Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


«Біз сендерді жараттық, одан кейін тұлғасын сомдадық



Pdf көрінісі
бет20/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

«Біз сендерді жараттық, одан кейін тұлғасын сомдадық, 
кейін періштелерге «Адамға сәжде қылыңдар!» – дедік. Сонда 
олар сәжде етті. Тек, Ібіліс сәжде етушілерден болмады», – 
деп айтқан. 
(Аллаһ Ібіліске):
 – Мен бұйырғанымда сәжде етпейтіндей, саған не кедергі 
болды? – деді.
Ол:
 – Мен одан артықпын. Сен мені оттан жараттың, ал оны 
лайдан жараттың, – деді.
(Аллаһ):
1
«Бақара» сүресі, 32-33 аяттар. 


26
 
 
 – Бұл жерден (жаннаттан) түс. Сенің бұл жерде 
тәкаппарлық етуіңе орын жоқ. Шығып кет! Сен қор 
етілгендерденсің, – деді.
(Ібіліс)
 – Маған олар қайта тірілетін күнге дейін мұрсат бер
1
, – 
деді.
(Сонда Аллаһ тағала):
 – Сен мұрсат берілгендерденсің
2
, – деді.
(Ібіліс рұқсат алып болғаннан соң)
 – Ендеше, мені қаңғыртқаның себепті мен де оларға 
қарсы Сенің тура жолыңда отырып аламын. Сонан соң 
оларға алды-артынан, оң-солынан келемін де, Сен олардың 
көбін шүкір етушілердің қатарынан таппайсың, – деді.
(Оған Аллаһ тағала)
 – Бұл жерден айыпталған, қуылған түрде шық! Олардан 
(адамдардан) кім саған ерсе, міндетті түрде жаһаннамды 
сендердің бәріңмен (шайтан әрі оған ерген адамдар және 
жындармен) толтырамын, – деді
3
.
Бұл әңгіме басқа бір аяттарда толығырақ келтірілген: 
«(Мұхаммед!) Сол уақытта Раббың періштелерге: «Мен 
кепкен қара лайдан адам жаратамын. Оның жаратылысын 
тамамдап, оған рухымнан үрлеген (жан салған) сәтте, оған 
сәжде қылыңдар!» – деді. Сонда періштелер түгел сәжде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет