Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет173/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
Сонда (теңіз) жарылып, әр бөлігі асқар таудай болды»
1
. Мұса 
Аллаһтың әмірі бойынша асатаяғымен бір ұрғанда, теңіз қақ 
жарылды да, су екі бетке тау сияқты жиналып, алдарынан жол 
ашылып, қарсы бетке өтуге мүмкіндік туды. Бұл жайт басқа бір 
аятта:
«Оларға теңізден құрғақ жол аш. (Перғауындықтардың) 
қуып жетулерінен үрейленбе және қорықпа!»
2
– делінген. 
Теңіз жағасына келіп жеткен перғауын мен әскері ол арқылы 
ашылған жолды көрді. Бірақ оған түсіп кетіп бара жатқан 
исраилдіктердің соңына түсуге жүрексінді. Кенет Аллаһ тағала 
перғауынның атын теңіз жолына қарғытып түсіріп жіберді. Оның 
артынан бүкіл әскері түсті. Сонда Исраил қауымының ең соңғы 
адамы теңізден шығып, перғауын әскері түгелдей түскені сол еді, 
екіге бөлініп тұрған теңіз қайта қосылып, «оларды қуған 
перғауын мен оның әскерлерін теңіз басып, ішіне алды»
3

Перғауынның өлер сәтін Аллаһ тағала:
«Исраил ұрпақтарын теңізден өткіздік. Сонда перғауын 
мен оның әскерлері жауыздық пен дұшпандық көрсетіп 
оларды қуды. Ақыры (перғауын) суға батар сәтте: «Исраил 
ұрпақтары иман келтірген Тәңірден басқа тәңір жоқтығына 
иман келтірдім. Мен де бойсұнушылардан болдым», – деді», – 
деп баяндаған. 
Жан алқымға келген кездегі тәубе қабыл болмайды. 
Перғауынның бұл сөзіне жауап ретінде Аллаһ тағала: «Енді ғана 
сендің бе? Расында, сен бұрын қарсы келген бұзақылардан 
болғансың. Сенен кейінгіге үлгі болуы үшін денеңді 
құтқарамыз. Расында, адамдардың көбі аяттарымыздан 
хабарсыз»
4
, – деді. 
1
«Шұғара» сүресі, 57-63 аяттар. 
2
«Таһа» сүресі, 77-аят. 
3
«Таһа» сүресі, 78-аят. 
4
«Юнус» сүресі, 90-92 аяттар. 


202


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет