Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет242/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
әлгі жігіт орнынан тұрып: «Мен», – деді. Сол кезде Иса: «Сен – 
солсың», – деді. Сөйтіп, оған Исаның ұсқыны дарыды да, 
пайғамбар үйдің төбе тесігінен көкке көтерілді. Исаны іздеп 
келген яһудилер ұқсасын алып кетіп, оны өлтіріп, дар ағашқа 
керді. 
Сонан 
соң 
хауарилердің 
кейбірі 
Исаға 
иман 
келтіргендеріне қарамастан, он екі рет күпірлік танытып, үш 
топқа бөлініп кетті. Кейбіреулері: «Аллаһ Өзі қалаған мерзім 
аралығында біздің арамызда болды да, сосын көкке көтеріліп 
кетті», – деді, олар – яғқубиялар. Бір тобы: «Аллаһтың ұлы өзі 
қалаған мерзім аралығында біздің арамызда болды да, сосын 
Аллаһ оны Өзіне көтеріп әкетті», – деді, ол – настурилер. Ал бір 
тобы: «Біздің арамызда Аллаһтың құлы әрі елшісі қалағанынша 
болды да, сосын Аллаһ оны Өзіне көтеріп әкетті», – деді, бұлар – 
мұсылмандар. Бірақ екі кәпір топ мұсылмандарды жеңіп, оларды 
өлтірді де, Аллаһ Мұхаммедті (с.а.с.) жібергенге дейін 
Исламның ізі жоғалды. Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһ тағаланың 
«Иман келтіргендерді дұшпандарына қарсы қолдадық. 
Сондай-ақ олар дұшпандарынан үстем болды»
1
, – деген 
сөзінің мәнісі осы», – деген
2

Аллаһ тағала: 
«Сондай-ақ Аллаһтың елшісі, Мәриямұлы Иса Мәсихті 
өлтірдік!» дегендіктері себепті... Негізінде, олар оны өлтірмеді 
де, дар ағашқа кермеді де, бірақ оларға ұқсатылды. Расында, 
ол жайында қайшылықтағылар, әрине, одан күдіктенуде. 
Олардың оған байланысты мәліметтері жоқ. Бірақ күмәннің 
ғана соңында. Олар оны анық өлтірмеді. Жоқ, керісінше, 
Аллаһ оны Өзі жаққа көтерді. Аллаһ – өте Үстем, зор хикмет 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет