Жасырын қан кету
Симптомдары:
Тұрақты әлсіздіктің, ұйқышылдықтың болуы;
Жедел көмек қажет етпейтін «себепсіз» анемия.
Массивті қан кету
Симптомамдары:
Жедел тамыр жетіспеушілік белгілері: естен тану, құлақта шудың болуы, бастың айналуы, әлсіздік, тері жамылғыларының және кілегей қабаттардың бозаруы, салқын тер басуы;
Тахикардия, «жіп» тәрізді пульс, АҚҚ төмендеуі, демікпе;
Қан аралас құсудың болуы (өңештен қан кету), «қою кофе тұңбасы» тәрізді құсықтың болуы (асқазаннан қан кету);
Қызыл түсті таза қанның нәжіске араласуы немесе бетіндеболуы (қан кету көзі анальды тесікке жақын орналасса);
«мелена» - қара май тәрізді нәжіс (ішектің жоғарғы бөлімдерінен қан кету);
Геморрогиялық шоктың даму мүмкіндігі (1500 мл қан кеткенде);
Асқазан немесе он екі елі ішектің жарасында қан кеткенде эпигастрий аймағында ауырсыну азаяды немесе жойылады;
Грегерсен реакциясының оң мәнді болуы (нәжісті жасырын қанға зерттеу).
Асқорытудың және сіңірудің бұзылу синдромы
Асқорытудың бұзылу (мальдигестия) синдромы – іштен туа біткен (ферменттер жетіспеушілігінен) және жүре пайда болған (асқорыту жүйесінің аурулары – ащы ішектің, ұйқы безінің, екіншілік ферментопатия) түрлерін ажыратады.
Асқорыту бұзылыстарының түрлері: ішек қуысында, ішек қабырға маңында (мембранды), жасушаішілік және аралас. Клиникасы бірдей, бірақ асқорыту бұзылыстарының дамуы әртүрлі.
Асқорытудың ішек қуысында бұзылуы асқазан, ішек, ұйқы без секрециясының жеткіліксіз болуына, өт бөлінуі бұзылуына және асқорыту жүйесінің қозғалу қызметінің бұзылыстарына (спазм, стеноз, ішектің басылуы немесе гипермоторикасы) байланысты дамиды. Алиментарлық факторлар әсерінен де бұзылуы мүмкін: шектен тыс тамақтану, дұрыс тамақтанбау, психикалық немесе физикалық күш түсу, ыстықтау және салқындау бездер секрециясын тежейді.
Ішек қабырғасы маңы асқорытудың жетіспеушілігі ащы ішектің созылмалы ауруларына байланысты дамиды, өйткені ішек бүрлерінің құрылымы өзгеріп, саны азаяды.
Жасушаішілік асқорытудыңбұзылуы біріншілік және екіншілік ферментопатияларға байланысты дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |