(Яғқуб): «Мен күйзелісімнен де, қайғымнан да Аллаһқа ғана
шағым айтамын әрі Аллаһтан сендер білмеген нәрсені
білемін», – деді. Сосын оның жүрегінде үміт оты жанып: «Ей,
ұлдарым! Барыңдар да, Юсуф пен інісін іздестіріңдер және
Аллаһтың мархабатынан күдер үзбеңдер. Өйткені Аллаһтың
рақымынан қарсы болған қауым ғана күдер үзеді», – деді».
Олар әкелерінің тілін алып жолға шықты. Бірақ оларда
пұлдауға жарайтын ешқандай бұйым, зат жоқ еді. Мысырға
келген олар «Юсуфқа барып кірген кезде: «Уа, уәзір! Бізге
және отбасымызға ашаршылық тиді. Біз мардымсыз бір
нәрсемен ғана келдік. Сонда да толықтай (астық) өлшеп бер
және бізге садақа да қыл. Күдіксіз Аллаһ садақа берушілерді
марапаттайды», – деді». Олар әр жылы келіп, бір жылдық астық
алып кетіп тұрған-ды. Бұл үшінші жыл еді. Бұл жолы оларда
астық сатып алатын еш нәрсе қалмаған болатын. Олар Юсуфтан
жалынып садақа сұрады. Сонда Юсуф:
«Сендер надандықтан Юсуф пен оның інісіне не
істегендеріңді білесіңдер ме?» – деді. Олар: «Сен өзің шын
Юсуфсың ба?» – деді».
Арада бірталай уақыт өткен еді. Құдыққа тасталған кезде ол
жас бала еді. Ал қазір ол үлкен ер жігіт болған. Юсуф :
«Мен – Юсуфпын, мынау – інім. Расында, Аллаһ бізге
игілік жасады. Шын мәнінде, кім Аллаһтан қорқып, сабыр
етсе, күдіксіз Аллаһ игілік істеушілердің еңбегін зая
қылмайды», – деді. Олар: «Аллаһпен ант етеміз! Рас Аллаһ
сені бізден артық қойды. Өйткені біз қателескен едік», – деді.
(Сонда Юсуф): «Бүгін сендерге сөгіс жоқ. Аллаһ сендерді
кешіреді. Ол – мейірімділердің ең Мейірімдісі. Енді мына
жейдемді апарып, әкемнің бетіне жабыңдар, көз жанары
қалпына келеді. Түгел үй-іштеріңмен маған келіңдер», – деді.
Достарыңызбен бөлісу: |