таныс, бейтаныстығына қарамай, жасы кішінің үлкенге бірінші бо-
лып сэлем беруі - міндет. Сәлемдесудің түп негізі - жылы шырай,
кішіпейілділік екенін, оған үлкендердің де лайықты жауап қатып,
ықылас-пейіл көрсетуі жарастық нышаны болатынын ұмытпаған
жөн. Сәлемді селқос қабылдау, қолының ұшын ғана беріп, кекірею,
жақтырмаған кейіп таныту - инабатсыздық, тэкаппарлық белгісі.
Сэлемдесудің әдеп ретіндегі ең басты шарты - шырай. Онда сэлем
беруші мен сэлем алушының қас-қабақ, бет-жүз қүбылысы, дау-
сы маңызды қызмет атқарады. Қабағы түнеріп, жүзін суытып не-
месе сүйкімсіз тыржитып, естілер-естілмес етіп ернін жыбырла-
та салу шынайы сәлемдесуге еш жатпайды. Өйткені, мұның бэрі
адамның өзіне емес, өзгеге бағытталған. Сәлем алушы үшін бұл
маңызды. Осы қағидалардың барлығы журналист әдебінің бастауы
деп есептейміз.
Қазақтар амандасқанда: «Мал-жан аман ба?» - дейтіні бэрімізге
белгілі. Ал орыс халқы: «Как здоровье?» - десе, ежелгі гректер
бір-бірін көргенде: «Шаттан!» дейтін көрінеді. Ал, бүгінгі грек
тер: «Аман бол!» десе, арабтар: «Тыныштық болсын!» қытайлар
амандасқанда: «Сен тамактандың ба?» десе, қоштасқанда: «Сау
болыңыз!» дейді екен. Американдықтар сөйлесіп түрғанда үнемі
күлімсіреп түрса, жапондықтар ешқашан адамның көзіне тіке
қарамайды екен.
Этикет ұғымы сонау Египет заманында пайда болған. Эти
кет - қоғамдағы жоғары лауазымды адамдардың мінез-құлқын
зерттейтін ғылым.
1204 жылы испандық жазушы Петроус
Альфонсидың «Мінез-құлық әдебінің ережелері туралы», « 0
правилах поведения» атты кітабы жарық көрді. Бұл алгашқы
Азаматтық этикет туралы ескерткіш болып табылады. Ал, «Сая-
|