«Өзін-өзі тану» ПӘнінен оқу- әдістемелік кешен



бет6/8
Дата10.06.2016
өлшемі0.59 Mb.
#126890
1   2   3   4   5   6   7   8

Тақырыбы: Адамның қоғам мен табиғаттың өзара тәуелділігі және әлемнің тұтастығы

Жоспары:



  1. Экология ұғымына түсінік.

  2. Қазақстандағы апат аймақтардың адам өміріне зияны.

  3. Ерекше қорғауға алынған аймақтардың түрлері мен маңызына тоқталу.

Жер планетасындағы ең ірі экожүйе - биосфера. Ең алғаш «Биосфера» терминін тіршілік бар жердің қабықшасын анықтау үшін 1875 жылы атақты австрия геологы Э.Зюсс қолданған болатын.

Биосфера туралы ілімнің негізін 1926 жылы В.И. Вернадский салған. В.И.Вернадский биосфера деп планетаның тіршілік бар немесе болған, үнемі тірі ағзалардың әсеріне ұшырайтын не ұшыраған бөлігін айтады. Жердің биосферасы ғаламдық ашық жүйе болып табылады. Биосфера өздігінен реттелетін кибернетикалық жүйе. Биосфераның тепе-теңдігінің сақталуын гомеостаз деп атайды. Жер биосферасының негізгі көптүрлілігін тірі ағзалар жасайды, биосфераның өмір сүруі барысында 1 млрд.-тай тірі ағзалар болған. Биосфераның тағы бір белгісі - оның космоспен тығыз байланыстылығы әсіресе күнмен.

Экология тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биология ғылымының саласы. «Экология» (гр. oikos - үй, тұрақ, мекен; logos - ғылым) терминін ғылымға алғаш 1866 ж. неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізді.

Экологиялық зерттеу обьектісіне биологиялық макрожүйелер (популяция, биоценоз, экожүйе) және олардың кеңістіктегі динамикалық өзгерістері жатады.

Экология ғылымының мақсаты - биосфера шегінде әлемдік жағдайларды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау, адам-қоғам-биосфера арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.

Экология ғылымының негізгі міндеті - популяция, биоценоз және экожүйені динамикалық зерттеу, экологиялық үрдістердің заңдылықтарын ашу, индустриализация және урбанизация жағдайындағы ғаламшар проблемаларын зерттеу.


  1. Экология биологияның саласы ретінде ХІХ ғ. ортасында пайда болғанмен, жеке ғылым ретінде ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында қалыптасты. Экологияға қызғушылық ертеден басталды деуге болады. Сол кездің адамдары жеке-жеке емес, бірлесіп, қауымдасып өмір сүргенде ғана орта қарсылығын (жауынан қорғану, ауа-райының күрт өзгерістеріне төтеп беру т.б.) тіршілік үшін күресте жеңіп шығатынын ұғынды. Ертедегі адамдардың тіршілік жағдайларын біз бүгінде тас бетіне түсірген суреттерінен және археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында тастан, ағаштан жасалған қаруларын табу арқылы көз жеткіземіз.

Жаратылыс туралы көптеген мәліметтер антика дәуірінің ғалымдары Гераклитттің, Гипократтың, Аристотельдің еңбектерінде келтіріледі. Мысалы, Аристотель «Жануарлар тарихы» деп аталатын еңбегінде өзі білетін 500-ден астам жануарларды зерттеп, мінез- құлығына талдау жасайды. Ғылымды дамытудың алғашқы алғы шарттары - нақты материалдар жинау мен оны жүйелеудің тұңғыш тәжірибесі осылай жүзеге асады.

Аристотель шәкірті Т.Эрезийский қазіргі Жерорта теңізінің жағалауындағы өсімдіктерге топырақтың және ауа райының әсерін баяндады. Т.Эрезийскийдің еңбектерінде әртүрлі ағаштардың, бұталар мен жартылай бұталардың қандай топырақта жақсы өсетіні туралы алғашқы деректер келтірілді.

Орта ғасырларда табиғатты зерттеуге деген ұмтылыс бәсеңдеп қалды, себебі, бұл кезде діни схолостиканың кең өріс алуына байланысты құдайға қарсы шықққандарды «әулие отына» өртеп отырды. (Джордано Бруно «гелиоцентризм»).

Қайта өрлеу дәуірінің келуімен қалыптасқан жағдай өзгерді. Бұл өзгеріс Альберт Великий еңбектерімен байланысты. Ол «Алхимия жөніндегі», «Металдар мен минералдар жөніндегі» деген шығармаларда жердің климаты, оның географиялық орны мен теңіз деңгейінен биіктігіне, күн сәулесінің түсу бұрышына, топырақтың қызу дәрежесіне байланысын атап айтқан.

Атақты итальян мүсіншісі Леонардо Да Винчи өсімдіктер морфологиясын зерттей отырып, олардың өсуі мен функциясына жарықтың, ауаның, су және минералды заттардың әсер ететінін байқаған.

XV ғ. аяғы мен XVI ғ. басы Ұлы географиялық ашылулар дәуірі деп аталады. 1492 ж. итальян теңіз жүзушісі Христофор Колумб

Американы ашты. 1498 ж. португалдық Васко до Гамма Африканы айналып, теңіз жолымен Индияға жетті. Ал 1519-1521 жж. Фернан Магеллан бастаған испандықтар тұңғыш рет жер шарын айналып шықты. Бұл саяхаттар жер туралы білімнің кеңеюіне септігін тигізді.

XVffi ғ. соңы мен ХІХ ғ. басында қоршаған ортаны зерттеушілер саны арта түсті. 1807 ж. Гумболдь Орталық және Оңтүстік Америкада жүргізген көптеген зерттеулері негізінде «Өсімдіктер географиясы туралы ойлар» еңбегін жарыққа шығарды. Онда ғалым өсімдіктердің өсуі мен өркен жаюы ауа-райы жағдайына, температураға байланысты екенін ашып көрсетті.

Бертін келе бұл ойлар орыс ғалымы К.Ф.Рульенің, Н.А.Северцевтің, А.Н.Бекетовтың еңбектерінде тереңдетіле түсті. Экологиялық ғылымның одан әрі дамуына Ч.Дарвин, В.В.Докучаев, В.И.Вернадский, В.Н.Сукачев, Н.Ф.Реймерстің үлесі жоғары болды.


  1. Қазақстанның барлық жер көлемі 2724,9 мың км2. Жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан топырақ деградацияға ұшырап, құнарсыздану, шөлге айналу процестері күшейе түсуде. Соңғы мәліметтер бойынша Республика жерінің 180 млн. га немесе 60% шөлге айналған. Барлық жердің 235 млн. га жазық жерлер, 185 млн.га жайылым және 34 млн. га таулы аймақтар алып жатыр. Жоғарыда аталған 235 млн. га құнарлы жердің 180 млн. га жері жарамсыз жерлерге ұшырап, оның 30 млн. га топырақ эрозиясы, 60 млн. га тұздану, 10 млн. га химиялық және радиоактивті заттармен ластанған. Республиканың 30 млн. га жерлерін өнеркәсіп, көлік, байланыс, елді мекендер алып жатыр.

Қазақстандағы егістікке пайдаланатын жерлердің де экологиялық жағдайы нашар. Ол республика бойынша 26610,7 мың га жерді алып жатыр.

Соңғы жылдары байқалып отырған әлемдік климаттың өзгеруі Қазақстанның шөл, шөлейтті белдемдерініе әсерін тигізіп, ондағы егіс алқаптарының сапасын төмендетіп жіберді. Бұл жерлерде топырақтың құнарсыздануы, бүлінуі және шөлге айналуы прогрессивті түрде жүруде. Оның үстіне топырақты қорғаудың агротехникалық шаралары, қар тоқтату, органикалық және минералды тыңайытқыштар беру, гербицидтер мен пестицидтерді қолданбаудан арам шөптердің қаулап өсуі, шегіртке тәрізді зиянкестердің шексіз көбеюіне жол беріліп, жердің сапасын төмендетті.

Топырақтың ауыр металдармен және радионуклидтермен ластануы барлық аймақтарды қамтып отыр. Әсіресе, Қазақстан бойынша ірі өнеркәсіптер, кен орындары, қазба байлықтарды өндіру, соғыс-өндірістік қалдықтарды сақтау және оларды көму аймағында ерекше жылдам жүруде. Республика жерінде химиялық қалдықтар 2,3 млрд. т жетсе, ал 529 обьектіде радиоактивті қалдықтар сақталған.

Батыс Қазақстан аймағында 1966-1979 жылдар аралығында 24 ядролық қару сыналған, олар Маңғыстау облысында - 3, Батыс Қазақстанда - 4 және Атырауда - 17 рет жасалған. Соның ішінде ең ірісі Азғыр полигоны ғана 6,1 мың га жерді алып жатыр. Бұл жерлерде топырақ беті өте қауіпті улы гептил жанармайы мен және ракета қалдықтарымен ластанған. Гептил өте улы болғандықтан адамдардың өкпе-тыныс жолдарына, жүйке жүйесіне әсер етіп, бүйрек, бауыр мүшелерін зақымдайтыны анықталған. Сол сияқты ракета, космос корабльдерінің ұшуы «қышқыл жауындар» жаудырып қоршаған ортаның тірі комплексінің 30-50% биомассасын жойып жібереді.

Қазіргі кезде Қазақстан жерінің 33,6 млн. га жері соғыс полигондарының кесірінен бүлінгені анықталды. Сол сияқты республика аймағында барлығы 16 млрд. тонна радиоактивті қалдық жинақталған. Нәтижесінде, бүгінгі таңда Қазақстанда радиациялық апат аймақтары мен ондағы қазіргі қалыптасқан жағдайлары келтіріліген фактілер арқылы көруге болады.

Қазақстанның құрғақ климаты жағдайында радионуклидтер топырақта баяу қозғалып, ұзақ сақталып, экожүйелерді бүлдіреді. Осылайша топырақ негізгі ластану көзі ретінде радионуклидтерді өсімдіктерге одан жануарларға, адамға жеткізіп отырады. Ал, адам баласы өз кезегінде генетикалық, соматикалық, онкологиялық ауруларға ұшырап, зардап шегеді. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2,6 млн. адам мутагенез ауруымен есепте тұр. Атырау облысында 32 мың адам анемия, сүйек рагі, туберкулез, жүйке ауруларымекн ауырып зардап шегуде.



  1. Техносфераның биосфераға жасайтын қысымының маңызды көрінісі - табиғи экожүйелердің кедейленуі, яғни, биоалуантүрлілігінің кемуі болып табылады. Биоалуантүрлілік тек маңызды шаруашылық ресурсы ғана емес, ол биосфераның тіршілік етуінің шарты болып табылады.

1992 ж. Рио де Жанейрода өткен БҰҰ конференциясында қабылданған үш арнайы Мәлімдемелер мен Конвенциялардың екеуі биологиялық ресурстар мен биологиялық алуантүрлілікті сақтаусыз тұрақты даму мүмкін емес екенін көрсетті. Қазір адамның азық- түлігі ретінде қолдануға бірнеше мың түрлер белгңлң. Бірақ іс жүзінде өсімдіктер мен жануарлардың 200-250ден аспайтын түрлері пайдаланады. Ауылшаруашылық өнімдерінің басым көпшілігі 12-15 өсімдік береді. Биоалуантүрлілілік - адамзатты шексіз ұзақ уақыт бойы энергетикалық, техникалық және басқа ресурстармен қамтамассыз етудің жалғыз көзі. Қарапайым жүйелердің тіршілігін сақтау үшін көп энергия жұмсау қажет. Мысалы, қышқылдық жаңбырлардың әсерінен тіршілігі жойылған су қоймасы сырттан табиғи күйге келтіретін энергия жұмсалмаса қалдықтардың қоймасына айналады. Жердің геологиялық тарихында бір түрлер жойылып, басқалар олардың орнын басып отырған. Биосфераның жасы ұлғайған сайын түрлердің саны да артып отырады. Адамның геологиялық күшке айналуынан бастап жеке түрлердің жойылу жылдамдығы эволюциялық табиғи құбылыспен салыстыруға келмейтін жылдамдықпен жүре бастады.

Халық санының өсуіне байланысты барлық негізгі табиғи бірлестіктердің бөліктерін бастапқы түрінде сақтап қалудың маңызы артып отыр. Табиғатты қорғаудың маңызды

формаларының бірі - ерекше қорғауға алынған территориялар. Осындай территориялардың түрлері көп: қорықтар, қорғалымдар, табиғат ескерткіштері, ұлттық және табиғат саябақтары, ботаникалық бақтар, биосфералық резерваттар. Қорықтар - табиғатты қорғаудың бір түрі. Қазіргі кезде қорықтық территориялар Жер шарының шамамен 1,6-2,0% -ын құрайды. Дүние жүзіндегі ең ірі ұлттық саябақ Гренландияда. Оның ауданы 7 млн. га.

Қорықтар - толық қорғаудың жетілдірілген түрі, себебі, оған табиғи комплекс кіреді де, табиғат ресурстарын пайдалануға рұқсат берілмейді. Қазіргі заманда «қорық - өзгермеген табиғаттың эталоны» деген принцип бұзылып отыр. Атмосфераның өндірістік улы қосылыстармен, радиациялық ластану, олардың тасымалдануы - біздің планетамыздың кез келген бөлігіне міндетті түрде әсер етеді.

Белгілі бір шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып, табиғаттың ерекше обьектілерін қорғауға алынған жүйені ұйымдастыру түрі - қорғалымдар болып табылады.

Табиғи тіршілік ортасын қорғайтын категориялардың біріне табиғи (ұлттық) саябақтар жатады. Олардың негізгі міндеті - халықты рекреациялық қамтамассыз ету.

Негізгі ұғымдар:

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар


  1. Экология ұғымына түсінік беріңіз?.

  2. Қазақстандағы апат аймақтардың адам өміріне зияны қандай?.

  3. Ерекше қорғауға алынған аймақтардың түрлері мен маңызына

сипаттама беріңіз.

  1. Мемлекеттік табиғат ескеркіштері дегенімізді қалай түсінесіз?

  2. Мемлекеттік қорғалымдар туралы өз бетімен жұмыс. Метаплан

құрастыру.

  1. Экология ғылымының негізгі мақсаты мен міндеттерін

сиппаттаңыз?
№14-дәріс

Тақырыбы: Өзін-өзі тану мұғалімінің кәсіби құзыреттілігінің құрамы

Жоспары:
Педагог – тәрбие беру басымдылықтарының негізгі жолсерігі. Тәрбие үрдісінің ақырғы нәтижесі оның кәсіби-тұлғалық қасиеттеріне байланысты. Мейірімділік, кішіпейілділік ортасы, педагогикалық қолдауды күшейту, балаларға белсенді сенім арту – бала тұлғасының адамгершілік-рухани қалыптасуының негізін қалаушы жағдайлар. Тәрбиеленушілерге жүргізілген сауалнамалардың нәтижесі бойынша олар, ең алдымен, басқа адамдардың бойында мейрімділік, сүйе алу қасиеттерін бағалайды. Достық, адалдық, ақ жүректік, қайырымдылық, көпшілдік, адамдарға құрмет сезімі, жауапкершілік, өзін-өзі құрметтеу сезімі де маңызды болып табылады.

Әрбіп педагог өзінің оқушыларының қандай болғанын тілесе, өзі де сондай болуы тиіс. Бұл кәсіби іс-әрекетте құзыретті әдісті іске асыруға мүмкіндік береді.


Ұстанымдар:

    • өз-өзіне сенім – бұл өмірдің негізі;

    • педагогтың әсері саналы стратегиялық мақсатқа бағынуы тиіс;

    • кәсіби рефлексия, өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытуға қабілеті;

    • балалардың өзін-өзі көрсетулерінің алуан түрлілігіне дене және сөз реакцияларының вариативтілігімен жауап беру қабілеті;

    • психологиялық-педагогикалық білімдерді меңгеруі, оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру;

    • а жарқындылық және балалармен қарым-қатынас жасаудың табиғи дарыны, жан жүрегімен қызмет етуге дайындылығы.

Өзін-өзі тану мұғалімінің этикасы:



  • педагог өзін-өзі тануға, өзін-өзі жеңуге және өзін-өзін өзгертуге дайын және қабілетті болуы керек;

  • баланы сөзсіз қабылдау;

  • баланың тұлғасын және өмірлік тәжірибесін құрметтеу;

  • Өзінің іс-әрекетін құпиялыққа негіздеу;

  • без-келген жағдайда баланы жақтау, қорғау, өйткені баланың үлкендерге қарағанда қателесу құқығы бар;

  • жылы, шынайы өзара қарым-қатынастың дамуына ықпал ету;

  • баланың сеніміне мұқият қарау. Балалардың құпияларын сақтай алу;

  • балалар мен әріптестеріне мейірімді, сабырлы, шынайы бола білу;

  • балалардың оңды көріністерінде жетістік жағдайын құру;

  • бшық көзқараспен қарап, күлімсіреуді, мақтауды, қолдауды, жылы сөздерді, ақыл айтуды пайдалану;

  • баланың мәселесін шешуде басымдылық балаға берілетінін есте сақтау;

  • баланың мәселені ұғынып, жағдайдан шығу үшін лайықты жолдарды іздеуі үшін жағдайлар жасау;

  • баланың қайталанбас бірегейлігін мойындау, оның өзекті және ықтималды мүмкіншіліктерін ашуға ықпал ету;

  • сезімдерді көрсету мен тәрбиешінің мінез-құлқында шынайылықты, ашықтықты, адалдықты сақтау;

  • тыңдау және мән беру, көру және бақылау қабілеті, бағаламай, сынамай, тек өзінің көзқарасы түрғысынан (мұғалімнің емес) түсіне алу;

  • зиянын тигізбеу.

Істеуге болмайды:



  • қайсыбір ағымға немесе бағытқа жататын белгілері бар ала-құла, ашық-шашық киімдерді киюге болмайды. Киім елеусіз, жылы түстен болуы тиіс;

  • сөйлесу кезінде көзіңізге қара көзәйнек кимеңіз – көздер қарым-қатынас жасауда маңыхды рөл атқарады;

  • танысуды жылдамдатпаңыз, алғашқы кездесуде бала туралы барынша көп біліп алуға тырыспаңыз. Бірден көптеген сұрақтар қоймаңыз – алдымен өзіңіз туралы, өзіңіздің жұмысыңыз туралы әңгімелеңіз;

  • танысудың алғашқы кезінде отбасы, мектеп, тұратын жері, уыт заттарды пайдалануы, жеке бас мәселелері секілді тақырыпта сұрақтар қоймаңыз. Одан да баланың пікірі бойынша көмекті қажет ететін басқа балалар туралы әңгімелескен жөн;

  • алғашқы кездесуде бірден балаға көмек беруге тырыспаңыз (көмек көрсетем деп қыстамаңыз) - жұмысыңыз бойынша өзіңіз көмек сұрасаңыз жақсы болады;

  • жасөспірімге аяушылық сезіміңізді көрсетпеңіз, бұл кемсітушілік болып көрініп, сіз бен баланың арасын алшақтатуы мүмкін;

  • көмектесу қолыңыздан келмесе, уәде етпеңіз;

  • өтірік айтапыңз, алдамаңыз, шынайы емес мәліметтерді ешқашан хабарламаңыз. Өтірік ерте ме, кеш пе, бәрібір ашылып қалады, бұл сіздің беделіңізге нұқсан келтіріп, баламен және оның достарымен арақатынасыңызға кері әсерін тигізеді;

  • ешқандай «саяси ойындарды» жүргізбеңіз: біреуге қарсы ешкіммен бірікпеңіз, әрқашан бейтарап болуға тырысыңыз;

  • ешкімді ешқашан кінәламаңыз және сөкпеңіз – баланы осы қалпында қабылдаңыз. Оның көзқарастарына, мінез-құлқына, сыртқы түріне сабырлы болыңыз. Бір нәрсе туралы өзіңіздің пікіріңізді сабырлы және дәлелді айту керек;

  • баланың пікірлеріне немқұрайлы қарамаңыз – керісінше, ол сіздің қызығушылығыңызды, оның пікіріне деген құрметіңізді сезінуі керек;

  • баланың сұрақтары мен тілектерін назарсыз қалдырмаңыз – егер жауабыңыз болмаса, бірден айтыңыз;

  • баланың сөзін бөлмеңіз, аяғына дейін тыңдауға тырысыңыз;

  • азғыруға бой бермеңіз – ауытқушылық, азғындыру мінез-құлқының себебін түсінуге тырысыңыз;

  • араларыңызды қысқартпаңыз және алшақтатпаңыз, ол әрқашан орынды болуы тиіс. Баланың сізді басынып алуына жол бермеңіз. Дөрекілікке дөрекілікпен жауап бермеңіз, әрқашан сыпайы және сабырлы болыңыз;

  • бір сұрақты талқылау отырып алмаңыз. Балаға қызықты болуы мүмкін тақырыптар өте көп;

  • арзан бедел үшін ешқашан балаға темекі, сыра бермеңіз – бұл заңға қайшы келеді. Ең бастысы, сіз – салауатты өмір салтын уағыздаушы екеніңізді ұмытпаңыз;

  • ғибрат айтпаңыз – сіз тек бала мен әлеуметтік ортаның арасындағы көпірсіз, баланың таңдау жасауына мүмкіндік беріңіз;

  • блаға немесе жасөспірімге өзіңіздің ортаңызды қыстамаңыз. Егер сізден сөйлескісі келмесе, қинамаңыз. Сіздің оны көруге әлі де уақытыңыз болады;

  • қатал бағадан қашыңыз. Сөйлегенде әрқашан сыпайы, әрі әдепті болыңыз (жауласқан топтар, басқа бала, ата-аналар туралы). Сіздің олардың өмірін сынауға құқығыңыз жоқ;

  • балалардың арасындағы дау-дамайларда олардың рұқсатынсыз (келісімінсіз) әділқазы рөлін атқармаңыз;

  • жұмысыңызға байланысты күйзелістеріңізді жасырмаңыз – мәселелі жағдайларды әріптестеріңізбен талқылауға тырысыңыз;

  • балалармен қарым-қатынаста талапты, зілденген дауыспен сөйлепеңіз. Әрқашан ымыраға келуге тырысыңыз, қарым-қатынасты құрылымды диалогқа ауыстырыңыз.

Негізгі ұғымдар:

Тапсырманы орындап, сұрақтарға жауап беріңіз.



  1. Өзін-өзі бағалау деңгейіңізді анықтаңыз.

  2. Аталған ұстанымдардың қайсысы Сізге жақын?

  3. Бір парақ бетінің сол жағына педагогқа қажетті қасиеттерді, оң жағына болдыруға болмайтын қаситеттерді жазыңыз.

  4. Өзіңізге тән қасиеттердің астын сызыңыз. Талдаңыз.

№ 15-дәріс



Тақырыбы: Рефлексия педагогтың өзін­ -өзі тануының тетігі ретінде.

Жоспары:

  1. Мұғалімнің жеке тұлғасының бағыты.

  2. Жеке тұлғаның кәсіби маңызды қасиеттері.

  3. Мұғалімнің педагогикалық ептілігі.

  4. Педагогикалық этика.




  1. Мұғалімнің жеке тұлғасының бағыты.

Ғаламды білім берудегі мұғалімнің жеке тұлғасы – дегеніміз ол мәдениетті жеткізуші, оның атқарушысы оның мұрагері және әлемдік педагогикалық тәжірибенің жасаушысы болмақ. Әлемдік стандарттар бойынша – қазіргі заманғы мұғалім - ол шығармашылықты жеке тұлға, ол проблемалық-педагоикалық және критикалық ойды игерген, ол көпвариативтік бағдарламаны құрушы, алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибеге жәнебілім берудің жаңа технологиясына сүйенген, оларды ол нақты педагогикалық жағдайларда диагностикалық мақсатты рефлекция бойынша іске асырушы. Педагогтың әлеуметтік позициясы жалпы білім беру мектептеріндегі көзқарасынан, сенімнен және құндылықтық бағыттары арқылы қалыптасқан. Олардың негізінде кәсіби даярлау барысында педагогикалық кәсіпке оның мақсаты мен педагогикалық әрекетіне деген мотивациялық-құндылықтық қарым-қатынас құрылады.

Қазіргі заманғы мұғілімнің алдында сыртқы әсерді жеңуге қабілетті, және өзінің жеке стилінің арқасында әлемдік педагогикалық ғылым мен практиканы жеткізу үшін оның нақты тәуелсіз және жауапты тұлға екенін көрсететін ғылыми болжамдарды жеңу міндеті тұр.

Педагогикалық қызмет шындығында «жалпылық сипатта». Ол «оқытушылық-оқушылық» феноменіңнің онтологиялық сипатта екенімен түсіндіріледі, оныз адамзаттың өзінің өмір сүруі, адамдық мәдениеттің дамуынң өзі мүмкін емес. Қандайда бір тіпті күнделікті жұмыстың өзінде адамдық қандайда бір әрекетке , операцияларға, оны орындау ретіне, нәтижеге жетуге, оны жетілдіруге үйрету керек. Қандай болмасын әрекетте жұмыста оықтатын адам мен оқитын адам болады. Біріншісі соңғыны оқытушы, педагог болады. Қандай да болмасын басқа адамммен қарым-қатынас жасайтын кәсіби істе педагогикалық аспект бар.

Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеу мен білім берудің жүйесін тиімді тіүрде іске асыру оқытушының жеке ұлоғасына тікелей қатысты болады. Ол ең басы болап табылатын мынандай жекелік қасиеттерге көңіл аударады.

Біріншіден, балаларды олдар қандай болса солдай жақсы көру. Тіл алмайтын, тіл алғыш, түсінігі мол, түсінігі аз, жалқау және жақсы балалардың барлығын бірдей жақсы көру керек. Балаларды жақсы көру мен оларға деген қайырымдылық көзқарас оларға қатты сөз айтудан сақтандырады, олардың өздерін бағалауын төмендетпейді және жеке баланың жетістігіне ғана қуанудан сақтайды.

Екіншіден, балаларды түсіне білу және олардың жағына шыға білу, олардың жұмысын мәселесн дұрыс қабылдап, түсіне білу. Олардың көзқарастарын сыйлай білу. Балаларды түсіну – оларды өз билігімізге көндіру емес, олардың бүгінгі күнгі өміріне сүйене отырып олардың ертеңгі өміріне дән себу. Баланың уайымын түсіну, оның сезімін және талпынысын сезіну, бала өзін тәрбиелеу барысында педагогпен жақтас болса тәрбие де маңызды болады.

Үшіншіден, оптимист болу керек, тәрбие берудің күшіне сену керек. Бұл жерде оқытушы қолын алдына салып баланың өзінің түсінігі оянғанша тосып оыратын филантропикалық оптимизм туралы айтып отырған жоқпыз, оның санасын дамытуға кірісіп кету туралы айтып отырмын. Бұл жерде педагог баланың ішкі сезімін танып сезініп – ол арқылы оны тәрбиелеу жолдарын іздеуді айтып отырмыз.

Төртіншіден, Оқытушының бойында барлық адамдарға ұнайтын жақсы қасиеттер болу керек, қаталдық, байсалдылық, қарапайымдылық, шынайылық, интелегенттік, сезімталдық және өмірге құштарлық.

Осындай мұғалім болуға талпыну өте маңызды. Ол – бала мен өткен өмірдлің және қазіргі заманғы ұрпақ арасындағы рухани құндылықты жеткізуші. Осы құндылықтар, білім, моральдық-эткалық норма балаларға таза күйінде жеткізлмейді, ол мұғалімнің жеке тұлғалық сипатында болады, оныңбағасымен жеткізіледі. Гуманды педагог балаларды білімге тарта отырып оларға өзінің мінезін де береді, олардың алдында адамдықтың үлігіс ретінде көрінеді. Бала үшін білім тек қана мұғалім арқылы ғана беріледі, оның мұғалімге деген махаббаты арқылы көрінеді, ол арқылы білімге есік ашады, қоғамның моральдық құндылықтарын иегереді. Бастауыш мектеп жасында бала үшін ең үлкен бедел ол –мұғалім.

Кәсіби компонетті деп мұғалімнің педагогикалық әрекеті толығымен жоғары деңгейде жүргізілетін жағдайды айтуға болады, педагогикалық қарым-қатынас барысында мұғалімнің жеке тұлғасы қалыптасады, оның барысында оқушыларды оқыту мен білім берудің жоғары деңгейіне қол жеткізіледі.

Психологтар педагогтың субъектілігінің келесідей қасиеттерін бөліп қарастырады:


    1. психофизиологиялық (жеке) субъектінің қасиеттері (задаткалар);

    2. ептілік;

    3. бағыттылық;

    4. кәсіби-педагогикалық білім мен ептілік.

Жеке тұлғаның бағыттылығы – ол әрекеттің, қылықтың,адамның барлық өмір сүруі барысындағы барлық әрекеттерінің мотивациялығы, оның негізі қажеттілік, қоғамдық талаптар т.б.

Педагогикалық бағыттылық—оқытушының оқушыларға деген қызығушылығы арқылы сипатталады, әр түрлі педагоикалық міндетті шешу барысындағы шығармашылықтық көзқарас, өзінің педагогикалық кәсібіне деген қызығушылығы, онымен айналысуға деген бейімділігі, кәсіби өзін-өзі тану деңгейі арқылы сипаталады. Өзін-өзі тану – мұғалімнің педагогикалық өзін-өзі ұстауын, оның формасын, ережесін танумен байланысты процесс; кейбір кәсіби эталлондарды тануы мен өзін соларен қатар өзін-өзі бағалау арқылы қатар қюды сезінуі арқылы келетін процесс.

Педагогикалық бағыттылықтың түрлері (Н.В. Кузьмин бойынша)


  1. нақты педагогикалық;

  2. атүсті педагогикалық;

  3. жалған педагогикалық.

Педагогикалық қызметтің басты мақатына қол жеткізуге бағытталуы – жеке тұлғаның жан-жақты, гормонды түрде дамуы гуманикалық болып табылады.

Педагогикалық қызмет гуманикалық бағытта болуы керек.Ол педагогтың барлық әрекеттерінің жеке тұлғаның, баланың, оқушының, үлкен адамның нақты қызығушылығына тәуелді екенін көрсетеді. Педагог тек қана сауатын ашып қана қоймай басқа адамдарды да тәрбиелейтін әрекеттер ұйымдастыруы керек, және де ол қоршаған ортамен адамның өзінің ішкі қақтығысы мен келіспеушілігін тудырмауы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет