жатыр. Батыр, шешен, бай, би - бэрі де қазақтың байырғы қоғамының ірі тұлғалары. Батырлардың да ақыл-ой тәрбиесі туралы көзкарастары мен ойлары, негізінен, өмірдің ақиқат шындық оқиғаларынан ту- ындайды. Мысалы, «Исатайдың Жэңгір ханға айтканы»: «Алда келе жатқан Исатайға Жэңгір хан: - Қара тазыдай сыландап алға шыға бермей, қатарда жүрсең не етеді? - дейді. Сонда жарамсак билердің шағыстырып келе жатқанын сезіп қалған Исатай: - Алда сылаңдап келе жатқанда, артыңда карғылы төбеттей сүмеңдеп төрт биің келе жатқанда, сені көктен құдай, жерден құмай алар деп қорқып келесің бе? - деген екен» (Сөз тапқанға қолқа жоқ. 1988. 37 б.). Қазақ халқының моральдық-этикалық тэрбиесінің басқа халықтарға үқсамайтын өзіне тэн мән-мазмұны, ерекшеліктері бар. Біздің пайымдауымызша, моральдық-этикалық дэстүрлер дегені- міз - адамгершілік қатынас мазмұнында көрініс тапқан моральдык ережелер мен нормалар. Үлы жазушы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романында осындай халықтық эдеп, шынайы шындық мэселелері кеңінен орын алған. М эселен, Қарашоқыға жазықсыз жаламен Қодар мен Қамқаны өлтіруге алып келгенде, ашынған Қодар зор дауыспен барынша: - Ақ-қарамды тексермедің бе, өңшең қан жұтқан, кара бет?! - деп, қанталаған көзімен Құнанбайға бұрылып, атып жіберердей қарағанын білеміз (М. Әуезов, Абай жолы. 2003. 36 б.). Немесе: «Баласы атқа қонып, жүруге ыңғайланып, тізесін қымтай бергенде Үлжан өзінің үлкен ақ саусақтарын жирен аттың жалына салды. Бір нәрсе айтатын сияқты. Абай осыны аңғарып, анасының ж үзіне Караганда, Үлжан бұған біраз көз салып түрып: - Балам, үлкендер бірде тату, бірде араз бола беретін. «Күндестің күлі күндес» дегенді сен білмей-ақ қой. Бөжекеңді