Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


«Міне, осылайша, Раббың сені таңдайды»



Pdf көрінісі
бет117/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

«Міне, осылайша, Раббың сені таңдайды», – деген. 
Аллаһ оған пайғамбарлықты беру үшін оны сол замандағы 
адамдардың ішінен іріктеп алды. 
«Саған түстердің жоруын үйретеді. Бұрынғы аталарың 
Ибраһим, Исхақтарға нығметтерін тамамдағандай, саған 
және Яғқуб ұрпағына да нығметін толық етеді. Шәксіз 
Раббың – толық Білуші, хикмет Иесі»
Аллаһ тағала бұл қиссаны мүміндерге үлгі, ғибрат болу үшін 
келтірді.
«Расында, Юсуф және оның туыстарының (қиссасында) 
сұраушылар үшін өнегелер бар»


139
 
 
Бауырларының Юсуфтан құтылмақ болған әрекеті 
«Сол уақытта (бауырлары): «Юсуф пен оның бауыры 
әкемізге бізден сүйіктірек. Біз болсақ – бір топпыз. Дау жоқ, 
әкеміз ашық адасуда», – деді».
Олар осы сөздерімен әкелеріне наразылық білдірді. 
Күншілдіктері мен қызғаныштарының өршігені соншалық, тіпті 
олар:
«Юсуфты өлтіріңдер немесе оны бір жерге апарып 
тастаңдар. Өздеріңе әкелеріңнің дидары бос қалады. 
Артынан түзу кісілер боласыңдар», – деді. 
Яғни олар қылмыс істеп, күнә жасап, артынан тәубе етпек 
болды. Сонда «араларынан бір айтушы
1
»:
«Егер менің айтқанымды істейтін болсаңдар, Юсуфты 
өлтірмеңдер, оны бір құдықтың түбіне тастаңдар. Баз бір 
жүргінші тауып алар», – деді».
Сонымен, олар осы пікірді жөн көріп, оны іске асыру 
мақсатында әкелеріне келді. Жоғарыда айтқанымыздай, ол 
Юсуфтан ажырамайтын еді. Олар: «Уа, әкеміз! Юсуфке 
қатысты бізге сенбейтіндей саған не болды? Әрине, біз оған 
жақсылық қалаймыз. Ертең оны бізбен жібер. Тамақтансын, 
ойнасын. Расында, біз – оны қорғаушымыз», – деді». Сонда 
Яғқуб:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет