Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


Өйткені мен оны сақтауды білемін»



Pdf көрінісі
бет134/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

Өйткені мен оны сақтауды білемін» деген сөзінен: бойында бір 
іске деген қабілет әрі аманатшылдық қасиет табылатынына 
сенген адам сол жұмыстың өзіне жүктелуін сұрауға 
болатындығын көреміз. 


157
 
 
АЙЮБ (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ) 
Аллаһ тағала Құранда төзімділік пен сабырлықта адамдарға 
өнеге-ғибрат еткен пайғамбарлардың бірі, Аллаһтың елшісі – 
Айюб ибн Мус ибн Разах ибн әл-Ғис ибн Исхақ ибн Ибраһим. 
Аллаһ тағала: «Оның (Ибраһимнің) ұрпақтарынан Дәуіт
Сүлеймен, Айюб, Юсуф, Мұса және Һарунға (тура жол 
көрсеттік)»
1

«Сондай-ақ Ибраһим, Исмаил, Исхақ, Яғқуб пен 
ұрпақтарына және Иса, Айюб, Юнус, Һарун және Сүлейменге 
уахи еттік»
2
, – деп айтқан. 
Аллаһ тағала оны елші етіп таңдап, Шам аймағындағы Хуран 
деген елге жіберді. Тәпсір және тарих ғұламаларының пікірінше, 
Аллаһ тағала оған көптеген нығметтер тарту еткен. Оның 
аумақты жерлері, үйір-үйір малдары мен қызметкерлері, ірі-ірі 
сауда көздері болған. Жеті ұл, жеті қыз перзент сүйген дені сау, 
бақуат кісі еді. Шын мәнінде де, Аллаһ оған деген нығметтерін 
аямаған-ды. Сосын Аллаһ тағала оны төзімділікте өзінен 
кейінгілерге үлгі-өнеге болуы үшін сынауды қалады. Өйткені 
пайғамбарлар ең көп сынаққа алынатын адамдар.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ең ауыр сынаққа түсуші – 
пайғамбарлар, сосын ізгілер, сосын сол секілділер және сол 
сияқты», – деген
3
.
Сөйтіп, Айюб үшін сындарлы кезең басталды.
Айюбтың сынаққа алынуы 
Оның бар мал-дүниесі таусылып, кембағалға айналды, бір-
бірінің артын алып ұлдары мен қыздары өлім құшты. Сосын 
1
«Анғам» сүресі, 84-аят. 
2
«Ниса» сүресі, 163-аят. 
3
Хадисті әл-Бұхари мен Муслим жеткізген. 


158


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет