П 15 Пікір жазғандар


І тарау бойынша бақылау сұрақтары



Pdf көрінісі
бет9/65
Дата27.11.2023
өлшемі0.97 Mb.
#484557
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   65
әдебиет теориясы

І тарау бойынша бақылау сұрақтары:
1.1.
Әдебиет термині қай тілден шыққан және қандай мағына береді?
Әдебиеттің қандай салалары бар?
Негізгі сала дегеніміз не?
Жанама сала дегеніміз не?
Нағыз суреткерге тән қасиеттер қандай болу керек?
Эстетика дегеніміз не?
1.2.
Әл-Фарабидің әдебиттануға қосқан үлесі қандай?
Ы.Алтынсариннің қазақ әдебиеттану ғылымына қосқан үлесі
Шоқан қазақ өлеңдерін қандай жіктерге бөледі?
Абайдың сөз өнеріне қатысты ой-пікірлері қандай


Түркілік әдебиеттің басты өкілдері және олардың қандай шығармалары
әдебиеттану ғылымына бағытталған?
1.3.
Шеберліктің басты шарты не?
Шеберлікке қандай талап-міндеттер қойылады?
Көркем әдебиеттің табиғаты қандай?
1.4.
Образ дегеніміз не?
Образдың қандай түрлерін білесің?
Образдылық дегеніміз не?
1.5.
Тақырып дегеніміз не?
Идея дегеніміз не?
Мазмұнды нақтылауда идея мен тақырыптың ролі қандай?
«Тақырып - әдеби шығармада сөз болатын басты мәселе» дегенді қалай түсінесіз?
Мәңгілік тақырып дегенге қандай тақырыптар жатады?
1.6.
Мазмұн дегеніміз не?
Пішін дегеніміз не?
Сюжеттің анықтамасы қандай?
Композиция дегеніміз не?
Композицияның құрылымдық бөлшектерін ата.
ІІ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТІЛІ
2.1.Поэтикалық тіл. Өлең жүйесі мен ұйқас түрлері.
Көркем әдебиеттің негізгі құралы- тіл. Суретші бояуды қандай жақсы білсе, жазушы да
тілді соншалықты жақсы білуі керек. Тіл- сан сөздердің жиынтығы. Жазушы халықтың
бай тілін шетінен алып пайдалана бермейді. Солардың ішінен ең керектілерінен таңдап,
талғап, сұрыптап алады. Өзінің ой сезімін оқырмандарына жеңіл, өткір етіп жеткізе
алатын сөздерді таңдайды. Көркем тіл жайы – әдебиет туралы ғылымның ең өзекті
мәселелерінің бірі. Сөз – халық қазынасы. Тіл, сөз жайын тексеретін ғылым үш түрлі: тіл
білімі, стилистика, көркем сөз теориясы.
Әдеби шығарма тіл арқылы жазылса, тіл сөзден құралады. Ал әр сөз о баста образдан
туған., келе-келе образдар ұмытылған да, олардан туған сөздер ғана қалған. Сондықтан
образды тіл деген ұғымды жаңалық деу қиын. Бұл – әр сөздің табиғи қасиеті. Әңгіме осы
қасиеттің күллі құпиясын, құбылысын, осынау образдылықтың ішкі сырын, сыртқы
сипатын әрі нәзік, әрі терең түсініп, соны қаламгерлік қызметке шебер қолдана білуде
жатыр.
Тіл байлығының қайнар көздері көп. Солардың бірі – сөздердің көп мағыналылығы
(полисемия). Әр сөз жеке атау күйінде – ақ бірнеше мағынаға ие. Бұны лингвистер сөздегі
тура мағына және ауыспалы мағына ретінде түсіндіреді. Бірақ бізге керегі – әр сөздегі әлгі
қасиеттің әдеби шығармаларға қалай қолданылуы. Көркем сөз теориясы бәрінен бұрын
осыған назар аударады. Егер жазушы әр сөздің әр сипаттағы тура немесе туынды
мағыналарын жіті айыра танып, әрқайсысын тек өз орнымен ұтымды қолдана алса, сөзбен
жасалған суреттегі ой мен ұғым, сыр мен сезім дәлдігіне жетеді де, осы арқылы
шығармаға әсерлі эмоциялық күш дарытады. Ал баяндау мен суреттеудегі дәлдік –
жазушы шеберлігінің ең ірі қырларының бірі. Полисемизм қаламгер үшін осы жағдайда
қажет. Мысалға дүние деген сөзде қаншама мағына бар және олардың әрқайсысын қай
ретте қалай қолдану керектігін З.Қабдоловтың еңбегінде нақты мысалдармен берілген.


Сонымен қатар аяқ деген сөзді алайық: адамның аяғы, столдың аяғы, сөдің аяғы, кезектің
аяғы т.б.
Жазушының еңбегіне байланысты творчествоның азабы деген ұғым бар. Сол азаптың
ең үлкені – суреткердің сөз үстіндегі қызсеті. Л.Толстой айтқан екен: «миллион сөз ойлап,
соның тек бірін ғана таңдау – қандай азап?». Алайда шын таланттың рақаты да сол –
азапта, миллион сөз ішінен бір сөзді таңдап алып, дәл орнына дөп қою – азаптан туған
рақат. Жалғыз-ақ жазушы осыған жету үшін сөздердің өзге қырларымен бірге,
полисемиялық сырларын да терең білуі қажет.Өйткені бұл – тіл байлығының қайнар көзі.
Көркем әдебиетте әр сөздің тура мағынасымен қатар бұрма мағынасын да еппен,
ұқыппен пайдалану шығарманың ажарына ажар қосатыны даусыз. Айтқысы келген
сырын, танытқысы келген шындығын жан тебірентер әсерлі суретке айналдырып, қағаз
бетіне көңілдегі қалпынан айнытпай түсіру үшін ең қажетті бірден-бір сөз іздеп табу –
шебер суреткердің қасиетті парызы. Оның дәл осы жағдайда сөз іздер атыраптарының
бірегейлері, әрине - синонимия – айтылуы, естілуі әр түрлі болғанмен, мағынасы бір-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет