Іштің ауырсыну синдромы
Себептері:
Асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасы, асқазан және он екі елі ішектің перфорациясы, созылмалы гастриттің В типі дуодениттер, аппендецит, холецистит, панкреатит, ішектің түйнелуі.
Симптомдары:
Асқазан ауруларында эпигастрий аймағының ауырсынуы, аш қарынға, ьамақтан 1,5-2 сағаттан кейін , түнде мазалайды, антацидтер, секрецияны төмендететін препараттарды қабылдағанда басылады, көктемде және күзде жиі өршиді;
Асқазан және он екі елі ішектің перфорациясында іші «пышақ сұққандай» ауырады, рентгенографияда бауыр үстінде ауа (газ) анықталады, қабынғанда үнемі сыздап ауырады, лоқсу, құсу жеңілдік әкелмейді, метеоризм және үлкен дәрет болмайды,перитонитте жел шықпайды, тілі құрғайды, пальпацияда іші «тақтай» тәрізді, тыныс алуға қатыспайды, науқас аяғын ішіне тартып, шалқасынан жатады, қабыну үстінен Щеткин-Блюмберг симптомы оң болады, перитонитте аускультацияда ішекте шулар азаяды немесе естілмейді.
Холециститте Кера, Ортнер-Греков симптомдары оң болады, перкуссияда өт қабы аймағында ауырсыну
Ішектің түйнелуінде ұстамалы түрде ауырады, ішек үрленеді, жел шықпайды, метеоризм перистальтика толқындарымен кезектеседі, аускультацияда ішекте шулар көбейеді, рентгенографияда Клойбер тостағаншалары анықталады;
Лапароскопия диагнозды дәлелдейді;
УДЗ – өт жолдарының және ұйқы безінің паталогиясында жүргізіледі;
Қан анализінде: лейкоцитоз солға ығысуымен, анемия, панкреатитте амилаза көбейеді.
Өңештен, асқазаннан, ішектен қан кету синдромы
Себептері:
Өңеш, асқазан және он екі елі ішек жаралары, әртүрлі локализациялыісіктер, эрозивті гастрит, дуедонит, өңеш-асқазан кілегей қабаттарының жыртылуы, дивертикулдар, геморрой, тік ішек жарықтары, полиптері, рак ауруы, жаралы колит, Крон ауруы, лимфома т.б. Жасырын және массивті (көп мөлшерде) қан кету түрлерін ажыратады.
Достарыңызбен бөлісу: |