P c. Жақсылықбаева журналист этикасы Оқу қүралы


Ж щ с ы л ы қ б а е в а Р.С



Pdf көрінісі
бет135/280
Дата17.09.2022
өлшемі7.74 Mb.
#460870
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   280
Жаксылыкбаева Р.

102
Ж щ с ы л ы қ б а е в а Р.С.
Журналист этикасы
дарласу барысында энші болмысына лайықты сұрақтарды орынды 
қоя отырып, сұхбатты сәтті шығара білген.
Профессор Т. Қожакеев сұхбаттың тартымды, сәтті шығуы 
үшін журналистерге мынадай ақыл-кеңес береді: «Ең алдымен, 
ол әңгімені сыпайы, эдепті түрде, екі жаққа да жайлы, тиімді 
бағытта жүргізе білуі керек. Халыққа ең қажетті, олардың білгісі 
келіп отырған мәселелерді дэл ашатын, нақгы да керекті жауап 
алуға болатын сұраулар қоюға тиіс. Әрі берілген жауап, айтылған 
әңгіменің оқырмандарды қызықтыратын ең қажетті жерлерін 
таңдап ала білуге міндетті. Қозғалатын мәселенің сипатына, онда 
нендей жайттардың ашылуы қажеттігіне орай, әңгімелесушінің 
кім екеніне қарай интервьюдің ең тиімді түрін таңдау да - өнер» 
(73 б. Т. Қожакеев, 1991).
Кейіпкерден сұхбат алатын журналистке көптеген талаптар 
қойылады. Сұхбат жүргізу өнері шеберлікті, тэжірибелікті қажет 
етеді. Сүхбат алу - өте жауапты, қиын процесс, онда журналистің 
мәдениеттілік деңгейі, алған тәрбиесі, білімділігі, ұқыптылығы 
айқын көрінеді. Мэселен, журналист кейіпкермен кездесу тура- 
лы алдын-ала келісіп алған соң, өз басының қасиеттерін: өзінің 
дэлдігін, тэртіптілігін байқатып, тиісті уақытта кешікпей келуге 
міндетті. Екіншіден, журналистің сыртқы көрінісі, киген киімі, 
тіпті эстетикалық талғамының өзі үлкен рөл атқарады. Өйткені 
алғашқы уақытта туғызған жағымсыз, теріс әсерді жуып-шаюдың 
қиынға соғуы әбден мүмкін. Үшіншіден, тілші белгілі бір маман- 
нан не лауазымды адамнан сұхбат алмас бүрын сол сала бойынша 
әдебиеттермен танысып, түрлі социологиялық т.б. зерттеулердің 
нэтижелерін қарап, дұрыстап дайындалып келуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   280




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет