154
алжыды демесеңдер, шын мәнінде, мен Юсуфтың иісін сезіп
отырмын», – деді. (Адамдар)
: «Аллаһпен ант етеміз! Әрине,
сен бұрынғыдай жаңылысып отырсың», – деді. Сүйінші
келген сәтте-ақ жейдені Яғқубтың бетіне жаба сала оның көзі
көруге айналды да, ол: «Аллаһ тарабынан сендер білмейтін
нәрсені білемін демеп пе едім?» – деді. (Ұлдары)
: «Уа, әкеміз!
Күнәларымыздың кешірілуін тіле! Расында, біз қателескен
едік», – деді. (Яғқуб)
: «Сендер үшін Раббымнан кейінірек
кешірім тілеймін. Өйткені Ол өте Кешірімшіл, ерекше
Рақымды», – деді».
Яғқубтың ұлдарына:
«Сендер үшін Раббымнан кейінірек кешірім тілеймін»
дегендегі мақсаты, ғұламалардың айтуынша,
дұғасын таң
алдындағы уақытқа қалдыру еді. Бірде Омар (Аллаһ оған разы
болсын)
мешітке келіп, бір кісінің:
«Аллаһым! Мені шақырдың,
жауап бердім. Маған бұйырдың, бойсұндым. Міне, сахар
1
, мені
кешір», – деп дұға қылып жатқанын естиді. Құлақ салып қараса,
дауыс Абдуллаһ ибн Масғудтың (Аллаһ оған разы болсын)
үйінен шығып жатыр екен. Омар бұл жайында сұрағанда, ол:
«Өйткені Яғқуб ұлдарына деген дұғасын таң алдындағы
уақытқа қалдырған», – деп жауап берген.
Юсуфтың ата-анасымен кездесуі
Яғқубтың отбасы Мысырға барды.
«Олар Юсуфтың қасына барғанда, ол әке-шешесін өз
қасына алды да: «Аллаһтың қалауы бойынша Мысырға
бейбіт түрде кіріңдер», – деді. Әке-шешесін таққа көтерді.
Барлығы (Юсуфқа)
сәждеге жығылды».
1
Таң алдындағы уақыт (сәресі уақыты).