Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет188/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
Бір күні таңертең исраилдіктер бір көсемдерінің өлтірілгенін 
көреді. Оның өліміне кінәліні іздегенмен, таба алмайды. Сонан 
соң Мұсаға келеді. Мұса оларға: «Егер уахи келмесе, мен біле 
алмаймын», – деп жауап береді. Исраилдіктер Мұсаға: «Онда 
Раббыңа дұға қыл», – деп өтінді. Ол Аллаһқа дұға қылғанда, уахи 
келді, Мұса қауымына Аллаһтың әмірін жеткізіп: «Аллаһ бір 
сиыр бауыздауларыңды бұйырды», – деді. Олар: «Бізді 
келемеж қылмақсың ба?» – деді. (Мұса): «Надандардан 
болудан Аллаһтан пана сұраймын», – деді»
Яғни Аллаһ маған уахи еткен нәрседен басқаны айтудан 
Аллаһ сақтасын. 
Аллаһтың әміріне исраилдіктер бұл жолы да қиқарлық 
көрсетіп, Мұсаға: «Бізді әжуалап тұрсың ба? Раббың бізге қандай 
сиыр сойсын дейді, соны сұра», – деп, кез келген бір сиырды 
сойып, Аллаһтың әмірін орындаудың орнына, оның түр-түсін, 
сипатын сұрап, өздеріне машақат тілеп алды. Мұнан кейінгі 
оқиға:
«Олар: «Раббыңа біз үшін дұға қыл, бізге оның не екенін 
білдірсін», – деді. (Мұса): «Аллаһ: «Ол сиыр кәрі де емес, жас 
та емес, соның арасында», – дейді. Ал енді бұйырылғанды 
орындаңдар», – деді. Олар: «Раббыңа біз үшін дұға қыл, бізге 
оның түсін білдірсін», – деді. (Мұса): «Аллаһ: «Ол сап-сары 
сиыр, оның өңі көрушілерді сүйіндіреді», – дейді», – деді. 
Олар тағы: «Раббыңа біз үшін дұға қыл, ол не, бізге білдірсін. 
Өйткені бізге сиырлар бір-біріне ұқсас секілді. Әрине, Аллаһ 
қаласа, тура жолда боламыз», – десті. (Мұса): «Расында, 
Аллаһ: «Ол жер жыртуға және егін суаруға жегілмеген, дені 
сау, бойында еш теңбілі жоқ сиыр», – дейді», – деді. Сөйтіп, 
олар оны бауыздады, (алайда мұны) орындамауға жақын 
қалған еді», – деп өрбиді. 
Исраилдіктер 
осылайша 
өздеріне-өздері 
қиындатып, 
кежегелері кейін тартып жүріп сипатталған сиырды бір адамнан 
табады. Ол адам сиырын сатудан бас тартады. Исраилдіктер 


219


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет