Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


, – деп жауап берді.  Енді бар мәселе мұғжиза көрсетуге келіп тірелді. Олар: «Кереметіңді көрсет!»



Pdf көрінісі
бет163/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

2
, – деп жауап берді. 
Енді бар мәселе мұғжиза көрсетуге келіп тірелді. Олар:
«Кереметіңді көрсет!» – дегенде, «ол таяғын тастады да, 
сонда ол көпе-көрнеу жылан болды және қолын шығарды. 
Ол қараушыларға аппақ көрінді»
3
. Перғауын мен оның 
адамдары теңдессіз мұғжизаның куәсі болды. Десе де, перғауын 
өзінің беделіне нұқсан келуден, адамдар арасында өзіне қарсы 
бүлік тууынан қауіптеніп:
«Ей, Мұса! Сиқырың арқылы бізді жерімізден шығару 
үшін келдің бе? Әрине, біз де сол тәрізді сиқыр әкелеміз. 
Ендеше, біз бен өз араңда бір уәделі жер белгіле. Біз де, сен де 
айнымайтын бір ыңғайлы орын болсын», – деді. Мұса: 
«Уәделі уақыттарың мереке күнгі ел жиылатын сәске 
болсын»
4
, – деп шарт қойды. 
Мұса (аләйһис-сәләм) мен сиқыршылар 
Осылай шешім қабылдап, перғауынның сиқыршылары мен 
Мұса бәсекеге түсетін болды. Бір хабарда Мұсаға қарсы сайысқа 
1
«Таһа» сүресі, 47-48 аяттар. 
2
«Таһа» сүресі, 47-52 аяттар. 
3
«Шұғара» сүресі, 32-33 аяттар. 
4
«Таһа» сүресі, 57-59 аяттар. 


191
 
 
қырық сиқыршы қатысты делінген. Бұл сиқыршыларды 
кішкентайынан перғауын өзі таңдап алып, үлкен сиқыршылардың 
қолдарына күштеп тапсырған-ды. Сайыс алдында «Мұса оларға 
(сиқыршыларға): «Құрып-ақ қалыңдар! Аллаһқа өтірік жала 
жапсырмаңдар. Онда сендерді азаппен жоқ етеді. Расында, 
кім жала жапсырса, мүлде зиянға ұшырайды», – деді. Олар 
өзара дауласып, жасырын кеңесті»
1
. Кеңесе отырып 
сиқыршылар: «Біздің бұл ісіміз шайтанның ісі екендігі өздеріңе 
белгілі. Бәсекелесіміз шынымен пайғамбар болса қайтеміз?» – 
деп отырып қалды. Әйтсе де есекдәмеге беріліп, бәрі жиылып 
перғауынның алдына келді. «Сиқыршылар келіп перғауынға: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет