«Өзін-өзі тану» ПӘнінен оқу- әдістемелік кешен



бет5/8
Дата10.06.2016
өлшемі0.59 Mb.
#126890
1   2   3   4   5   6   7   8

Тақырыбы: Тарих және мәдени мұраға деген құнды қатынас.

Жоспары:


  1. Өзін-өзі тану ұғымының тарихи қырлары.

  2. Құндылықтарға философиялық тұрғыда сипаттама.

  3. Өзіндік таным философиясы.

  1. «Өзіңді өзің таны»- бұл «жеті дананың» /әсіресе Хилон мен Фалес/ аузынан шыққан дана сөз немесе даналық формуласы. Дельфия шіркеуінің маңдайшасына ойып жазылған. Дельфиялық дана сөз Сократқа дейін белгілі болатын кейін ол Сократқа танылды. Бұл кездейсоқтық емес еді, себебі Сократқа дейін антикалық бірде - бір ойшыл адам қызметінің басқару принципінің бірден бір бөлігі өзін-өзі тану екенін Сократтай бағалай алған жоқ. Греция тарихында теориялық ойлаудың жаңа кезеңінде адам проблемасы, философия проблемасын өзін-өзі тану арқылы түсінуге болатындығына көз жеткізді. Ксенофонт Сократты былайша сөйлейді: “Кімде-кім өзін - өзі тани білсе ол өзінің не істей алатынын және не істей алмайтынын түсіне біледі. Соның нәтижесінде бақытты өмір сүре отыра өзін қанағаттандыра алады білмейтін нәрсесінен аулақ бола өмірде қателікке бой алдырмай бақытсыздықтан айналып өте алады. Осы артықшылығының арқасында біреудің құндылығын көре алады және оны өз қажеттілігіне қолдана алады”. /Ксенофонт Воспоминания IY.2.26-27/. /б.э.д. 470-399 ж.ж./ аралығында өмір сүрген антикалық ойшыл, бірінші афиналық философ Сократтың ауызша таратқан даналық ойларының туындыларында өзіндік танымның негізін: философия танымының үлкен мақсаты: адамның танымы, оның іс- әрекеті, ой - өрісі, тұрмысы деп білді. Бұл таным, тек өзін-өзі тануда ықтимал екенін айтты “өз-өзіңді тани біл” бұл тұжырымды дәлелдеу үшін Сократ өз өмірін зерттеді.

Мен білем, ештеңе білмейтінімді жақсылық ойлаушы кім екенін де білмеймін... Сонда да мен сіздермен бірігіп не екенін пікірлесіп түсінгім келеді.

Сократ ойынша Адам рухы әулиелік болғанда ғана әулиелік білімге жетеді: айқын нәрсе, әрқашан да айқын. Сонымен қатар рух- білім сақшысы, адам танымы - бұл өткен істердің, бұрынғы білімдер жиынтығының еске түсуі. Даналық- бұл білім, бірақ адам барлығын білуге күші жетпейді.

“Адам дейді Сократ- барлығына дана болуы мүмкін емес тиісінше кім білсе сол дана” Сократ танымында барлығы Құдайдан тарайды, жалғыз ғана шындық адам күш-жігерінің бағыты-білімді танудан бастау алады. Адам білімінің формалары, қоғамдық, саяси өмірі танымның жеке бір бөлшегі ғана. Сократша таным үрдісінде білім, мысалы жарылқаушының әділетті адамның өзі. Сократ мейрімділік жарылқауының үш негізін белгілейді.


  1. Деңгейлік “Өз деңгейінен жоғары ештеңе жоқ”

  2. Танымдық

3. Әділеттік

Сократ табиғатты зерттеуде мүлдем қарсы болды. Бұл тұрғысында ол адамның іс-әрекеті құдай ісіне қайшы деп есептеді. Сократша әлем-құдайдың сыйы, Сократ мейлінше құдайға құлшылық еткен ол Афин жұртшылығымен бірге құдайға құрбандық шалып барлық діни жоралғыларды мүлтіксіз орындаған. Өзін-өзі тану арқылы Сократ мейірімділікке, әділеттілікке, заңдылыққа жетуге болатындығын айқындайды.

Бірінші кезекте адам рухы, табиғат, білімділік деп есептеген. Оның мына сөзіне қарап: “Мен ештеңені білмеймін. Дегенмен сенімен бірге пікірлесіп, ізденгім келеді”- оның философиялық формуласы, ізденісінің құдіреті екенін танытуға мүмкіндік береді. Ол өзінің білмейтіндігін ең соңында білетіндігіне айналатынын толық сезінген.

“Пікірлесіп ізденгім келеді” қағидасы өзін-өзі тануына итермелейді және сол арқылы өзінің ойын түсіндіргісі келеді. Сократ туралы айтқанда оның философиялық пәл сапасы адамзаттың даму тарихымен бірге біте қайнасып бүгінгі күнге дейін маңыздылығын сақтап келеді.

Ежелгі философтардың ойынша өзін-өзі тану ол адамның жан дүниесімен өзін айқындауының жалпы ізденісі. Сократтың пайымдауынша мейірімділік пен зұлымдылық жолында дұрыс таңдау жасау және әлемдік ортада өзінің орныңды табу мен өзіңді айқындау өзіңді-өзің тани білгенде ғана орындалатын айқын нәрсе.


  1. Қазіргі кезеңде біз адамның рухын соңына дейін өлшедік, негізін орнаттық, адамда табылған мазмұнды бастапқы жүйе, ғылыми жүйе болып қаланды. Философия МЕН деген ұғымды табуға үйретеді. Бастапқыда МЕН арқылы жансыз, түрсіз көпшілікке тәртіп, ой сананың өсуі енеді. Бірлік адам басқару ережелерінен тұрады. Бақылау шекарасына дейін таратады, және ол оны қалай жүргізеді, солай әрі қарай ой өрістің өсуі, тәртіп тарайды. Оның бақылауы көптің әлемде әр адамға өз орнын табуға нұсқау береді, басқаны шығарып жібермес үшін, ол бірлікті шексіз әртүрлілікке енгізеді. Сол әлемдік денелер бір-біріне жақын тұрады, бірқалыпты жүйелі дене болады. сол арқылы жарықтар нұсқаған жолдармен айқындалады. МЕН арқылы үлкен баспалдақ орнатылады, онда-әлемге қажетті күш жинауға, болашақты жалпы айқындауға құқылы. МЕН арқылы адамзаттың мәдениеті артса, әлемнің де мәдиниеті артады.

Ол заттарға керекті тәртіпті орнатып қана қоймай, ол соған қажетін де береді, өзі таңдағандай: ол басқан жерде табиғат оянады, оның көз қарасынан жаңашылдық кереметтер орын алады. Оның денесі рухты, сені қоршаған бұйымнан пайда болатын, оның тіршілігінде ауа жеңілдей түседі, ауа - райы жұмсақ, табиғат сол арқылы тіршіліктің панасына айналады. Адам шикізатты өз қалауынша пайдаланып, қажетті материал жасайды. Ол үшін бұрынғы өлі салқын болған көрініс нәр беретін дән-дақыл боп, қорек беретін жеміс боп, тіршілік беретін жүзім боп өсіп-өнеді. Оның айналасына жануарлар пайда болады, оның жылы көзқарасынан олар жабайылықтан айрылып, адамның қолынан тамақтанады, оның дегенімен жүреді.

Адамның айналасында жандар топтасады-ол адамдар. Сол адамдарға ол әсерін тигізеді, адамгершіліктің мәнін көрсетеді, оның іс әрекеті адамзатпен бағаланады, әр адал ісіне айналадан адам қасиеті мол үлкен жүректі адамдар пайда бола береді.

Адамдардың қасиеттері күшейіп бірігіп әр денелерде бір рух орнатуға бағышталады, бір ой өріс, бір күш -жігер адамзаттың ұлы бірлігіне жоспарына көмекші болады.

Ұлы адам өз ғасырында бар күшімен адамзаттың ең үлкен баспалдағына шығуды мақсат етеді, кейін қарағанда сол биікке шыққанда таң қалады, артында зындан тұрғандай сезінеді, содан өтіп шыққанына артын қарап сескенеді, содан өтіп шыққан Ұлы адамзаттың шежіресінен үлгергенінше барлық қасиеттісін алады..

Оның жоспарын бұзыңдар, кедергі келтіріңдер! Сіздер оны қалай ұстап тұра аласыңдар, бірақ мың жыл, көп мың жыл деген адамзаттың шежіресіне не жатады?

Бұл тағы бір таңды оятарда көрген түсіңмен бірдей. Ұлы адам тіршілік ете береді, іс-әрекетін жалғастырады, сіздер жоқ болып кеткен, ол үшін танымның кеңейгені, сіздерге ажал-оның жоғары өмірге дамығаны. Оның жоспарының сәні, түрі ол үшін жойылғанымен сол күйінде қала береді. Оның тіршілік еткен әр кезінде ол өзі алып сол шеңберге сыртқы қоршаған ортадан іс-әрекетін жүргізе береді. Осындай адам өз-өзіне былайша айта алады. Мен адаммын. Ол өз-өзінен қорықпай, өзінің ұлылығынан сескенбеу керек? Осылай әр адам, осындай барлығы қайсысы -Мен жетеумін деп айта алады. Сен қай жерде тіршілік етсең де сен адамзаттың кейпін ұстайсың; жануарға жақындасаң да, айдаумен жұмыс істесең де, отты жердің жағасында отқа қыздырынсаң да, сен оны өзің жаққан жоқсың, ол сөніп қалғанша қарап отырып жылайсың, ұзақ жанбағанына, сен ең аянышты немесе қатыгез, жексұрын болсаң да, сен де менсің, сондықтан сенде жетеумін деп айта аласың. Қанша дегенмен сен менің жолдасымсың, бауырымсың, мен де МЕН тұрғанда баспалдақта тұрдым, бұлда адамзаттың баспалдағы. Мүмкін мен өте тез, асығыс көтеріліп кеткен болармын, бірақ мен сонда сен тұрғанда тұрдым. Мүмкін сенде бір күні мен тұрған жерге жетерсің, оған көп миллиарттаған уақыт өтсе де осылай бір-бірімізге әсер етеміз. Сен бір күні менің шеңберіме енесің, ал мен - сенің. Сонда ұлы мен де сені өзімнің жоспар құрудағы пікірлесім деймін. Қалай мен сескенбеймін, адамзат бейнесінің алдында, құдай алдында шіркеуде тұрып адам бейнесін сақтаймын.

Менің жүйемді білмей тұрып, менің ой-пікірімді спинозмге теңеу мүмкін емес. Таза рухтың бірлігі мен үшін жеткізбейтін сана. Соңғы мақсат, ешқашанда іс-жүзінде орындалмайтын құбылыс. Осылай алғашқы кезеңде теологиялық ұғыммен адамның өзін-өзі тануы қалыптасады.

Әрбір тарихи кезең ауыспалы және одан кейін басқа кезең пайда болады. Бұл жерде өткеннен қалатын жалғыз нәрсе, ол әр түрлі тұжырымдамалар мен көзқарастардан тұратын мәдениет. Әрбір кезеңде адамзат тарихы қайта құрылып, ол үшін бәрінен бұрын жаңа кезеңге жаңаша қадам басатын жетілудің жаңа бейнесі қалыптасып отырады. Бұл орайда Гегельдің “рух феномологиясы” еңбегінде таным үрдісін: “Өзін-өзі танудың” субстанциясы тек индивидуальды түйсікте ғана пайда болуы мүмкін деп астын сызып көрсетеді.

Абдо Мухамед /1948 ж/ Адам баласы өзін-өзі тану үшін алла тағаланың ақиқатын, тануы қажет. Табиғат алланың сыйы. Алланың заңдылығына табиғат заңдылығына адам қоғамының заңдылығы бағынышты болуы тиіс. Осы ұлы заңдылыққа сай адам баласы өзін- өзі және қоршаған әлемді таниды. Бұл арада ғалым өзіндік танымның шекарасын теологиялық жолмен түсіндіре келе, адам мен қоғамның байланысын заңды түрде айқындап, адамның өзін-өзі тануы табиғатпен, қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынаста дамитындығын көрсете білді. Өзін-өзі тану арқылы табиғат пен қоғам заңдылықтарына бағына отырып, оны түйсініп белгілі бір болып жатқан өзгерітер мен қайшылықтарға жоғары деңгейде төтеп бере алатындығын баяндайды.

Абиляр /1855 ж/ өзінің “Өзіңді-өзің таны” еңбегінде өзінің ары мен scito-te-ipsym тұлғаның құқығы ол этикалық принцип болып табылады. Ақиқат критериесі әділет заңдылығымен өлшенеді. Бұл қасиет өзін-өзі және айнала ортаны танимын деген адамдардың бәріне тән болуы тиіс- деп барлық адамзат атаулының барлығының негізін өзін-өзі тануға, өз ісінің ақиқатына және өлшеміне зер салуға үйретеді. Олай болса, бұл өзін-өзі тану үрдісі барлық дүниені түсінем, танимын, әрі қарай дамимын, тұлға ретінде қалыптасамын, шын мәніндегі өмірдің ақиқатына жетемін деген адамдардың бәріне тән болуы шарт.

Д.С. Аничков /1952/ ”Адам танымының қасиеті туралы бір сөз” еңбегінде - таным процесіне түсінік бере отырып тән және рух арасындағы байланыста сезіну түсінікке айнала алады. Сондықтан бірінші бастама ол адамның ішкі әлемі. Олай болса адам рухы сыртқы факторлардың әсерінен өз-өзіне түсінікті туындата алады деп көрсетеді. Ол өз еңбегінде адамның ішкі әлемі бұл бірінші кезектегі бастама, ол өз-өзін түсінгенде ғана сыртқы ортамен сабақтасып нәр алатындағын көрсеткен.

Әлем үлгісін өмірде бар заттар мен құбылыстарды түйсіну үлгісін құру және үйрену адам санасының көне формасына да, қазіргі формасына да тән. Ф.Энгельс Аголь И.И. цитаты бойынша “Анти - Дюринг” адамның таным мүмкіншілігі шекарасыз және оның таным процесінің өзі де шексіз. Әлемді тану негізі әлемнің материалдылығында, әлемнің кеңестіктегі және уақыттағы шексіздігінде. Ал кеңестік пен уақыт әрбір болмыс формасының негізі. Материя қозғалыссыз, қозғалыс-материясыз болмайды -деп адам танымының шексіздігін, оның шекарасының жоқтығын замананың кешегісі мен бүгінгісіне қарамай таным деңгейінің шексіз дами беретіндігін дәлелдейді.



А.М. Антонов адамның өзіндік танымын былай сипаттайды: Кант агностицизм және апоризмін сынай отыра - ол сезім адамды қоршаған ортамен байланыстырады және адам танымының бастапқы кезеңі болып саналады. Сезім негізінде адамның түсінігі бүкіл психикалық өмірі әлемдік және өзіндік танымы қалыптасады.

Негізгі ұғымдар:

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Адамның өзін-өзі тануы философиялық қырлары?

  2. Философияның негізгі сұрағы субстанция мен өзіндік таным арасындағы қарама-қайшылықтың мағанасын ашыңыз?

  3. Ежелгі дүние даналарының әлем жөніндегі көзқарастарын сипаттаңыз?

  4. Сократ ілімі бойынша таным үрдісіндегі білім сапасына түсінік беріңіз?


11-дәріс

Тақырыбы: Азаматтық, қазақстандық елжандылық, этносаралық келісім туралы ұғым

Жоспары:

  1. Патриотизм ұғымына түсінік.

  2. Отансүйгіштік сезімдерді қалыптастыру.

  3. Жалпыадамзаттық құндылықтар негіздері.


Ел Президенті Қазақстан халқына жолдауында:-Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз,-деген болатын. Қазақстан түрлі тарихи аласапырандарды басынан өткізіп барып, тәуелсіздікке қолын жеткізген, көп ұлтты республика. Сондықтан оның берік болуы патриоттық тәрбиені дұрыс жолға қоя білуге байланысты болмақ. Тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа Конституциясында да республика қызметінің түбегейлі қағидаларының бірі- қазақстандық патриотизм деп атап көрсетілген.

Қазақстандық патриотизм ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді. Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің туған Отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды ата жұртым деп танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді.

Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты. Қазақстандық патриотизм-Отан-анаға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік,өнеге көрсетушілік,бойдағы білім мен білікті,ақыл- парасатты ел игілігіне жұмсау,атамекен мүддесіне арнау болмақ. Өз елінің өткенін құрметтей білу де осы қазақстандық патриотизм құрамына кірсе керек.

А.Абижанов - «патриотизмнің мәні өте күрделі. Бір жағынан,ол ізгілікті саяси үрдіс, яки жеке тұлға һәм қоғамдық сана элементтерінен тұрса,екінші жағынан,Отанды қорғауға,нығайтуға бағытталған сезім болып табылады»-деген.Мұнда автор патриотизм деген ұғымды адамның санасы және сезімімен байланыстырып отыр,демек, болашақ азаматтардың бойына патриоттық сана-сезім орнықтыру қажет.Қазақстандағы мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу тақырыбы көптен бері зерттеліп келеді. Сондай еңбектердің бірі ретінде С.Қ.Нұрмұқашеваның «Қазақстан мектептеріндегі оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудің дамуы» еңбегі атауға тұрарлық. Онда,білімнің мазмұнын жаңғырту, оқулықтарға қазақстандық материалдар енгізу; оқытудың әдіс- тәсілдерін жаңғырту; оқушыларға тарихи ерекшеліктерді іздеп табу оларды оқу-тәрбие ісіне пайдалану секілді іс-әрекеттерін ұйымдастыру секілді ұсыныстар берілген.

Патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірақ ол әрбір оқушыда патриоттық сана, патриоттық сезім қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ. Психологияда адамның жан-дүниесі, сезім әрекеттеріне екінші сигналдық жүйенің ықпалы мол екендігі айтылады. Бұл ретте мектептердің патриотизмге тәрбиелеу жолдарын қарастыра келіп, олардың, жалпы оқушылардың сана - сезіміне ықпал ету, іс- әрекеттерін ұйымдастыру бағыттарында жүргізілгендігін анықтадық. Ұйымдастыру жұмыстарын осы бағыттар бойынша топтастырсақ, олар былайша бейнеленеді: лекторий, соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесулер, әңгіме кітаптар бойынша оқырман конференцияларын ұйымдастыру, ойын-сауық кештері, мұражайларға материалдар жинау, фото қалқаншалар, фотоальбомдар жасау тағы басқа іс-әрекеттерді ұйымдастыруға бағытталған. Тәрбиелік іс-шараның бағыттары «ұлтжандылық,ұлттық патриотизмдік» сананы қалыптастыру болса,ол-ар,намыс,ождан,қарыз,парыз секілді тағы басқа ұғымдар мен түсініктерді нақтылауды;олар туралы оқушы білімдерін жетілдіруді және олардың ауқымын кеңейтіп,тереңдетуді; сөйтіп Отан, мемлекет, ел, ұлт,халық,атамекен секілді киелі ұғымдармен байланысын ашып көрсетуді талап етеді. Өсіп келе жатқан жас буындардың бойында ұлттық патриотизмді қалыптастыруда, олардың әрқайсыларының «өзін ұлтының перзентімін» деп сезінуін нысанаға ала отырып, Қазақстандағы дәл бүгінгі жағдайда «ұлтты сақтап, одан әрі өркенін өсірудің кепілі»,-деп білген жөн. Мұның өзі «ұлт дегеніміз - ұлттың өзін-өзі билеу идеясы басын құраған адамдардың шынайы жүрек жарды бірлестігі» деген идеядан өрбиді.

Патриоттық сезім- келтірілген киелі ұғымдармен байланысты: қуаныш, мақтаныш, күйіну, сүйсіну секілді т.б. эмоция спектілеріне қозғау салу, ояту, дамыту, қалыптастыру мәселелерін шешуді де көздейді. Патриоттық сезім- жоғары сезімдер тобына кіреді деген пікірдеміз. Өйткені ол «қоғамдық мәнді және көңіл күйге байланысты моральдық сезімдерге» қатысты болып келеді, ол сананың жетілуімен тығыз байланысты дамиды. Қоғамдық тәрбиенің ықпалымен патриоттық сезімдер тұрақтанып, оқушының іс-әрекеті, мінез-құлқынан, сөзі мен ісінен көрініс беріп, ұлты, халқы, Отаны үшін қызмет етуге дайын тұрады.

  1. ҚР «Білім туралы» заңында білім беру мазмұнына жалпы талаптар анықталған, олар мәдениеті өркендеген демократиялық қоғамға үйлесімді жаңа адам үлгісін тәрбиелеуге бағытталуға тиісті. Болашақ қоғамның азаматы мыналарды меңгеруге міндетті:

  • дүниеге диалектикалық көзқарастың негізі болып саналатын белгілі мөлшердегі ғылыми білім жүйелерін;

  • ана тілі мен ұлтаралық қатынас тілдерін, өзінің және басқа халықтардың тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлердің қайнар көзі болып табылатын рухани адамгершілік байлықты;

өздігінен денсаулығын нығайтуға, эстетикалық талғамын қалыптастыруға, әлеуметтік белсенділік көрсетуге, азаматтық, нарықтық қатынастар жағдайындағы әр қилы өмірде өз бетімен еңбек етуге дайын болуға.

Қазіргі білім мазмұнын қалыптастырудың ортақ негіздеріне гуманитаризация, гуманизация, экологизация, дифференциация, интеграция, әлемдік және ұлттық мәдениет мұраларын кең қолдану, жаңа ақпараттық технологияларды кең пайдалану, көпкомпонентті, толыққанды оқыту үрдісінің шарты және нәтижесі ретінде шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру жатады. Реформация үрдісі білім мазмұнын интеллектуалдық, моральдық, және рухани жетілуді жеке тұлғалық ізденуді жүзеге асырушы адам типін жобалайтын жаңа модель болып табылатын интеграциялауға негізделеді.

Құндылықтар мәселесі қоғамның идеологиялық тұғырлары дискредитацияға ұшырап, мәдени дәстүрлері құнсызданған кезде, әрбір халық өзін мазалаған сансыз сұрақтың ең болмағанда бір бөлігіне жауап табу үшін өзінің өткен тарихы мен мәдениетіне бет бұрған кезде, тарихтың өтпелі, дағдарыстық кезеңдерінде өткір қойылып отырған.

Әдеби шолуларға сүйенсек құндылықтар жіктелуі әртүрлі: философиялық тұрғыдан витальды (өмір, денсаулық, игілік, экология және т.б.); әлеуметтік (әлеуметтік статус, жағдай, байлық, отбасы, тәуелсіздік және т.б.); діни (Құдай, сенім ғұрып, шіркеу және т.б.); моральдық (қайырымдылық, достық, сүйіспеншілік, парыз, адалдық, әділеттік және т.б.) эстетикалық (сұлулық, идеал, үйлесімділік, және т.б.); саяси (заңдылық, мемлекеттік, ата заң, азаматтық еркіндіктер және т.б.) Осылайша құндылықтар жалпы динамикамен сипатталатын мәдени реттеушіліктің қозғалмалы саласын білдіреді.

Педагогикалық тұрғыдан рухани-адамгершілік құндылық тәрбие арқылы жүзеге асады. Негізінен рухани адамгершілік құндылықтар адам бойынан бастау алады. Себебі адам жаратылысы өмірге өзіне қарым-қатынасы, тұрмыс тіршілігі саналы іс-әрекеті мен сезімі арқылы өлшеніп сараланып отырады.

Негізгі ұғымдар:

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Патриотизм ұғымына түсінік беріңіз.

  2. Отансүйгіштік сезімдерді қалыптастыруға сіздің көзқарасыңыз?.

  3. Жалпыадамзаттық құндылықтар негіздері деп нені айтамыз?

  4. Қазақстандық патриотизм ұғымын қалай түсінесіз?

  5. «Қазақстан ортақ мекенім» тақырыбына өзбетімен жұмыс жасау.


№12-дәріс

Тақырыбы: Қазіргі жастардың адамгершілік идеалдары: өзіндік ой-пікірлер, көзқарастар мен әрекеттер үшін жауапкершілік сезімі.

Жоспары:



  1. Ізгілік тәрбие негіздері.

  2. Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымдарында жүзеге асады.

  3. Өзін-өзі танудың отбасы тәрбиесіне ролі.

  1. Данышпан Әбу - насыр әл-Фарабидің пікірі бойынша, бір халық екінші халықтан табиғи үш қасиетімен ерекшеленеді: болмысы, мінезі және тілі. Әл-Фараби өзінің әлеуметтік, этикалық көзқарастарының кіндігіне адамды алады. Тек қана өзіндік еркін әрекеттене алатын белсенді пенде қоғамдық пайдалы қызметін жеке бақытын жасай алады. Музыканы, тіл білімін және логиканы педагогикалық ғылымға біріктіре отырып, осы арқылы Әл-Фараби дара тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуындағы тәрбие мәселесіне айтарлықтай мән берген.

Тұлғаны тәрбиелеу, оған кешенді білім беру, машықтануға дағдыландыру және мүмкіндікті дамытудың тарихы әріде жатыр. Алғашқы адамды тәрбиелеу процесі тіпті алғашқы қауымдық құрлыста қалыптасты десек те қателеспейміз. Себебі, алғашқы құрылған жанұя ондағы бала тәрбиесі бертін келе ашылған мектептер, бұлардың барлығының объектісі ол дара тұлғаны қалыптастыру тәрбиесі. Тәрбие қоғамдық құбылыс ретінде өздігінен пайда болып, жасалмай, тұлғаны қалыптастырып оны өмірге дайындаудың және оған қажетті қоғамдық сана мен қасиеттері дамытудың құралы болып табылады. Осыдан келіп тәрбие заңдылықтары, оның сипаты мен әдістемелік негіздері тәрбиелік қызметтің өзінде ғана көрінбей, әлеуметтік тұлға сипатына ие, адамның даму және қалыптасу заңдылықтарына негізделеді.

Қазіргі қоғамда тұлғаның дамып қалыптасуында рухани - өнегелі тәрбиенің жетіспеушілігі айқындалуда. Өзін-өзі тану дегеніміз-ол өзін тану, өзінің ішкі дүниесін тану, сол арқылы өзін-өзі тәрбиелеу, өзінің көзқарасын қалыптастыру, өзін-өзі сезіну және өзін-өзі бағалау. Өзін-өзі тану негізінен педагогтар дайындайтын мамандықтарға қажетті ілім болып табылады. Себебі, оқытушы және оқушы арасындағы байланыс кезеңінде мұғалім баланың ішкі дүниесін көріп және оның ішкі қуатын сезініп, сол арқылы табиғи түрде оны дамыта білуі қажет. Жан дүниесінің жалпы ағынымен таныс болу, әр адамның өз жан құбылыстарымен танысып, зерттеуге пайдасы бар. Өйткені, жан жүйесінің мақсаты: жалпы адамның жан құбылыстарын, олардың қатынасын, себебін тексеру. Бірақ, жалпы адамдарда тиісті жанның қасиеттерінен басқа, әр адамға қас, өзгеше сипаттар да бар. Адам өзін және өзгелерді ұғыну үшін ғылымнан жол басшылық керек. Ондай жол басшы болуға жарайтын ғылым “Өзіндік таным” пәні адамның жан жүйесінің ішкі дүниесіне жол ашатын, ішкі толқыныстар мен сезімдерді жеке адамдар өзгешелігін зерттейтін ғылым. Рас, бұл курс әлі жас, жеке адамда болатын алуан-алуан мінез қасиеттерін түгел тексеріп, ішкі күш, қуат пен жан заңдарын түгел ашты деуге болмайды. Бұл бөлімнің болашағы алдында. Бірақ жас та болса әр адамның өзгеше сипаттары мен сан қилы қырларын тексеріп, жеке адамды дамытуға бұл бөлімнен көмек табылады. Өзімізді бақылау, сынау үшін қақ жарылуымыз керек. Өзімізді ірі сыншының, ірі сыналатын заттың орнына қоя білуге үйрететін бұл ғылымның саласына өзіңді өзің тани отырып сол арқылы өз бойыңдағы шығармашылық белсенділікті арттыруға икемдейтін модельдер қалыптастыру артық етпейді. Ал, өзіндік танымның шығармашылық белсенділігін ХХ ғасырдың ұлы ойшылдары Сай Баба және Ошо былай сипаттап көрсетеді «шығармашылық белсенділік бұл өзіндік танымның жетем деп көздеген жұлдызды мақсаты», яғни өзіндік таным арқылы шығармашылық белсенділікті қалыптастыру керек. Себебі, шығармашылықта дамыту үшін адамда топтың бөлшегі емес, оны жеке тұлға ретінде бөліп алып қалыптастыру қажет. Өзінің көзқарасы жоқ топтың немесе қоғамның меңзеуімен жүретін, солардың идеасын қайталаумен жүретін адамның бойында шығармашылық белсенділігі болмайды. Шығармашылық дегеніміз-жеке “меннің” бостандығы, еркіндігі. Өзіндік таным шығармашылығы дамыған адам, кез -келген құбылысты ерекше көреді. Олар өзгелерге естілмейтін дыбысты жанымен сезініп, ішкі дүниесі жүрегі арқылы қабылдап, өзгеден ерекше естиді. Көрініс, құбылыс, дыбыс, ой іс -әрекет қарама- қайшылықтарынан үндестік, гормония, тұтастық өзара байланысын тауып, оны өз алдына бөлек ешнәрсеге ұқсамайтын қайталауы жоқ, шығарма ретінде дамытады.



  1. Отбасы тәрбиесінің мазмұны демократиялық қоғамның басты мақсатымен анықталады, яғни, жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Отбасы денелік және психикалық жағынан сау, адамгершілік, интеллектуалдық, дамыған, болашақ еңбектік, қоғамдық және отбасылық өмірге даяр тұлғаны қалыптастыруға міндетті. Отбасы тәрбиесінің мазмұнының құрамдас компоненттері: денелік (салауатты өмір салты, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру, спортпен айналысу, организмді шынықтыру), адамгершілік (мәңгі адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу - сүйіспеншілік, адалдық, борыш, әділеттілік т.б.), интеллектуалдық (оқушылардың біліммен сусындауына, оқуға деген сұраныс-ты тәрбиелеуге ата-аналардың қатысуы), эстетикалық (балалардың талантын және дарындылығын, өмірдегі әсемдік туралы білімдерін дамыту), еңбек /болашақ еңбекқор адамның негізін қалыптастырады/ тәрбиесі. Олар экономикалық, экологиялық, саяси, жыныстық білім берумен толықтырылады.

Отбасында балаларды тәрбиелеудің әдістері - бұл ата-аналардың балалардың санасына және мінез-құлығына мақсатты бағытталған педагогикалық әсердің тәсілдері. Олардың өздерінің ерекшеліктері бар: нақты қылықтарға негізделген және тұлғаға үйлестірілген, сәйкестендірілген балаға жекелік әсер; әдістерді таңдау ата- аналардың педагогикалық мәдениетіне байланысты (тәрбиелеу мақсатын түсінуі, ата-аналар рөліне, отбасындағы қатынастар стиліне т. б.).

Отбасы тәрбиесінің әдістері: сендіру (түсіндіру, ақыл-кеңес, иландыру); жеке өнеге; мадақтау (мақтау, сыйлық, балалар үшін қызықты перспектива); жазалау (достықтан бас тарту, рақаттылыққа рұқсат бермеу, денелік жазалау). Кейбір отбасыларында педагогтың кеңесі бойынша тәрбиелеушілік ситуациялар қолданылады.

Отбасында тәрбиелік міндеттерді шешуде әртүрлі құралдар баршылық: сөз, ата-ана беделі, оқу, табиғат, үй тұрмысы, ұлттық салт-дәстүр, қоғамдық пікір, отбасының рухани және моральдық ахуалы, күн тәртібі, әдебиет, спорт, мейрамдар, символ, атрибуттар, т.б.

Қазіргі қоғамда барған сайын отбасы дағдарысы көріне түсуде және одан шығудың жолы әлі де бұлыңғыр. Дағдарыстың бір көрінісі



  • отбасы өзінің басты функциясы, яғни бала тәрбиелеуді нашар жүзеге асыруда.

Дағдарыстың себептері: елдегі экономикалық жағдайдың нашарлауы, қоғамдық өмірде мәдениетінің төмендігі, отбасында әйелге көп жүктеменің түсуі, ажырасудың жоғары пайызы, ұрпақ арасындағы тартыстың асқынуы, отбасы мен мектептің байланысының нашарлауы т.б.

Отбасының тәрбиелік әсерін арттырудың жолдары: отбасындағы қатынасты гуманизациялау, мектеп, діни ұйымдардың және отбасының бірлескен қызметі, гуманитарлық фондылармен, қоғамдармен жұмысын үйлестіру т.б.

Тәрбие көзделген әрекет-қылық (поведение) типін қалыптастыруы міндетті. Тұлға тәрбиелілігі түсінік, ұғымнан көрінбейді, ол адамның нақты іс-әрекетімен бағаланады. Бұл тұрғыдан іс-әрекет ұйымдастыру мен қылық қалыптастыру тәрбие процесінің өзегі ретінде қарастырылады. Аталған топтағы әдістердің бәрі тәрбиеленушілердің практикалық іс-әрекетіне негізделген. Мұндай іс-әрекетті басқару үшін педагог оны құрамды бөліктерге - нақты істер және қылықтарға жіктейді.

Негізгі ұғымдар:

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар


  1. Ізгілік тәрбие негіздеріне сипаттама беріңіз?

  2. Тұлғаны тәрбиелеу, оған кешенді білім беру, машықтануға дағдыландыру және мүмкіндікті дамытудың тарихына сипаттама?

  3. Отбасы тәрбиесінің мазмұнының құрамдас компоненттерін ата?

  4. Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымдарында жүзеге асу жолдары?.

  5. Өзін-өзі танудың отбасы тәрбиесіне ролі.


№13-дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет