«Исаны, Мұсаны және Ибраһимді көрдім. Иса қызыл
шырайлы, шымыр денелі, кең кеуделі екен»
1
;
«Түнде түсімде Қағбада екенмін. Қарасам, өте сұлу
қоңырқай түсті, тараулы шашы иығына соғылған, басынан су
тамшылап тұрғандай, қолдарын екі кісінің иығына қойған бір
кісі Қағбаны тауап етіп жүр екен. Мен: «Бұл кім?» – деп
сұраған едім; «Мәриямұлы Мәсих», – делінді»
2
, – деген.
Оның реңінің бір хадисте қызыл шырайлы, ал бірінде
қоңырқай деп сипатталғанын ғалымдар: қызыл-қоңыр реңді болса
керек деп түсіндіреді.
Оған тәңірлік төрт кітаптың бірі – Інжіл түсті. Аллаһ тағала:
«Оған Інжілді бердік, онда тура жол мен нұр бар»
3
, – деп
айтқан.
Аллаһ тағала тарабынан оған анық мұғжизалар беріліп,
Жәбірейіл (аләйһис-сәләм) арқылы қуатталды. Аллаһ тағала:
«Мәриямұлы Исаға анық мұғжизалар беріп, оны қасиетті
рух (Жәбірейіл) арқылы қуаттадық»
4
, – дейді.
Ол жөргекте сөйлеген. Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Жөргекте үш-ақ сәби сөйлеген: Иса және исраилдіктердің
арасында Журайж есімді бір кісі болатын. Ол намаз оқып
жатқанда, анасы келіп шақырады. Журайж жауап берейін бе,
жоқ намазымды үзбейін бе деп екіойлы болып тұрғанда,
шешесі: «Тәңірім! Оны салдақылардың дидарын көргенше
өлтірме», – деп теріс дұға етеді. Журайж ғибадатханасында
отырғанда, бір әйел келіп, оны айналдырады. Бірақ Журайж
бас тартады. Сосын әйел бір қойшымен әуейі болып, бір бала
1
Хадисті әл-Бұхари жеткізген.
2
Хадисті Муслим риуаят еткен.
3
«Хадид» сүресі, 27-аят. Бұл жерде Інжілдің түпнұсқасы туралы
айтылған. Ал бүгінде христиан әлемінде қолданылып жүрген Інжіл
кітабы түпнұсқадан ауытқып, алшақ кеткен.
4
«Бақара» сүресі, 87-аят.
284
Достарыңызбен бөлісу: |