«Өзін-өзі тану» пәнінен лекциялар жинағЫ


 Отансүйгіштік сезімдерді қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет9/17
Дата19.12.2023
өлшемі0.83 Mb.
#487029
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Лекциялар

2. Отансүйгіштік сезімдерді қалыптастыру.
Азаматтық тәрбие сана-сезімді, дүниетанымды қалыптастырудан басталып саяси 
идеялық тәрбие арқылы отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа әкеледі. Отансүйгіштік, ұлтжандылық 
екеуі егіз ұғым. Патриотизм - Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш-қуатын, білімін Отан 
игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен дәстүрін құрмет 
тұту. Патриотизм грекше patriotes- отандас, patris- отан, туған жер деген ұғымды білдіреді. 
Отансүйгіштік - адамның бойындағы сезімге байланысты. Шәкірттердің сол сезімін ояту, өзін өз 
елінің азаматымын деп сезіне білу, өзінің бүкіл елімен және халқымен туысқандығын сезу, 
адамды қолдап, отыратын өзінің күші мен мүмкіндіктерін, сенімін нығайтатын ең күшті сезім 
болып саналады. Отансүйгіштік ұғымы елдің саяси құрылысына, оның саяси мекемелеріне 
сүйіспеншілік пен халықтың құрамын, өзі өмір сүріп отырған мәдени ортаға (мәдениетке, 
адамгершілікке, елдің әдет-ғұрпына) халықтың сүйіспеншілігін, өзі өмір сүріп отырған 
әлеуметтік ортаға (елдегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарға, оның еңбек жағдайларына) 
халықтың сүйіспеншілігі мен құрметін қамтиды. Қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу 
міндеттеріне: - Қазақстанда өмір сүріп жатқан әрбір ұлт өкілдеріне ұлтжандылық, отансүйгіштік 
сезімді түсіндіру; - Қазақстанда қызмет етуді мойындату; - Қазақстанды ішкі немесе сыртқы 
жаудан қорғауға дайындау. Қазір буржуазиялық, пролетариаттық патриотизм жоқ. Әр мемлекет 
өз мүддесін қорғайды. Сондықтан елдік, отандық патриотизм немесе отансүйгіштік тәрбие бар.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген қоғамда жаңа 
идеология қалыптастыру керек болды. Бұл идеологиялардың негіздерін «патриотизм», 
«қазақстандық патриотизм» және «ұлтжандылық» ұғымдары құрайды. Ежелгі грек жерінде пайда 
болған патриот сөзі дүниежүзілік қауымдастықтың даму тарихына және мемлекеттерді саяси 
жағдайға байланысты сан алуан сипат пен мағынаға ие болып отырған. Ежелгі грек ғұламалары 
Аристотель, Платон, Цицерон, 18-ғасырда француз матералистері, неміс философтары, орыс 
революционер- демократтары, қазақ ағартушылары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев 
т.б. еңбектері мен шығармаларын еліне, жеріне деген ұлтжандылық және патриоттық 
сүйіспеншілік көрініс тапқан. Патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаты-жеке тұлғаның, әлеуметтік 
топтың патриоттық іс-әрекеттерін саналы түрде меңгеріп алудағы талпынысын айқындайтын 
саяси моральдық, кәсіптік шынықтыру салаларымен қалыптастыру. Қазақ халқының батыры, 
халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы «Патриотизм-Отанға деген сүйіспеншілік, жеке 
адамның аман-саулығы қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, 
өзінің мемлекетке тәуелді екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз- мемлекет 
деген ұғымды, оны жеке адам мен барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағы 
мен қарым-қатынасын біріктіреді»,- деп атап көрсеткен болатын. Сондай-ақ соңғы жылдардағы 
педагогикалық зерттеулерде жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің теориялық тұстарының 
ескерілмей келгені де байқалады. Міне, осы проблемалардың бәрі патриоттық тәрбие мәселесінің 
белсенділігін көрсетсе керек. Қазіргі егменді ел жағдайында жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу, 
олардың елін, жерін сүйетін, ана тілін ардақтайтын, ұлтын пір тұтатын азамат болып өсуін 
қамтамассыз ету-бүгінгі мектептің басты мақсаты деуге болады. Жоғарыда патриотизм ұғымына 
берілген сипаттамалар мен зерттеушілер, ұлы ойшылдардың, қазақ зиялыларының пікірлеріне 
сүйене отырып, біз өз пайымдауымызды білдірдік. Патриотизм-ол өзінің туған жеріне, тіліне, 
еліне, мемлекетке деген сүйіспеншілік сезімі, сол мемлекеттің, Отанның гүлденуіне, өсіп-
өркендеуіне өз үлесін қосу, қызмет ету. Ел Президенті Қазақстан халқына жолдауында:-Біз 
Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін 
дамытуға тиіспіз,-деген болатын. Қазақстан түрлі тарихи аласапырандарды басынан өткізіп 
барып, тәуелсіздікке қолын жеткізген, көп ұлтты республика. Сондықтан оның берік болуы 
патриоттық тәрбиені дұрыс жолға қоя білуге байланысты болмақ. Тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа 
Конституциясында да республика қызметінің түбегейлі қағидаларының бірі- қазақстандық 
патриотизм деп атап көрсетілген. Қазақстандық патриотизм ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса 
туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді. Елімізде 
жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің туған 
Отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы 
Қазақстанды ата жұртым деп танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын 
арттыруға еңбек етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі 


қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді. Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол 
болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты. Қазақстандық патриотизм-
Отан-анаға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік,өнеге көрсетушілік,бойдағы білім мен 
білікті,ақыл- парасатты ел игілігіне жұмсау,атамекен мүддесіне арнау болмақ. Өз елінің өткенін 
құрметтей білу де осы қазақстандық патриотизм құрамына кірсе керек.
А.Абижанов - «патриотизмнің мәні өте күрделі. Бір жағынан,ол ізгілікті саяси үрдіс, яки жеке 
тұлға һәм қоғамдық сана элементтерінен тұрса,екінші жағынан,Отанды қорғауға,нығайтуға 
бағытталған сезім болып табылады»-деген.Мұнда автор патриотизм деген ұғымды адамның 
санасы және сезімімен байланыстырып отыр,демек, болашақ азаматтардың бойына патриоттық 
сана-сезім орнықтыру қажет.Қазақстандағы мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу 
тақырыбы көптен бері зерттеліп келеді. Сондай еңбектердің бірі ретінде С.Қ.Нұрмұқашеваның 
«Қазақстан мектептеріндегі оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудің дамуы» еңбегі атауға 
тұрарлық. Онда,білімнің мазмұнын жаңғырту, оқулықтарға қазақстандық материалдар енгізу; 
оқытудың әдіс- тәсілдерін жаңғырту; оқушыларға тарихи ерекшеліктерді іздеп табу оларды оқу-
тәрбие ісіне пайдалану секілді іс-әрекеттерін ұйымдастыру секілді ұсыныстар берілген. 
Патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірақ ол әрбір 
оқушыда патриоттық сана, патриоттық сезім қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді 
болмақ. Психологияда адамның жан-дүниесі, сезім әрекеттеріне екінші сигналдық жүйенің 
ықпалы мол екендігі айтылады. Бұл ретте мектептердің патриотизмге тәрбиелеу жолдарын 
қарастыра келіп, олардың, жалпы оқушылардың сана - сезіміне ықпал ету, іс- әрекеттерін 
ұйымдастыру бағыттарында жүргізілгендігін анықтадық. Ұйымдастыру жұмыстарын осы 
бағыттар бойынша топтастырсақ, олар былайша бейнеленеді: лекторий, соғыс және еңбек 
ардагерлерімен кездесулер, әңгіме кітаптар бойынша оқырман конференцияларын ұйымдастыру, 
ойын-сауық кештері, мұражайларға материалдар жинау, фото қалқаншалар, фотоальбомдар 
жасау тағы басқа іс-әрекеттерді ұйымдастыруға бағытталған. Тәрбиелік іс-шараның бағыттары 
«ұлтжандылық,ұлттық 
патриотизмдік» 
сананы 
қалыптастыру 
болса,ол-
ар,намыс,ождан,қарыз,парыз секілді тағы басқа ұғымдар мен түсініктерді нақтылауды;олар 
туралы оқушы білімдерін жетілдіруді және олардың ауқымын кеңейтіп,тереңдетуді; сөйтіп
Отан, мемлекет, ел, ұлт,халық,атамекен секілді киелі ұғымдармен байланысын ашып көрсетуді 
талап етеді. Өсіп келе жатқан жас буындардың бойында ұлттық патриотизмді қалыптастыруда, 
олардың әрқайсыларының «өзін ұлтының перзентімін» деп сезінуін нысанаға ала отырып, 
Қазақстандағы дәл бүгінгі жағдайда «ұлтты сақтап, одан әрі өркенін өсірудің кепілі»,-деп білген 
жөн. Мұның өзі «ұлт дегеніміз - ұлттың өзін-өзі билеу идеясы басын құраған адамдардың 
шынайы жүрек жарды бірлестігі» деген идеядан өрбиді. Патриоттық сезім- келтірілген киелі 
ұғымдармен байланысты: қуаныш, мақтаныш, күйіну, сүйсіну секілді т.б. эмоция спектілеріне 
қозғау салу, ояту, дамыту, қалыптастыру мәселелерін шешуді де көздейді. Патриоттық сезім- 
жоғары сезімдер тобына кіреді деген пікірдеміз. Өйткені ол «қоғамдық мәнді және көңіл күйге 
байланысты моральдық сезімдерге» қатысты болып келеді, ол сананың жетілуімен тығыз 
байланысты дамиды. Қоғамдық тәрбиенің ықпалымен патриоттық сезімдер тұрақтанып, 
оқушының іс-әрекеті, мінез-құлқынан, сөзі мен ісінен көрініс беріп, ұлты, халқы, Отаны үшін 
қызмет етуге дайын тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет