P c. Жақсылықбаева журналист этикасы Оқу қүралы


бақсы-балгерлер, көріпкелдердің сезген-білгендерін басқа бөлмеде



Pdf көрінісі
бет129/280
Дата17.09.2022
өлшемі7.74 Mb.
#460870
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   280
Жаксылыкбаева Р.

бақсы-балгерлер, көріпкелдердің сезген-білгендерін басқа бөлмеде 
болжау керектігі мен бағдарлама жүргізушісінің сөйлеу ырғағынан 
«НТК»-дағы «Битва экстрасенсов» бағдарламасының тікелей 
көшірмесі екенін аңғаруға болады. Сондай-ақ, осыған ұқсас «СТВ» 
телеарнасынан «Узнай свою судьбу» бағдарламасы беріліп жүр. 
Түнгі уақытта эфирге шығатын бұл телебағдарламаның мақсат- 
мүддесінің қандай екендігін білу қиын. Бейбіт Бөженнің «Айқын 
апта» газетінде (27 қараша, 2007) жарык көрген «Балгерлердің 
бағдарламасы керек пе?» атты мақаласы осы бағдарламаға 
қатысты біраз ойды ортаға тастайды. Автор студияға шақырылған 
бақсы-балгердің телефон шалған көрермендерден туған жылын, 
айын жэне күнін сұрап, сол жерде карта ашып, элі келгенше ай­
тып беруге тырысатынын біздің мұсылмандық ұстанымымызға 
қайшы келетін дүние екендігін айтады. Автордың ойынша, мұндай


98
Жақсылықбаева Р.С.
Журналист этикасы
бағдарламалардың пайдасынан зияны көп, осындай жүрдім- 
бардым дүниелерге, көшірме хабарларға жол бермегеніміз жөн. 
Ә сіресе, қазіргі жаһандану заманында халқымыздың ұлттық 
ерекшеліктерін, менталитетіміз, салт-дэстүрлеріміз, жалпы, руха- 
ни құндылықтарымызды сақтап қалуымыз керек.
Есей Жеңісұлының «Жас қазақ» газетінде жарық көрген 
«Кімге «кызық», кімге шұжық?» (2 ақпан, 2007) атты мақаласында 
бэрімізді шаршатып бітірген КТК телеарнасындағы «Қызықрадио- 
сы» бағдарламасын сынға алады. Аталмыш бағдарламаның бір-екі 
сюжетін, мағынасы жоқ сөйлемдерін мысалға келтіреді. Сөйтіп, 
бұл бағдарламаның «ең сорақы тұсы» деп төмендегілерді айта- 
ды: «а) эзіл айта білмейді; ә) қазақ тілін барынша мансұқгайды; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   280




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет