145
Юсуф абақтыда
Бұл
хабар елге тез тарап, адамдар уәзірдің әйелін өсек қыла
бастады. Сонда уәзір
мен әйелі ақылдаса отырып, елге Юсуфты
кінәлі көрсету
мақсатында оған жала жауып, абақтыға тастады.
Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын):
«Уәзір Юсуфты
есекке отырғызып, қаланы айналдырып шығуды бұйырды. Оған
Мысыр базарларында барабан соғылып:
«Ибрандық Юсуф өз ханымын қалады, ал оның жазасы –
абақты» деп жар салынды», – деген.
Аллаһ тағала:
«Сонан соң оларға дәлелдер көрінгеннен кейін де оны бір
мерзімге дейін абақтыға салды. (Юсуфпен)
бірге екі жігіт
абақтыға кірді», – дейді.
Олар абақтыда Юсуфтың ізгі
қасиеттерінің, әдептілігінің және Аллаһқа деген құлшылық-
ғибадатының куәсі болды. Ол екеуі бір күні түнде түс көрді.
Ұйқыдан тұрып Юсуфқа
«ол екеуінің бірі: «Мен түсімде шарап
сыққанымды көрдім», – деді. Екіншісі: «Мен төбеме нан
көтеріп жүр екенмін. Одан құстардың шоқығанын көрдім.
Бізге бұл түстердің жоруын айтып бер. Күдіксіз, біз сені игілік
істеушілердің (санатында)
көреміз», – деді». Юсуф екеуіне:
«Сендерге азық болар тамақ келмей жатып екеуіңе оның
жоруын
айтып
беремін.
Бұл
маған
Раббымның
үйреткендерінен. Шынында, Аллаһқа сенбеген және Ақырет
күніне қарсы келген бір елдің дінін тастадым. Аталарым:
Ибраһим, Исхақ және Яғқубтардың дінін ұстандым», – деді».
Сөйтіп, Юсуф оларға өзін таныстырды. Олар Ибраһимді
білетін. Сосын Юсуф ол екеуіне уағыз-насихат айтып:
Достарыңызбен бөлісу: