Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет22/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
Хауаның жаратылуы 
Ендігі кезекте Аллаһ тағала Хауаны жаратты. Әлбетте, ол 
бірден жаратылған жоқ. Алдымен Адам жаннатта біраз уақыт 
жалғыз өзі өмір сүрді. Ол өзін жалғыз сезінді, рухы құлазып 
зерікті. Содан бір күні ол ұйқыда жатқан кезде Аллаһ тағала 
оның сол жақ қабырғасының бірін алып, сүйекті етпен қаптап
одан Хауаны сомдады. Құранда бұл мәселеге қатысты «Ей, 
адамдар! Сендерді бір кісіден (Адам атадан) жаратқан және 
одан жұбайын (Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен көптеген ер, 
әйелді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар»
1
деген аят бар.
Сонымен, Адам атадан Хауа ана жаратылды. Ибн Аббас 
(Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Адам ұйқысынан оянған 
кезде алдында отырған әйелді көрді. Одан: «Сен кімсің?» – деп 
сұрады. Ол: «Әйелмін», – деп жауап берді. Адам: «Не үшін 
жаратылдың?» – деді. «Сенімен тұру үшін», – деді Хауа ана. 
Періштелер бұл әйелді көріп, Адамға келіп, ол туралы сұрады. 
Өйткені ол Адам атаға ұқсамайтын еді. Олар: «Оның аты кім?» 
– деді. Адам: «Хауа», – деп жауап берді. Оған мұны білдірген 
Аллаһ тағала еді. Сонда олар: «Неге оған Хауа деген ат берілді?» 
– деп сұрады. Адам: «Өйткені ол тірі нәрседен жаратылды»
2
, – 
деді», – деп риуаят еткен.
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кімде-кім Аллаһқа және Ақирет 
күніне иман келтірсе, бір іске куәлік берген кезінде
жақсылықты айтсын не үндемесін. Әйелдермен жақсы 
қатынаста болыңдар, өйткені әйел қабырғадан жаратылған, 
ал қабырғалардың ең қисық жері – жоғарғы бөлігі, оны 
түземек болсаң, сындырып аласың, ал жөніне қалдырсаң, сол 
1
«Ниса» сүресі, 1-аят. 
2
Яғни Адамнан жаратылды. (Араб тілінде хай – «тірі» деген мағына 
береді. «Хауа» сөзі – «хай» сөзінен шыққан туынды сөз). 


29


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет