алдындағы жауапкершілік сезімімен тікелей байланысты. Осын-
дай жағдайда ғана бидің билік сөзінің мазмұны мен көркемдік мэні
жоғары сапаға иеленеді.
Егемендікке қол жеткізгеннен соң тэуелсіз мемлекеттер
өздерінің ұлттық ой-сана, салт-дэстүрлерімен қоса, жалпы
мәдени, рухани дүниелеріне зер сала бастады. Қазіргі кезде ұлттық
жэне жалпы адамзаттық рухани байлықтарды тиімді үйлестіру,
жаңа жағдайда сабақтастыра жүйелеу қажеттілігі туып отыр.
Мұның өзі өркениеттіліктің тіке жолына түсуге мүмкіндік беру-
мен қатар, біздің қоғамдық-әлеуметтік жэне рухани өміріміздегі
ерекшеліктерді игеруге жағдай жасайды. Осы тұста белгілі тарих-
шы Л. Гумилевтің: «Өз тарихын білмейінше жэне оған белгілі бір
қөзқараста болмайынша, ешқандай мәдениеттің дамуы мүмкін
емес», - деген пікірін қолдауымызға эбден болады.
Жас ұрпаққа ұлттық тэрбие берудің бағдарлы идеяла-
ры еліміздің Президенті Н. Назарбаев мемлекеттік идеология
мэселесін ұдайы есте ұстауымызды ескере келе былай деп жаза-
24
Жақсылықбаева Р.С.
Журналист этикасы
ды: «Бес арыстарымызға арналған тарихи зерде кешенінде мен
Қазақстандық отаншылдық сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлген
едім. Қазақстанда тұратын эрбір адам осы елдің перзенті ретінде
сезінбейінш е, оның өткенін біліп, болашағына сенбейінш е біздің
жұмысымыз ілгері баспайды...». Әрбір мэдениетті, білімді адам
өзінің кэсіптік, дүниетанымдық деңгейін ұлттық мэдениетпен
ұштастыра білуге міндетті. М әдениетті болу үшін - білімді болу
міндет. Білімді болғанмен ұлттық мәдениетті игермеген болса,
ондай тұлға ұлт алдында мэңгүрт, мэдениетсіз болып көрінеді де,
Достарыңызбен бөлісу: |