«Өзін-өзі тану» ПӘнінен оқу- әдістемелік кешен



бет3/8
Дата10.06.2016
өлшемі0.59 Mb.
#126890
1   2   3   4   5   6   7   8

Тақырыбы: Адамның ішкі дүниесінің бірегейі.

Жоспары:

  1. Ішкі дүние даму аспектілері.

  2. Ішкі дүние бірегейі туралы ғалымдардың педагогикалық-психологиялық ой-пікірлері.

  3. Жан мен тән байланысы. Ар-ождан ұғымы.

  1. Тұлғаның өзін-өзі тануы мен өзін -өзі түсінуі терминологиялық статусқа Е.М. Боброваның, Н.И. Кузьминнің, Ю.Н.Кулюткиннің, В.Н. Козиевтің, С.В. Васильковскаяның, Л.М. Митинаның, А.К. Маркованың, В.А. Якуниннің еңбектерінде ие болды.

Мысалы, Е.М. Боброва өзін-өзі түсінуді, яғни студенттің болашақ педагогикалық қабілет дағдыларды игеру деңгейін тұлғаның өз бойында бар білім мен тәжірибені педагогикалық үрдісте мақсаттарына жету үшін пайдаланады деп түсіндіреді.

В.Н. Козиев болашақ педагог тұлғасының өзін-өзі түсінуін ол тұлға өзін ұғына отырып, өз ісін белгілі бір жүйеге бағыттап отырады деп қарастырады. Бұл іс-әрекетінің арқасында студент тұлғасының бойында белсенді түрде өзіндік жетілу, өз бойында саналы түрде жеке тұлғаның маңызды қасиеттері мен өз шеберлігін қалыптастыру процесі жүреді.

Ю.Н. Кулюткин өзін-өзі түсіну-қол жеткен жетістіктерді бағалау, өзіндік өсіп-жетілу бағыттарын жоспарлап, оларды жүзеге асыру жолындағы іс-әрекеті деп көрсетеді. Бүгінгі студент болашақта өз бойында қандай рухани-адамгершілік қадір-қасиеттерді тәрбиелеп дамыту қажеттігін, екінші жағынан ол қасиеттердің өз бойында қаншалықты өсіп жетілгенін білгенде ғана ол аталмыш қабілеттерді қалыптастыру мен дамытуға саналы түрде ұмтылуы мүмкін. Тек тұлға өзінің психологиялық ерекшеліктерін танып-біліп, оларды өз даму жолымен салыстырып, сәйкестендіре алған жағдайда ғана оның бойында қажетті адамгершілік қадір-қасиеттер мен дағдыларды тәрбиелеу мен жетілдіруге бағытталған белсенділік туындайды. Ұсынылған анықтамалардың көрсеткеніндей, көптеген зерттеуші - ғалымдар өзін-өзі түсінуді өзін-өзі тану, өз бойындағы ерекшеліктерді пайымдап, оларды нақты іс-әрекет саласының талаптарымен сәйкестендіру үрдісі ретінде қарастырады.

Е.М. Боброва студенттердің өзін-өзі түсінуінің мазмұндық жағына көп көңіл бөледі. Ол бұл аспектіні студенттердің оқыту үрдісінде қалыптастыратын дағдылардың үш тобына жіктейді: жалпы педагогтық дағды, арнаулы және тұлғалық дағдылар.

Л.М. Митинаның пікірінше, студенттің өз мамандығында өзін-өзі түсіну деңгейінің төмен болуы оның тек жекелеген қасиеттер мен қабілеттерді түсінуінен туындайды. Өзін-өзі түсінудің жоғарғы деңгейіне қол жеткізген студенттердің ұғымындағы “Меннің” біртұтас бейнесі оның құндылық бағытының жалпы жүйесіне кіреді. Бұл бағыт оның өз дамуы мен алға қойылған мақсаттарына жетуде басты негіз болады.

Егер бұдан ертеректе болашақ педагог шеберлігінің критериі ретінде оның, негізінен, арнаулы әдістемелік және педагогикалық саладағы білімі мен дағдылары қарастырылса, соңғы кезде зерттеуші ғалымдар болашақ педагог тұлғасының психологиялық қасиеттеріне баса көңіл аударады, әсіресе тұлғаның қайталанбас бітім болмысы мен тұлғаның өзін-өзі қабылдап ұғынуын сараптауға мүмкіндік беретін перцевтивтік-рефлексиялық қабілеттеріне ерекше мән береді.

Н.В. Кухарев еңбетерінде шебер педагог жұмысын қатаң қадағалау олардың өз тәрбиеленушісінің жеке тұлғасына айрықша нәзік сезімталдықпен қарайтындығын көрсетті. Тұлғаның мұндай сезімталдығы олардың жоғары байқағыштығы мен көрегендігінің жемісі. Бұл қабілет олардың болашақ педагог жолындағы шығармашылық табысының алғы шарты. Олай болса, бүгінгі студенттің өзін-өзі үнемі танып, қадағалап отырып, олардың бойында қырағылық, жоғары сезімталдық, соның арқасында жаманнан жиреніп, жақсыға ұмтылысы жоғарлайтыны сөзсіз.

А.К. Маркованың пайымдауынша, бұл қабілеттер - қайтадан қалпына келмейтін қабілеттер. Тұлға бойындағы олардың мардымсыздығы немесе мүлде дамымағандығы оның жеке бітімінің жағымсыз жаққа өзгеруіне әкеліп соғады.

Н.В. Кузьминаның зерттеу еңбегінде шеберліктің жоғары деңгейін меңгерген студент үздіксіз өзін-өзі тану процесіне жететіндігін көрсетті. Бұл үрдіс тәжірибенің өзге адамдар мен өзін- өзі танудың барлық компоненттерінің бір-бірімен үйлесе ұштасуына негізделген. Оларға өзін-өзі әділ бағалау, өзінің жеке тұлғасының жетістіктері мен сәтсіздіктерінің себептерін түсіне білу, өз іс- әрекетінің нәтижелерін пайымдай және сараптай білу, өз іс-әрекеті мен өзге іс-әрекеттерін салыстыру қасиеттері тән. Жоғары деңгейдегі студент тұлғасы өз мүмкіндіктерін әділ бағалай білудің арқасында өзінің іс-әрекеттерін тиімді қадағалайды, оқу-тәрбиелік мәселелерді шешуде жоғары деңгейге қол жеткізеді, жеке тұлғаның бойында рухани-адамгершілік құндылықтары мен қасиеттері қалыптасады. Перцептивтік-рефлексиялық, диагностикалық және алдын-ала анықтау дағдылары студент тұлғасының кейбір психологиялық қасиеттерімен тығыз байланысты.

Г.М. Метельскийдің зерттеу еңбегінде студенттің жоғарыда аталған дағдылары мен оның санасының сынилығы, өзіне талап қоюы, оның өзін-өзі бағалауының әділдігі, өз уақытын ұйымдастыра білуі, өз мінез-құлқын және дағдыларын тәрбиелеу жүйесін жобалауға көмектеседі, яғни рефлексиялық міндеттерді тиімді орындай білу студент тұлғасында рухани-адамгершілік құндылықтарының табысты жетілуіне жетелейді.

Қазіргі кезге дейін тұлғаның өзін-өзі түсінуін зерттеу еңбектері негізінен теориялық негіздері терең сарапталмаған. Бұл жөнінде шектеулі мәселелер қарастырылады. Олар өзін-өзі түсінудің деңгейлері мен бірліктері секілді мәселелерге бағытталады.

Тұлғаның өзін-өзі түсінуінің құрылымын теориялық сараптау оның үш құрама бөлімнен /когнетивтік, аффективтік және мінез- құлықтық компоненттер/ тұратын өзін-өзі толықтырушы бірлік екендігін көрсетті. /Л.М. Митина, А.К. Маркова/.

Когнитивтік құрылымдық бөлімнің ішіне тұлғаның өзін педагогикалық саладағы тұлғааралық қарым-қатынастар жүйесіндегі және өзінің тұлғалық даму жүйесіндегі өзін-өзі түйсінуі /сезінуі/ кіреді. Біртіндеп, жекелеген педагогикалық ситуациялардағы өз бітімі туралы ұғым - түсінігі негізінде, әріптестерінің пікірі негізінде тұлғаның бойында тұрақты “Мені” қалыптасады. Ол тұлғаға өз-өзіне деген сенімділік туғызады немесе керісінше, ол сенімді яки мүлде жояды. “Мен”- негізінде тұлға өзіне қатысты құбылыстарға баға береді.

Негізгі ұғымдар:



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Е.М. Боброваның өзін-өзі түсіну ұғымына сипаттама беріңіз.

  2. Ш. Құдайбердиевтің “Үш анық” шығармасын «хрестоматия» бойынша сипаттап ар-ұждан ұғымын түсіндіріңіз.

  3. ААдам санасы үш түрлі қызметіне сипаттама беріңіз. Оған әсер ететін факторларға тоқталыңыз?

  4. “Менің” ішкі сыртқы бейнесі мен қажеттілігі, өмірдегі орнына анықтама беріңіз.

  5. К.Р. Левинтан мен С.Г. Верловский көзқарасы бойынша схема құрыңыздар.

  6. Төлқұжат бойынша сурет құрастырып, сипаттама жазыңыздар.


№4-дәріс

Тақырыбы: Кәсіби өсу және өзіндік даму тұлғаның жетістігінің негізі ретінде.



Жоспары:

  1. Кәсіби өмір бастауы.

  2. Абай тағылымдары.

  3. Қазақ ағартушыларының ой-өсиеттері мен тұжырымдамалары.

Адамгершілік адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аяушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды, сондай-ақ кішіпейілділік, адалдық шыншылдық та адамгершілікке жатады. Осыдан келіп адамгершілік ұғымы ізгілік, гуманизмінің синонимі ретінде, адамның игілігі мақсатқа айналғанда пайда болатын қарым- қатынастар жүйесі мен қоғамдық ахуал ретінде неғұрлым кең мағынада қолданылады. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек - адамгершілік қоғамдық қатынастардың дамуы мен тарихи-мәдени, рухани қажеттіліктің нәтижесі. Адамгершілік туа біткен қасиет емес. Адамгершіліктің моральдан айырмашылығы мораль сыртқы қоғамда жазылған заңдар мен нормалар жүйесін қамтып сырттай әсер ететін болса, адамгершілік адамның ішкі дүниесінде қалыптасады. Адамгершілік адамның ішкі еркінің сезімі. Адамгершілік принциптері бірлікте өмір сүру, бақытқа талпыну, мүдделерді үйлестіру мен ұжым болып жұмылудың, жоқ-жітік пен ауру- кемтарға, бала мен кәріге жәрдемдесудің қажеттігін сезіну мен мойындау сияқты факторлар негізінде қалыптасады деп ой түйіндей келе адамгершілік ұғымына келесі анықтама беруге болады. Адамгершілік дегеніміз - тұлғаның өз бойындағы негізгі ізгі сезімдер мен терең руханилықтан туындап, моралдық нормаларға бағынатын еркін қарым-қатынас жүйесі.

Адамгершіліктің көрніс табуы әрбір тұлғада әртүрлі. Себебі әр тұлға өзіне әртүрлі жеке өзінің құндылық мақсаттарын таңдайды. Соған бағыттап өз бойында рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады (Г.А. Брандт, А.М. Лобок).

  1. Қазақтың рухани мәдениеті қола дәуірінен қалыптасып, бірнеше тарихи кезеңдерден өтіп біздің халқымызға жетті. Көне түркілерден келе жатқан көшпенді ата бабамыздың негізгі рухани мәдениетінде дін арқылы бірлесу, топтасып қалың қол жинап елдің бірлігін сақтап отырған. Шапқыншылық кезеңдерде тек қана білектің күшімен емес, жүректің, діннің , өткір сөздің, ақыл-ойдың ұшқырлығымен халықты біріктірген. Содан білекті бірді жығар- деген нақыл сөзбен өсиет қалдырған. Қазақстан халқының үш ғасыр бойы рухани мәдениеті сонау сақ, ғұн дәуірі одан кейін жалпы түрікі, қазақ хандығы Рессей мәдениеті, Кеңес үкіметі кезеңдерінің тарихи мәдени даму қалыптарынан өтті. Осы кезеңдерде әрбір даму кезеңі өз кезегінде рухани мәдениеттің дамуына жолдар салды. Сақ, ғұн мәдениетінде көшпенді халықтың әдет ғұрпы қалыптасса, жалпы түркі дәуірінде көшпенді жартылай отырықшы халықтың мәдениеті, Рессей мәдениетінде бодандық, қазақ хандығында рулық, Кеңес үкіметі жылдарында жалпы адамзатты жеке ұлтты материалды үрдіс деп тану т.с.с рухани мәдениеттің негізгі кезеңдері өзгеріске ұшырап келер ұрпаққа жеткізіліп отырған. Қазақтар ерте заманнан бастап, Отанын сүю, қорғай білу соған рух жинап тұтастықты қамту ел бірлігін ұстау сияқты рухани адамгершілік мәдени құндылықтарды сақтаған. Қазақ халқының бүгінге дейін жетіп отырған негізгі рухани мәдени құндылықтарына:

  1. Атамекен, атакәсіп, атамұра ;

  2. Кісілік қасиеттеріне: дінге табыну, шаруашылық, өнеркәсіп өнеріндегі, ішкі дүниесіндегі қол жеткен табыстарын құндылық деп санаған.

  3. Отбасын сақтау; ата баба тарихы, шежірені білу, жеті атаны сақтау қазақтың отбасын сүттей ұйытуға, әрі қарай ата бабасының салып кеткен ізімен жүретін рухта тәрбиелеу;

  4. Сөзінде тұру, уәжде тұру, халықты жұмылдыратын өтімді сөз айту ұлт үшін маңызды құндылықтарға жатқан.

Арабтар ислам дінін Орталық Азияға алып келді. Мысалы, көк тәңірге сиыну наурыз мейрамын тойлау т.б. Сол кезде төбелерге шығып шыққан күнді күтіп, сол күнге сиынып, отбасының , халқының амандығын сұрау арқылы ұлы Жаратушығы сиыну, осы кезге дейін ұрысып, кикілжіңге келген, арасы алыстаған адамдарды жақындастырып табыстыру адамгершілік ізгілікке жол тауып отырған. Ислам дінін таратушы миссионер Қ.А. Яссауи ерлік, ел алдындағы ұят, абырой, тазалықты сақтауға шақырып отырған. Осының бәрі тоқырау заманында әсіресе Кеңестік заманның 20 жылдарында қазақтар өз рухани мәдениетінен бірте-бірте айрылып, дінде, тілде шұбарлылық пайда болып, рухқа шабуыл болғандықтан қазақтың рухы әлсіреп қалды. Әлеуметтік ортаның дамуы ғарышпен қарым-қатынас, өзге елдермен араласу қазіргі кезде егеменді елдігімізді алған шағымызда жастарымыздың рухани - адамгершілік мәдениетін жаңадан бұрынғы әдет ғұрып салт сананы сақтай отырып дамытатын рухани жаңартатын тәрбие керектігі өте айқын. Оған дәлел біздің зерттеулеріміздегі жоғары оқу орнындағы жүргізілген тәжірибе қортындысынан көруге болады.

“Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшелігімен бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Өзіне немқұрайлы қарайтын кейбір қоғам мүшелері, басқалар қалай өмір сүрсе, мен де солай өмір сүремін деген принципті ұстағанымен шын мәнінде өмірде олай емес. Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз ол оның өзіне тән мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы - деп көрсетеді профессор С.Қалиев Қазақ тарихындағы ғұламалардың ой пікірлері жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға арналады. А.Йассауи, А.Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, Ы. Алтынсарин, М.Жұмабаев, Ж. Аймауытов, сияқты ұлы ғұламалар адамды аса жоғары құндылық ретінде бағалайды. Оны табиғаттың, тірі дүние дамуының керемет нәтижесі, сондықтан да ол керемет пен марапатқа әбден лайық деп түсіндіреді.

Ұлы Абай адам проблемасына, оның табиғи және әлеуметтік жақтарының арақатынасын, адамгершілік, кемелдену, гуманизм идеяларын өзгеше пайымдайтын сананы тудырды. Ұлы ғұламаның жарық дүниеге келген адам баласының маңдайына жазылған тағдыры жайлы, оның дүниеден алатын орны мен рөлі жайлы философиялық пайымдауға, сан қилы да күрделі адам болмысын жан-жақты әлеуметтік қарым - қатынасы адамдарды түзу жолға түсіреді-деп тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарына адамның адами қасиетінің дамуын негізге алып, келер ұрпаққа бір сөзбен “Адам бол!” - деген ойларынан нағыз адам болу үшін тек қана өзіңді тану арқылы сыртқы мәдениетке, тілге дінге мән бере отырып дамуға сол арқылы адамгершіліктің негізгі принциптері- қайырымдылық, биік талғам, шындық, әділдік негіздерін қабылдауға итермелейді немесе “Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның өзінің замандастарының бәрі кінәлі” деп рухани-адамгершілік құндылықтың келесі жағы қарым-қатынас құндылығын суреттесе, өзінің отыз жетінші сөзінде: Мен заң қуаты қолымда бар кісі болсам, «адам мінезін түзеп болмайды» деген кісінің тілін кесер едім немесе “Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады -деп келесі рухани-адамгершілік құндылықтарына мәдени- этикалық құндылықтардың мәнін ашып көрсетеді. ” Тағы бір сөзінде Абай «шынайы байлық бұл адамдардың бір-бірін және өзін терең түсініп, өзара түсіністік қалыптасқанда ғана адамдар үйлесімді тіршілік құрып, дами бастайды» - деп адам бойындағы ең жоғары қалыптасқан құндылықтар бұл олардың ішкі рухани дүниесінің байлығы мен асыл қасиеттерін көрсете білу екендігін дәлелдеп береді.

Адамның өзін-өзі тану арқылы адамгершілікті өрбітетін игіліктеріне:

  • сезім;

  • сана,

  • ой;

Тыныштық қуаты - жүректе, келісім қуаты - қайратты, ерікті, иманды кісіде.

Адамның кісілігі: - әсерлі, әдепті, табысты өнерінде;

Адамның ең биік қасиеті-Адам бола білу;

Биік қүндылыгы:

жан, тән, рух; мінез, әрекет, тәжірибе, білім, өнер, кәсіптік икемділік; бостандық; бірігу идеясы; азаттық; даналық; ақыл, өнер, бедел ;

таза өмірдің бастауы, адамгершілікті өрбітетін бұл адам бойындағы келесі қасиеттер: адамшылық, адалдық, әділеттілік, білімділік, еңбекқорлық, терең ой, кісілік, рахымдылық, махаббат, арлылық, намысқойлық, сертке беріктік, татулық, тәуекелшілдік, имандылық т.б. жатады.

Ал осы адамгершіліктің дамуына кері әсерін тигізетін адам бойындагы негізгі қасиеттер: арамдық, азғындық, арызқойлық, сараңдық, сайқалдық, әділетсіздік, әдепсіздік, пәлеқорлық, өсекшілдік, надандық, менмендік, еріншектік, жалақорлық, залымдық, жылпыстық, қанағатсыздық, жиіркенішті мінез-құлық т.б. бөліп көрсетеді.

Абайдың рухани-адамгершілікті өрбітуге байланысты осындай көрсеткіші ақыл мен білім, рухтың тазалығын әрбір адамның санасына, тәрбиесіне пайдаланса, болашақ жастарымыздың ақыл- парасаттылығы мен ой тазалағы мүдделеріне сай келетініне көз жеткізуге болады

Абай ұғымына адамтануды өрбітетін негізгі игіліктер: сезім, сана, ой; адамдықты көрсететін қасиеттер мен құндылықтар: жан мен рух; мінез, әрекет, тәжірибе, білім, өнер, кәсіптік икемділік. Құндылықтардың осы төрт тобы салыстырмалы түрде адамды өз-өзін тануға итермелейді, оны өз-өзімен табыстырады...» әрі қарай адам туғаннан ер жету және бүкіл өмірінде негізінен тәрбие арқылы өзгерістерге ұшырайды. Өмір қоршаған орта оның дамуына, қалыптасуына, дүниетанымына, өзін-өзі тануына әсер ететіндігі сөз болады.

Негізгі ұғымдар: өзін-өзі тану, өзін-өзі басқару, өзін-өзі дамыту, ар, ождан, бақыт.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Студент хрестоматиясынан А.Құнанбаев қара сөздерінің мән-

мағанасын түсіндіріңіз

  1. Қазақ зиялы ағартушылардың еңбектеріндегі адамгершілік

ұғымын сипаттаңыз.

  1. Адамның биік құндылыгына не жатады?

  2. Ш.Уалихановтың моральдық идеяларының негіз неде?.

  3. Абай қара сөздеріне шығарма жазыңыз.


№5-дәріс

Тақырыбы: Қарым- қатынас адамдар арасындағы өзара түсіністікке жетудің құралы ретінде.

Жоспары:



  1. Жүрек мәңгі мекенім.

  2. Сезім сапаларының қырлары мен қарым-қатынас түсінігі.

  3. Рухани келісім ұғымына түсінік.

  1. Жастарға рухани тәрбие, білім беру адам дамуының тәндік, жандық, рухани үйлесімділігін, өмірді құндылық деп түсінуін өзін

Жаратқанмен, табиғатпен үйлесімділікте ұстай білуін, жердегі тіршілікті сақтау үшін өзінің қажеттігін түсінуді қамтамасыз етеді. Рухани тәрбие адамның ізгілік, имандылық ұстанымдарын тәрбиелейді, адамның ақыл-ойы мен іс-әрекеттерін жүрек арқылы ізгілік мұраттарға бағыттап, өмірдің күрделілігін түсінуге рухани көзқарас қалыптастырады. Әр адам өзін-өзі рухани жетілдіру үшін өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өздігінен оқуға ұмтылуы тиіс.

Студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың нәтижелігі, олардың бойына биік адамгершілік мінез-құлық нормаларын сіңдіруге және моральдық сананың қалыптасуын жақсартуға ықпал етуші-нақты орта, объективті жағдай мен субъективтік факторларды /оқу-тәрбие процесі, қарым-қатынас, көзқарас, т.б./ үнемі есепке алып отыруға тікелей байланысты. Сондықтан да университет жоспарына еніп отырған бүгінгі “Өзін-өзі тану” тәжірибелік курсы және философия, мәдениеттану, саясаттану педагогика, психология пәндеріне қосымша арнайы курс, арнайы семинар, арнайы ғылыми конференция бөлімдер жанынан ашылған үйірмелер негізгі рухани-адамгершілі құндылық-тарын қалыптастыруды жүзеге асырудың негізі болып табылады.

Осыған байланысты, ел басымыздың: “Адамгершілік ұстанымдар ортаның өмір салтына сәйкес қалыптасуға тиіс. Біз қалыпты, дұрыс тәрбие алдық. Бізде көшеден бір таба нан немесе тұз сұрап алу, өзара көмектесу дәстүрі сақталған. Осынау адамгершілік қасиеттерді жоғалтуға болмайды. Ал, жаңа адамдық ұстанымдар жастар тәрбиесінен басталуы керек. Ол үшін Отанды, Қазақстандық құндылықтарды тәрбиелеу қажет. Осы орайда идеологиядан гөрі насихат туралы баса айтқан жөн. Адамдарды ұлтына, дініне, тіліне қарап бөлуге болмайды. Халықтардың достығы, теңдігі, өзара келісім мен сенім-біздің идеологиямыз осылар болуға тиіс”- дей келіп Елбасы мемлекеттік идеологияның, тәлім-тәрбиенің өзегі, негізгі діңгегі ретінде бес мәселені айрықша атап көрсетті. Олар: достық, ұлттық, идея мен мәдениет, діни төзімділік, халықты заңға бағынуға тәрбиелеу және Экономика. Осы міндеттер жүзеге асар болса, ол мемлекетіміздің өркендеуінің кепілі болмақ”.

Рухани-адамгершілік құндылық тәрбиесіндегі басты нысана тұлғаны құрметтеу. Оның рух иесі, бойында Жаратқанның ұлы қуаты бар-Кіші ғарыштық әлем, ғарыштың тіршілік иесі екенін және дүние мен, әлеммен біртұтастығын саналы түрде түсініп, оған бой ұсынуы, оны мұғалім солай қабылдауы шарт.

Адамгершілік сапалары:

  • адалдық;

  • махаббат;

  • сүйіспеншілік;

  • парасаттылық;

  • ізгілік;

  • моральдық сана сезім.

Адамгершілік тәрбие беруде жеке тұлғаның әлдебір әрекетке баруына түрткі болатын сенімді туғызатын сана мен мінез-құлық қалыптасады. Олар өз кезегінде түрлі іс-әрекеттер арқылы көрніс тауып, тұлғаның өз қызметінде тікелей басшылыққа алынып отырады. Мұндай іс-әрекеттер мен себептер әрбір тұлғаның адамгершілік қасиеттерінің сапасын ашып көрсетіп отырады.

Адамгершілік моральдық қадір - қасиеттеріне:

Қоғамға:

  • идеялық;

  • ұжымдық;

  • отаншылдық;

еңбекке, оның нәтижелеріне:

  • еңбекқорлық;

  • тәртіптілік;

  • ұқыптылық;

өзіне және өзге де адамдарға:

  • қайырымдылық

  • мейірімділік;

  • принциптік;

  • табандылық;

Әрине, адамзат тарихында пайда болған адамгершілікке байланысты көптеген категориялар - жомарттық, батылдық, шыншылдық, сыпайыгершілік, әділдік пен достық, ар мен намыс, т.б. сонау көне дәуірден басталып, күні бүгінгі күнге дейін маңызын жоғалтқан жоқ. Сондай-ақ адамзаттың, әрбір адамның ішкі рухани - адамгершілік дүниесінің негізгі нысандары - үміт, сенім және махаббат үнемі даму үстінде.

  1. Сезім күйлері (жайлы немесе жайсыз) адам өмірінің қалпына әсер етеді. Ішкі сезім, көңіл күйдің бұзылуы адамның адамдық негізгі қасиеттерінің көрінісіне өз әсерін тигізеді. Бұндай уақытта адам өз сезімін қолына ұстап басқара алатындай жағдайда болу қажет. Сонда ғана студент үшін жайсыздық туындап тұрса да ол басқа адамдармен қарым-қатынас уақытында өз сезімін қолға алып басқара алу негізінде өз күйін өзге адамға көрсетпей біркелкі дұрыс қарым- қатынас жасай алады. Осы арада педагог Н.В Данилов: «Егер сезім адамды басқаратын болса, онда бұндай жағдайда күйзеліс пайда болады» - деп суреттейді. Сол себептен біздер зерттеу барысында ішкі сезім күйін студенттің өзі басқара алатындай жағдай туғызу жолдарын “Өзін-өзі тану” сабағындағы жетістікке жету, сәтсіздіктен қорқу әдістерін реттеп отыруға қолдандық. Сезімді реттеу, бойындағы күйзелістік жағдайды тарқату, бұл үнемі өзін қандай күйде де (қатты ашулану, өкпелеу, шексіз қуану) үлкен шыдамдылықпен, өзін-өзі жеңе білумен ішкі және сыртқы әрекеттерге қарсы тұра алу төзімділігін қалыптастыруға өз әсерін тигізеді. Сезім толқыныстары адамның бойындағы ішкі және сыртқы өзгерістердің пайда болуына әкеліп соғады. Сыртында: адамның келбеті, тұрысы, ымдауы, ишараты, дем алуы, дауысының өзгерісі, көзінің қозғалысы, терінің түсі, күлуі, жылауы т.б. өзгерістерге әкеліп соғады. Ал ішкі өзгерістерге: - организмде ішкі секреция бездерінің бөлінуі, адреналиннің қанға көптеп шығуы, жүрек жүйесінің кеңеюі, қан ұюының күшеюі, ас қорыту жүйесінің жұмысының тежелуіне т.б. әкеліп соғады. Осы жағдайларды студент біліп қана қоймай, осы кезеңде сезім күйін қалай реттеу жолының әдістерін игере білуі оның рухани мәдениетінің дамуына, интелектілік жоғарлауына, адамгершілік сапаларының артуына тікелей ықпал жасайды. Бұл үшін әрбір студент өзін-өзі тану әдістері арқылы өзіндік сезім, көңіл күй, белсенділік диагностикасын өткізу арқылы бойындағы адамгершілік қасиеттерін дамытуға бірден-бір әсер ететін өзіндік сезімін қалыпқа келтіріп, басқару жолдарын есепке алуды үйрету қажет. Өзін-өзі тәрбиелеу процесі үлкен ауқымды қамтиды. Тұлғаның интелектік дамуы, адамгершілік сапасын арттыру, білімділік, еңбексүйгіштік, еңбекке икемділік т.б. қамтиды.

Негізгі ұғымдар:

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Адамгершілік сапаларына сиапаттама беріңіз

  2. Қазақ зиялы ағартушылардың еңбектеріндегі адамгершілік

ұғымын сипаттаңыз..

  1. Адамгершілік моральдық қадір - қасиеттерін ата?

  2. Адамның сезім күйлері (жайлы немесе жайсыз) адам өмірінің

қалпына әсер ете ме?

  1. Эссе тақырыбы: «Адамгершілікке тәрбиелеу-белсенді үрдіс»

  2. Адамгершілік қадір-қасиеттердің ең қарапайым нормаларын

Атаңыз

№6-дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет