148
«Аллаһ сақтасын! Оған байланысты ешқандай жамандық
білмедік», – деді. Уәзірдің әйелі де: «Міне, шындық ортаға
шықты. Оның көңілін аулауды қалаған мен едім. Расында,
ол анық шыншылдардан еді. Бұл оған астыртын қиянат
қылмағанымды білуі үшін. Күдіксіз Аллаһ қиянатшылардың
қастығын жөнге салмайды. Нәпсімді ақтамаймын. Расында,
нәпсі
жамандыққа
бұйырады.
Бірақ
та
Раббым
рақымшылық қылса, ол басқа. Күдіксіз Раббым өте
Кешірімшіл, ерекше Рақымды», – деді».
Сонда Юсуфтың кінәсіз, білімді
әрі дана жігіт екенін біліп,
патша: «Оны маған алып келіңдер. Оны өзім үшін арнаулы
адам қылып алайын», – деді.
Юсуфтың қазына уәзірлігіне тағайындалуы
Юсуфпен әңгімелескен патша оның әйелдер сипаттағаннан
да артық екеніне көз жеткізді.
«Патша Юсуфпен сөйлескен кезде: «Әрине, бүгін
алдымызда елеулі орның мен сенімің бар», – деді. (Юсуф
патшаға)
: «Мені жер қазыналарына басшы қыл. Өйткені мен
оны сақтауды білемін», – деді».
Юсуф мемлекет қазынасын
орынды жұмсаудың жолын білетін. Аллаһ тағала:
«Міне, осылайша, Юсуфты ол жерге орналастырдық,
қалаған жерінде отыра алады. Біз қалағанымызды
мейірімімізге бөлейміз. Сондай-ақ игілік істеушілердің
еңбегін зая қылмаймыз. Әрине, иман келтіріп, тақуа
болғандардың ақыреттегі сыйлығы тағы жақсы», – деген.
Сонымен, Юсуф мемлекет істеріне басшылық жасай бастады.
Патша оған билікті түгелдей сеніп тапсырып қойды. Молшылық
жылдардың түсімінен Юсуф мүмкіндігінше
пайдаланып, дәнді
дақылдар мен азық-түліктерден қор жинады.