімдердің ыдырауы өлімді, ажалды білдіреді. Будда ілімінің негізін, дәстүрге сай 
сидхардаха Гаутамаға ашылған «төрт ұлы ақиқат» құрайды. 
1) Өмір деген азап,
2) Азаптық себебі адамның құмарлықтары мен мұқтаждықтары
3) Осы жоғарыда айтылғандардан арылу арқылы азапты тоқтатуға болады.
4) Азапты тоқтату үшін дұрыс өмір сүру керек. Соңғысы буддизмнің сегіз тармақты жолы 
арқылы жүзеге асады. Бұл жол «дұрыс әрекеттен» және «шынайы білімнен» туады. «Дұрыс 
әрекет» дегеніміз адам өлтірмеу, тірі жанға зиян келтірмеу,(ахимса), ұрлық істемеу,өтірік айтпау, 
ақылдан адастыратын ішімдіктерді ішпеу сияқты принциптерден тұрады.
«Шынай білім» – өзіне-өзі үңілуді, ішкі паймдау – медитацияны білідіреді. Осы екеуінің 
тұтастығы адамға өмір мен өлімнің мәңгілік шеңдерінен шығып, Нирванаға жетуге мүмкіндік 
береді. Будда ілімінің дамуы барысында оның негізгі екі тармағы:
1)Хинаяна
2) махаяна қалыптасты.
Хинаяна манахтық өмір салтын ұстанып, будда ілімін терең игеруге басты назар аударады.
Махаянада кез-келген адам Нирванаға жете алады делінеді. II мыңжылдық басындағы мұсылман 
шапқыншылығы буддизмді Үндістаннан түпкілікті ығыстырып шықты. Олар буддалық 
білімділіктің соңғы тірегі болған монострь-Университеттерді қиратты. Аман қалған монахтар 
өздерімен бірге баға жетпес қол жазбаларды сақтапқалу үшін Непал мен Тибетті паналады.
Кеңес дәуірінде буддизм діні орны толмас шығынға ұшырады. Билік тарапынан оған тыйым 
салында. Бірақ соңғы жылдардағы ұлттық сананың оянуы дәстүрлі құндылықтардың 
жаңғыруына жол ашты. Буддизм дәстүрі кең таралған аймақтардан басқа жерлерде де махаяна 
мен 
хинаянангың 
әртүрлі 
бағыттарын 
ұстанатын 
қауымдар 
құрылды.
2)Христианшылдық Христианшылдық діні б.з 1ғасырында Помпей шапқыншылығынан кейін 
Ресей империясының құрамына кірген Палестинада пайда болды. Христиан діні – құлдық 
тәртіпті айыптап, қарапайым халықтың мүдделерін қорғауға талыпынанды. Сөйтіп, адамдарға 
Христос әкелген құдайлық ақиқатты тану арқылы әрбір адам бостандыққа жете алады деп 
жариялайды. Адам төзгісіз қоғамдық қатынастарға қарсы шығып, әр адамға түсінікті 
адамгершілік құндылықтарды ұстануға шақырған христиан діні тез арада үлкен идечлық күшке 
айналды. Христианшылдықтың идеялық негіздерінің қалыптасуы Христиан апологетикасы 
христиан діні адамдар ойлап тапқан жоқ, ол адамзатқа құдайдың жіберген діні дейді. Бірақ діни 
ілімдердің салыстырмалы тарихы христиан дінінің пайда болына діни, философиялық, этикалық 
ықпалдардың болғанын айғақтайды. Хрисиан ілімі Қасиетті жазу Библия мен Қасиетті Аңызға – 
шіркеу әкелерінің айтқандарына соборлардың шешімдеріне негізделеді. Алайда ерте 
христиандықта бұл негіздер болған жоқ.
Христианшылдық ұзақ уақыт бойы ауызша дәстүрге негізделген уағыздар айту, аңыз-әңгімелер 
«игі хабарлар» арқылы таралды. Христиан шіркеулерінің бөлінуі Христианшылдық біртұтас діни 
ағым бола алмады. Рим империясының көптеген провинцияларына таралу барысында әр елдің 
жағдайына қалыптасқан әлеуметтік қатынастарға жергілікті дәстүрлерге бейімделді. Рим 
мемлекетінің орталықсыздануының (ыдырауының) нәтижесінде алғашық төрт автокефальды 
(тәуелсіз) Константинопольдық, Александриялық, Антиохиялық, Иерусалимдік шіркеулер пайда 
болды. Христиан дінідегі ең ірі жіктелудің бірі негізгі екі бағыттың проваславия мен католизмнің 
пайда болуы болды.
1) Православия
2) Католизм П 
равославиелік ілім дүниенің пайда болуы, мақсаты мен ақыры адам мен оның күнәкәр табтиғаты, 
құдайшылық шарап туралы догматтарды қамтиды. Осы догматтардың барлығын шіркеу сөзсіз 
ақиқат, беделді, қарсылық тудырмайтын, өзгермейтін деп жариялайды. Православиелік культтің 
маңызды элементтерінің бірі – мейрамдар. Олардың ішіндегі ең салтанаттысы Пасха болып 
табылады. Католиктік ілім мен Католик шіркеуі ерте христиандық аясында біртіндеп 


қалыптасты. «Католикос» ұымы грек тілінен «әлемдік», «жалпы» деп аударылады. Алғаш рет 
антиохиялық епископ Игнатий Богоносец II ғасырдың ортасында қолданған бұл ұғым Батыс 
христиандығының атауы ретінде сақталып қалды. Ислам Ислам (араб, өзін Аллаһқа тапсыру, 
мойынсұну) – үшінші, ең жас әлемдік дін. Ислам жер бетіндегі ең көп таралған діндерге жатады.
Әлемде 1,3 млрд адам ислам дінін ұстанады. 35 мемлекетте мұсылмандар тұрғындардың басым 
көпшілігін құрайды. 28 елде ислам мемлекеттік дін деп жарияланған (Египет, Сауд Арабиясы, 
Марокко, Кувейт, Иран, Пәкістан және т.б) 120 елде мұсылман қауымдары бар. Ислам – қуатты 
әлеуметтік-мәдени, белсенді саяси күш. Исламның негізін қалаған Мұхаммед 570 жылы, исламға 
дейінгі Арабияның ең ірі сауда және діни орталығы Мекке қаласында дүниеге келген. ол күреіш 
тайпасының кедейленген хашім руынан шықты.
Исламның негізгі бағыттары. Ислам үш бағытқа бөлінеді – мұсылман әлеміндегі ең көп 
жақтастары бір сунниттік бағыт, шииттік және хариджиттік бағыт. Олардың пайда болуы, ең 
алдымен, мұсылман қауымындағы билік үшін күреске және саяси мотивке байланысты еді. 
Хариджиттер ислам тарихындағы ең ежелгі діни-саяси топ болған. VIII ғ екінші жартысының 
басында хариджиттер арасында бір-бірімен бәсекелес топтар шыға бастады –азракиттер, 
ибадиттер, суфиттер. Хариджиттердің өз ішіндегі бытыраңқылық олардың күшін әлсіретті. 
Хариджиттер Исламдағы билік теориясына байланысты догматикалық сұрақтарды даярлауға көп 
үлес қосты. «Тайпалық десократия» тұғырнамасын ұстана отырып, олар халиф жоғарғы билікті 
тек қана сайлану жолымен алуы тиіс деп есептеді. Егер де, ол өзіне қойылған талаптар 
деңгейінен көріне алмаса, онда қауым оны алып тастауға, ал керек болған жағдайда – өлтіруге 
дейін бара алады. Халиф болып кез келген дінді ұстанған адам тегіне, әлеуметтік статусына
және ұлтына қарамай сайлана алады. Билікке үміткер жанға қойылатын басты талаптар – оның 
Құран мен Суннаны қатаң ұстануы, мұсылман қауымының өкілдеріне әділетті қарауы және сол 
қауымның мүддесін қолына қару алып қорғауға шамасының келетініндей болуы керек. Халиф – 
мұсылман қауымының басты өкілетті тұлғасы және де әскер басшысы болып есептелінеді.
Хариджиттер заңды халифтар деп Абу Бакр мен Омарды есептеген. Келіссөз жүргізу арқылы 
Муавиямен ортадағы дауды шешуге ұмтылған Али, хариджиттер түсінігінде, өзінің халифатқа 
иелік ету құқығын жоғалтты. Өйткені оны «Алла ғана соттай алады» деген принципті бұзса 
керек. Саяси тұрғыдан алғанда хариджиттер радикалды көңіл күйлер тудырушылар болды, ал 
діни тұрғыдан алғанда олар исламның «тазалығын» сақтауда және әдет+- ғұрыптарды қатаң 
қадағалауда ештеңеден тайынбайтын топ еді. Шииттер мен сунниттер Исламдағы шииттік 
бағыт Мұхаммед пайғамбардың жалғыз мирасқоры «тақуа халиф» Али мен оның ұрпақтарын 
ғана мойындайтын мұсылмандардың басын біріктіреді. Шиизм ( ар. «шиа»- топ, партия) де, 
исламның өзі сынды, өз алдына біріккен біртұтас жүей болып табылмайды. Ол – көптеген 
секталар мен бағыттарға бөлініп кеткен бытыраңқы бағыт. Шииттердің жіктелуі діни-саяси 
көшбасшылық мәселесіне байланысты қақтығысулар, алауыздықтар нәтижесінде жүріп отырды.
Шииттер, суннитер сияқты, Суннаны мұсылман дін ілімінің екінші көзі, бастау деп 
есептейді. Бірақ олардың сунниттерден ерекшеліктері мынада.: олар бірінші топтағы аса 
абыройлы тұлғалар деп «тақуа халиф» Алиді, оның жақын әріптестерін, сонымен бірге Али 
әулетінен шыққан адамдарды таниды. Шииттер, суниттерге қарағанда қасіретшеккенді, азап 
тартқан жанды пір тұту кең тараған. Дін жолында азартану иедясына, Али мен оның баласы 
Хусейіннен басталған біраз шииттік имамдардың қайғылы тағдырларына шииттер басты назар 
аударады. Шииттік тәжірибеде кең орын алған принцип такия «байқампаздық, естілік, 
ақылдылық» – « өз сеніміңді ақылмен жасырып-жабу» принципі, чғни адамның жеке басының 
қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда, әлде жамағаттың ортақ мүддесін көздеу мақсатында өз 
дініңе, сеніміңе жан дүниеңде берік бола тұра, іс жүзінде – оған қарсы келетін нәрселер жасау 
мен айтуға рұқсат етіледі.Шииттер бұндай жағдайға жол беріп отырған жоқ. Өйткені олар – өз 
тарихында саны жағынан азғантай болып, көбіне біраз қысым көрген жандар. Суниттер 
Исламдағы ең ірі бағыт – сунниттер. Әлемдегі мұсылмандардың 90 пайызы сунниттік бағытты 
ұстанады. Сунниттердің толық атауы – «Сунна мен қауым бірлігінің адамдары» – дәстүрлі 
ислманың маңызды принциптерін танытады. Сунниттерге тән белгілердің негіділеріне: төрт 
«тақу халиятердің» заңды билігін мойындау,; алты «қағидалы» хадис жинақтарының 
дәйектілігіен күмән келтірмеу; сунниттік төрт құқықтық мектептердің біріне тиесілі болу. 
жатады (маликиттік, шафииттік, ханифиттік немесе ханбалиттік) Шииттерден сунниттердің 


айырмашылығы – олардың Алла мен адам арасында Мұхаммед пағамбардан соң елшілік етуші 
жан жоқ деген идеяны жоққа шығаратындығы. Суннизмнің аясында ерекше секталар пайда 
болған жоқ. Бұл жағы оны шиизмнен бөлектеп тұрады. Шиидтік секталар Кең тараған исламдық 
жіктемелердің бірреуіне сай, шиитік бес үлкен секталар бар олар өз алдына одан да кішірек 
құрылымдарға бөлінген екен. Оларға: Кайсаниттер, зейдиттер, имамиттер, «шеткі» шииттер және 
исмаилиттер жатады.
3) Жастардың көзбояушылыққа бой алдыруы Қазір дін мен дәстүрді былықтырып, өзгеше 
ұлттық дін жасағысы келіп жүргендер бар, яғни олар әр ұлттың өз діні болу керек дегенді қағида 
қылып ұстанады. Міне, осы т ұрғыдан қарағанда әртүрлі діни ағымдар өздерін ұлттық дінді 
ұстап жүрген біздерміз деп халықтың басын қатырады. Қазіргі ең өзекті мәселе – көп мұсылман 
жастардың сектаға кетуі. Көпшлігі оның не екенін түсініп білмей кіріп, содан соң басын алып 
шыға алмайды. ақша табудың қиындауы, өмірден өз орнын таба аламау – жастардың 
психологиясын мүлдем өзгертуде. Секта – діннің ең қауіпті бағыты. Онда адам психологиясын 
өз дініне, өмірге, еліне, жеріне теріс бағыттайды. Сектанттар қарапайым адамдарға үгіт –насихат 
жүргізіп, бірдеңемен қызықтыру арқылы өз қатарына , өз ортасына тартады. Сетаға кірсе, 
мұқтаждықта жүрген жандарға қамқорлық ретінде ақша, үй, көлікке дейін береді екен. Ал, алған 
мүліктер үшін ол жандар сектаға кіріп, есінен адасады. Үйінен қашып, сектаға кіріп кеткен 
балаларын өз отбасына қайтара алмай жүрген ата-аналар аз емес. Ислам атын жамылған діни 
ағымның бірі – «Хизбут – Таһрир» партиясы . Бұл ұйымда мұсылмандар арасына жік салуда. 
Өкіншке орай, кей жастарымыз мәселенің мән-жайына бармастан теріс уағызға көзсіз көбелектей 
ілесіп олардың қатарына қалай қосылып қалғанын аңғармай жүр. Жастарымыздың осындай 
көзбояушылыққа бой ұсынуы жыл сайын артып келеді. Мұның бәрі біздің иманымыз бен діни 
сауатымыздың қаншалықты төмен дәрежеде екендігін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет