37
Оның есімі – Дәуіт», – деді. Адам: «Оған қанша өмір бердің?» –
деді. Аллаһ тағала: «Алпыс жыл», – деді. (Адам)
: «Уа, Раббым!
Оның өмірін ұзарт», – деді. Аллаһ тағала: «Тек сенің
өміріңнен ұзартамын», – деді. Сөйтіп, Адамның өмірінен
Дәуітке қырық жыл қосылды. Аллаһ тағала періштелерді куә
қылып, жаздыртып қойды. Адамның өмірі аяғына жеткен
кезде оған өлім періштесі келді. (Сол уақытта ол тоғыз жүз
алпысқа келген болатын. Ол өз
жасының мың жыл екендігін
білетін еді).
Сонда ол өлім періштесіне: «Менің қырық жыл
ғұмырым қалған жоқ па еді?» – деді. Періште: «Оны (қырық
жылды)
ұлың Дәуітке бермедің бе?» – деп айтты. Бірақ ол
мойындамады. Аллаһ тағала оған жазуды шығарып, дәлел
келтірді. Сосын Дәуіттің өмір жасын жүзге, Адамның өмір
жасын мыңға толтырды», – деген
1
.
Адам қателесті, ұмытты және мойындамады.
Бірақ ол мұны
қасақана істеген жоқ, расында да, ұмытып қалған-ды. Бертін келе
бұл
адамзаттың
табиғи
болмысына
айналды.
Олар
мойындамайды. Бірақ көбінесе ұмытулары себепті тайқиды. Олар
қателікке жол беріп алады, әсілінде бұл да ұмытшақтықтан.
Ибн Зумра әс-Сағди: «Мен Мәдинада сөйлеп тұрған бір
шейхты көрдім. Ол туралы (адамдардан) сұрадым. Олар: «Бұл –
Убай ибн Кағб»
2
, – деді. Сонда ол (Убай):
«Адам өлім төсегінде
жатқан уақытта балаларына: «Менің жаннат жемістерін
жегім келеді», – деген», – деді», – деп риуаят еткен.
Жаннатта жер бетіндегідей алма, анар, жүзім
сияқты
жемістердің барлығы да бар. Бірақ айырмашылығы бұл дүние
жемістері уақыты өтсе, шіріп, жеуге жарамсыз болып қалады. Ал
жаннатта олай емес. Сондай-ақ бұл дүние жемістерінің дәмі
1
Хадисті Ахмад жеткізген.
2
Убай ибн Кағб (Аллаһ оған разы болсын) –
ғұлама сахабалардың әрі
Құран мен тәпсір ілімінің білгірлерінің бірі.