P c. Жақсылықбаева журналист этикасы Оқу қүралы


бұл тұрғыдан сұхбаттың атқаратын рөлі зор. Сұхбатқа профессор



Pdf көрінісі
бет133/280
Дата17.09.2022
өлшемі7.74 Mb.
#460870
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   280
Жаксылыкбаева Р.

бұл тұрғыдан сұхбаттың атқаратын рөлі зор. Сұхбатқа профессор 
Т.С. Амандосов: «Күн тэртібінде өмірдің өзі ұсынып отырған 
қоғамдық маңызы бар мәселе жөнінде журналист белгілі бір 
адамның ой-пікірін біледі, немесе сол мәселе жөнінде одан 
түсініктеме алады, онымен сөйлеседі, осыларды өңдеп, қорытып 
жазады, міне, осы талаптарда сай жазылған материал газеттің хабар 
жанрының бір түрі - интервью болып табылады», - деп анықтама 
берсе, (Т. Амандосов, Қазақ Совет баспасөзінің жанрлары. 1968, 
55 б.) сұхбаттың мақсаты жөнінде профессор Т.Қ. Қожакеев бы- 
лай деп жазады: «Интервьюдің мақсаты - қоғамдық маңызы зор 
бір мәселе, оқиға, тың бастама, қызықгы құбылыс жөніндегі 
соған қатысы бар, өзі араласқан беделді де білікті адамдардың, 
мамандардың пікірімен жұртшылықты таныстыру» 
(Т. 
Қожакеев, 
Жас тілшілер серігі. 1991. 64 б.).
Журналист кәсібі қоғам қызығушылык тудыратын құбы- 
лыстарды халық атынан тергеуге құқылы етеді. Тақырып таңдау


ІІІтарау.
Журналистің кәсіби этика мәселелері ...
101
мен мекен-жай табу, жарияланымның мақсатын айқындау мен 
фактілерді екшеп алу, кейіпкердің болмысын бағалау немесе оқиға 
табиғатын түсіну, материал құру ең басты міндеттерінің бірі болып 
табылады. Журналистің жұмысы бастан-аяқ моральдық қарым- 
қатынастар орнатумен тығыз байланыста, сондықтан қызметі 
өнегелілік сипатта болады. Журналист қоғам қайраткерлерімен не­
месе белгілі бір салада істеп жүрген озаттармен сан алуан мәселе- 
лер жөнінде әңгімелесіп, пікір алысады. Әрине, бұл эңгімелер мен 
пікірдің біздің өміріміз үшін маңызы мен қоғамдық-саяси мэні зор 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   280




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет