280
Исаның көкке көтерілуі
Исраилдіктер Исаның бойында осыншалықты мұғжизалар бой
көрсетіп
жатқан соң, адамдардың жаппай оның соңынан еріп
кетуінен, әрі өз діндеріне қауіп келуінен қорқып,
олардың
дінбасылары пайғамбарға қарсы қастандық ойластырады. Бұл
ойларын сол аймақта римдіктерге арқа сүйеп үкім жүргізіп
отырған патша арқылы іске асырғылары келіп, оған Исаның зор
беделі оның тағына қауіп тудыратынын айтып, иландырады.
Сөйтіп, патша Исадан шынымен-ақ қауіптене бастайды.
Нәтижеде, оны өлтіру үшін шабармандарын жібереді.
Сол кездегі ең бір азапты түрде өлтіру тәсілі – жазалыны дар
ағашқа (креске) керіп, аяқ-қолдарын шегелеп, бірнеше күн бойы
іліп қою еді. Нәтижеде, жазалы адам тыныс жетпей өлетін. Залым
патша Иса пайғамбарға осы жазаны қолданбақ болды. Бұл кезде
Исаға пайғамбарлық міндет жүктелгеніне небәрі үш-ақ жыл, ал
оның өзі отыз үш жаста болатын. Яһудилер оны өлтіруге анық
кіріскен кезде Аллаһ тарабынан оған
қатысты тағы да бір ұлы
мұғжиза бой көрсетті. Ол Исаның көкке көтерілуі еді. Абдуллаһ
ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) бұл оқиғаны
әңгімелей отырып:
«Аллаһ
Исаны
көкке
көтеруді
қалаған
кезде,
ол
жолдастарына келді. Үйде хауарилерден он екі кісі бар еді. Ол үй
ішіндегі бұлақтан шықты, басынан су тамшылап тұрды.
Сөйтіп, ол: «Расында, сендердің араларыңда маған иман
келтіргеннен кейін он екі рет күпірлік танытатын біреулер бар.
Қайсыңа менің ұсқыным дарып, орныма өлтірілсе, сол менің
мәртебеме ортақ болады
1
», – деді. Сонда олардың ең жасы
болып табылатын бір жігіт орнынан тұрды. Иса оған «отыр»
деп, сөзін тағы қайталады. Тағы да әлгі жігіт орнынан тұрды.
Иса оған отыруға бұйырып, сөзін тағы қайталады. Қайтадан
1
Яғни жаннатта.