P c. Жақсылықбаева журналист этикасы Оқу қүралы


Сұхбатқа ақпарат жинаудың бір сэтті жолы әңгімелесушінің



Pdf көрінісі
бет136/280
Дата17.09.2022
өлшемі7.74 Mb.
#460870
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   280
Жаксылыкбаева Р.

Сұхбатқа ақпарат жинаудың бір сэтті жолы әңгімелесушінің 
көңіл-күйін сезіп отыру, ондағы өзгерістерге мэн беру бо- 
лып табылады. Әңгіменің барысын асқан сақтықпен дамы- 
та отырып, керекті арнаға салу, ең қажетті деген нақты эрі дэл 
сүрақтар қойып отырудың өзі үлкен өнер боп саналады. Сұхбат 
алу жөнінде белгілі журналист Анатолий Аграновский былай 
жазады: «Әкемнің, қарт журналистің, берген кеңесі элі есімде: 
«Бірінші интервьюге барғанда - өзің сөйле. Екінші кеште тыңдан 
беруіңе болады. Сонда ғана сәтті әңгіме шығады» (Аграновский 
А., Суть дела. 1968. 4 б.).


ІІІтарау.
Журналистің кәсіби этика мәселелері ...
103
Америка Құрама Штаттарында тележурналистерге арналған 
көмекші кұралда сұхбат алу жөнінде төмендегідей ақыл-кеңес 
берілген: «Сұхбат алуға дайындалған уақытта кейіпкермен мүм- 
кіндігінше дұрыс, толық эңгімелесіп алып, эрі қарай хабарға 
түсіруге әзірлеу үшін алдын ала бірнеше минут арнауыңыз керек. 
Егер сіздің кейіпкеріңіз бұдан бүрын хабарға түсіп көрмеген адам 
болса, онда ол, әдеттегідей, сасқалақтап, камера алдында өзін-өзі 
қалай ұстау керектігін білмейді. Бұл кісінің қысылмай, өзіне-өзі 
сеніп, қойылған сауалдарға жауаптар қайтара алатындай жағдайда 
болуы үшін, оған бірнеше кәсіби кеңес бергеніңіз дұрыс болады» 
(Журналист, 1993. - № 5. С. 29. Вы должны сломать лед).
Осы тұста сұхбаттың қандай жерде, мысалы, студия да, лауа- 
зымды адамның кабинетінде, қоғамдық орында тағы басқа жер- 
лерде жүріп жатқандығының маңызы бар. Өйткені, адамдар 
көбінесе сұхбаттың жұмыс жағдайында, мысалы, кабинетте өтуін 
ұнатады. Тэжірибесі мол, шебер журналист алғашқы минуттар- 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   280




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет