Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


«Біздің Аллаһқа ешбір серік қосуымыз тиіс емес. Бұл бізге



Pdf көрінісі
бет124/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

«Біздің Аллаһқа ешбір серік қосуымыз тиіс емес. Бұл бізге 
әрі адам баласына Аллаһтың бір мархабаты. Бірақ 
адамдардың көбі шүкіршілік қылмайды. Ей, абақты 
жолдастарым! Бөлек-бөлек раббылар жақсы ма, әлде 
Жалғыз, бәрін Бағындырушы Аллаһ па? Сендердің Одан өзге 


146
 
 
табынғандарың өздерің мен аталарың атаған жалаң аттар 
ғана. Аллаһ оларға (табынуға қатысты) ешбір дәлел 
түсірмеген. Үкім Аллаһқа ғана тән. Ол Өзіне ғана құлшылық 
қылуларыңды бұйырған. Міне, осы – тура дін. Бірақ 
адамдардың көбі білмейді», – деді. 
Сосын ол олардың түстерін жорыды:
«Ей, абақты жолдастарым! Біреуің қожайынына шарап 
құяды. Ал басқа біреуің дар ағашқа керіліп, басын құс 
шоқиды. Міне, екеуің жоруын сұраған іс бітті. Ол құтылады 
деп ойлаған екеуінің біріне: «Қожайыныңның жанында мені 
ескер!» – деді»
Яғни қожайыныңның алдында шарап құюшы болып жүрген 
кезіңде мені оған айт деді. 
Расында да, олардың бірі дар ағашқа керіліп өлтірілді. Ал 
екіншісі абақтыдан шығып, патшаның шарап құюшысы болды. 
Бірақ ол Юсуфтың тапсырмасын ұмытып кетеді. Аллаһ тағала:
«Сонда шайтан қожайынының алдында еске алуды 
ұмыттырды да, сондықтан (Юсуф) бірнеше жыл абақтыда 
жатып қалды», – деген. 
Сонымен, Юсуф жеті жыл абақтыда жатты делінген. Бұл оның 
өмір жолындағы тағы бір сынақ еді. 
Патшаның түсі 
Күндер өтті. Бір күні патша түс көрді. «Патша: «Түсімде жеті 
семіз сиырды жеті арық сиыр жеп жатқанын және жеті 
жасыл сабақтар мен тағы сондай қурағандарын көрдім. Ей, 
ел ағалары! Егер түс жоритын болсаңдар, менің түсімді 
жорыңдар, – деді. Олар: «Бұл шым-шытырық бір түс екен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет