«Өзін-өзі тану» пәнінен оқу-әдістемелік кешен


Өзін –өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруының шарты ретінде



бет3/6
Дата09.07.2016
өлшемі0.5 Mb.
#186766
1   2   3   4   5   6

Өзін –өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруының шарты ретінде.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Жаңа ғасыр толқыны әкелген жаңалықтарға сәйкес қазіргі заманда адамның тұлғалық дамуына баса назар аударылып, жас жеткіншектерге берілетін білім негіздері олардың жеке даралық қабілеттерін жетілдіруге қызмет етеді. Әр баланың ішкі мүмкіндігі мен өзіндік қарымын дамытуға әсер ететін рухани адамгершілік қағидалары жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуының, өзін-өзі жүзеге асыруының аса қажетті шарты болып табылады.

Осы тұрғыдан келгенде еліміздің бірқатар мектептерінaде тәжірибеден өтіп жатқан өзін-өзі тану пәнінің оқыту мен тәрбие үрдісіндегі орны өзгеше. Оның өзгеше болатын себебі, бұл пәннің мазмұнын мектептегі басқа пәндердегідей ғылыми тұрғыдағы білім негіздері емес, керісінше руханилық бағдардағы тәрбиелік мәнді ұғымдар, оқушылардың өзіндік «Менін» қалыптастыруға ықпал ететіндей дәрежедегі адамгершілік құндылықтар қамтиды.

Өзін-өзі тану пәнін оқытуда оқыту үдерісіндегі ұтымдылық көрсететін оңтайлы әдіс-тәсілдерді пайдалану білім сапасының қажетті деңгейіне жетуге негіз болады. Ол өзін-өзі тану пәні мен өзге оқу пәндерінің инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы өзара сабақтасып, ықпалдасуын қажет етеді. Оқу пәндерінің өзара ықпалдасуы пәнаралық байланысты дамытуды ғана емес, ол сонымен қатар әр пәннің өзіндік мақсаты мен міндетінің айқындала, толыға түсуін де қамтамасыз етеді. Сол себепті мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан бастау алып, үздіксіз білім беру жүйесін тұтас қамтитын және болашақ 12 жылдық білім беру жүйесіне негізгі пәндердің бірі ретінде ендірілгелі отырған «Өзін-өзі тану» мен мазмұндық өзегі өзара өрімделген «Қазақ әдебиеті» пәндерін ықпалдастыру тиімді деп санауға болады.

Қазіргі кезде көп айтылып жүрген интеграция яғни салалас пәндердің өзара ықпалдасуы олардың мазмұндық, құрылымдық, ғылыми-теориялық, лингво-семантикалық және жалпыпедагогикалық аспектілерінің кірігуімен ерекшеленеді. Кіріктірілген пәндердің өзара байланысын төмендегідей белгілеріне қарай сипаттауға болады:

– ықпалдасу негізділігінің пәндік мазмұнға, оқыту нысаны мен әдістеріне сәйкестігі;

– білім мазмұнын сұрыптауда білім, білік дағдыларының құндылықты бағдарлы мәнділігін сақтау ұстанымының ескерілуі;

– оқушылардың компетенттілігін, тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологиялық әдіс-тәсілдердің жиынтығы болуы қажет.

Пәнаралық ықпалдасудың қазіргі оқыту үдерісінде толық, жартылай және блоктік деп аталатын үш түрі ұсынылады. Салалас пәндер мазмұнындағы оқу материалдарының бір курс төңірегінде топтасуы толық ықпалдасу деп аталады. Оқу материалдарының бір тақырып аясындағы ең өзекті мәселеге топтасуы жартылай ықпалдасуды білдіреді. Ал блоктік ықпалдасу дегеніміз жалпы білім беру бағдарламаларының жеке пәндік бағдарламалармен ұштастырылуы.

Қай пән болмасын кіріктірілген сипатта қызмет ете алатындықтан «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын өзге пәндермен ықпалдастыруда пәнаралық, пәнішілік байланыстар мен оқушының іс-әрекеттік қызметін арттыруға баса назар аударылады.

Бұл ретте әдебиет пен өзін-өзі танудың өзара ықпалдасуында мәдени-танымдық, тәрбиелік ұстанымдар тірек болады. Біртектес гуманитарлық білім аяларын құруға негіз болатын дидактикалық құрылым ретінде бұл пәндердің адамгершілік қағидалары негізге алынады. Рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының мазмұндық құрылымы ана тілі, әдебиет, тарих, философия, психология, педагогика, мәдениеттану, валеология, әлеуметтану, әдеп, эстетика ғылымдарының іштей кірігуімен ерекшеленіп, тақырыптық жүйе оқушылардың өзін-өзі жетілдіруіне ықпал ететін жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағытталады. Аталған пәндердің мазмұндық құрылымына әдеби көркем шығармалар негіз болатындықтан білім мазмұнын құрастыруда жалпыадамзаттық құндылықтар туралы ұғымдар жүйесі мен олардың адам өміріндегі көрінісін ескеру қажет.

Рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының дамытушылық және тәрбиелеушілік міндеттері әр тұлғаның азаматтық келбетінің жоғары болып, олардың кез келген ортада белсенділік көрсете алатын қабілеттерін жетілдіруді көздейтіндіктен әдеби көркем туындыларды сұрыптауда қазақ халқының өрелі өрісінің түп төркіні халық ауыз әдебиетінің үлгілерін егемен елдің бүгінгі әдебиетімен сабақтастыру қарастырылды.

Рухани-адамгершілік тұрғыда берілетін білім мазмұнында ұлттық руханиятымыздың өзегін құрайтын қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілері, атап айтқанда, тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар, ертегі, әдеби ертегілер, аңыздар, эпостық, лиро-эпостық жырлар, тарихи жырлар, айтыс өнері мен шешендік сөздердің кейбір таңдаулы үлгілері беріледі. Халық ауыз әдебиетіндегі адамзаттық мүддені қорғайтын, өмірге бейімдейтін, әртүрлі әдептілік, әсемдік, әділдік, және шыдамдылыққа да жетелейтін құндылықтарды оқып-үйрену арқылы оқушылар халқымыздың ділін, дүниетанымын, мәдениетін танып, олардан тәлім алатын болады. Батырлар жырындағы бабалардың елін, жерін қорғаудағы ерліктері; лиро-эпостық жырлардағы сүйіспеншілік пен мөлдір сезім, салт-дәстүр; айтыс өнеріндегі ой тереңдігі, тапқырлық, суырыпсалма ақындықтан көрінетін даналық балалардың өз халқына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін асқақтата түседі. Әдебиеттің ерекше жанры драмалық туындылардағы кейіпкерлермен кездесе отырып оқушылар адам бойындағы жағымды немесе жағымсыз қасиеттердің мәнін ұғынып, өз істерінде оғаштық көрсетпеуді түсінетін болады.

Әдеби көркем туындылардың ізгілікті сипатына орай рухани-адамгершілік білім мазмұнында Әбу насыр әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ахмет Йас­сауи шығармаларындағы адам тәрбиесіне қатысты ұлағатты, өнегелі сөз оралымдары көрініс тапты. Жыр маржанын төгілткен Қазтуған, Асан қайғы, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Жиембет, Сүйінбай жыраулардың, Үмбетей, Тәттіқара ақын, Бұқар жырау, Шал ақындардың шығармаларындағы туған жер, сыртқы жаулармен болған азаттық күрес, өз дәуірінің шындығы, ерлік, ел бірлігінің нақыл мен өсиет ретінде жырлануы оқушыларды халқымыздың сан ғасырлық өміріндегі әр алуан адами қарым-қатынастармен қауыштырады.

Сонымен қатар адам мүмкіндіктерінің шексіздігі, әр адамның бойындағы даралық қасиеттер мен қабілеттер және адамның ішкі дүниесі мен сыртқы келбетінің, сөзі мен ісінің үйлесімді болуы туралы да сөз болады. Берілген оқу мәтіндері бойынша оқушылар сыйластық, қайырымдылық, кеңпейілділік, жанашырлық, бауырмалдық тәрізді адамгершілік құндылықтардың адамдардың өзара қарым-қатынас жасаудағы мәнділігін ұғынады. Еліміздегі ынтымақтастық, өзара келісім, бірлік, тәуелсіздік, бостандық, достық, ұлтжандылық сияқты құндылықтарды түсініп, олардың қоғамдағы рөлі туралы оқып, үйрену де осы сыныптар аралығында қамтылады. Оқушыларға табиғатқа ізгілікті қарым-қатынас, қоршаған ортаның орны, денсаулықты сақтау мен нығайтуды үйрету және адамға кері әсерін тигізетін жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болудың жолдарын ұғындыруда көбінесе қазіргі замандық әдеби туындылардағы ізгілік мұраттары таңдалды.

Әр тақырыптың мазмұнын ашатын ата-баба өнегесі, әке мен бала қатынасы, ана мен әке қатынасы, қоршаған орта, күнделікті тіршіліктегі сыйластық пен мейірім, ар-ождан, қайрат, ақыл, жүрек, ерік, жігер, намыс, жан мен тән сұлулығы, т. б. құндылықтардың адам өміріндегі қажеттілігін сезініп, пайымдай алғанда ғана толық адам ретінде қалыптасуға мүмкіндік туады. Ол үшін адам өзіне не қажет екендігін дұрыс сезінуі ке­рек. Ежелгі грек философы Демократ адам өміріндегі қажеттіліктер олардың өзіндік ішкі мүмкіндіктері мен тілек-мақсаттарынан және сыртқы әсерлерден туындайтынын айта келіп, «Қажеттілік адамды барлығына да үйретеді», – деген екен. Олай болса, адам өмірінде қандай қажеттіліктер болады? Олардың бір-бірінен қандай айырмасы не­месе қандай ұқсастықтары бар? Күнделікті тұрмыстағы қажеттілік дегеніміз не? Адам өміріне орай әртүрлі қажеттіліктерді саралай отырып, барлық пәндерді ықпалдастыруды ойластыруға болады. Мысалы, биологиялық қажеттілік адам ағзасының дамуын қамтамасыз етсе, әлеуметтік қажеттілік адамның қоғамдағы орнын, мәнін анықтайды. Рухани қажеттілік – парасаттылық, танымдық, эстетикалық моральдық ізденістен туа­ды. Әлемді тану, табиғат әсемдігін, үндестілігін, үйлесімін, өнер жетістіктерін жүрекпен қабылдап бағалай алу, өзі өмір сүріп отырған ортаның заңдарын, ұлттық құндылықтарды қастерлей білу, махаббатты, сүйіспеншілікті, қайырымдылық пен имандылықты құрмет тұту тәрізді қажеттіліктерді өзін-өзі тануда ықпалдастық арқылы жеткізуге болады. Осы ретте біз әдебиет пен рухани-адамгершілік білім негіздерінің ықпалдасуын қарастыруды нысана етіп отыруымыздың себебі көркем шығарма – әдебиет пәнінің де өзін өзі танудың да мазмұнын құрушы материал болып табылады.

Әдебиет – адамзаттың асыл арманы, халқымыздың тарихи ізі, елдік-ерлік дәстүрлері, тұрмыс-тіршілігі, болмыс-бітімі кескінделген көркем шежіре. Ол – халықтың сан ғасырлық сөз өнерін атамұра, рухани байлық ретінде жеткізетін өмірдің көркем оқулығы. Әдебиетті тегін «өмір оқулығы» демесе керек. Олай болса, әдеби көркем шығарманың әр адамға өнеге, үлгі, тәлім-тәрбие беретін қуатының жоғары болуы оның адамгершілік ұстанымын аша түседі. Тәрбие ең алдымен адам жүрегіне жол табумен ерекшеленеді. Тәрбиенің әдістемелік негізін философиялық, психологиялық, педагогикалық тұрғыдағы баланың өзіндік қабілеті, белсенділігі, шығармашылығы, тұлғалық дамуы сияқты аспектілердің жиынтығы құрайды. Қазақ халқының ұлағатты өнегесі арқылы адамгершілікті тәрбие төңірегінде қаншама құндылықты ойлар айтылған. Сонау халықтық педагогикадан бастап, бүгінгі заманауи құндылықтардың бәрі де адам үшін қызмет етеді. Рухани-адамгершілік мазмұндағы әдеби көркем мәтіндердің ішінде Абай мен Шәкәрім шығармаларының алатын орны ерекше. Екеуі де адамзат баласын, адам әлемін сезіне, сүйе білуге шақырып, ізгілік еліне сара жол салады.

«Абай шығармаларының алтын арқауы болып Адам тұрады, адамға деген махаббат тұрады. Ұлы ақын нағыз адам, толық Адам қандай болуы керек? – деген мәңгілік сұраққа жауап іздейді, әрі оған жауап береді де», – деп Қ. Бітібаева айтқандай пейілі кең, ойы орнықты, талғамы терең, сезімі сергек, санасы жоғары, ең бастысы жүрегі жылы адамның рухани байлығы да мол болады. Абай айтқан жылы жүрек, ыстық қайрат, нұрлы ақыл адам баласын бақытқа бөлеп, өмірін өркендете түседі. Біздің өзін-өзі тану пәні рухани білім берудегі басты мақсатымыздың өзін осы Абай айтқан адамгершілік қағидаларын оқушы жүрегіне жеткізе білу деп ойлауға әбден болады. Әдеби тұрғыдан келгенде Абай мен Шәкәрім, Мағжан мен Мұқағали шығармаларының көркемдік ерекшеліктері айшықты оралымдардан көрінеді, ал бізге қажеттісі – олардың жан дүниесінің сұлулығы. Олар іздеген үйлесімдік пен ізгілік, махаббат пен достық, пейіл мен ықылас жарасымын адам бойындағы құнды қасиеттер деп бағалай отырып, біз әдеби-көркем туындылардағы мазмұн арқылы болашақ ұрпақты еліміздің нағыз азаматы ретінде тәрбиелеуді нысана тұтамыз.

Ал Шәкәрім Құдайбердіұлының «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек», – деген нақыл сөзде айтылған адамның жақсы өмір сүруіне негіз бола алатын адами қасиеттердің мәнін ұғыну оқушылардың өз бойларындағы адамгершілік қасиеттерді дамытуына ықпал етеді.

Адамның пейілі таза, көңілі кең, мейірімі мол, әр нәрсені қанағат ынсап тұта алу қасиетінің көптігі ниетке байланысты екендігін Шәкәрімнің «Мейірім, ынсап, әділет, шыдам, шыншыл харакет – түп қазығы ақ ниет», – деген нақыл сөзі дәйектей түседі. Мейірімді, қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақ ниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын, жан сұлулығын көрсетеді.

Өмірде кездесетін әр түрлі жағдайларда басқаларға зиян келтірмей, ой мен істің бірлігін сақтай отырып, байыпты шешім қабылдай алу да жақсылықтың нышаны. Олай болса, адамды бойдағы жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді ажырата білуге үйрету үшін Сүйінбай Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» атты өлеңіне адамгершілік құндылықтар негізінде талдау жасалады. Жақсылық та, жамандық та әркімнің өзіндік сенімінің қаншалықты мықты екендігіне байланысты болғандықтан балаларға қиындықпен бетпе-бет кездесуден қорықпай, жеңіл жол іздемей, сеніміңе үміт артып, әрқилы кедергіні де жеңуге ұмтылады. Сөйтіп, оқушылардың ойы адамның өзіне-өзі сенімді болуының басты көрсеткіші болып табылатын батылдық, табандылық, адалдық сияқты қасиеттері айналасында шоғырланады. Осы орайда оқушылардың сенім тура­лы, оның түрлі қырлары жөніндегі түсініктерін кеңейту мақсатында М. Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңіндегі қайратты, айбынды, көздерінде от бар, сөздерінде жалын бар, арлы, мінезі жұмсақ, жүрегі ақ, иманды және т. б қасиеттерге сипаттама беріледі. Мысалы, Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін әдеби және адамгершілік білім беру ықпалдастығында қарастырып көрейік. Өлең мазмұнындағы әдебиеттік мазмұн ғылым, білім алуға үндеп, оқушыларды бес нәрседен қашық, бес нәрсеге асық болуға, ғылымға берілу жолдарын іздестіруді мақсат етеді. Ал өлеңнің адамгершілік сипаты адамды босқа шаттанбауға шақырады. Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ тәрізді бес жағымсыз қылықтардан адамды аулақ ұстап, оларды керісінше талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сияқты жақсылыққа жетелейтін қасиеттерге баулиды. Адамгершілік қағидаларды көрсететін әдеби көркем мәтіндер оқушының интеллектуалды-шығармашылық қабілеттерін, логикалық ойлауын, дамытып, елестете алу, қиялдай білу дағдыларын қалыптастырады. Шығармашылық көңіл күй оқушының басқа пәндерді де құлшыныспен оқуына әсер етеді. Көркем шығарма мазмұнындағы елжандылық, әсемдік, рухани-адамгершілік құндылықтар басқа пәндермен пәнаралық тығыз байланыста болғанда ғана оңай шешіледі.
Адамның ішкі дүниесінің бірегейі.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Адамның рухани жан-дүниесі.

Құдіреті күшті Аллаһ Тағала бұл дүниені сынақ ретінде жаратқандықтан, ол – фәни, жалған дүние аталады. Атына сай жалған дүние жақсылық пен жамандық, арлы, намыстылық пен арсыз, намыссыздық, сұлулық пен көріксіздік, мейірімділік пен қатыгездік, адалдық пен харамдық тәрізді бір-біріне қарама-қайшылықтардан тұрады. Соның ортасында өмір сүретін адамдар осы қарама-қайшылықтар арқылы сыналып, кейбірі өз нәпсісінің жетегінде кетеді, кейбірі рухани кемелділікке ұмтылады. Әркімнің рухани байлығы мен рухани денсаулығы қандай, ол оның ісінен, мінез-қылығынан, еңбегінен, адамдармен қарым-қатынасынан, өмір сүру салтынан, ағайын, еңбек ұжымы, ел алдындағы абырой, сый-құрметінен айқын аңғарылады.

Тән мен жанның сәулесі. Адамдардың жұмбақ әлемін зерттеушілердің пайымдауынша, адам денесінің айналасы сәулеге толы, оны екі топқа бөлуге болады. Бірінші топ: жан сәулесі, екінші топ: тән сәулесі. Жан сәулесінде ата-бабаңның, өзіңнің жасаған күнәларың дертті дақтар түрінде жазулы тұрады. Тән сәулесінде ағзадағы әр мүшенің энергия қуаты мен дерті жазылып, атадан – балаға ауысқан тән дерті де көрініс табады. Экстрасенстер өздерінің алақандарындағы мол жылу қуатымен осы сәулелерді яғни, адам аурасындағы дертті дақтарды емдейді. Сонда дертті дақтар бітелетін болса, ол ағзадағы сырқаттың жазылуына жол ашады.

Жер бетінде нығмет жаратылған жан иесі – адам болса, оның өн бойындағы жақсы қасиеттердің негізі әубаста он нұрдан бастау алып, дамыйды. Олар мынандай нұрлар:

1. Нұр сыддық – адалдық, әділеттілік, шындық.

2. Нұр сабыр – төзімділік, табандылық, шыдамдылық.

3. Нұр шәкір – қадірлеу, құрметтеу, қастерлеу.

4. Нұр фәкір – тәкаппарлық, асқақтық.

5. Нұр зәкір – көркем келбет, сипат, Аллаһқа мадақ.

6. Нұр намаз – ғибадат ету, құлшылық жасау.

7. Нұр Ораза – өзін тыю, қанағат ету.

8. Нұр иман – ақиқатты түсіну және оған сену.

9. Нұр садақа – қайырымдылық жасау.

10. Нұр пәк жан – әрқашанда таза болу. Тәннің һәм жанның тазалығы.

Табиғаттағы заңдылықтың басы – ұлы үйлесімді зерттеушілердің айтуынша, адам бойындағы алғашқы бес нұр оған бесіктен даритын болса, оның жаны таза болады, рухани жағынан сомдалып, қалыптасып, жанның мәңгілігіне негіз қалайды. Осы он нұрдың адам бойында жинақталуы, соның нәтижесінде жан мен тән иесінің шығатын биігі – ұшпақ, ол – жанның мәңгілігі. Өйткені, ұшпаққа шыққан адамның мәңгілік орыны – қашанда жаннат (жұмақ) болмақ.



Адамдардың қарым-қатынас ережесі

«Бұл өмірде адамдар арасындағы қарым-қатынас белгілі бір ережеге бағынады да іс-әрекетіне байланысты пиғылы шартты сегіз топқа бөлінеді. Тіршіліктегі барша ғамалдары (іс-әрекеті) осы сегіз пиғылымен сипатталады» (Ғұзыхан Ақпанбек). Олар:

1. Парыз. Әрбір адам өз ісін, кәсібін жетік білуге тиіс. Бұл оның парызы. Әрине, ол үшін оқып үйрену, білгенін пайдалы іске жарата білуі қажет.

Ата-ананың парызы: ұрпағына ана тілін, ата-баба салтын, дәстүрін үйретіп, қастерлету, еңбекке, отансүйгіштікке, адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Бала парызы: ата-анасын сыйлау, бағу, олардың жақсы атына жаман істерімен кір келтірмеу, ренжітпеу, шаңырағын құлатпай, ұрпақ жалғастыру, дінін, тілін қастерлеу.

Ислам дініндегі бес парыз: иман, намаз, ораза, зекет, қажылық.

Парызын адал атқарған адамға Аллаһ Тағаланың мейірім-шапағаты мол, істері сауаптан. Парызын адал атқармайтындар – күнәһарлар.

2. Уәжіп. Адамдар бір-біріне жақсылық жасауға, іс-тәжірибесін, өнерін өзгелерге үйретуге, ақыл-кеңес беруге, көмектесуге, ізгі қарым-қатынаста болуға, отбасын асырауға, өнегелі өмір сүруге міндетті. Мұның бәрі уәжіп (міндет) амалдар. Ислам дінінде мұсылманның басты-басты 54 парызы бар болса, оны орындалуы – уәжіп. Азаматтық, інілік, ағалық, басшылық перзенттік, мұсылмандық, ата-аналық міндетін орындау – сауап, орындамау – күнә.

Ислам дініндегілер ғибадат жасаумен ерекшеленеді. Соған сәйкес, мұсылмандық ғибадат жөнінде айта кетсек: Жаратқан Иемізге сиынып, жалбарыну, шариғат талаптарын оқып-біліп, орындау, аруақтарға дұға, құран бағыштау, киелі жерлерге барып құлшылық ету-ғибадат амалдары. Сондай-ақ, Ұлық Пайғамбарымыз ғибадаттың ең абзалы адамдардың көңіл күйін көтеру, оларға қуаныш сыйлау екендігін де өсиет етіп айтып қалдырған. Мұны есімізде сақтап, бұлжытпай орындауымыз қажет.

3. Сүннет. Ибраһим Пайғамбар (ғ.с.) айтқан екен: «Арымас, ашықпас, талмас үш түрлі көлікке қол арттым. Олар: сабырлылық, шүкіршілік, ризашылық", - деп. Ислам дінінде басты сүннеттер: әр істі де бисмилләмен бастау, намаз, дұға, Құран оқудың алдында дәрет алу, адамдармен сәлемдесу және т.б. Адамгершілік мінез-құлық тұрғысында сүннет амалдар: қай кезде де сабырлы, ұстамды болу, ақылды сөзге тоқтау, зиянды әрекеттерден тиылу, үлкенге құрмет, кішіге ілтипат көрсету, барға қанағат, ризашылық ету, қызғаншақ болмау, т.с.с.

4. Мұстахаб. Әлсіздерге көмектесу, қайырымдылық жасау, кекшіл емес, көпшіл болу, өзіне жасалған қиянатқа кешірім жасай білу, дархан мінез таныту тәрізді ізгі істер мұстахаб болып саналады. Ислам дінінде нәпіл намаз оқу, нәпіл садақа беру, бос уақытында Құран оқу тәрізді істер мұстахабқа жатады.

5. Мұхаб. Өзіне де, өзгелерге де зияны жоқ, өзіне пайдасы тиюі мүмкін істер. Олар: дене шынықтыру, серуендеу, аң, балық аулау, түрлі коллекциялар жинау, сурет салу, табиғи, мәдени ескерткіштерді тамашалау. Ислам дінінде асты тойғанша жеу, ешкімге зияны жоқ бос сөздер айту, өлең, жыр оқу мұхаб саналатын істер қатарында.

6. Харам. Адамға, жан-жануарларға қаталдық, қастандық жасау, өлтіру, жаралау, қинау, қорлау, қанын төгу, ата-ананы сыйламау, жетімнің малын жеу, лауазымын, байлығын пайдаланып бір ізгі іске кедергі келтіру, жалған куәлік жасау, ғайбаттау, зінақорлық, ұрлық, қарақшылық, тонау, доңыз етін жеу тәрізді істер харам болып саналады. Білімнен қашу да – харамдық. Өзін харамнан тыю – сауапты іс. Харамды адал деу де – күнәһарлық. Харамдылықтың жазасы – тозақ.

7. Мәкруһ. Адам өзін мас қылатынын біле тұра спиртті ішімдіктер ішсе, есірткі тартса, ауырып қалуы мүмкін екенін сезе тұра бұзылған тағамдарды жесе ол – мәкруһ. Ислам дінінде мәкруһ істер: намазды себепсіз қойып кету, айт намазының тәкбирлерін біле тұра айтпау, құмар ойындарын ойнау, өсім алу, әдепсіз сөйлеу, біреуді балағаттау, қарғау, өтірік-өсек айту, кінәсіз жазғыру. Мәкруһ екі түрлі: 1. Мәкруһ тахрими. 2. Мәкруһ тәнзиһи. Адам мәкруһ тахримиден тиылмаса – күнәһар, Аллаһтың жазасына тартылады. Мәкруһ тәнзиһиден тиылған адам сауапқа бөленеді. Тиылмаса күнәһар емес. Халық даналығы: «Ауыздан шыққан түкірік, қайта жұтса – мәкруһ».

Мүфсуд. Ауызды қатты ашып тұрып есінеу, түрегеліп тұрып тамақ жеу, кісінің көңіліне келетін қатты әзіл-қалжың айту, әдепсіз іс, қимыл жасау тәрізді іс-әрекеттер. Ал Ислам дінінде мүфсуд – тағат – ғибадатты бұзатын істер, орынсыз әзіл-қалжың. Мүфсудтан тиылу – сауапты, тиылмау – күнәһарлық емес.

Адамның жұмбақ әлемі

Хадис – шәріпте баяндалғанындай, «Аллаһ Тағала Адам Атаны жер бетінің әр қиырынан әкелінген бір уыс топырақтан жаратқан». Адам баласы сол топырақтарға байланысты қызыл, ақ, қара, тағы да басқа, түрлердің араласуынан пайда болып, мейірімді, кейде қатал, жақсы немесе жаман (әртүрлі күш-қуат, ерекшелік, мінез-құлықта) мінездермен дүниеге келген. Осы хадисті түсіндіре отырып, хадис ғалымы ибн Қаюм әл-Жәузия адам нәпсісінің қандай екенін былайша баяндайды:

«Сүбханаллаһ! Нәпсіде Ібілістің тәкәппарлығы, Қабылдың көре алмаушылығы, һуд қауымының азғындығы, Сәмуд қауымының қарсылығы, Нәмруттың батылдығы, Перғауынның сандырақтауы, һаманның желігушілігі мен арамдығы, Харунның зұлымдығы мен бүлікшілдігі, Бәлғамның әуесқойлығы, Асхабү Сәбиттің айлакерлігі, Уәлид бин Мұтраның қасарысуы және Әбу Жәһилдің қараңғылығы бар. Бірақ риязат (аз ішіп – жеу, аз ұйықтау, көп құлшылық жасау) пен мүжәһәдә (нәпсімен күресу) осы жаман қасиеттерді тәрбиелеп, адамды мұндай жаман қылықтан құтқарады».

Адамның бойындағы жан-жануарларға тән қасиеттер: 1. Қарғаның ашкөздігі. 2. Иттің шектен тыс тәбеті мен озбырлығы. 3. Тауыстың өзін өзі ұнатуы. 4. Заузаның (қоңыздың) нәжіспен жақындығы. 5. Кесірткенің қиқарлығы. 6. Түйенің ызасы. 7. Жолбарыстың қарғуы. 8. Арыстанның айбаты. 9. Тышқанның пасықтығы. 10. Жыланның улауы (улылығы). 11. Маймылдың қажетсіз де ожар қылықтары. 12. Құмырсқаның еңбекқорлығы. 13. Түлкінің айлакерлігі. 14. Сауысқанның сақтығы. 15. Қыранның алғырлығы. 16. Күзеннің сасықтығы. 17. Қоянның қорқақтығы. 18. Аққудың адалдығы. 19. Шошқаның семіздігі. 20. Есектің ақымақтығы. 21. Қорқаудың жыртқыштығы. 22. Жылқының жүйріктігі мен жайсаңдығы.



Мінез-қылықтың 40 кеселі

Адам ағзасындағы көптеген аурулар, рухани күйзеліс пен жұтандық мінез-қылығына да, тәні мен жанының адалдығына да тығыз байланысты. Біз бүгін соның жұлдызды бір шоғырына тоқталсақ:

1. Әйелі еріне адал, өзі таза болса, күйеуі жақсы өмір сүреді, ешқандай еңбексіз, жаттығусыз-ақ оның жанына айрықша күш-қуат құйылады. Ол еркекті ешнәрсе де зақымдай алмайды, жеңбейді.

2. Күйеуі әйеліне адал, өзі таза болса, әйеліне байсалдылық, уаымсыздық, нәзіктік күш бітеді. Ері адал, таза болмаса, әйелі аурушаң, әлсіз болады.

3. Рухани кемелділік жолындағылар үш сағаттан алты сағатқа дейін ұйықтаса да тынығып қалады.

4. Зорығып баю жолында жүргендер жеті-сегіз сағат ұйықтаса да тыныға алмайды.

5. Сегіз сағаттан артық ұйықтайтындар – ісі кері кетіп, өзін-өзі ұйқымен улайтындар. Көп ұйықтайтындардың зейіні әлсірейді, ұмытшақ болады, нашақорлыққа бейім тұрады, өзін-өзі өлтіру жолына түсуі де мүмкін.

6. Жаман кездесу, ұрыстардың кесірінен суға түсіп, ой кірі мен тән кірінен тазарып құтылуға болады.

7. Күнәңнан біржолата арылып, нені ойласаң, өмірде сол тілегің қабыл болып, мақсатыңа жетесің.

8. Тұрақтылық (махабатта, еңбекте, мінезде, уәдеде) – мұратыңа жеткізетін жол.

9. Өзі үшін ғана өмір сүру – адамды даналығынан, ақылынан айырады.

10. Эгойстер ақыл күшінен айрылып, иммунитеттері әлсіреп, созылмалы ауруларға ұшырайды.

11. Оразаны парыз ретінде емес, беделін арттыру үшін ұстаса, намазға да сондай ниетпен жығылса, ол адамның жүйке жүйесі тозады.

12. Тамақаты, ұйқыны, төсек ләззатын ғана ойлау – адамды топастандырады, денесінде ісік аурулары пайда болады.

13. Бөлмесінде ит ұстап, ит асыраған адам – ағайынмен, көрші-көлеммен итше ырылдасып, итше қызғаныш сезімінде өмір сүреді. Халық даналығы: «Кіммен аралассаң, сол боласың».

14. Біреуге жамандық тілеген адамды Жаратқан Иеміз жарылқамайды.

15. Адамның жақсы мақсаты болмаса, сана бітпейді, бойына парасаттылық дарымайды.

16. Жайдары жүрмесең – ішкі құрылысыңның жұмысы енжарланып, тұнжырап ауырады.

17. Мейірімді, қайырымды болмасаң, бұлшық еттерің босаңсиды, әсіресе, іш құрылысының, жүректің бұлшық еттері босайды.

18. Өкпелегіштік, кешіре білмеушілік асқазан асты безін құртады.

19. Өмір сүретін ортасында адамдар ашуын басып, тыныштық орнамаса, көк бауыр, талақ ауырады.

20. Ашық, жайдары болмасаң – бүйрек ауруына шалдығасың, ішек-қарының, тоқ ішегің жаман жұмыс істейді.

21. Сараңдық – іште жиналатын улар, залалды қосылымдар. Жомарттық жасамасаң, сыртқа шықпай, өзіңді улайды.

22. Болашаққа сенімсіздік өкпені ауыртады, үміттің үзілуі – туберкулезге бастайды.

23. Момын, көнгіш, қарапайым болмасаң, қалқанша бездерің, шеміршектерің қозады, ауруға шалдығады.

24. Көз тоймайтын пайдакүнем, қанағатсыздық – лимфа түссіз сұйық зат жүйесінің қысымын жоғарылатады, адамды жағдайсыздыққа душар етеді.

25. Жақсылық ойлайтын адамға жұқпалы ауру дарымайды. Оларға барлық ауруды туғызатын паразит құрттар, вирустар жоламайды.

26. Дәмді сезіне білу – лимфа сұйығы сау, қанағатшыл адамдарға тән.

27. Маңайына, жұбайына сүйіспеншіліксіз қарайтындардың көзі ауырады.

28. Құдайға, ешкімге сенбеушілік буын ауруларына соқтырады.

29. Жүргіштердің иісі сасық болады, олар жыныс ауруларына ұшырайды.

30. Өз-өзіне сенбейтіндердің сүйегі ауырады, тістері түседі.

31. Қатыгез адамдарда тас пайда болады (бүйрегінде, өт жолында).

32. Біреулердің арқасында күнкөрушілердің ішінде дәл өзіндей құрттар пайда болып, сорады.

33. Біреудің еңбегін пайдаланып кеткісі келетіндерді қара жер тартып тұрады.

34. Терілердің құрғақтығы – сезімталдықты дұрыс пайдаланбаудан, табиғаттың еркек пен әйел заңдылығына қарсы шығушылықтан.

35. Бастың көп ауыруы – мақсатсыздықтан, өсекшілдіктен, кінәлағыштықтан.

36. Шаштың түсуі қиыншылықтан қорқудан.

37. Шаштың ағаруы бас көтертпес қиындықтардан.

38. Семіру – сараңдықтан.

39. Көзді шел басу – көргің келмесе көрмегенің дұрыс деген белгі.

40. Сары уайымға салыну – қанды азайтады, ағзадағы темір құрамын кемітеді.

Біздің данагөй халқымыз: «Әркім өз бақытының ұстасы», - дейді. Тәніміз бен жанымыз сау болсын десек, ең бірінші, материалдық игілікке емес, рухани кемелділікке ұмтылайық, мінез-қылығымызды түзейік, жамандықпен қас, жақсылықпен дос болайық бауырлар!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет