Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


«Сонда дереу қақталған бұзау әкелді»



Pdf көрінісі
бет116/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

«Сонда дереу қақталған бұзау әкелді»
1
;
«Дереу бір семіз бұзау әкелді»
2
, – деп сипаттаған.
Бұл екі аятты біріктіргенде ғана барып, біз оның семіз, 
қақталған бұзау әкелгенін білеміз. Оларды осылай жинақтау 
едәуір күш жұмсауды қажет етеді.
Содан соң әл-Қуртуби: «Және де Юсуфтың қиссасын баян 
етті, 
бірақ 
оны 
қарсы 
келгендер 
қайталанғанда 
да, 
қайталанбағанда да (Құранға) қарсы тұра алмау үшін 
қайталамады», – деген. 
Яғни Аллаһ тағала Құранға сенбейтіндердің ол жайлы қандай 
да болсын қарсы пікір айтуларына жол бермеу мақсатында 
Құранның мұғжизасын бөлінген қиссалармен және бір жерге 
топталған қиссамен байытуды қалады. 
Сонымен, бұл қиссаның басында Аллаһ тағала: 
Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен: 
«Әлиф-ләм-ра» (ұғымын Аллаһ біледі). Бұлар – ап-айқын 
Құранның аяттары. Расында, біз мұны арабша Құран түрінде 
түсірдік, әрине, түсінерсіңдер. (Мұхаммед!) Саған бұл 
Құранды уахи етуімізбен өзіңе қиссалардың ең жақсысын 
баян етеміз. Негізінен, сен бұдан (бұл қиссадан) бұрын 
1
«Һуд» сүресі, 69-аят. 
2
«Зәрият» сүресі, 26-аят. 


138
 
 
хабарсыз едің. (Сол уақытта) Юсуф әкесіне: «Әкетайым! Мен 
түсімде он бір жұлдыз және күн мен айды көрдім. Оларды 
маған сәжде қылған күйде көрдім», – деді. (Яғқуб): «Ей, 
балақайым! Түсіңді бауырларыңа айтпа! Саған бір 
айлакерлік жасар. Расында, шайтан – адам баласына ашық 
дұшпан», – деді», – деп айтқан. 
Юсуфтың түсі 
Юсуф кішкентай кезінде түсінде он бір жұлдыздың және күн 
мен айдың өзіне сәжде қылғанын көреді. Яғқуб Юсуфты ұлы бір 
құрмет күтіп тұрғанын аңғарады. Сондай-ақ ол Юсуфты 
бауырларының көре алмайтындығын да білетін. Сондықтан ол 
баласына түсін бауырларына айтпауын тапсырды. Юсуфтың он 
бір бауырының ішінде Юсуфтың бір шешеден туған Бинямин 
деген кіші інісі болатын. Қалған онының алтауы бір шешеден, ал 
төртеуі басқа бір екі күңнен еді. Олар Юсуф пен Биняминді көре 
алмайтын. Өйткені Яғқуб ол екеуін қатты жақсы көретіндігі 
соншалық, оларсыз бір сәтке де шыдай алмайтын. Кейде Юсуф 
ойнап сыртқа шығып кетсе, оны қайтадан қасына шақырып 
алатын. Аллаһ тағала:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет